39. Ұйымдық ықпал ету – міндеттерді дәл бөлуде, басшылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеуде, басқарудағы негізгі қағидаларды тәптіштеу.
40. Басқару құрылымы – бұл өзара тұрақты қарым-қатынаста болатын және қызмет етумен қамтамасыз ететін өзара байланысқан элементтердің жиынтығы.
41. Регламент -
1. Қандайда бір мемлекетті қорған мен оның құрылымдық бөлімшесі қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт.
2. Палата немесе бір палаталы парламенттің, сондай-ақ депутаттың құқықтық жағдай қызметінің нысанын және ішкі ұйымдастыруды реттейтін тәртіптер жинағы.
3. Отырыс, жиналыс, сессия және өкілеттік органдардың съезін жүргізу тәртібі.
42. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары – жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешу жөнiндегi функциялар жүктелген органдар
43. Мемлекеттік органдар кадрлары – мемлекеттік қызметшілер – біліктіліктері әр түрлі кәсіби дайындалған мамандар корпусы, өздерінің іскерлік қасиеті мен білімі негізінде мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыру дегенді білдіреді.
44. Құқықтық мемлекет – демократиялық мемлекет, онда құық пен заңның,
барлық адамдардың заң және тәуелсіз ел алдында теңдігі қамтамасыз етіледі,
бүкіл билікті ұйымдасытру, оны бөлуге негізделеді.
45. Бақылау және қадағалау органдары – тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан байқауды және тексеруді жүзеге асыратын, орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары және аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар.
46. Бақылау – нақты заңдарда,нұсқауларда, ережелерде, шарттарда,
келісімдерде көзделген қажетті жай күйге келуін тексеру мақсатымен
субьектінің қызметін басқару жүйесінің, процесстің құрамдас бөлігі.
47. Нормативтік құқықтық актілер– құқықтық нормаларды белгілейтін; сондай-ақ олардың өзгертілуін, тоқтата тұруы мен тоқтатылуын белгілейтін референдумда не құзіретті органмен немесе мемлекетті клауазымды тұлғасыменқабылданатын белгіленген нысандағы арнайы жазбаша құжат түсініледі.
Достарыңызбен бөлісу: |