Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының


Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара



бет2/3
Дата27.02.2016
өлшемі180.5 Kb.
#28292
1   2   3
Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік қызметші қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы өзінің меншігіндегі үлесті (акциялар пакеттерін) және пайдаланылуы табыс табуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызмет өткеру уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік бас­қаруға беруге міндетті, бұған осы адамға заңды түрде тиесілі ақша, сондай-ақ мүліктік жалдауға бе­рілген мүлік қосылмайды. Мүлікті сенімгерлік бас­қару шарты нотариалды куәландырылуға жатады. Мемлекеттiк қызметшi мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының нотариат куәландырған көшiрмесiн нотариат куәландырған күнiнен бастап он күн мерзiмде жұмыс орны бойынша кадр қызметiне бередi. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілердің өздеріне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімді басқаруға бермеуіне болады.

Мемлекеттік қызметшінің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер тұрғын үйлерін мүліктік жалдауға беруге құқылы.

3. Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.

3-1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жақын туыстары мен жекжаттарына (жұбайлардың аға-iнiлерiне, апа-сiңiлiлерiне, ата-аналары мен балаларына) қатысты лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен шектеулер көзделуi мүмкiн.

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттiк қызметке:

1) белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;

2) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған;

3) бiлiктiлiк талаптарында тиiстi қызметтердi атқару үшiн денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгiленген реттерде медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктi орындауға кедергi келтiретiн науқасы бар;

4) өзiнiң мәртебесiн және соған негізделген беделiн жеке басылық, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзiне заңмен белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;

2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

5) жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жазаны қоспағанда, мемлекеттiк қызметке кiрер алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған;

6) мемлекеттiк қызметке кiрер алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

6-1) мемлекеттiк қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

6-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды

6-3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған;

7) мемлекеттiк қызметке кiру уақытына өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар;



2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау нысанасына арнайы тексеруден өтпеген адамдарды қабылдауға болмайды.

5. 2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

3-тарау. Мемлекеттік қызметке кіру



ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 11-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

11-бап. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру

Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау не сайлау негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады.

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II   (бұрынғы ред. қара); 2005.08.07 № 75-III  (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 12- бап өзгертілді

12-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады.

2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен   (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мемлекеттік  қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік  қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшіге әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде немесе оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн алынбаған тәртiптiк жазасы болған жағдайда, ауыстыру тәртiбiмен мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке орналасуына жол берiлмейдi.

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Өз өкiлеттiгiн доғарған, терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, өз өкiлеттiгiн кемiнде алты ай орындаған және қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

4. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде жынысына, нәсiлiне, қай ұлтқа жататынына, тiлiне, әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге қатынасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсын тiкелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берiлмейдi.

5. Осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық iрiктеуден өтпеген азаматтарды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке қабылдаған лауазымды адам осы Заңның 28-бабында белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 13-бап толықтырылды (бұрынғы ред. қара)



13-бап. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде қойылатын талаптар

1. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;

2) егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға;

3) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.

2. Азамат мемлекеттiк қызметке кiрген кезде салық қызметi органдарына өзi алған табысы мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.

3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

5. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді.

ҚР 04.06.01 ж. № 204-II  ; 11.03.03 ж. № 393-II  (бұрынғы ред. қара)  ; 2005.08.07 № 75-III  (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 14- бап өзгертілді

 14-бап. Мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымға орналасуға арналған конкурс

1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу құқығын қамтамасыз етедi.

2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткiзудiң шарттары мен тәртiбiн, оның iшiнде конкурстық комиссия құру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

3. Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша уәкілетті орган конкурс өткізу туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жарияланғаннан кейін өткізеді.

Конкурс орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінде және ведомостволарда өткізілген кезде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.

3-1. Егер конкурс белгілі бір жұмыс мерзімімен бос тұрған орынға өткізілетін болса, онда жасалғалы отырған еңбек шартының жағдайы конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс.

4. Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының қатысуға құқығы бар.

5. алып тасталды

6. Конкурстық комиссияның шешiмi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға не мұндай лауазымға кiруге бас тартылуға негiз болып табылады.

7. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымға орналасуға құқығы бар.

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Тағайындауға құқығы бар адам жарияланған лауазымға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушыны қабылдауға мiндеттi. Бұл орайда мемлекеттiк қызметке кiру үшiн заңдарда көзделген талаптар сақталуға тиiс.

9. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған, бiрақ ол мемлекеттiк қызмет үшiн ұсынған конкурсқа қатысушылар уәкiлеттi орган  және оның аумақтық бөлiмшелерi құратын кадрлар резервiне тiркелуi мүмкiн.

10. Кадрлар резервiне тiркелген конкурсқа қатысушылар оларды тiркеу күнiнен бастап бiр жыл iшiнде қосымша конкурстан өтпестен тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналаса алады.

11. Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет өткеру және қызметтік мансап

 

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II  (бұрынғы ред. қара); 2005.08.07 № 75-III  (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 15- бап өзгертілді



15-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға кiру кезiндегi сынақ

1. Мемлекеттiк әкiмшілік қызметке алғаш рет немесе қызметiн тоқтатқаннан кейiн жаңадан қабылданған, сондай-ақ жоғары дәрежелi санаттағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылданған азамат үшiн үш айға дейiнгi мерзiмге сынақ белгіленуi мүмкiн.

2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi дәлелдi себептермен қызметте болмаған кезең сынақ мерзiмiне есептелмейдi.

3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен келiсе отырып, сынақ, мерзiмiнен өтпеген адам ретiнде жұмыстан шығарылуы мүмкiн.

4. Егер сынақ мерзiмi өтiп, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi мемлекеттiк қызметтi жалғастыра берсе, ол сынақтан өткен болып саналады және сынақ мерзiмi мемлекеттiк қызмет стажына есептеледi. Одан кейiнгi жұмыстан босатуға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша ғана жол берiледi.

2005.08.07 № 75-III  (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 16- бап өзгертілді

16-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттау

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер олардың кәсiби даярлығы, құқықтық мәдениетi, азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетi деңгейiн анықтау мақсатында аттестаттаудан өтедi. Мемлекеттiк органдарда кемiнде 20 жыл жұмыс стажы бар мемлекеттік әкiмшілік қызметшiлер тестiлеуге жатпайды. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттауды жүргiзудiң тәртiбi мен талаптарын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Республика Президентi бекiтедi.

 

17-бап. Жұмыс уақыты

1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес белгiленедi.

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Тұтас алғанда мемлекеттiк органның немесе оның жекелеген бөлiмшелерiнiң қалыпты (үздiксiз) жұмысы әрi қарай жедел атқарылуына байланысты болатын шұғыл және күнi бұрын болжанбаған жұмысты орындау үшiн орган басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамның жазбаша өкiмi бойынша жұмысы Республиканың еңбек заңдарына сәйкес өтелетiн, демалыс және мереке күндерi қызметке келуге мiндеттi жекелеген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер тартылуы мүмкiн.

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 18-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)



18-бап. Iссапарлар кезiндегi кепiлдiктер мен өтемақылар

1. Мемлекеттiк қызметшілерге Қазақстан Республикасының үкіметі белгiлейтiн тәртiппен қызметтiк, оның iшiнде шет мемлекеттерге, iссапарларға арналған шығындары өтеледi.

Мемлекеттiк қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген iссапарда болған уақытына тәулікақы алуға, көздеген жерiне барып-қайту жөнiндегi шығындарға, тұрғын үй-жай жалдау жөнiндегi шығындарға кепiлдiктер мен құқығы тиесiлi болады.

2. Iссапарға жiберiлген мемлекеттiк қызметшілердiң iссапардың бүкiл уақыты бойы жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады.

2005.08.07 № 75-III   ҚР Заңымен 18-1- баппен  толықтырылды

18-1-бап. Ротация

Мемлекеттiк қызметте мемлекеттiк саяси қызметшiлердi ротациялау жүзеге асырылуы мүмкiн. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi ротациялаудың тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

 

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды



18-2 бап. Мүдделер қақтығысы

1. Егер мүдделер қақтығысы бар болса, мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыруына тыйым салынады.

2. Мемлекеттiк қызметшi мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдауға тиiс.

3. Туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте мемлекеттiк қызметшi өзiнiң тiкелей басшысына немесе мемлекеттiк органның басшылығына бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.



Тiкелей басшысы немесе мемлекеттiк органның басшылығы мемлекеттiк қызметшiнiң өтiнiшi бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде, мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға, оның iшiнде:

1) оған байланысты мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқаруды басқа адамға тапсыруға;

2) мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң келiсiмi бойынша оны басқа лауазымға ауыстыруға тиiс.

4. Мемлекеттiк қызметшi, оның тiкелей басшысы және мемлекеттiк органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.

 

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 19-бап толықтырылды (бұрынғы ред. қара)



19-бап. Мемлекеттiк қызмет өткерудiң өзге де мәселелерi

Мемлекеттiк қызметтен өтудiң осы Заңмен реттелмеген өзге де мәселелерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен, уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережемен реттеледi.

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 20-бап толықтырылды (бұрынғы ред. қара)  ; 2005.08.07 № 75-III   ҚР Заңымен 20- бап  жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

20-бап. Мемлекеттiк қызметтің кадрлар резервi

1. Мемлекеттiк саяси және әкiмшiлiк лауазымдарға орналасу үшiн мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервi қалыптастырылады.

2. Кадрлар резервiн қалыптастыру және олармен жұмысты ұйымдастыру тәртiбi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервi туралы ережемен реттеледi.

 

5-тарау. Мемлекеттік қызметшілерді қамсыздандыру



 

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 21-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)



21-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу

1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне төленетiн ақы қызметтiк мiндеттерiн сөзсiз және тиянақты атқаруы үшiн жеткiлiктi материалдық жағдайды қамтамасыз етуге, мемлекеттiк органдарды бiлiктi және тәжiрибелi кадрлармен жасақтауға жәрдемдесуге, олардың адал да бастамашыл еңбегiн ынталандыруға тиiс.

2. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Еңбекке ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жалақысы республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаржылары есебiнен не Ұлттық Банк қаржысынан төленедi.

Бюджет қаржысының қысқаруы жалақыны, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де кепiлдiктердi, жеңiлдiктердi және өтемақыларды қаржыландыруды азайту үшiн негiз бола алмайды.

4. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жалақысы мен оларға төленетiн басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен индекстелуге тиiс.

ҚР 11.03.03 ж. № 393-II Заңымен 22-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)



22-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң демалысы

1. Мемлекеттiк қызметшiлерге сауықтыру үшiн екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде жәрдемақы төленiп, ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күнге ақы төленетiн жыл сайынғы демалыс берiледi.

2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн демалыс оларға бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн.

3. Мемлекеттiк қызметшiге жалақысы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн.

2010.29.12. № 371-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк орган басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамның шешiмi бойынша жыл сайынғы немесе қосымша демалыстан шақыртылып алынуы мүмкiн. Пайдаланылмаған демалыстың қалған бөлiгi мемлекеттiк қызметшiге тиiстi жылдың басқа кез келген уақытында берiледi не келесi жылғы демалысына қосылады.

5. Мемлекеттік әкімшілік қызметші ауыстырылған жағдайда не мемлекеттік саяси кызметшінің басқа мемлекеттік лауазымға тағайындалуына байланысты, егер мемлекеттік қызметші бұрынғы жұмыс орнында демалысын пайдаланбаған болса, жаңа жұмыс орнындағы ақы төленетін жыл сайынғы демалысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін берілуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет