Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер


«Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу»



бет11/13
Дата01.07.2016
өлшемі1.62 Mb.
#170766
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
«Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған күнінен бастап – 5 (бес) жұмыс күннен аспайды;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут;

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Жеделділік үшін консулдық алымның мөлшерлемесі:

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша консулдық есепке алу туралы өтініш;

2) iшкi iстер органдарының шетелде тұрақты тұруға шығу үшін рұқсат жазбасы бар шетелдікке асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматы – балаға берілген Қазақстан Республикасы азаматы паспортының түпнұсқасы;

3) баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесі – екі дана;

4) баланың 3,4х4,5 көлеміндегі екі түрлі түсті фотосуретi;

5) баланың туу туралы куәлiгiнiң нотариат куәландырған көшiрмесi – екі дана;

6) баланы асырап алу туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi екі дана;

7) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе пошта арқылы жазбаша түрде қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қол таңбасы болу керек.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414, 8 800 080 77777.

«Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан

Республикасының азаматтары болып

табылатын балаларды есепке алу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша
нысан


Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігіне

азамат/ша (Аты-жөні, азаматтығы)

__________________________-нан

мекенжайы және тел:____________

______________________________


Асырап алынған баланы консулдық

есепке алу туралы өтініш
________________________________қалалық АХАЖ бөлімі 20 жылғы "____"_________берген сериясы ________ №______ ұл (қыз) баланы асырап алу туралы куәлiктiң негiзiнде менiң - Қазақстан Республикасының азаматы/шасы - ұлымды/қызымды консулдық есепке алуыңызды сұраймын.

Бала туралы мәлiметтер: Т.А.Ә., туған уақыты мен туған жерi:_________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________Паспорт №__________________________________________________берілген, Қазақстан Республикасында___________________________________________

________________________________мекен-жайы бойынша тұратын ________________________________________кетуге және тұруға рұқсаты бар.

Қазақстан Республикасында баланың мынадай жақын туыстары тұратынын хабарлаймын (аты-жөнi мен мекен-жайы):_______________________________ _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мен асырап алған ұл (қыз) бала________________________________________________________________кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн (18 жас) Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтайтындығын және консулдық лауазымды тұлға баланың тұрмыс жағдайы мен тәрбиесiнiң сәйкестiгiн тексеру мақсатында ұл (қыз) баланы асырап алушыларға кез келген уақытта баруға құқығы бар екендiгi маған белгiлi.

_________________________________тұрғылықты орным өзгерген жағдайда, кетерден 10 күн бұрын:____________________________________ мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгiн немесе консулдық мекемесiне хабардар етемін.

20___ жылғы "___" ____________ ___________ (өтiнiш берушiнің қолы)


Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының

2015 жылғы «8» мамырдағы

№ 11-1-2/177 бұйрығына

7 - қосымша

«Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап – 5 (бес) жұмыс күннен аспайды;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-хат;

2) іссапарға жіберуші органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

4) мөлшері 3,5х4,5 сантиметр екі түрлі түсті фотосурет (фотосурет көрсетілген қызметті алушының құжаттарын ресімдеу уақытындағы жасына сәйкес болуы және қатаң түрде алдынан жарық жерде түсірілген болуы тиіс, бейтарап бет көрінісі мен ауызы жабық болу қажет, әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75% - ға жуығын алуы тиіс. Фотосурет фотобаспа әдісімен қалың фотоқағазға бір негативтен бастырылады. Компьютерлік сканер арқылы басып шығару, модельдеу мен ксерокөшірмеден өткізу әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға рұқсат етілмейді);

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспортының көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.


3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
10.Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе пошта арқылы жазбаша түрде қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қол таңбасы болу керек.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414, 8 800 080 77777.

«Қазақстан Республикасының қызметтік

паспорттарын беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша
нысан

Іссапарға жіберуші мекеменің бланкісінде

қызметтік паспорты ресімдеу үшін

№ _________

20__ ж. « ___» _________
Қазақстан республикасы

Сыртқы істер министрлігі

Консулдық қызмет департаменті

.............(ел) шығуға қызметтік паспортты ресімдеуді/беруді сұраймыз:

Аты-жөні – лауазымы

Шығуы жылы/күні/айына..........күн (жыл) мерзімге жоспарланған

Бағыты:

Баратын қалалар:



Сапардың мақсаты:

Шығуының негіздемесі: ............(ұйымның атауы) шақыруы бойынша

Сапарды: (ұйымның атауы) қаржыландырады

Қосымша:


1) іссапарға жіберуші мекеменің кадр бөлімі куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;

2) паспорт беруге толтырылған өтініш;

3) 3,5 х 4,5 мөлшеріндегі түрлі-түсті екі фотосурет;

4) жеке куәліктің көшірмесі.

Ұйымның басшысы Қолы Т.А.Ә.

Мөрдің орны

Орындаушы: Т.А.Ә.

Телефон:
«Қазақстан Республикасының қызметтік

паспорттарын беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Нысан




ПАСПОРТ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН ӨТІНІШ / ЗАЯВЛЕНИЕ НА ВЫДАЧУ ПАСПОРТА №



1. ПАСПОРТТЫҢ ТҮРІ / ТИП ПАСПОРТА -ҚР СІМ КҚД толтырады /


СУРЕТ

ФОТО

3,5 * 4,5


-заполняется ДКС МИД РК




АЗАМАТТЫҢ ҚОЛЫ / ПОДПИСЬ ГРАЖДАНИНА




2. 3. 4.

тегі / фамилия аты / имя әкесінің аты / отчество




5. 6. 7. 8.

туған кезіндегі, туған күні, жынысы / ұлты /



бұрынғы тегі / айы, жылы / пол национальность

урожденная, дата рождения

прежняя фамилия


9.ТУҒАН ЖЕРІ / МЕСТО РОЖДЕНИЯ

ЕЛ/СТРАНА АВТОНОМИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКА, ОБЛЫС / ОБЛАСТЬ

ӨЛКЕ / АВТОНОМНАЯ РЕСПУБЛИКА,

КРАЙ


ЕЛДІ МЕКЕН / НАСЕЛЕННЫЙ ПУНКТ МЕКЕНЖАЙЫ / АДРЕС


10. ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ / МЕСТО ЖИТЕЛЬСТВА

ОБЛЫС / ОБЛАСТЬ ҚАЛА / ГОРОД АУДАН / РАЙОН



ЕЛДІ МЕКЕН / НАСЕЛЕННЫЙ ПУНКТ МЕКЕНЖАЙЫ / АДРЕС





11. 12.

ОТБАСЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ / ЖҰМЫС ОРНЫ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМЫ/

СЕМЕЙНОЕ ПОЛОЖЕНИЕ МЕСТО РАБОТЫ И ДОЛЖНОСТЬ
13. 16 ЖАСҚА ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРЫ / ДЕТИ ДО 16 ЛЕТ

(ШЕТЕЛГЕ ЖҰМЫСҚА ШЫҒАТЫН АЗАМАТТАР ТОЛТЫРАДЫ)

(ЗАПОЛНЯЕТСЯ СОТРУДНИКАМИ, ВЫЕЗЖАЮЩИМИ ЗАГРАНИЦУ НА РАБОТУ)




ТЕГІ / ФАМИЛИЯ

АТЫ / ИМЯ

ТУҒАН КҮНІ, АЙЫ, ЖЫЛЫ /

ДАТА РОЖДЕНИЯ



ЖЫНЫСЫ /

ПОЛ



































































ҚЫЗМЕТТІК БЕЛГІЛЕР ҮШІН / ДЛЯ СЛУЖЕБНЫХ ОТМЕТОК


ІССАПАРҒА ЖІБЕРГЕН МЕКЕМЕ /

КЕМ КОМАНДИРОВАН

БАРАТЫН ЕЛ / СТРАНА СЛЕДОВАНИЯ


ҚР СІМ КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ / / _______

ДИРЕКТОР ДЕПАРТАМЕНТА КОНСУЛЬСКОЙ СЛУЖБЫ МИД РК

PS

РЕСІМДЕУ / ОФОРМЛЕНИЕ 20__ жылғы «___» ______________ ____________________

ЕСКЕРТУ / ПРИМЕЧАНИЕ __________________________________________

ПАСПОРТ НӨМІРІ /

ПАСПОРТ НӨМІРІ/НОМЕР ПАСПОРТА БЕРІЛГЕН КҮНІ/ДАТА ВЫДАЧИ

Мемлекеттік қызметшілер шетелдік іссапардан келгеннен кейін дипломаттық және қызметтік паспорттарын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің Астана қаласындағы мұрағатына он күн мерзімде тапсыруы тиіс. Қазақстан Республикасының дипломаттық немесе қызметтік паспорттары уақытында тапсырылмаған немесе жоғалған жағдайда, жауапкершілік жоғарыда аталған құжат иелеріне жүктеледі («Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығының 20-тармағына сәйкес).

По возвращении из заграничной командировки государственных служащих дипломатические и служебные паспорта РК подлежат сдаче в архив Департамента консульской службы МИД РК в г. Астана в десятидневный срок. Ответственность за несвоевременную сдачу либо утерю дипломатического или служебного паспорта Республики Казахстан лежит на владельцах вышеуказанных документов (согласно п.20 Указа Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2011 года № 150 «Правила выдачи, учета, хранения и уничтожения дипломатического и служебного паспортов Республики Казахстан»).

Таныстырылды / 20__ жылғы «___» ____________

Ознакомлен
Азаматтың қолы / ______________________________

Подпись гражданина



ҚЫЗМЕТТІК БЕЛГІЛЕР ҮШІН / ДЛЯ СЛУЖЕБНЫХ ОТМЕТОК




Бұдан бұрын берілген ДП/ҚП

Ранее выданные ДП/СП



Берілген күні

Дата выдачи



Тұрған жері

Местонахождение



























































































































Орындаушы ___________ / _______________ __20__ жылғы «___» __________________

Исполнитель

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының

2015 жылғы «8» мамырдағы

№ 11-1-2/177 бұйрығына

8 - қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет