Мемлекеттік коммуналдық Қазыналық КӘсіпорнының


VIII. Әлеуметтік кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақылар



бет8/39
Дата07.02.2024
өлшемі0.63 Mb.
#491036
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
160kkMaket KOLDOGOVORA kazennogo predpr kaz

VIII. Әлеуметтік кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақылар


8. Тараптар Жұмыс беруші :
8.1. Жергілікті өкілетті билік органдарының колледждің педагогикалық және медициналық қызметкерлеріне отын мен коммуналдық қызмет шығыстары үшін өтемақыларын ең жоғары мөлшерде (ауылдық ұйымдар үшін) тағайындауларына қол жеткізуге;
8.2. Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде, лауазымдық айлық мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлеуді қамтамасыз етуге келісті. Оқытушылардың, қосымша білім беру педагогтарының сауықтыру жәрдемақыларының мөлшері еңбек демалысын беру күніне олардың нақты оқу жүктемесінен есептеледі. Лауазымды қоса атқару жағдайында жұмыс істейтін тұлғаларға жәрдемақы жалпы негіздемеде тағайындалады және төленеді.
8.3. Қоғамдық тамақтануды ұйымдастырады (асханалар, буфеттер, тамақтану бөлмелері (орындары).
8.4. Қызметкерлерге ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемелерді орындау кезінде;
- медициналық тексеруге жіберу кезінде;
- қызметтік іссапарларға жіберу кезінде;
- донор болып табылатын қызметкерлер үшін;
- жұмысынан айырылған жағдайда;
- заңнамамен көзделген басқа да жағдайларда кепілдіктер мен жәрдемақылар ұсынады.
8.5. Тараптар, Жұмыс беруші: қызметкерлердің тегін міндетті алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден өтуі кезінде олардың жұмыс орнын (лауазымын) және орташа жалақысын сақтауды;
8.6. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен білім беру ұйымы қызметкерлерінің қатарынан декреттік топтағы тұлғаларды гигиеналық оқыту жүргізуді қамтамасыз етуге келісті.
8.7. Қызметкерді зейнетақы жасына жетуіне байланысты жұмыстан шығарған кезде бір лауазымдық айлық (тарифтік ставка) мөлшерінде жұмыстан шығару бойынша жәрдемақы төлеуді жүргізеді.
8.8. Қызметкерлерді қызметтік мақсатта білім беру ұйымдарының кітапхана қорымен тегін қамтамасыз етеді.
8.9. Азаматтық қызметшілерді және білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерін лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны үшін, жұмысты өте сапалы орындағаны үшін, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі, жұмыстағы жетістіктері үшін:
1) азаматтық қызмет бабында көтерілумен;
2) ақшалай сыйақымен;
3) алғыс жариялаумен;
4) Грамотамен марапаттаумен ынталандырады.
8.10. Білім беру ұйымдарының жұмыс берушілері үнемделген қаражат есебінен қызметкерге мынадай жағдайларда және мөлшерде материалдық көмек көрсетуге құқылы:
1) оның отбасы мүшелерінің, жақын туған-туыстарының (зайыбының, ата-анасының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, толық туысты және толық туыс емес ағалары мен әпкелерiнiң, аталарының, әжелерiнiң, немерелерiнiң) немесе құда-жекжаттарының (ерлі-зайыптылардың ата-анасының, аға-інісінің, әпке-сіңлісінің, балаларының) қайтыс болуы – 20 АЕК;
2) некеге тұру – 10 АЕК;
3) бала туылған, бала асырап алған – 20 АЕК;
4) қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу (санаторийліктен басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам) – 15 АЕК;

5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалуы, (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ, дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан қызметкерге мүліктік зиян келтіру – 15 АЕК.

8.11.   Ауылдық елді мекендерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басымдық тәртіппен жүзеге асырылады;
8.12. Ауылдық елді мекендерге кәсіптік қызметін жүзеге асыру және тұру үшін келген педагогке жергілікті өкілеттіі органдардың шешімі бойынша тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
8.13. Педагогтардың балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға орындар бірінші кезектегі тәртіппен беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет