Мемлекеттік орган



бет14/14
Дата25.02.2016
өлшемі1.24 Mb.
#24131
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

II. Стратегиялық бағыт:

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру
2010 жылдан бастап енгізілген Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі шеңберінде стационарлық көмекке қол жетімділік қамтамасыз етілген – 2014 жылы жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде стационарды еркін таңдау құқығын 807,9 мың адам пайдаланды, оның 45,8%-ы – ауыл тұрғындары. Республикалық клиникаларға емдеуге жатқызуға қол жетімділік 2010 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге, ауыл тұрғындары арасында 4 есеге артты. Жыл сайынғы өсу динамикасында республикалық бюджеттен барабар қаржыландыру қамтамасыз етілген, 2013 жылы қаржыландыру көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 2 есеге дерлік артты.

«Бекітілген халық тіркелімі», «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі», «Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі» және тағы басқа тұтынатын ресурстардың дербестендірілген есебін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық өнімдер жұмыс істейді.

Стационарлық деңгейде ДБҰЖ-дың басты жетістігі болып табылатын бірыңғай тарифтік саясат іске асырылды. Елде стационарлық көмек көрсетуге бірыңғай тариф белгіленген (2010 жылға дейін өңірлер арасында тарифтер ауытқуы 30 мыңға жуық теңгені құрады).

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2014 жылдан бастап ДБҰЖ-ны амбулаторлық деңгейде енгізу басталды, оның мақсаты әлеуметтік бағдарланған МСАК-тың басым дамуына негізделген денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру. МСАК үшін кешенді жан басына шаққандағы норматив енгізілген, ол МСАК-ты қаржыландырудағы және амбулаториялық деңгейде ТМККК-ні қамтамасыз етудегі теңсіздікті жоюға, сондай-ақ денсаулық сақтауда жекеменшік секторды тартуға және МЖӘ дамуына жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Ішінара қор ұстауды енгізу МСАК ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыруға, консультативтік-диагностикалық қызметтерді орынды тұтынуға септігін тигізді, сондай-ақ учаскелік қызмет жұмысшыларының біліктілігін арттыруға, қызметте профилактикаға баса назар аударуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде консультативтік-диагностикалық көмекке негізсіз жолдамалар саны орташа есеппен 15%-ға қысқарды, бұл ретте аталған көмектің жиынтық көлемі 16%-ға артты.

ЖБНЫК қаражаттары есебінен 434 емхананың барлығына мотивация енгізілген, бұл ретте МСАК дәрігерінің орташа жалақысы 140 мың теңгені құрады, оның ішінде ЖБНЫК – 49 мың теңге, орташа медициналық жұмысшыларда – 96 мың теңге, оның ішінде ЖБНЫК – 27 мың теңге.

Тұрақты қаржыландыру шетелдік клиникалармен жоғары маманданған медициналық көмек көрсету мен жоғары технологиялық медициналық қызметтердің облыстық деңгейге трансферті мәселелері бойынша әріптестік қарым-қатынасты нығайтуды жалғастыруға мүмкіндік берді. 2014 жылы Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне басты бағыттар бойынша (нейрохирургия, кардиология және кардиохирургия, гинекология, урология, онкология, ортопедия, оңалту, балалар хирургиясы) 52 технологияның трансферті жүзеге асырылды.

Біздің еліміздің азаматтары бұрын тек шет елде ғана алуына мүмкіндігі болған жоғары технологияларды дамытуға баса назар аудару өңірлерде ЖММК-ні көбірек енгізуге алып келді, әсіресе ауыл тұрғындары үшін қолжетімділікті арттыруға септігін тигізді. Одан басқа, соңғы жылдары республикада отандық трансплантологияның дамуы жөнінде кешенді шаралар қабылдануда, ол трансплантация санын жылдан жылға арттыруға мүмкіндік береді, мысалы, бүйректерді қайта қондыру және сүйек кемігін трансплантациялау бойынша операциялар саны 20 есеге артты.

Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында 2014 жылы 600 бірліктен астам медициналық жабдық сатып алынған. Мемлекеттік бағдарлама басымдықтары шеңберінде аудандық, қалалық және облыстық ауруханалар, аудандық және қалалық емханалар, жедел медициналық көмек қызметі санитарлық автокөліктермен жарақтандырылды. Қаржылық лизинг шартында өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдары 185 медициналық техника алған.

Жалпы алғанда, бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру республикалық және жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, көрсетіліп отырған медициналық көмектің сапасын және оған қолжетімділікті арттыруға септігін тигізді. Жарақтандыру нормативіне сәйкес медициналық ұйымдардың толықтырылуы 2014 жылы республика бойынша 67,8 %-ды құрайды (2013 жылы – 63,16 %).

Қазіргі уақытта қаржылық лизинг жүйесі үшжақты шарт енгізу және оларсыз медициналық техника лизингке берілмейтін критерийлер (жоба ҚР орталық мемлекеттік органдарында келісуде жатыр) бөлігінде жетілдірілуде.

Медициналық көмек сапасын басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде медициналық қызмет сапасына сыртқы және ішкі мониторинг жүйесі жетілдірілуде.

Қан қызметін ұйымдастыруға арналған аккредиттеудің ұлттық стандарттары бекітілді, паллиативті көмек көрсететін және медициналық оңалту ұйымдарына арналған стандарттардың жобалары әзірленді. 2014 жылы медициналық ұйымдарды аккредиттеуге қатысуға ынталандыруға арналған НҚА жобалары әзірленді. 2014 жылы 218 медициналық ұйым, оның ішінде 44 ұйым 4 жыл мерзімге, 174 ұйым 2 жыл мерзімге аккредиттелді.

Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптама дамытылуда, 2014 жылы медициналық қызметтердің сапасына сараптама жүргізуге тәуелсіз сарапшыларды тартуға 119,0 млн.теңге бөлінді (2009 жылы – 65 млн.теңге).

Мемлекеттік бағдарлама іс-шараларын іске асыру шеңберінде формулярлық жүйені жетілдіру басталды. Дәрілік заттарды тиімді пайдалануға және дәрілік заттар бағасын қалыптастырудағы ашықтыққа бағытталған Формулярлық комиссия жұмысының жаңа тәртібі бекітілді. «Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр түсінігі енгізілді, ол Кодекс қабылданған соң әзірленетін болады.

Ауыл тұрғандарына дәрілік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін МСАК объектілері арқылы дәрілік заттарды дәріханалық ұйымдары жоқ 3000-нан астам ауылды елді мекендерге өткізілді.

Халықты сапалы дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жүйесін жақсарту үшін заңнамалық деңгейде клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер өткізуге, дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға (бұдан әрі – ДЗ, ММБ және МТ), мемлекеттік тіркеу жүйесін өзгерту және ДЗ сапасын сараптауға талаптарды күшейту бекітілді. Одан басқа, ДЗ, ММБ және МТ сатып алған кезде отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған нормалар енгізілді.

Министрлік телемедицина жабдықтарын республикалық орталықтар мен өңірлердің медициналық ұйымдары арасында онлайн-режимде тренингтер, семинарлар, конференциялар өткізілу үшін тиімді пайдаланып жатыр.

Қазіргі уақытта Ұлттық телемедицина желісінің (бұдан әрі – ҰТМЖ) құрамына 192 объект кіреді, оның ішінде, 14 облыстық аурухана, 2 қалалық аурухана, 137 аудандық орталық, 14 республикалық клиника және тағы басқалар. Есепті кезең ішінде 22 мыңнан астам консультация жүргізілді.

Республикалық санитариялық авиация орталығы 2014 жылы 1875 ұшуды, 1736 тасымалдауды, оқиға орнында 140 операцияны, 491 консультациялық қызметті жүзеге асырды. Барлығы 2367 пациентке, акушерлік-гинекологиялық патологиясы бар 429 әйелге, жаңа туған нәрестелер патологиясы бар 390 балаға, балалық шақтағы патологиясы бар 538 балаға, жарақаттары бар 496 пациентке медициналық қызмет көрсетілді.

2011 жылдан бері ҚР денсаулық сақтау менеджерлерінің әлеуетін арттыру жүзеге асырылып келеді, 2014 жылы қысқа мерзімді курстарда каскадтық оқыту әдісімен 262 адам оқытылды, қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша шетелде магистратурада 9 маманды оқыту ұйымдастырылды.

Тиімді менеджментті енгізуді қамтамасыз ету үшін медициналық қызметтерді ұсынушылардың дербестігін қамтамасыз ету жұмысы жалғасын тапты, 2014 жылы 77 медициналық ұйым шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар нысанына өтті, өсу қорытындысымен саны 591-ді құрады, олардың ішінде 254-інде байқау кеңестері құрылды, олардың жұмысы ұйымдар қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге және стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған.

Корпоративтік басқару моделін енгізу 157 стационарда (50 %) медицина қызметкерлеріне жұмыстың күрделілігіне, медициналық көмектің көлемі мен сапасына байланысты сараланған еңбекақы төлеуді енгізуге мүмкіндік берді. Бұл шамамен 26,5 мың медицина қызметкерінің, оның ішінде 4,6 мың дәрігердің жалақысын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Мысалы, сараланған еңбекақыны есепке алғанда, кардиохирургтың орташа жалақысы Шығыс Қазақстан облысында 208,5 мың теңгеден Маңғыстау облысында 475,0 мың теңгеге дейін құрады.

ҚР Парламентінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі V шақырылымының ІV сессиясының ашылуында берген ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасында әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жұмысы басталды, оның мақсаты денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын арттыру арқылы ТМККК шеңберінде сапалы медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Тұжырымдама жобасын және тиісті заң жобасын әзірлеу жалғасуда.

Іске асырылып жатқан «100 мектеп, 100 аурухана құрылысы» және «350 дәрігерлік амбулаторияның, фельдшерлік-акушерлік пункт пен емханалардың құрылысы» жобалары шеңберінде 2014 жылы 142 объект салынып, пайдалануға берілді, Жобаларды іске асырған уақыттан бері барлығы 352 объект тұрғызылды.

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жұмысы шеңберінде өңірлермен бірге мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі бойынша 23 объектінің (7 аурухана мен 16 емхана), оның ішінде республикалық маңызы бар 2 объекті, жергілікті маңызы бар 21 объекті құрылысының тізбесі қалыптастырылды. Аталған жобалар жоспарлаудың түрлі сатысында:



  • 13 жоба жоспарлаудың бастапқы сатысында: инвестициялық және концессиялық ұсыныстар әзірлеу;

  • 7 жоба концессиялық ұсыныстар мен техникалық экономикалық негіздеменің (ТЭН) салалық сараптамасынан өту сатысында;

  • 1 жоба ТЭН медициналық сараптамасынан өту сатысында (Қарағанды қаласында «ҚММУ» РМК жанындағы 300 төсек-орынға арналған көпбейінді клиникалық аурухана);

  • 2 жоба конкурстық құжаттаманың экономикалық сараптамасынан өту сатысында.

Жұмыс жалғасуда.

Денсаулық сақтау саласын кадрлық қамтамасыз ету ҚР Премьер-Министрінің 2013 жылғы желтоқсандағы өкімімен бекітілген Денсаулық сақтаудың кадр ресурстарын дамытудың 2013-2016 жылдарға арналған іс шаралардың кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. Жоспарда медицина кадрларына қажеттілікті мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін құру, денсаулық сақтау саласы кадрларын даярлауды және үздіксіз кәсіпті дамытуды жетілдіру, мейіргерлік қызмет саласындағы, кәсіптің беделін арттыру атап айтқанда нормативтік құқықтық базаны жетілдіру көзделген.

Республикада жоғары кәсіптік біліммен медицина кадрларын даярлауды 6 мемлекеттік (барлығы аккредиттелген), 2 мемлекеттік емес ЖОО және көпбейінді ЖОО-лар жанындағы 2 медицина факультеті жүзеге асырады. Жыл сайын жоғары медициналық және фармацевтикалық білім алып шығатын мамандардың саны республика бойынша орта есеппен 3 000 адамды құрайды.

«Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» 005 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы ел ішінде медициналық білім беру ұйымдарының базасында жоғары және орта медициналық білімі бар 19,0 мың қазақстандық маман оқытылды.

Озық халықаралық медициналық технологияларды игеру үшін өзекті мәселелер бойынша (неврология, нейрооңалту, кардиология, онкология, оның ішінде балалар онкологиясы мен гематологиясы, балалар кардиохирургиясы, анестезиология және перфузиология және т.с.с.) жақын және алыс шетелдердің (Ресей, Латвия, Литва, Беларусь, Германия, Франция, Финляндия және басқалар) жетекші клиникаларының базаларында оқуға 186 маман жіберілді.

Қазақстандық 453 маман отандық ұйымдардың (Астана медицина университеті, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі, Үздіксіз білім беру университеті, Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығы, Онкология және радиология ҒЗИ) базаларында Литвадан, Ресейден, Оңтүстік Кореядан, Голландиядан, Швециядан, Италиядан, Германиядан, Нидерландтан, Израильден, Финляндиядан және Чехиядан жетекші шетелдік 40 маман шақыртыла отырып, нейрооңалту, дәлелді медицина, егде және қарт жастағы науқастардың істерін МСАК деңгейінде жүргізу, балалардағы туа біткен жүрек ақауларының диагностикасы және емдеу, балалардың церебральдық сал ауруы бар балаларға оңалту іс-шараларын жүргізу, мейіргер ісі және т.с.с. мәселелер бойынша оқытылды.

2014 жылы Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының ұсынымдарына сәйкес «Жалпы медицина» мамандығы бойынша мамандандырылған аккредитация стандарты әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тәуелсіз аккредиттеу органдарына келісуге жолданды («ҚР денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформалар жүргізу» жобасы шеңберінде).

Денсаулық сақтау саласы мамандарының білімдері мен дағдыларын тәуелсіз бағалау жүйесі дами түсуде, 2014 жылы жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін практикалық дағдыларды бағалау енгізілді. 2014 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 816,0 млн. теңге сомаға 16 өңірлік симуляциялық орталық жарақтандырылды. Тәжірибе жинақтаушы дәрігерлер мен орташа санаттағы медицина қызметкерлері дағдыларды пысықтауы үшін жабдықтар мен манекендер сатып алынды.

Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бюджеттік қаржыландыру көздерінен (бағдарламалық-мақсатты, гранттық, базалық қаржыландыру шеңберінде), сондай-ақ өзге де (бюджеттен тыс) қаржыландыру көздері шеңберінде жүзеге асырылады. 2014 жылы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі барлық қаржыландыру көздері бойынша 5 млрд. теңгеден астам қаржыны құрады, оның ішінде бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша 1661 млн. теңге (жалпы қаржыландыру көлемінің 29,5 %), базалық қаржыландыру бойынша – 559 млн. теңге (9,9 %). Гранттық қаржыландыру көлемі (отандық грант берушілер тарапынан – ҚР Білім және ғылым министрлігі) 2014 жылы 438,5 млн. теңгені құрады (7,8 %). Өзге де бюджеттен тыс қаржыландыру көлемі (шетел гранттарын, жеке компаниялар тарапынан қаржыландыруды, өзін-өзі қаржыландыруды қоса алғанда) 2,9 млрд. теңгені құрады (52,7 %).

013 «Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2014 жылға 1,8 млрд. теңге бөлінген.

2014 жылы ҚР медициналық ғылым және білім ұйымдарында шетелдік грант берушілер (Central Asian Network for Education, Research and Innovation in Environmental Health, Темпус халықаралық бағдарламасы, Халықаралық ғылыми-техникалық орталық, Еуропалық одақ және басқалар) қаржыландыратын 11 ғылыми жоба орындалды, жалпы қаржыландыру көлемі 482,5 млн. теңгені құрады.
Министрліктің «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру» деген екінші бағыты бойынша жұмысы стратегиялық жоспарда 6 нысаналы индикатормен және 29 тікелей нәтижелердің көрсеткіштерімен ұсынылған, оның ішінде 2014 жылдың қорытындысы бойынша:

алдын ала деректер бойынша «МСАК дәрігерлерінің жалпы санынан жалпы практика дәрігерлерінің үлес салмағын арттыру» тікелей нәтижелерінің көрсеткіші 76,8 % деңгейге қол жеткізеді.



Сонымен, толық деңгейдегі есеп күнінде (алдын ала деректерді есепке ала отырып), барлық 6 нысаналы индикатор мен 29 тікелей нәтижелер көрсеткіштері бойынша, іс жүзінде олардың ішінде «ТМККК бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінен МСАК шығыстарының деңгейін арттыру» бойынша қол жеткізу 98,2% -ды құрады, сонымен, «МСАК дәрігерлерінің жалпы санынан жалпы практика дәрігерлерінің үлес салмағын арттыру» көрсеткіш орындаудың алдын ала деректері бойынша 76,8 % деңгейге жетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет