Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының


IV. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты



бет4/39
Дата07.02.2024
өлшемі0.63 Mb.
#491036
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
160kkMaket KOLDOGOVORA kazennogo predpr kaz

IV. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты

4.1. Тараптар қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты мәселелерін реттеу кезінде педагог қызметкерлер үшін жалақының (лауазымдық айлықтың) ставкасына аптасына кемінде 36 сағат жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленетініне негізделеді.


4.1.1. Педагог қызметкерлердің жұмыс уақытының нақты ұзақтығы жалақының ставкасына белгіленген педагогикалық жұмыс сағаттарының нормаларын, оқу жүктемесінің көлемдерін, оларға қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі туралы Ережеге (№4 қосымша) сәйкес ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен және Жарғымен жүктелген қосымша міндеттерді орындауды ескеріп белгіленеді.
4.1.2. Қызметкерлердің жұмыс уақыты колледждің ішкі еңбек тәртіптемесінің Ержелерімен, КК дәлелді пікірін ескеріп жұмыс берушімен бекітілген оқу кестесімен, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен, сондай-ақ еңбек шартының жағдайларымен, қызметкерлердің лауазымдық нұсқауларымен және оларға колледждің Жарғысымен жүктелген міндеттемелермен анықталады.
4.1.3. Басқарушы қызметкерлер, басшылық, әкімшілік және көмекші персонал қатарындағы қызметкерлер үшін аптасына 40 сағат жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы белгіленеді.
4.1.4.Педагог қызметкерлерге және негізгі жұмысымен қатар оқытушылық жұмыс атқаратын басқа да қызметкерлерге жаңа оқу жылына оқу жүктемесі кәсіподақ комитетінің пікірін ескеріп колледждің директорымен белгіленеді. Бұл жұмыс жаңа оқу жылында оқу топтары мен педагогикалық жүктемені анықтау үшін оқу жылының аяғына дейін және қызметкерлер еңбек демалысына кетпей тұрып аяқталады.
4.1.5.Жұмыс беруші педагог қызметкерлерді еңбек демалысына шықпай тұрғанда олардың жаңа оқу жылына арналған мүмкін болатын оқу жүктемесімен жазбаша түрде таныстыруға тиіс.
4.2. Колледж негізгі жұмыс орындары болып табылатын оқытушыларға жаңа оқу жылына арналған педагогикалық жүктемені белгілеу кезінде, әдетте, оқу топтарындағы оның көлемі мен пәндерді беру бірізділігі сақталады. Оқытушыларға оқу жылының басында белгіленген педагогикалық жүктеменің көлемі ағымдағы оқу жылы ішінде әкімшіліктің бастамасымен, сондай-ақ осы бөлімнің 9-т.көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оны келесі оқу жылына белгілеу кезінде азайтылмайды.
Оқытушылардың педагогикалық жүктемесінің көлемі жалақының ставкасына сағаттар нормасынан көп немесе аз көлемде тек олардың жазбаша келісімімен белгіленеді.
4.3. Колледжде негізгі жұмысымен қатар қоса жұмыс атқаратын тұлғаларға (басшыларды қосқанда), сондай-ақ педагог, басқарушы және басқа ұйымдардың қызметкерлеріне (білім басқармалары органдарының және оқу-әдістемелік кабинеттердің қызметкерлерін қосқанда) кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескеріп және егер, колледж негізгі жұмыс орындары болып табылатын оқытушылар жалақының кемінде бір ставкасы көлемінде өз мамандығы бойынша оқытушылық жұмыспен қамтамасыз етілген болса, оқытушылық жұмыс беріледі.
4.4. Оқу жылының басында бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты еңбек демалысындағы немесе өзге демалыстағы педагог қызметкерлерге оқу жүктемесі жалпы негіздемеде оны кезекті оқу жылына бөлу кезінде белгіленеді, содан кейін аталған қызметкерлердің тиісті еңбек демалыстарында болу мерзімінде оны орындау үшін басқа оқытушыларға беріледі.
4.5. Педагогикалық оқу жүктемесі демалыс және мереке күндеріне жоспарланбайды.
4.6. Оқу жылы ішінде оқытушының педагогикалық жүктемесін еңбек шартында немесе колледж директорының бұйрығында келісілген жүктемемен салыстырғанда азайту немесе көбейту тек:
а) тараптардың өзара келісімі бойынша;
б) мына жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен:
- оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша сағат санын азайту; сыныптар, топтар санын қысқартуы;
- өндірістік қажеттілікке байланысты, орнында уақытша болмаған қызметкерді алмастыру үшін педагогикалық жүктеменің көлемін уақытша көбейтуі (мұндай жағдайда көбейтілген педагогикалық жүктемесін орындау ұзақтылығы қызметкердің келісімінсіз күнтізбелік жыл ішінде бір айдан аспауы қажет);
- жұмыс бос тұрып қалғанда, ауа райы жағдайларына байланысты сабақтарды тоқтату кезінде қызметкерлерге басқа жұмыстың тапсырылуы;
- бұрын осы оқу жүктемесін орындаған оқытушының жұмысқа қайтадан келуі (жеке еңбек дауын қарайтын органның шешімі бойынша);
- бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты еңбек демалысын үзген немесе осы демалыс аяқталғаннан кейін әйелді жұмысқа қабылдауы мүмкін.
Жұмыс берішінің бастамасы бойынша «б» тармақшасында көрсетілген жағдайларда оқу жүктемесін өзгерту үшін қызметкердің келісімі талап етілмейді.
4.7. Колледжде толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы :
- қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша;
- жүкті әйелдің, 14 жасқа дейінгі баласы бар (18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар) ата-ананың біреуінің (қамқоршының, тәрбиешінің, заңды өкілдің), сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесінің күтімін жүзеге асырып отырған тұлғаның өтініші бойынша белгіленеді.
4.8. Сабақ кестесін құру сабақтар арасында үзіліс жібермей, оқытушының жұмыс уақытын тиімді пайдалануын ескере отырып жүзеге асырылады.
Оқытушыларға, мүмкіндігінше, әдістемелік жұмыс үшін және егер оның кемінде бір ставка оқу жүктемесі болса, біліктілігін арттыру үшін аптасына бір бос күн қарастырылады.
4.9. Сабақ өткізуден, кезекшіліктен, колледждің жоспарымен, ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен және басқа да жергілікті құқықтық актілермен көзделген сабақтан тыс шараларға (педагогикалық кеңес мәжілістері, ата-аналар жиналысы және т.б.) қатысудан бос сағаттарын оқытушы өз қалауынша пайдалануға құқылы.
4.10. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тыйым салынады. Колледж қызметкерлері демалыс және мереке күндерінде жұмысқа тек ҚР ЕК көзделген жағдайларда ғана тартылады.
Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа бір жарым есе мөлшерде ақы төленеді. Қызметкердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні берілуі мүмкін. Бұл жағдайда мереке күніндегі жұмысқа бір есе мөлшерде ақы төленеді, ал демалыс күніне ақы төленбейді.
4.11. Колледж қызметкерлерін еңбек шартымен, колледждің Жарғысымен, колледждің ішкі еңбек тәртіптемесінің Ережелерімен, лауазымдық міндеттермен көзделмеген жұмыстарды орындауға тартуға тек қызметкердің жазбаша келісімімен директордың жазбаша бұйрығы бойынша және еңбек ақы төлеу Ережесімен көзделген тәртіпте қосымша ақы төлеу арқылы жол беріледі.
4.12. Күзгі каникул уақыты, сондай-ақ кезекті еңбек демалысымен сәйкес келмейтін жазғы каникул уақыты педагог және басқа қызметкерлер үшін жұмыс уақыты болып табылады.
Осы мерзімдерде педагогтар жұмыс беруші, каникул басталғанға дейін олардың оқу жүктемесінен аспайтын уақыт шегінде педагогикалық және ұйымдастырушылық жұмыстарға тартады. Каникул кезіндегі жұмыс кестесі басшының бұйрығымен бекітіледі.
Педагогтар үшін кезекті еңбек демалысымен сәйкес келмейтін каникул уақытында олардың келісімімен, бір ай ішінде жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленуі мүмкін.
4.13. Каникул уақытында көмекші персонал өздеріне белгіленген жұмыс уақыты шегінде, арнайы білімді қажет етпейтін (шағын жөндеу, аумақтағы жұмыс және т.б.) шаруашылық жұмыстарды орындауға тартылады.
4.14. Тараптар:
4.14.1. Жыл сайынғы негізгі және қосымша ақылы еңбек демалыстарын беру, әдетте, колледждің қалыпты жұмысын және қызметкерлердің демалысы үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету қажеттілігін ескеріп, күнтізбелік жыл басталғанға дейін кемінде екі апта бұрын жұмыс берушімен бекітілген еңбек демалысының кестесіне сәйкес жазғы мерзімде оқу жылы аяқталғасын жүзеге асырылатынын растайды.
Еңбек демалысын бөлу, оны бөліп алу, келесі жылға толығымен немесе жартылай ауыстыруды жұмыс беруші қызметкермен және кәсіподақ комитетімен келісіп жүзеге асырады.
Қызметкерді еңбек демалысынан шақырту тек қызметкердің келісімімен жұмыс берушінің бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.
Еңбек демалысының ақысы ол басталғанға дейін кемінде үш күн бұрын төленеді.
Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша заңнамамен көзделген жағдайларда, соның ішінде, егер қызметкерге сол еңбек демалысының ақысы уақытында төленбесе немесе қызметкер еңбек демалысының басталу уақыты туралы ол басталғанға дейін кемінде екі апта бұрын хабарланбаса, жыл сайынғы еңбек демалысы басқа мерзімге ауыстырылады. Мұндай жағдайда қызметкер еңбек демалысын бастаудың жаңа уақытын таңдауға құқылы.
Еңбек демалысының кестесі әрбір күнтізбе жылына жасалады және барлық қызметкерлерге таныстырылады.
4.14.2. Педагогтерге алты ай жұмыс уақыты өткенге дейін бірінші жұмыс жылына жыл сайынғы еңбек демалысы берілген жағдайда, оның ұзақтығы осы лауазымдар үшін белгіленген еңбек демалысының ұзақтығына сәйкес келіп, толық көлемде төленуі тиіс (№ 5 қосымша).
Еңбек демалысының ұзақтығын тепе-тең жұмыс жасалған уақытқа есептеуге тек қызметкерді жұмысты шығарған кезде ақшалай өтемақы төлеу жағдайында жол беріледі.
4.15. Жұмыс беруші қызметкерлерге төмендегідей жағдайларда олардың жазбаша арызы негізінде:
- қызметкердің немесе оның баласының некесінің тіркелуіне байланысты– 5 күнтізбелік күнге дейін;
- қызметкер балалы болса немесе баласының отбасында бала туылғанда – 5 күнтізбелік күнге дейін;
- жақын туған-туыстары – зайыбы немесе туыстары (толық туысты және толық туыс емес ағалары мен әпкелерi, ата-анасы, балалары, атасы, әжесі, немерелері) қайтыс болуына байланысты - 5 күнтізбелік күнге дейін;
- жұмыс жасайтын мүгедектерге - 5 күнтізбелік күнге дейін;
- балаларын әскер қатарына шығарып салу үшін – 3 күнтізбелік күнге дейін;
- жаңа мекенжайға көшуіне байланысты – 3 күнтізбелік күнге дейін ақысыз демалыс беруге міндетті.
4.16. Жұмыс беруші педагог қызметкерлерге білім алушылармен бірге жұмыс уақытында, сондай-ақ сабақтар арасындағы үзілістер ішінде тынығу мен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Басқа қызметкерлер үшін тынығуға және тамақтануға арналған уақыт ішкі еңбек тәртіптемесінің Ережелерімен белгіленеді және ұзақтығы 30 минуттан кем болмауы тиіс.
4.17. Колледж бойынша педагогтердің кезекшілігі сабақтың басталуына дейін 20 минут бұрын басталып және ол аяқталғасын кемінде 20 минут жалғасуы қажет.
4.18. ҚР ЕК 89-бабына сәйкес қосымша жыл сайынғы ақылы демалыс келесі қызметкерлерге беріледі:
- зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлерге;
- бірінші және екінші топ мүгедектеріне ұзақтығы алты күнтізбелік күннен кем бомайтын;

- негізгі жұмыстан босатылмаған Кәсіподақ комитетінің төрағасы болып табылатын қызметкерге – бес күнтізбелік күн;
- еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор болып табылатын қызметкер – үш күнтізбелік күн.
4.19. Тараптар келесі қызметкерлерге ақылы еңбек демалыстарына 3 күн қосуды келісті:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет