Мемлекеттік мүлік туралы


-бап. Стратегиялық объектілерді мемлекет меншігіне алу



бет21/23
Дата20.12.2019
өлшемі156.32 Kb.
#447727
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
мем мулік

189-бап. Стратегиялық объектілерді мемлекет меншігіне алу


      Стратегиялық объектілер осы Заңның 5-тарауында көзделген тәртіппен мемлекет меншігіне алынуы мүмкін.

190-бап. Стратегиялық объектілердің мониторингі


      Стратегиялық объектілердің мониторингі Қазақстан Республикасының экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

14-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ТИЕСІЛІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІ САТЫП АЛУҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАСЫМ ҚҰҚЫҒЫ

191-бап. Жеке тұлғаға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаға тиесілі стратегиялық объектіні сатып алуға Қазақстан Республикасының басым құқығын қолдану шарттары


      1. Жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару бойынша мәміле жасасуға ниет бiлдiрген, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе стратегиялық объектiнi оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) сот тәртiбiнен тыс өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайларда, Қазақстан Республикасы осы тарауда айқындалған шарттармен стратегиялық объектiге ие болудың басым құқығына ие болады.


      2. Қазақстан Республикасының атынан стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның тапсырмасы бойынша ұлттық басқарушы холдинг іске асырады.


      Ескерту. 191-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


192-бап. Стратегиялық объектіні сатып алуға Қазақстан Республикасының басым құқығын іске асыру тәртібі


      1. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру туралы шешімінің жобасын қажетті бюджет қаражатын бөлу негіздемесімен бірге Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынады.



      Республикалық бюджеттік комиссия тиісті шешім қабылдайды. Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынылады.


      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Республикалық бюджеттік комиссия шешім қабылдаған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын пайдалану туралы шешім қабылдауы мүмкін.


      Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын пайдалану туралы шешімі осы құқықты пайдалану себептерінің дәлелді негіздемелерін қамтымауы мүмкін.


      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешімнің қорытындылары туралы тиісті саланың уәкілетті органы стратегиялық объектіні иеліктен шығаруды жүргізетін тұлғаны шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етеді.


      4. Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) шарт жасалғанға дейін кез келген уақытта стратегиялық объектіні иеліктен шығарудан бас тарта алады. Меншік иесі (құқық иеленуші) стратегиялық объектіні иеліктен шығарудан бас тартқан жағдайда оған ие болуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру тоқтатылады.


      5. Бюджет процесiн ескере отырып, стратегиялық объектiлердi сатып алу мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiні сатып алуға басым құқықты пайдалануы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған кезден бастап он екi айдан аспауға тиiс.


      Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы стратегиялық объектiлердi сатқан кезде оларды сатып алу мерзiмдерi "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген оңалту рәсiмiн немесе банкроттық рәсімін жүргiзу мерзiмдерiнен аспауға тиiс.


      6. Стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе банкроттық, оңалту туралы немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалған жағдайларда, стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерi (құқық иеленушiлерi) стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану туралы хабарламаны алған кезден бастап немесе соттың банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi туралы iс қозғау жөніндегі ұйғарымының көшiрмесiн алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде тиісті саланың уәкiлеттi органын стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану немесе банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi туралы iстер бойынша iс жүргiзудiң қозғалғаны туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Хабардар ету жөнiндегi мiндеттердi сақтамау осы Заңның 195-бабында көзделген салдарларға алып келеді.


      Қазақстан Республикасының Үкiметi осы бапта көзделген тәртiппен стратегиялық объектiге ие болуға басым құқықты iске асырады.



      Стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану немесе стратегиялық объектiнi мүліктік масса құрамында иелiктен шығару Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiге ие болуға басым құқықты iске асыру немесе басым құқықты iске асырудан бас тарту туралы шешiмi алынғаннан кейiн жүргiзiледi.


      7. Өндiрiп алуды стратегиялық объектiге айналдыру немесе стратегиялық объектiнi мүліктік массасы құрамында иелiктен шығару кезінде Қазақстан Республикасы басым құқықты iске асырудан бас тартқан жағдайларда стратегиялық объектiнi иелiктен шығару "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.


      Ескерту. 192-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


193-бап. Нарықтық құнды айқындау


      1. Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын іске асыру кезінде стратегиялық объектінің нарықтық құны өтелуге жатады.


      2. Стратегиялық объектінің нарықтық құны стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын іске асыру кезінде мемлекет ие болатын мүлікті осы Заңның 206-бабының қағидаларына сәйкес бағалау негізінде айқындалады.

194-бап. Мемлекет сатып алған стратегиялық объектілерді басқару




      Қазақстан Республикасының Үкіметі сатып алынған стратегиялық объектілерді осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша акцияларды төлеуге немесе мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен арнайы құрылған заңды тұлғаның не ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің немесе ұлттық компанияның жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде береді.


195-бап. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару және стратегиялық объектілерді сатып алудың басым құқығы туралы ережелерді бұзудың салдарлары


      Стратегиялық объектілерге құқықтарды иеленушінің стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару және стратегиялық объектілерді сатып алудың басым құқығы туралы талаптарды бұза отырып жасаған мәмілесін сот ол жасалған кезден бастап жарамсыз деп тануы мүмкін.



      Ескерту. 195-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


7-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУ, МҮЛІКТІҢ МОНИТОРИНГІ, ОНЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН БАҚЫЛАУ


15-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУ, МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІНІҢ МОНИТОРИНГІ, ОНЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН БАҚЫЛАУ

196-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алу және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі туралы жалпы ережелер


      1. Мемлекеттік мүлікті есепке алу мемлекеттік мүлікті бақылау және тиімді пайдалану мақсаттары үшін жүзеге асырылады. Мемлекеттік мүлікті есепке алу туралы деректер мемлекеттік мүліктің тізіліміне енгізілуге тиіс.


      2. Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.


      3. Осы тараудың қағидаларында Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бөліністердің мемлекеттік мүлкін есепке алу тәртібі, мемлекеттік мүліктің тізілімін түзудің және оның жұмыс істеуінің негізгі принциптері, сондай-ақ есепке алу объектілерінің құрамын, тізбесін, олар туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және өзекті ету тәртібін айқындайды.


      Есепке алу объектілері туралы мәліметтерді өзекті ету мемлекеттік мүліктің құрамы туралы нақты, объективті және оған барабар ақпаратты есепке алу деректерінде көрсетуге мүмкіндік беретін жаңарту, толықтыру, өзгерту және өзге де іс-қимылдар арқылы жүзеге асырылады.

197-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алудың түрлері


      1. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімі нысанында бірыңғай орталықтандырылған есепке алуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.


      2. Осы Заңның 210 – 212-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлікті ведомстволық есепке алуды мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері туралы мәліметтерді беретін тиісті саланың уәкілетті органдары жүзеге асырады.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      3-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).





      3. Мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің түрлері бойынша – республикалық және коммуналдық мүлікті бөлек есепке алу, ал жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару деңгейлері бойынша облыстық және аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін бөлек есепке алу жүзеге асырылады.



      Осы Заңның 17-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммуналдық мүлікті есепке алуды мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсету үшін жергілікті атқарушы органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары ұйымдастырады.



      Ескерту. 197-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) Заңымен.


198-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алудың және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігі мониторингінің объектілері


      1. Мемлекеттік мүлік тізілімінің есепке алу объектілері:


      1) мемлекеттік заңды тұлғалар және оларға бекітіліп берілген мүлік;


      2) жер пайдаланудағы жер учаскелері;


      3) акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестері;


      4) мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілері;


      5) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік құқығы объектілері;


      6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);


      7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекiтетiн мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларында айқындалған мемлекеттiк мүлiктiң өзге де түрлерi (санаттары) болып табылады.


      2. Мемлекеттік мүлікті есепке алу объектілері туралы деректер осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер болып табылады. Мемлекеттік мүлікті есепке алу объектіні басқа объектілерден айырып тануға мүмкіндік беретін жеке сипаттамаларын көрсете отырып, есепке алу объектісінің сипаттамасын қамтуға тиіс.


      3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мемлекеттік мүлікті есепке алуды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.


      4. Осы тараудың қағидалары мемлекеттік немесе жергілікті қазынаны құрайтын мүлікке қолданылмайды. Бұл мүлікті есепке алу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.


      5. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.


      6. Реквизициялау тәртібімен мемлекетке өткен мемлекеттік мүлікті есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.


      7. Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігі мониторингінің объектілері:


      1) мемлекеттік кәсіпорындар;


      2) мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қоса алғанда, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, оның ішінде Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;


      3) мемлекеттік мүлік құрамына кіретін, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, жалдаудағы, концессиядағы не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілген мүліктің барлық түрлері болып табылады.


      Ескерту. 198-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.01 N 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


199-бап. Мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсетілетін мәліметтер


      1. Мемлекеттік мүліктің тізілімінде мемлекеттік мүлікті есепке алу объектісі бойынша мынадай мәліметтер:


      1) объектіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін оның сипаттамасы;


      2) объектінің белгілі бір мемлекеттік емес заңды тұлғаға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаға шартқа сәйкес тиесілігі немесе бекітіліп берілуі туралы мәліметтер;


      3) объектінің баланстық құны;


      4) мүлікке үшінші тұлғалардың құқықтарымен салынған ауыртпалықтың болуы туралы мәліметтер және ауыртпалықтар салу түрі;


      5) объектінің күтіп ұсталуына немесе сақталуына жауапты тұлғалардың реквизиттері;


      6) объектіге құқықтардың туындау және тоқтатылу негіздері, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік мүлікке құқықтарды міндетті түрде тіркеу жағдайында – объектіні және (немесе) оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер көрсетіледі.


      2. Есепке алу объектілері үшін мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсетілетін қосымша мәліметтердің құрамына мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарлары және олардың орындалуы туралы есептері кіреді.


      Мемлекеттік мүлікті есепке алу объектілері үшін мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсетілетін қосымша мәліметтердің құрамы мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларында айқындалады.


      3. Мемлекеттік мүліктің тізіліміне мәліметтердің сапалы және уақтылы ұсынылуы үшін мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің атқарушы органдарының басшылары жауаптылықта болады.

200-бап. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу


      1. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мемлекеттік мүлікті басқаруға және оның сақталуына бақылау жасауға байланысты шешімдер қабылдау кезінде мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерін пайдаланады.


      2. Мемлекеттік мүліктің тізіліміне есепке алу тіркеу және ақпараттық мақсаттарды жүзеге асыруға арналған және оның құқық белгілеушілік немесе құқық куәландырушылық мәні болмайды.


      3. Мемлекеттік мүліктің тізілімін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құқықтық кадастр деректері, сондай-ақ жер ресурстарын басқару, мемлекеттік статистика, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, бағалы қағаздар нарығын реттеу және қадағалау, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органдардың және басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері базасында мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қалыптастырады және жүргізеді. Бұл деректер мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысанда, көлемде және кезеңділікпен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға берілуге жатады.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      4-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 01.03.2011 "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 25.12.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).





      4. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу кезінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейіндегі республикалық және коммуналдық мүлік объектілері бөлек есепке алуға жатады.



      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкі мемлекеттік мүлік тізілімінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының есепке алуына жатады.


      5. Мемлекеттік мүліктің тізіліміне мемлекеттік заңды тұлғалардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесі кіреді. Мемлекеттік заңды тұлғаларды және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, қайта тіркеу, атауларын өзгерту мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүліктің тізіліміне есепке алынуға жатады.


      6. Мемлекеттік заңды тұлғалар есепке алу объектілері деректерінің мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізілуін, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган белгілеген бірыңғай мерзімде, бірыңғай әдістеме және деректер пішімі бойынша мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік мүлікті түгендеу мемлекеттік мүліктің нақты бар екенін анықтауды, сондай-ақ ескерілмеген және бекітіп берілмеген мемлекеттік мүлікті анықтауды және оны одан әрі мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіп беруді қамтамасыз етуге тиіс.


      7. Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректері мемлекетке тиесілі.


      8. Мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерін пайдаланушылар болып табылады. Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне қол жеткізуді мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы қамтамасыз етеді.


      9. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор:


      1) мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу үшін қажетті бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеуді, енгізуді және жаңғыртуды жүзеге асырады;


      2) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізудің техникалық және бағдарламалық құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;


      3) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын құруды, оның жұмыс істеуін және техникалық сүйемелденуін қамтамасыз етеді;


      4) мемлекеттік мүліктің тізілімін пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;


      5) мемлекеттік мүліктің тізілімін пайдаланушылардың мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне қолжетімділігін қамтамасыз етеді;


      6) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;


      7) мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүзеге асыру кезінде техникалық жобаларды басқару функциясын жүзеге асырады;


      8) мемлекеттік мүліктің тізіліміне есепке алу объектілері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;


      9) мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің оларға қатысты мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функциясын жүзеге асырады;


      10) мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзіне сенімгерлік басқаруға берілген активтерін тиісінше пайдалану жай-күйінде ұстайды;


      11) мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзіне сенімгерлік басқаруға берілген мүлкін басқару және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнің Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жекеше әріптестерге берілген активтерін мониторингтеу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;


      12) мемлекеттік мүлік тізіліміне мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзіне сенімгерлік басқаруға берілген активтері жөнінде мәліметтер енгізеді.


      Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген функцияларын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұқсас функцияларды орындау үшін айқындалған, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға жүзеге асыруға құқылы.


      Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартында айқындалады.


      10. Мемлекеттік мүліктің тізілімін қалыптастыруға және жүргізуге арналған шығыстарды қаржыландыру тиісті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.


      Ескерту. 200-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет