Мемлекеттік қызмет түріне жатпайтын рұқсаттар үшін төлқұжат



жүктеу 126.68 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі126.68 Kb.




Мемлекеттік қызмет түріне жатпайтын рұқсаттар үшін төлқұжат

«Жолаушыларды, багажды, жүктер мен  почта жөнелтілімдерін тасымалдау  жөнінде қызметтер көрсету үшін  халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру»


1

Жалпы ережелер

1.1.

Көрсетілетін қызмет атауы

Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру

1.2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - Комитет).

Конкурс жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршруттарға авиакомпания айқындау мақсатында өткізіледі.



1.3

Өтінішті қабылдау және қызметті көрсету нәтижесін беру:

Комитет кеңсесі арқылы

2

Нормативтік құқықтық актілер

2.1

Рұқсат құжаттарын беру негізделген Қазақстан Республикасының Кодекстары және Заңдарының атауы, баптарының нөмірлері

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 53) тармақшасына сәйкес.

2.2

Рұқсат құжаттарын беру негізделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының атауы, баптары және нөмірлері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 Қаулысы «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы».


2.3

Рұқсат құжаттарын беру негізделген бұйрықтар және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің атауы және нөмерлері

Жоқ

3

Қызметті көрсету тәртібі

3.1

Қызметті алушылар

Қазақстан әуетасымалдаушылары

3.2

Қызметті көрсету мерзімі

Комитет конкурс өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін конкурс ұйымдастырушысы бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын, конкурсты қайта өткізу жағдайында - қайталама конкурсты өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 15 күн бұрын конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады.

Комиссия конкурс қорытындылары бойынша конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзім ішінде Конкурс қорытындылары туралы хаттама жасайды және оған қол қояды.

онкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей Комитет:

1) конкурсқа қатысушы авиакомпанияларға конкурс қорытындылары туралы хаттама көшірмесін жолдайды;

2) конкурс қорытындылары туралы қол қойылған хаттама мәтінін Комитеттің интернет-ресурсында жариялайды. Конкурс қорытындылары туралы хаттамада қамтылатын және Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтер барлық мүдделі тұлғалардың танысуы үшін ақы алынбай қолжетімді болуы тиіс.

Конкурсқа қатысушысы, конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу рәсіміне қатыспаған авиакомпанияларға конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін олардың уәкілетті өкілдерінің жазбаша сұрауы бойынша, Комитет осындай сұрауды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

Конверттер ашылғаннан кейін конкурстық комиссия әлеуетті қатысушылар ұсынған құжаттардың толықтығын бағалайды және конверттер ашылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.

Комиссия конкурсқа қатысу үшін қарауға қабылданған конкурстық өтінімдерді бағалап, салыстырады және мынадай өлшемдерді ескере отырып конкурс жеңімпазын (жеңімпаздарын) анықтайды.

Комиссия конкурс қорытындылары бойынша конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзім ішінде Конкурс қорытындылары туралы хаттама жасайды және оған қол қояды.

Комитет конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

Конкурс жеңімпазының (жеңімпаздарының) және Комитет арасында конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде конкурс жеңімпазы (жеңімпаздары) өзіне ұсынылған конкурстық ұсыныстарды орындау жөнінде міндеттемелерді қабылдайтын келісім жасалады.

Комиссия біліктілік талаптарына сай келмейтін авиакомпаниялардың конкурстық өтінімдерден бас тартады және қайтарымға жатады.

Авиамаршруттарды бөлу үшін Комиссия өтінімдерді қарайды және күнтізбелік он бес күннен астам емес мерзімде халықаралық авиамаршруттарға куәлік береді.

Халықаралық авиамаршруттарға куәліктер Келісімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурс жеңімпазына (жеңімпаздарына) беріледі.



3.3

Қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

3.4

Көрсетілген қызметтің нәтижесі

Халықаралық авиамаршрутқа куәлік қатаң есептіліктегі құжат болып табылады 2-қосымша.

3.5

Қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері

Тегін

3.6

Жұмыс кестесі

Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма, уақыты: 9.00-18.30, үзіліс: 13.00-14.30, демалыс: сенбі-жексенбі

3.7

Қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) өтініш 1-қосымша;

2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің көшірмесі;

3) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының барлық қосымшаларымен көшірмесі;

4) сақтандырудың міндетті түрлерінің бар екенін растайтын сақтандыру полистерінің (шарттарының) көшірмесі;

5) әуе кемелерінің паркі туралы мәліметтер (олардың үлгілері, саны, борттық тіркеу нөмірлері, ұшу жарамдылығының сертификаты);

6) тасымалдау құжаттарын электрондық және қағаз түрінде ресімдеуді қоса алғанда, авиабилеттерді сатудың ғаламдық дистрибутивтік жүйелерінің бірінде орындар ресурсын орналастыруға және жүргізуге арналған келісімінің көшірмесі;

7) авиакомпанияның ИКАО-да тіркелгені туралы куәліктердің көшірмелері;

8) пайдалану сәтінен бастап алынуы болжанатын кірісті есепке алмағанда, бір ай ішінде халықаралық авиамаршрут бойынша ұсынылған кестеге сәйкес ұшуды қамтамасыз ету үшін есепшотта қажетті көлемде ұлттық немесе шетелдік валютадағы қаржы қаражатының болуы туралы банк анықтамасы;

9) бір ай ішінде халықаралық авиамаршрут бойынша ұсынылатын кестеге сәйкес жоспарланатын жүктемені ескере отырып, ұшуды орындауға арналған шығыстардың есептемелері;

10) төлем жүргізу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салық органынан конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан астам мерзім ішінде салық берешегі мен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдары бойынша берешектің жоқтығы туралы бірінші жетекшінің немесе қол қоюға құқығы бар (осы құқықты растайтын құжатты қосымша тіркей отырып) тұлғаның қолы қойылған және сол салық органының мөрі басылған бекітілген нысандағы анықтаманың түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілсе, аталған берешектің пайда болу мерзімдерін растайтын, анықтама берген адам қол қойған құжаттар қоса тіркелуі қажет;

11) авиакомпанияның авиатасымалдарды броньдау және сату ғаламдық дистрибутивтік жүйелерінде ресурстарды басқару бойынша білікті персоналының болуы туралы мәлімет;

12) соңғы қаржылық жылға аудиторлық есеп;

13) тұрақты жолаушылар тасымалдарында соңғы үш жылдағы жұмыс тәжірибесі жөнінде мәлімет;

14) Қазақстан Республикасының кемінде екі қаласында авиакомпанияның филиалын немесе өкілдігін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

15) авиакомпания веб-сайтының болуы және веб-сайт арқылы авиабилеттерді сатуды жүргізу туралы мәліметтер;

16) авиакомпанияның Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі;

17) Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IOSA) берген қауіпсіздіктің өндірістік аудиті сертификатының көшірмесі;

18) авиамаршрутта халықаралық ұшуларды орындауға арналған ұзақ мерзімді (үш жылға арналған) бизнес жоспар;

19) конкурсқа шығарылған халықаралық авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастырудың негізгі шарттары мен талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі конкурстық ұсыныстар.


3.8

«Электрондық Үкімет» веб- порталында қызмет көрсету

Жоқ

3.8.1

Қызметті көрсету барысында ақпараттық жүйені пайдалану тәртібі

Жоқ

3.9

Меморган арқылы қызметті көрсету

Иә

3.9.1

Қызмет көрсету барысында құрылымдық бөлімшелерінің көрсетілетін қызметтіберушілердің (жұмысшының) іс-әрекетінің тіртібін сипаттау

Конкурс жаңа халықаралық авиамаршруттарға не халықаралық авиамаршрутқа куәлігінің қолданылу мерзімі ағымдағы жылы аяқталатын авиамаршруттарға жылына бір рет, күзгі-қысқы навигация басталғанға дейін алдын ала жүргізіледі.

Уәкілетті орган Конкурс өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін конкурс ұйымдастырушысы бұқаралық ақпарат құралдарында және Комитеттің интернет-ресурсында конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын, конкурсты қайта өткізу жағдайында - қайталама конкурсты өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 15 күн бұрын конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады.

Халықаралық авиамаршруттарда арналған конкурс өткізуді және куәліктер беруді қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган өкілдерінің қатарынан құрамы Комитеттің бұйрығымен бекітілетін конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

Комитет конкурсты өткізудің мерзімдері мен орнын жариялағаннан кейін конкурсқа қатысуға тілек білдіруші авиакомпаниялар қажетті құжаттарды ұсынады.

Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді қабылдауды комиссия хатшысы конкурстың өтінімдерді тіркеу журналына (тігілген, нөмірленген, комиссия хатшысы қол қойған, мөрмен басылған) енгізу арқылы жүзеге асырады және конкурс өткізу күніне дейін бір жұмыс күні бұрын аяқталады.

Конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылған күннен кейінгі бір күнінен кешіктірілмей комиссия тиісті хаттама әзірлейді және оған қол қояды.

Конверттер ашылғаннан кейін конкурстық комиссия әлеуетті қатысушылар ұсынған құжаттардың толықтығын бағалайды және конверттер ашылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.

Комиссия конкурсқа қатысу үшін қарауға қабылданған конкурстық өтінімдерді бағалап, салыстырады және мынадай өлшемдерді ескере отырып конкурс жеңімпазын (жеңімпаздарын) анықтайды.

Комиссия конкурс қорытындылары бойынша конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзім ішінде Конкурс қорытындылары туралы хаттама жасайды және оған қол қояды.

Конкурс жеңімпазының (жеңімпаздарының) және уәкілетті органның арасында конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде конкурс жеңімпазы (жеңімпаздары) өзіне ұсынылған конкурстық ұсыныстарды орындау жөнінде міндеттемелерді қабылдайтын келісім жасалады.

Халықаралық авиамаршруттарға куәліктер Келісімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурс жеңімпазына (жеңімпаздарына) беріледі.

Халықаралық авиамаршрутқа куәлік үш жылға беріледі.



3.10

Қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарыарқылы көрсету

Жоқ

3.10.1

Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі

Жоқ

4

Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін Комитеттің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін Комитеттің басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@mid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-43-25, 75-43-26.

Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін Комитеттің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.



«Жолаушыларды, багажды, жүктер мен 
почта жөнелтілімдерін тасымалдау 
жөнінде қызметтер көрсету үшін   
халықаралық авиамаршруттарға арналған
конкурс өткізу және авиамаршруттарға
куәліктер беру» мемлекеттік

қызмет түріне

жатпайтын рұқсаттар төлқұжатна 1-қосымша
Өтініш нысаны

Өтініш


_________________________________________________________ тасымалдау мақсатында
      (тасымалдау объектілері көрсетіледі)
____________________________________________ халықаралық авиамаршруты бойынша
(халықаралық авиамаршруттың атауы)
_____________________________________________________________________________

тұрақты авиарейстер орындау құқығына арналған конкурсқа қатысуға сұраймын.

Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны _____________________________________________________________
2. Құрылған жылы _____________________________________________________________
3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
_____________________________________________________________________________
                  (нөмірі, кім және қашан берген)
4. Банктің деректемелері _______________________________________________________
                      (есеп шот нөмірі, корреспонденттік есеп шоттар, ФАА, БСН,
_____________________________________________________________________________
банктің атауы мен орналасқан орны)
5. Заңды мекенжайы және басқа да деректемелер
_____________________________________________________________________________
     (почталық мекенжайы, телефоны, телефакс, телекс, телетайп, телеграфтық және телефондық
_____________________________________________________________________________
         шақыру белгілері, ИКАО, ИАТА, СИТА, АФТН кодтары)
6. ___________________________________________________________________________
             (кәсіпорынның бірінші басшысының Т.А.Ә.)
7. Қоса беріліп отырған құжаттар ________________________________________________
Кәсіпорын басшысы: Т.А.Ә.

                               Мөр орны

       Өтініш 20__ жылғы «___» ____________ қарауға қабылданды.

Жолаушыларды, багажды, жүктер мен 


почта жөнелтілімдерін тасымалдау  
жөнінде қызметтер көрсету үшін   
халықаралық авиамаршруттарға арналған
конкурс өткізу және авиамаршруттарға
куәліктер беру» мемлекеттік

қызмет түріне

жатпайтын рұқсаттар төлқұжатна 2-қосымша
Рұқсат нысаны
Қазақстан Республикасының елтаңбасы

Халықаралық авиамаршрутқа куәлік

____________________________________________________________________________


                   (заңды тұлғаның толық атауы)
________________________________________________________тасымалдау мақсатында
      (тасымалдау объектілері көрсетіледі)
____________________________________________ халықаралық авиамаршруты бойынша
  (халықаралық авиамаршрут атауы)
_____________________________________________________________________________
              (аптасына рұқсат етілген рейстер саны)
тұрақты авиарейстерді орындау құқығы берілді.

Халықаралық авиамаршрутқа куәлікті берген мемлекеттік орган______________________


_____________________________________________________________________________
             (берген мемлекеттік органның толық атауы)
Басшы _______________________________________________________________________
         (берген мемлекеттік орган басшысының тегі және аты-жөні)

Куәліктің берілген күні: 20__ жылғы «___» _______________


Куәліктің қолданылу мерзімі: 20__ жылғы «___» ___________ дейін
Куәліктің нөмірі № ______________
__________________________ қаласы


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет