Мемлекеттік кызмет көрсету стандарты «Кәмелетке толмағанға қарасты тұрғын үй кепілдігіне несие ресімдеу үшін банкке рұқсаттар беру»



Дата23.02.2016
өлшемі78.74 Kb.
#9472
Семей қаласы әкімдігінің 2008 ж. «02 » сәуірдегі

№336 қаулысына



26 қосымша
Мемлекеттік кызмет көрсету стандарты

«Кәмелетке толмағанға қарасты тұрғын үй кепілдігіне несие ресімдеу үшін банкке рұқсаттар беру»

1 .Жалпы ережелер


  1. Кәмелетке толмағанға қарасты тұрғын үй кепілдігіне несие ресімдеу үшін банкке рұқсаттар беру.

  2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны - автоматтандырылмаған.

  3. Қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы №321-1 Заңының 106 бабы 2 тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі №1346 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы Ереженің 15 тармағы негізінде көрсетіледі.

  4. Осы қызметті «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынады, Интернационал көшесі, 8, №222 кабинет.

  5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтижесі) - кәмелетке толмағанға қарасты тұрғын үй кепілдігіне несие ресімдеу үшін банкке рұқсат беру туралы анықтама.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына
көрсетіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт жөніндегі шектеулердің мерзімдері: 30 минуттан көп емес.

  2. Осы мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

9. Осы мемлекеттік қызметті көрсету стандарты Интернационал
көшесі, 8 мекен-жайдағы «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің стендісінде орналастырылған.

  1. «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі күн сайын 9.00-ден 18.00 сағатқа дейін. Үзіліс 13.00-ден 14.00 сағатқа дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Қабылдау күндері: сейсенбіде 9.00-ден 12.00 сағатқа дейін, бейсенбіде 14.00-ден 17.00 сағатқа дейін, №222 кабинет.

  2. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін білім бөлімінің фойесінде мынадай жағдайлар жасалған: үстел, орындықтар, құжаттардың тізбесі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының білім бөліміне
тізбеге сәйкес мынадай құжаттарды беруі керек:

  1. еркін нысандағы өтініш;

  2. ата-ананың, қорғаншының/қамқоршының жеке куәлігі (төлқұжаты);

  3. жылжымайтын мүлік құжаттары;

  4. кәмелетке толмағанның (толмағандардың) тууы туралы куәлігі;




  1. Құжаттар «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне беріледі, Интернационал көшесі, 8, №222 кабинет, қабылдау күндері: сейсенбі 9.00-ден 12.00 сағатқа дейін, бейсенбі 14.00-ден 17.00 сағатқа дейін.

  2. Өтініш өтініш иесі Интернационал көшесі, 8 мекен-жайдағы «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, №222 кабинетке өзі келгенде қабылданады.

  3. Жеке тұлғаға осы мемлекеттік қызметті беруден бас тартуға негіз қажетті құжаттар бермеу болып табылады.

3. Жұмыс принциптері
16. Мемлекеттік орган осы мемлекеттік қызметті тұтынушы турасында
мынадай принциптерді басшылыққа алады:

  1. сыпайылық және осы мемлекеттік қызмет туралы егжей-тегжейлі ақпарат беру;

  1. ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;

  1. тұтынушы құжаттарының мазмүны туралы ақпараттың қорғалуын және қүпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыстың нәтижелері
17. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы
стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен
өлшенеді («Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні» кестесі).

18. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің


немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы
мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндерін жыл сайын арнайы
қүрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағым жасау тәртібі
19. «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібін «Семей қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары түсіндіреді, 214 кабинет,
телефон 52-93-80.

  1. Шағым Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының атына беріледі, 212 кабинет; телефон 52-48-27.

  2. Шағымды қарау барысын «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кеңсесінде білуге болады, телефон . 52-48-27.

6. Байланыс ақпараты
22. «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
басшыларының байланыс деректері: Семей қаласы, Интернационал көшесі, 8.

«Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының қабылдау бөлмесінің телефоны 52-48-27;

«Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарының телефоны 52-39-80;

тәрбие жұмысы бөлімі маманының телефоны 52-48-82;

жұмыс кестесі; сейсенбі 9.00-ден 12.00 сағатқа дейін, бейсенбі 14.00-ден 17.00 сағатқа дейін:

Жеке тұлғаларды жекелей қабылдау кестесі:



  • «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы: сейсенбі 14.00-ден 18.00 сағатқа дейін;

  • «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары: бейсенбі 14.00-ден 18.00 сағатқа дейін.

Жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері - Семей қаласының әкімдігі: Интернационал көшесі, 8, телефон 52-37-25, 52-35-08.

23. Тұтынушы үшін басқадай пайдалы ақпарат Семей қаласы әкімдігінің


www.akimsemey.gov.kz сайтында орналастырылған.


«Семей қаласының білім бөлімі»

ММ бастығы М.Дүйсембаева

«Кәмелетке толмағанға қарасты тұрғын үй кепілдігіне несие ресімдеу үшін банкке рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметін көрсету стандартына 26 қосымша

Кесте Сапа және қол жетімділігі көрсеткіштерінің мәні



Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің

нормативтік

мәні


Көрсеткіштің

келесі


жылдағы

нысаналы


мәні

Көрсеткіштің

есепті


жылдағы

ағымдағы


мәні

1

2

3

4

1. Уақыттылығы

Қызметті құжат тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде көрсету жағдайлары-ның % (үлесі)

100%

90%

80%

І.І.Қызмет алуды кезекте 40 минуттан артық күтпеген тұтынушылар % (үлесі)

100%

70%

60%

2. Сапасы

2.1.Қызмет ұсыну процесінің сапасына қанағатанған тұтынушылар (үлесі)

100%

100%

100%

2.2.Лауазымды адам дүрыс ресімдеген құжаттар (жасалған есептемелер, есептеулер және т.т.) жағдайлары (үлесі)

100%

100%

100%

3. Қол жетімділігі

З.І.Қызмет ұсыну сапасы мен оның тәртібі туралы ақпарат сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100%

100%

100%

3.2.Тұтынушы құжаттарды дүрыс толтырған және бірінші ретте тапсырылған жағдайлар % (үлесі)

90%

80%

70%

З.З.Интернет арқылы қол жететін ақпараттар қызметі % (үлесі)

50%

40%

35%

4. Шағым жасау процесі

4.1.Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізді шағымдардың % (үлесі)

0,1%

0,3%

0,4%

4.2.Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттан-дырылған негізді шағымдар-дың % (үлесі)

95%

85%

70

4.3.Қазіргі шағым жасау тәртібіне қанағатанған тұтыну-шылар % (үлесі)

95%

80%

50%

4.4.Шағым жасау мерзімдеріне қанағаттанған тұтынушылар %

(үлесі)


90%

75%

50%

5. Сыпайылық

5.1 .Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100%

90%

80%



«Семей қаласының білім бөлімі»

ММ бастығы М.Дүйсембаева



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет