Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының



бет3/39
Дата07.02.2024
өлшемі0.63 Mb.
#491036
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
160kkMaket KOLDOGOVORA kazennogo predpr kaz

III. Еңбек қатынастары

3.1. Тараптар:


- колледж қызметкерлері үшін жұмыс беруші осы заңды тұлға – колледж болып табылатынын;
- қызметкермен еңбек шарты жазбаша нысанда жасалатынын;
- еңбек шарты оларды ресімдеудің бірыңғай жүйесінде уәкілетті органмен белгіленген мерзімде тіркелетінін растайды.
Еңбек заңнамасымен, салалық келісіммен, аймақтық салалық келісіммен, осы ұжымдық шартпен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын төмендететін еңбек шартының жағдайлары жарамсыз болып табылады.
Еңбек шартына қол қойғанға дейін жұмыс беруші қызметкерді колледждің Жарғысымен, ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен, ұжымдық шартпен, қызметкердің еңбек қызметімен тікелей байланысты жергілікті құқықтық актілермен қолын қойғызып таныстыруға міндетті.
3.2. Қызметкермен тұрақты сипаттағы жұмысқа еңбек шарты белгіленбеген мерзімге немесе кемінде бір жылға жасалуы мүмкін. Осы ереже қосымша қызмет атқару жағдайында еңбек шарты жасалатын қызметкерлерге қолданылады.
Бір жылдан аспайтын мерзімге еңбек шарты тек белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына, жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына, маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалады.
Еңбек шартының мерзімі аяқталған кезде тараптар оны белгіленбеген немесе бір жылдан кем емес белгілі мерзімге созуға құқылы.
Еңбек шартының іс-әрекет мерзімі аяқталған жағдайда, егер тараптардың ешқайсысы соңғы жұмыс күні (ауысым) ішінде еңбек қатынастарын тоқтату туралы жазбаша хабарламаса, ҚР ЕК 51-бабының 2-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда, бұрын жасалған мерзімге созылған болып есептеледі, кемінде бір жыл белгілі мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталған жағдайда, жүкті әйел он екі және одан да артық аптаға жүктілік туралы медициналық қорытынды әкелсе, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баласы бар, бала асырап алған және өзінің құқығын бала күтіміне байланысты ақысыз еңбек демалысына пайдалануға ниет білдірген қызметкер, уақытша орнында болмаған қызметкерді алмастыру жағдайынан басқа, еңбек шартының мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш білдірсе, онда жұмыс беруші еңбек шартының мерзімін бала күтіміне байланысты еңбек демалысы аяқталған күнге дейін ұзартуға міндетті.
Бір жылдан аспайтын белгілі мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімін ұзарту саны екі реттен аспайды.
Кейін белгілі мерзімге қайта жасалатын кемінде бір жылға белгілі мерзімге жасалған еңбек шарты зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалармен бірнеше мәрте жасалуы мүмкін.
3.3. Еңбек шартында ҚР Еңбек кодексінің 28-бабымен көзделген еңбек шартының маңызды жағдайлары, соның ішінде оқу көлемінің жүктемесі, жұмыс уақытының режимі мен ұзақтығы, жеңілдіктер, өтемақылар және басқалары ескеріледі.
Еңбек шартының жағдайлары тек тараптардың келісімімен және ҚР Еңбек кодексімен көзделген тәртіпте жазбаша нысанда өзгертілуі мүмкін.
3.3.1. Қызметкерлердің айлықтарының (лауазымдық айлықтарының) мөлшерін қосқандағы еңбек ақы төлеу, қосымша ақылар мен үстеме ақылар жағдайы еңбек шартына қосу үшін міндетті болып табылады.
Еңбек шартының жағдайлары еңбек шартына қосымша келісім жасау арқылы тек тараптардың келісімімен және жазбаша нысанда өзгертілуі мүмкін.
3.3.2. Біліктілік санаты болса (педагог-зерттеуші, педагог-шебер), жұмысқа қабылдау кезінде сынақ белгіленбейді.
3.3.3.Колледж директоры қызметкерлермен қатар кәсіподақ комитетін еңбек жағдайындағы ұйымдастырушылық немесе технологиялық өзгерістер туралы, егер олар қызметкерлердің еңбек шарттарының міндетті жағдайларын өзгертуге әкеліп соғатын болса, бұл туралы кемінде екі ай бұрын ескертеді.
3.3.4. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша кәсіподақ мүшесі – қызметкермен еңбек шартын бұзу КК-нің дәлелді пікірін ескеріп жүргізіледі.
3.4. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша педагог қызметкерлердің маңызды еңбек жағдайларын өгертуге, әдеттегідей, тек жаңа оқу жылында ұйымдастырушылық және технологиялық еңбек жағдайларының (сынып-жинақтардың, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) топтары мен сандарының өзгеруі, оқу жоспары бойынша жұмыс сағаттары санының өзгеруі, эксперимент жүргізу, ұйымның ауысым жұмысының өзгеруі, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының және т.б. өзгеруі) өзгеруіне байланысты қызметкердің еңбек функцияларын (белгілі мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс) өзгертпей жұмысын жалғастырған кезде жол беріледі.
Оқу жылы ішінде еңбек шартының маңызды жағдайларын тараптардың еркінен тыс жағдайлармен келісілген ерекше жағдайларда ғана өзгертуге жол беріледі.
Еңбек шартының маңызды жағдайларына өзгертулер енгізу туралы жұмыс беруші қызметкерге кемінде бір ай бұрын жазбаша түрде хабарлауы тиіс.
Егер қызметкер жаңа жағдайдағы жұмысты жалғастыруға келіспесе, онда жұмыс беруші оған біліктілігіне және денсаулық жағдайына сәйкес келетін ұйымда бар басқа жұмысты, ал мұндай жұмыс болмаған жағдайда – қызметкердің біліктілігі мен денсаулығын ескеріп төмен дәрежелі бос қызмет орнын немесе ақысы аз жұмысты жазбаша түрде ұсынуға міндетті.
3.5. Жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі қызметкермен еңбек шартын жасаған кезде оны осы ұжымдық шартпен, білім беру ұйымының Жарғысымен, ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен және ұйымның қолданысындағы еңбек мәселелері жөніндегі өзге де актілермен қолын қойғызып таныстыруы тиіс.
3.6. Қызметкермен еңбек шартын тоқтату тек ҚР Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
3.7. Білім беру ұйымының басшысы қызметкерлердің дербес деректерін сақтау тәртібін белгілейтін бұйрықтар шығару жөнінде міндеттеме қабылдайды.
Жұмыс беруші қызметкердің дербес деректерін беру кезінде мынадай талаптарды қадағалауға міндетті:
1) қызметкердің дербес деректерін үшінші тарапқа қызметкердің жазбаша келісімінсіз хабарламауға;
2) қызметкердің дербес деректерін алуға тек арнайы уәкілетті тұлғаларға рұқсат етуге. Бұл ретте, аталған тұлғалар қызметкердің тек нақты функцияларды орындау үшін қажетті дербес деректерін ғана алуға және құпиялылық режимін сақтауға құқылы;
3) қызметкердің дербес деректерін, қызметкер таныс болуға тиіс жұмыс берушінің актісіне сәйкес ұйым ішінде ғана беруді жүзеге асыруға.
3.8. Жұмыс берушінің қызметкерден еңбек шартында қарастырылмаған жұмысты орындауды талап етуге құқығы жоқ, еңбек шартының жағдайлары қолданыстағы еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлата алмайды.
3.9. Еңбек шартын жасау, аттестаттау өткізу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген басқа да жағдайларда педагогтарға, ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге біліктілік талаптары кәсіптік стандарт негізінде белгіленеді.
Тараптар, кәсіптік стандарттармен белгіленбеген жағдайларда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің "Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының Үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2009 жылғы 13-шілдедегі N 338 бұйрығымен бекітілген педагогтардың Үлгі біліктілік сипаттамаларының ережелері қолданылады деп келісті.
3.10. Еңбек шартының жағдайларын өзгерту қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартының ажырамас бөлшегі болып табылатын еңбек шартына қосымша келісімдерді жасау жолымен ресімделеді.
3.11. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша кәсіподақ мүшесі – қызметкермен еңбек шартын бұзу тек бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
3.12. Аттестаттау нәтижесі бойынша жеткіліксіз біліктілік салдарынан атқаратын лауазымына сәйкес келмеуін мойындаған жағдайда, қызметкерді жұмыстан шығару туралы шешім қабылдау кезінде қызметкердің жазбаша келісімімен оның денсаулық жағдайын ескере отырып, жұмыс берушідегі ол орындай алатын басқа жұмысқа (қызметкердің біліктілігіне сәйкес келетін бос лауазым немесе жұмыс сияқты, бос тұрған төмен лауазым немесе ақысы төмен бос жұмыс) ауыстыру туралы шара қабылданады.
3.13. Жұмыс беруші қызметкерге жұмыс берушінің алдағы уақытта болатын басқа жерге көшуі туралы екі ай бұрын кешіктірмей жазбаша хабарлауы тиіс.
3.14. Жұмыс беруші қызметкердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына немесе өндіріске қатысы жоқ денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты, медициналық қорытынды негізінде еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенше немесе мүгедектік белгіленгенге дейін не кәсіби еңбекке жарамдылығынан айрылуы белгіленгенше, оны анағұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруға немесе негізгі лауазымы бойынша жалақысын сақтай отырып жұмыстан босатуға міндетті.
3.15. Жұмыс беруші қызметкерді қайта ұйымдастырумен немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайының өзгеруіне және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге байланысты болған еңбек жағдайларының өзгеруі туралы, оның тиісті мамандығы немесе кәсібіне, біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде бір айдан кешіктірмей жазбаша ескертуге міндетті.
3.16. Еңбек шартын ҚР ЕК 52-бабының 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша (ұйымды тарату, штатты немесе қызметкерлер санын қысқарту) бұзған кезде, жұмыс беруші қызметкерді еңбек шартын бұзу туралы кемінде бір ай бұрын жазбаша ескертуі тиіс. Қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек шартын бұзу ескерту мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
3.17. Еңбек шартын ҚР ЕК 52-бабының 1-тармағы 4) тармақшасымен көзделген негіздеме бойынша бұзу, құрамында қызметкерлердің өкілі қатысатын аттестаттау комиссиясының шешіміне негізделуі тиіс. Қызметкерлерді аттестациядан өткізу тәртібі, шарттары мен мерзімділігі білім саласындағы өкілетті мемлекеттік органмен анықталады.
3.18. «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толған қызметкермен еңбек шартын бұзуға оған лауазымдық айлық мөлшерінде өтемақы төлеп, еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай бұрын ескертіп, ҚР ЕК 52-бабының 1-тармағы 24) тармақшасымен көзделген негіздеме бойынша (зейнеткерлік жасқа жету) жол беріледі.
3.19. Қашықтықтан жұмыс еңбек шартының жағдайларымен анықталуы мүмкін.
3.20. Тараптар қашықтықтан жұмыс кезінде жұмыс беруші қызметкерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдары) береді және абоненттік төлем (интернет, байланыс құралдары) немесе айына 2 АЕК көлемінде оларды қондыру және қызмет көрсету бойынша шығынды өз мойнына алады деп келісті.
3.21. Тараптар, егер қызметкер өзінің байланыс құралдарын тұрақты негізде қолданатын жағдайда, жұмыс беруші айына 2 АЕК көлемінде өтемақы төлейді деп келісті.
3.22. Төтенше жағдай кезінде қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырылған қызметкерлердің жеке құрамын ұйым басшылығы анықтайды.
2.23. Педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде:

    • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;

    • одан Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамада көзделмеген есептілікті не болмаса ақпаратты талап етіп алдыруға;

    • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізуге;

    • оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді.

Колледж педагогтарын, қызметкерлерін олар кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тартуға жол берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет