еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi. Еңбек шарттары арнайы тексеруді жүргізу мерзіміне жасалады.
Арнайы тексеру жүргізу кезеңінде бұл адамдарға осы Заңның мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауапкершілігі, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулер бөлігіндегі ережелері қолданылады. Бұл адамдардың құқықтары еңбек шартында айқындалады.
4. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындауы мүмкін.
5. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттары, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жүзеге асыратын лауазымдық өкілеттіктер ескеріле отырып, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде әзірленеді және оларды уәкілетті органның келісімімен мемлекеттік органдар бекітеді.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртіппен уәкілетті орган бекітеді.
ҚР 04.06.01 ж. № 204-II; 11.03.03 ж. № 393-II (бұрынғы ред. қара); 2005.08.07 № 75-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді; 2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымға орналасуға арналған конкурс
1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу құқығын қамтамасыз етедi.
«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты мемлекеттік орган өткізеді.
Тестілеуден өту кезінде уәкілетті орган белгілейтін шекті мәндерден төмен емес баға алған азаматтардың конкурсқа қатысуға құқығы бар.
2. Конкурс орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде өткізілген кезде хабарландырулар орталық мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
Конкурсты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда өткізу туралы хабарландырулар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері айқындаған мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметi) құрылған жағдайда, хабарландырулар ол құрылымына кіретін мемлекеттік органның интернет-ресурсында жарияланады.
3. Егер конкурс «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, онда осы шарт конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс.
4. Конкурсты өткізу және конкурстық комиссияны құру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
5. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бірыңғай конкурстық комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.
Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде бірыңғай конкурстық комиссия құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай конкурстық комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
6. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушының «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына орналасуға құқығы бар.
7. Тағайындауға құқығы бар адам конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушыны «Б» корпусының жарияланған мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына қабылдауға мiндеттi. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттiк қызметке кiру үшiн көзделген талаптар сақталуға тиiс.
8. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған, бiрақ ол мемлекеттiк қызметке ұсынған конкурсқа қатысушы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынуға құқылы.
Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының ұсынымы бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған конкурсқа қатысушы өзі алынған күннен бастап бір жыл ішінде, біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, сол мемлекеттік органда «Б» корпусының тиісті мемлекеттік әкімшілік лауазымына қосымша конкурстан өтпестен орналасуға құқылы.
9. Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкін.
10. «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізудің ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет өткеру және қызметтік мансап
ҚР 11.03.03 ж. № 393-II (бұрынғы ред. қара); 2005.08.07 № 75-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 15- бап өзгертілді
15-бап. Мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға кіру кезіндегі сынақ
1. Мемлекеттік әкiмшілік қызметке алғаш рет немесе қызметiн тоқтатқаннан кейiн жаңадан қабылданған, сондай-ақ жоғары дәрежелi санаттағы мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға қабылданған азамат үшiн үш айға дейiнгi мерзiмге сынақ белгіленуi мүмкiн.
2. Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшi дәлелдi себептермен қызметте болмаған кезең сынақ мерзiмiне есептелмейдi.
3. Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшi сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен келiсе отырып, сынақ, мерзiмiнен өтпеген адам ретiнде жұмыстан шығарылуы мүмкiн.
4. Егер сынақ мерзiмi өтiп, мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшi мемлекеттік қызметтi жалғастыра берсе, ол сынақтан өткен болып саналады және сынақ мерзiмi мемлекеттік қызмет стажына есептеледi. Одан кейiнгi жұмыстан босатуға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша ғана жол берiледi.
2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
15-1-бап. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ауысу тәртібімен орналасу
1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзі келiсiм берген, қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда және оның соңғы лауазымындағы қызметінің нәтижелері ескеріле отырып, ауысу тәртібімен орналасуға құқығы бар.
Ауысудың жүргізілу тәртібі уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережеде реттеледi.
Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережеде көзделген жағдайларда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртібімен орналасу уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен жүзеге асырылады.
2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртібімен орналасу аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, мемлекеттік органның, оның ведомствосының ішінде, сондай-ақ олардың арасында жүзеге асырылады.
3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына басқа мемлекеттік органдардан, олардың ведомстволарынан және олардың аумақтық бөлімшелерінен ауысу тәртібімен орналасу Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде айқындалатын жағдайларда жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде немесе оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына ауысу тәртiбiмен орналасуға жол берiлмейдi.
2005.08.07 № 75-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 16- бап өзгертілді; 2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметін бағалау және оларды аттестаттау
1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жұмысының тиімділігін және сапасын айқындау үшін олардың қызметін жыл сайынғы бағалауды жүргізеді.
2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау нәтижелері сыйлықақы беру, көтермелеу, оқыту, мансаптық жоспарлау, ротация жөнінде шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін үш жыл бойы бағалау нәтижелері оларды аттестаттаудан өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.
3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кәсiби даярлық деңгейін және олардың лауазымдық мiндеттерді орындау қабілетін айқындау жөніндегі рәсім аттестаттау болып табылады.
Аттестаттау тестілеуді және әңгімелесуді қамтиды. Кемiнде он бес жыл мемлекеттiк қызмет өтілі бар «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшілік қызметшiлері тестiлеуге жатпайды.
4. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметін бағалау және оларды аттестаттау тәртібін уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері аттестаттауға дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
Аттестаттауда теріс нәтижелер алған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметінен төмендетілуге не босатылуға жатады.
Қызметінен төмендету «Б» корпусының төмен тұрған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы болған, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі осы лауазымға қойылған біліктілік талаптарына сай келген кезде жүзеге асырылады.
Қайта аттестатталуға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қайта аттестаттау аяқталғанға дейін ауысу тәртібімен тең дәрежелі не жоғары тұрған лауазымдарға тағайындала алмайды.
5. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай аттестаттау комиссиясын құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бірыңғай аттестаттау комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.
Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде бірыңғай аттестаттау комиссиясын құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай аттестаттау комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
17-бап. Жұмыс уақыты
1. Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес белгiленедi.
2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тұтас алғанда мемлекеттік органның немесе оның жекелеген бөлiмшелерiнiң қалыпты (үздiксiз) жұмысы әрi қарай жедел атқарылуына байланысты болатын шұғыл және күнi бұрын болжанбаған жұмысты орындау үшiн орган басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамның жазбаша өкімі бойынша жұмысы Республиканың еңбек заңдарына сәйкес өтелетiн, демалыс және мереке күндерi қызметке келуге мiндеттi жекелеген мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер тартылуы мүмкiн.
ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 18-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
18-бап. Iссапарлар кезіндегі кепiлдiктер мен өтемақылар
1. Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының үкіметі белгiлейтiн тәртiппен қызметтiк, оның iшiнде шет мемлекеттерге, iссапарларға арналған шығындары өтеледi.
Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген iссапарда болған уақытына тәулікақы алуға, көздеген жерiне барып-қайту жөніндегі шығындарға, тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындарға кепiлдiктер мен құқығы тиесiлi болады.
2. Iссапарға жiберiлген мемлекеттік қызметшілердiң iссапардың бүкiл уақыты бойы жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады.
2005.08.07 № 75-III ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен 18-1-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-1-бап. Ротация
Мемлекеттік қызметте «А» корпусының мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерiн ротациялау мансаптық жоспарлау шеңберінде олардың келісімімен жүзеге асырылады.
Ротация жүргізудің тәртiбiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2 бап. Мүдделер қақтығысы
1. Егер мүдделер қақтығысы бар болса, мемлекеттік қызметшiнiң лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыруына тыйым салынады.
2. Мемлекеттік қызметшi мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдауға тиiс.
3. Туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте мемлекеттік қызметшi өзiнiң тiкелей басшысына немесе мемлекеттік органның басшылығына бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Тiкелей басшысы немесе мемлекеттік органның басшылығы мемлекеттік қызметшiнiң өтiнiшi бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде, мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға, оның iшiнде:
1) оған байланысты мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша мемлекеттік қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқаруды басқа адамға тапсыруға;
2) мемлекеттік қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік қызметшiнiң келісімi бойынша оны басқа лауазымға ауыстыруға тиiс.
4. Мемлекеттік қызметшi, оның тiкелей басшысы және мемлекеттік органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.
ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 19-бап толықтырылды (бұрынғы ред. қара); 2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Мемлекеттік қызметті өткерудің өзге де мәселелері
1. Мемлекеттiк әкiмшілік лауазымдарға алғаш рет қабылданған адамдарға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тәлімгерлер бекітіледі.
2. Мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың тағылымдамадан өтуі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк қызметті өткерудің осы Заңда реттелмеген өзге де мәселелерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде, уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережеде регламенттеледі.
ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 20-бап толықтырылды (бұрынғы ред. қара); 2005.08.07 № 75-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Мемлекеттік қызметтің кадр резервi
1. Мемлекеттік саяси және әкiмшiлiк лауазымдарға орналасу үшiн мемлекеттік қызметтiң кадр резервi қалыптастырылады.
2. Кадр резервiн қалыптастыру тәртiбi және онымен жұмысты ұйымдастыру уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттік қызметтiң кадр резервi туралы ережемен реттеледi.
2012.14.12. № 59-V ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4-1-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы
20-1-бап. Мемлекеттік қызметшілерге қызмет этикасын сақтау жөнінде қойылатын талаптар
1. Мемлекеттік қызметшілер:
1) мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;
2) жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға;
3) азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық және әдептілік танытуға;
4) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне кедергі жасайтын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
6) заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
7) мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық міндеттерін адал және кәсіби деңгейде атқаруға;
8) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға ерекше ықылас көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
9) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
10) кадрларды туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
11) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден олардың қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;
12) басқа адамдарды құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормалармен сыйыспайтын іс-әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге;
13) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге міндетті.
2. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде ресми мінез-құлық нормаларын сақтауға тиіс.
3. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерді коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың мүддесіне орай, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |