Мемлекеттік орган


Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар



бет7/14
Дата25.02.2016
өлшемі1.24 Mb.
#24131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1. Келген оралмандар туралы дерекқорды қажеттігіне қарай жетілдіру

2014 жылдың желтоқсандағы, әрекеттегі БД «Оралман» автоматизацияланған ақпараттық жүйені жетілдіру мақсатында, «Халық көші-қоны мониторингі бойынша «Оралман» дерекқорын модернизациялау» № 1 техникалық тапсырма қосымша өңделді.

Оралмандар мәртебесін иелену/тоқтату, Қазақстан Республикасы азаматтығын алу туралы ақпарат, оралмандарға ИИН-ді иелендіру, сонымен қатар оралмандардың ішкі көші-қоны мәліметтерін жіберуді қамтитын, «Оралман» автоматизацияланған ақпараттық жүйесі мен «Жеке тұлға» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық алмасуының техникалық талабы өңделді. Техникалық талап мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді (АО «НИТ», МЮ, МВД, ГЦВП).

2015 жылғы 24 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының қабылдануына сәйкес, «Оралман дерекқорын модернизациялау» техникалық тапсырманың жобасын жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Заң оралман мәртебесін иелендіру, оралман куәлігінің жаңа нұсқасы және оралман мәртебесінің әрекет ету мерзімін өзгертудің жаңа механизмдерін қарастырады.




2. Оралмандарды ұтымды және оңтайлы орналастыру, біліктіліктерін арттыру, сондай-ақ облыстардың демографиялық құрамына қарай еңбек ресурстарына қажеттілікті ескере отырып жұмысқа орналастыру бойынша ынталандырудың кешенді шараларын әзірлеу

ҚР 2015 жылғы 24 қарашада қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының МЗСР жобасы өңделді.

Заңмен көзделеді:



Этникалық қоныстанушылардың тарихи отанына кайту механизмдерін жетілдіру

Қазіргі кезде осы мақсаттарда:

а) 2016 жылға 1259 отбасы көлемінде оралмандарды қоныстандыру (жеті аймақ) және қабылдау квотасын бекітуде аймақтар анықталды;

б) оралмандарға мәртебені иелендіру және оралмандарды қабылдау квотасын енгізуде механизм өңделді;

в) оралмандарға көшу және үй алуға әлеуметтік пакет түрінде әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі өңделді

Заңды жүзеге асыруда ортамерзімді кезеңдерге немесе алдағы жылға оралман көшіп келушілерді қоныстандыру мен оралмандарды қабылдауың аймақтық квотасын бекіту үшін аймақтарды анықтаудағы заңға қосымша актілер өңделді.



3. Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығымен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимылды және ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту

2014 жылдың 23 қазанда ҚР Мәдениет және Спорт Министірлігі және Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму Министірлігі бірлесіп, медиция дамуы, аймақтарда этникалық жағдайлардың мониторингі және еңбек ұжымдарында және 2015 жылға (әрі қарай-жоба) ішкі,сыртқы көші-қонды реттеу механизмдері бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшы кеңесімен, бірлесіп әрекет ету Жобасы бекітілді.

Жоба тармақтарын жүзеге асыруда 2015 жылы 27 наурыз, 20 мамыр, 30 қазанда Қазақстандық қоғамға оралмандарды бейімдеу және интеграциялау мәселелері бойынша Дүниежүзілік қазақтар ассоциация өкілдер, Қазақстан халқы ассамблея, мүдделі мемлекеттік органдар, НПО, қоғамдық бірлестіктер мен оралмандар қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізілді.




4. Этникалық көші-қон мәселелерін реттеуді күшейту бөлігінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму Министірлігімен 2015 жылы 24 қараша қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы өңделді.

Атап айтқанда, этникалық қазақтарды тарихи отанына қайтып келуіне ынталандыру үшін Заңмен қарастырылады:

- орналастыру аймағынан тәуелсіз, этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру. Этникалық қазақтар, шетел азаматтарына қарағанда, төлем қабілеттілігін растауынсыз көші-қон полициясына жүгініп, тұруға ыхтиярхат ала алады;

- заңнамаға сәйкес, жұмыспен қамтуға жәрдем бойынша белсенді шаралар аясында, Үкіметпен анықталған оралмандарды қабылдау квотасын бекітумен, этникалық қазақтардың аймақтарға орналастыру жағдайында қоғамдық пакеттер алуы;

- тұруға ыхтиярхат алғаннан кейін бір жылға дейін азаматтықты алу процедурасын жеңілдету.

Бұл ретте, оралман кез-келген аймақтан Үкіметпен анықталған орналастыру аймақтарына көшіп келетін болса, арнайы көмек ала алады. Алайда, осындай аймақтардан бес жыл өткеннен бұрын шығып кететін жағдайда, қоғамдық пакет мемлекет пайдасына қайтарылатын болады.



5.1.2 -міндет. Ішкі көші-қон бағыттарын реттеу

Тікелей нәтиже көрсеткіштері

1.Халықтың жалпы санындағы ішкі көшіп-қонушылардың үлес салмағы

стат. деректер

%

0,65

0,9

(2015 жылғы 3-тоқсан)



Алдын ала мәліметтер

2015 жылдың 1-ші қазанда халық саны – 17 608 220 ад. Құрайды;

республика бойынша аймақаралық халық көші-қоны – 155 345 ад.

Қазіргі кезде, 2015-2019 жылдарға Мемлекеттік индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы және «Жұмыспен қамтудың Жол картасы 2020» Бағдарламасы аясында аймақтар арасындағы азаматтар көші-қоны белсенділігінің артуы байқалады.

ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен, республика ішіндегі жұмыс күшін, жұмыс күшіне мұқтаж аймақтарға қайта ағындау үшін, ішкі көші-қон саясатын жетілдіру қарастырылған

Осыған орай алдағы жылдарға, жалпы халық санына ішкі мигранттар үлес салмағының артуы жоспарлады.

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1. Еліміздің кеңістікті-аумақтық дамуын ескере отырып, ішкі көші-қон саласын болжау, жоспарлау, реттеу және сәйкессіздікті қысқарту жүйесін әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстандағы ішкі көші-қоны, экологиялық бейберекет аймақтардан және ауылдардан экономикалық белсенді тұрғындардың, экономикалық жағдайы жақсырақ аймақтарға қарқынды қоныстануымен сипатталады.

Статистика мәліметтері бойынша, жыл сайын шамамен 400 мың адам ішкі көші-қонға қатысады.

Болжау бойынша, 2050 жылға ағым трендінің сақталуымен, солтүстік аймақтар халқы 0,9 млн. адамға кемиді, ал оңтүстік аймақтарда 5,2 млн. адамға көбейеді.

Нәтижесінде оңтүстік аймақтардың қаныстандыру тығыздағы, берілген көрсеткіштерді солтүстік аймақтарда 4 есе арттырады.

Бұл демографиялық дисбаланстарды жою мақсатында, ішкі миграция ағынын басқару бойынша шұғыл шаралар қабылдауды талап етеді.

Бұл жөнінде Үкіметпен белгіленген аймақтарға, әлеуметтік-қоғамдық дамуыдың төмен потенциалды елді мекендерден әлеуметтік-қоғамдық дамудың төмен потенциалды елді мекендеріне және көшіп-қонушыларға материялдық көмек көрсетуші экономикалық даму орталықтарына қоныстандыру және еңбек артықшылығы бар аймақтардан қоныстандыру механизмдерін енгізу тәжиребесін сақтауды ұсынады.

Ішкі көшіп-қону саясатын жетілдіру мақсатында, 2015 жылдың қарашасында, ішкі көші-қон ағынын реттейтін механизмдерін жетілдіруді қарастыратын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қазіргі кезде осы мақсаттарда:

а) көшіп-қонушыларды қоныстандыру (4 регион) аймақтары анықталып, 463 отбасы санында көшіп-қонушыларды қабылдау квотасы бекітілді;

б) көшіп-қонушыларды қабылдау квотасына қосылу механизмі өңделді;

в) жол жүру мен үй алуға қоғамдық пакет түрінде көшіп қонушыларға әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі өңделді.

Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған аймақтарға келуші оралмандар мен көшіп-қонушыларға қатысты, Жеке кәсібін кеңейту үшін 5 млн. тенгеге дейін шағын несие берумен аймақтық квотаға енгізілген оралмандар мен көшіп-қонушыларды қабылдау түрінде, Жол картасы 2020 Бағдарламасы аясында (31.03.2015 ж.№ 162 ППРК бекіткен, әрі қарай – Бағдарлама) территориялық мобильдікті көтеру жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, жастар арасында еңбек мобильдігін көтеру мақсатында, Бағдарлама аясында әрі қарай жаңа тұру жерінде жұмыспен қамтумен жатақханалар салу, осындай шығындардың орнын толтыратын жол жүруге субсидиялар беру, кәсіби дайындық курстарына оқуға жіберуге, қажеттілік жағдайында квалификациясын көтеру, жаңа тұру жерінде жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шараларды кеңейту ұсынылады.



2. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дағдарысын және экологиялық жағдайын ескере отырып, ел ішінде халықтың көшіп-қону процестерін талдау және мониторингілеу

Қазақстандағы ішкі мигранттардың мониторинг жүйесіне өткізілген анализі қорытындысы бойынша, негізгі сұраулар қатары мен көші-қон саясатының негізгі бағыттары анықталып, берілген мәселелерді шешу бойынша шаралар ұсынылды.

Көші-қон саясатының негізгі сұраулары, (экономикалық белсенді халық дамуының төмендеуі,біркелкі емес қоныстандыру, экономикалық диспропорциялар, мамандарға қажеттілік) көші-қон саясатының ұсынылған негізгі бағыттары анықталды: оңтүстік-солтүстік, ауыл-қалалық агломерация бағыттары бойынша ішкі көші-қонды ынталандыру.

Ерікті түрдегі ішкі миграцияны ынталандыру мақсатында, еңбек артықшылықты аймақтардан еңбек кемшілікті аймақтарға ішкі мигранттарды жұмылдыру мәселелеріне қатысты шаралар қатарын жасауды, сонымен қатар оларға әлеуметтік қолдау көрсету ұсынылады. Берілген мәселе бойынша, жұмыспен қамтудың белсенді шараларының құралдарын жетілдіруге негізгі екпін екпін жасалады («Жұмыспен қамту жол Картасы2020» )

Ішкі мигранттарды қолдаудың қосымша шаралары ретінде, көлік шығындарының орнын толтыру, қызмет үйлерін немесе жатақханада бөлме беру, шағын несиелер беру, мемлекеттің солтүстік аймақтарындағы жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқыту мақсатында, ауыл жастарына арнайы Үкіметтің гранттары түріндегі білім алудағы қосымша ынталандырулар енгізу болады.

Ұсынылатын шаралар, халықтың жылыстауы байқалған (көші-қонның теріс сальдосы),, жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалатын аймақтарға азаматтардың қоныстануының ынталандыруын жасауға мүмкіндік береді.

Анықтама: соңғы 5 жылда(2011 – 9 ай 2015 ж..) Қазақстанда ішкі көші-қон барысы жоғары қарқындылықты көрсетті: бір аймақ шеңберінде, сонымен қатар аймақтар арасында 1 794 406 адам.; халық ағынының негізгі аймақтары болып Алматы қ. (102 299 адам.), Астана (84 370) және Алматы облысы (202 785 чел.); халықтың жылыстауы келесі облыстарда: көші-қон сальдосы- 60 811 адам.-ды құрайтын Оңтүстік-Қазақстан облысы, Жамбыл (-40 891 ад.), Шығыс-Қазақстан (-25 580 ад.), Солтүстік-Қазақстан (-13 785 ад.).

3. Қалаларда ішкі көшіп-қонушыларды бейімдеу жүйесін құру бойынша (оқыту, жұмысқа орналастыру және басқа) ұсыныстар енгізу

Қала-ауыл бағытына қарағанда, ауыл-қала бағыты бойынша ішкі көші-қон белсендірек қарқынмен өтіп жатқандығын атап өткен қажет (ішкі көші-қонның экономикалық негізделуіне қарай (жұмыс, қор, мүмкіншіліктерді іздеуде)).

Қазіргі кезде қалалардағы ішкі мигранттар бейімделуінің жүйесі, мемлекеттер бастамалары шеңберінде іске асырылады:



«Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде («жұмыс берушінің нақты сұрауын ескере, жұмысқа орналастыру мен орналастыруда көмек көрсету және оқыту» компоненті)

Осылайша, 2015 жылдың желтоқсаны жағдайы бойынша, берілген бағыттар шеңберінде, Қазақстан Республикасына 951 ад. кіргізілді, ИЖД – 234 ад., жатақханаларға – 168 ад. жалпы жұмыспен 151 139 ад. қамтылды., с.қ. тұрақты жұмыс орнына – 126 422 ад.

Шетел жұмыс күшін жұмылдыру жүйесі шеңберінде,орташа және ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға, с.қ. жергілікті еңбек нарығын қорғау мақсатында және жергілікті халыққа мүмкіншілдіктер туғызу үшін (c.қ. ауылдардан қалаларға көшіп-қонушыларғаИрС) шетел компанияларымен, мемлекетпен, шетел жұмыс күші, көбінесе экономикалық дамудың орталықтарына жұмылдыратынын ескере, ИРС-пен жұмылдырылатын жұмыс берушілерге арнайы жағдайлар беру жүйесі қарастырылып жатыр (дайындық бойынша талаптар, жергілікті кадрлардың кәсібилігін көтеру, оларға қосымша жұмыс орындарын жасау).


5. Ел ішіндегі көші-қон процесін реттеу мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму Министірлігімен 2015 жылдың 14 қарашасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы өңделді.

Осы Заңның шеңберінде, сонымен қатар ішкі көші-қон ағындарын реттеу механизмдерін жетілдіру қарастырылған. Қазіргі кезде осы мақсаттарда:

а) көшіп-қонушыларды қоныстандыру (4 регион) аймақтары анықталып, 463 отбасы санында көшіп-қонушыларды қабылдау квотасы бекітілді;

б) көшіп-қонушыларды қабылдау квотасына қосылу механизмі өңделді;

в) жол жүру мен үй алуға қоғамдық пакет түрінде көшіп қонушыларға әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі өңделді.


5.1.3-міндет. Еңбек көші-қонын басқару

Тікелей нәтиже көрсеткіштері
















1. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота

ДСӘДМ

деректері




%

0,7

0,7

Көрсеткіш орындалды

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1. Еңбек көші-қонын басқару бөлігінде халықтың көші-қоны туралы заңнаманы жетілдіру



2. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлеу




3. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартудың ерекше жағдайларының орындалуын бақылау




4. Еңбек көші-қоны процестерін талдау және мониторингілеу




6-стратегиялық бағыт. Азаматтардың еңбек құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету

6.1-мақсат. Еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайын жақсарту
Аталған мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың кодтары 001, 007, 012, 013, 028


Нысаналы индикатор

Ақпарат көзi

өлшем бiрлiгi

Есептi кезең

Қол жеткізілмеу себептері

жөспар

дерек

1

2

3

4

5

6

1. БЖИ-дың «Қызметкер-жұмыс берушінің ара қатынасындағы ынтымақтастық» көрсеткіші бойынша позициясы

ДЭФ есебі

рейтингтегі орны

38

49

Көрсеткіш орындалған жоқ

Сонымен қатар көрсеткіш «Еңбек нарығының тиімділігі» қосалқы индекстің құрауышысы болып табылады, бұл есепті кезеңде Қазақстанның бәсекелі артықшылығы болып жалғастырылады (18 орын).

Ескерту қажет, көрсеткіштің мағынасы сұрақ қағаз әдісі бойынша айқындалады, еркімен тандаулы кәсіпорындардар жұмыс берушінің сұрастыру деректерін пайдаланады, субъективті болып табылады


2. БЖИ-дың «Жалақыны айқындаудың икемділігі» көрсеткіші бойынша позициясы

19

20

Көрсеткіш орындалған жоқ

Сонымен қатар осы көрсеткіш бойынша өткен кезеңмен салыстырғанда Қазақстанның орыны 4 ұстанымға жақсартылды (2014 – 24 орын). Сонымен бірге, көрсеткіш «Еңбек нарығының тиімділігі» қосалқы индекстің құрауышысы болып табылады, бұл есепті кезеңде Қазақстанның бәсекелі артықшылығы болып жалғастырылады (18 орын).

Ескерту қажет, көрсеткіштің мағынасы сұрақ қағаз әдісі бойынша айқындалады, еркімен тандаулы кәсіпорындардар жұмыс берушінің сұрастыру деректерін пайдаланады, субъективті болып табылады


3. БЖИ-дың «Төлем және өнімділік» көрсеткіші бойынша позициясы

15

16

Көрсеткіш орындалған жоқ

Сонымен қатар көрсеткіш «Еңбек нарығының тиімділігі» қосалқы индекстің құрауышысы болып табылады, бұл есепті кезеңде Қазақстанның бәсекелі артықшылығы болып жалғастырылады (18 орын).

Ескерту қажет, көрсеткіштің мағынасы сұрақ қағаз әдісі бойынша айқындалады, еркімен тандаулы кәсіпорындардар жұмыс берушінің сұрастыру деректерін пайдаланады, субъективті болып табылады


4. БЖИ-дың «Жұмысқа жалдау және жұмыстан босату практикасы» көрсеткіші бойынша позициясы

21

22

5. БЖИ-дың «Жұмыстан босатумен байланысты шығындар» көрсеткіші бойынша позициясы

25

26

Көрсеткіш орындалған жоқ

Сонымен қатар осы көрсеткіш бойынша өткен кезеңмен салыстырғанда Қазақстанның орыны 1 ұстанымға жақсартылды (2014 – 27 орын). Сонымен бірге, көрсеткіш «Еңбек нарығының тиімділігі» қосалқы индекстің құрауышысы болып табылады, бұл есепті кезеңде Қазақстанның бәсекелі артықшылығы болып жалғастырылады (18 орын).



6. Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиiлiк коэффициентi)

статдеректер

%

0,45

0,33

Көрсеткіш орындалды

6.1.1-міндет. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

1. Еңбек жағдайлары денсаулық үшін зиянды және қауіпті салаларда жұмыс істейтін адамдардың үлес салмағы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында)

статдеректер

%

20,8

-

Деректер жоқ.

(2015 жылдың ресми статистикалық деректері ағымдағы жылдың сәуір айында шығады)

2. Еңбек жағдайлары денсаулық үшін зиянды және қауiптi салаларда жұмыс істейтін әйелдердің үлес салмағы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының ішінде)

статдеректер

%

13,05

-

Деректер жоқ.

(2015 жылдың ресми статистикалық деректері ағымдағы жылдың сәуір айында шығады)

3. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау стандарттарын енгізген ірі және орта кәсіпорындардың үлес салмағы

ДСӘДМ

деректер


%

8,5

11,9

Көрсеткіш 140 % орындалды

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1. Өндірістік салада еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайына мониторингті жетілдіру

Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам аясында ҚР Президентінің тапсырмасын орындауда жаңа Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі әзірленіп, 2016 жылдың 1 ақпанында заңды күшіне енді.

Кодексте өндірістік саладағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күйіне мониторинг жасауды жетілдіруге бағытталған нормалар көзделген:

- Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құру.

Оның құрамына техникалық еңбек инспекторларын қоса алғанда, жұмыс берушінің өкілдері, жұмыскерлердің өкілдері тепе-теңдік негізде кіреді. Өндірістік кеңес жұмыс беруші мен жұмыскерлердің еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастырады, сондай-ақ техникалық еңбек инспекторларының жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына тексеру жүргізуін ұйымдастырады.

Одан басқа, жұмыскерлердің өкілдері өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жағдайларды жақсартуға байланысты басқа да мәселелерді қарау мен тесеруге қатысады.

- Еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылаудың өзге нысанын жүргізу. Мемлекеттік еңбек инспекторлары мемлекеттік бақылаудың өзге нысанын бақылау субъектісіне бару арқылы немесе тексерілетін субъектіге оны міндетті жою жөнінде түсіндірме беріп, әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде істі қозғамай, ескерту- профилактикалық сипаты бар қажетті ақпаратты сұрату арқылы жүргізіледі. Бақылау субъектісіне бару алдын ала хабарлаусыз және құқықтық статистика мен арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелуге жатпайды.

2015 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары бақылау субъектілеріне 180 рет барды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 905 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 763 бірлескен бұйрығымен қызметін жарақаттану қаупі бар экономикалық қызмет түрлерінде жүзеге асыратындар үшін Бақылау субъектісіне бару өлшемшарттары бекітілді.



2. Халықаралық еңбек стандарттарын бейімдеу. Оларды экономика салаларына енгізуге жәрдемдесу

қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін жүзеге асыру арқылы орындалады.

Мемлекетаралық стандарттарын әзірлеу жөніндегі (өзгерістер енгізу, қайта қарау) бағдарлама шеңберінде (Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 72 шешімімен бекітілген) Кеден одағының техникалық регламентіне Қазақстан Республикасына 14 мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу көзделген.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК үш мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөнінде жұмыс атқарып жатыр.

1. ҚР СТ « Шопандар үшін су өткізбейтін ер плащ. Техникалық шарттар»;

2. ҚР СТ «Жалпы өндірістік ластану және механикалық әсерден шопандарды қорғау үшін жазғы әйел костюмы»;

3. ҚР СТ «Жалпы өндірістік ластану және механикалық әсерден шопандарды қорғау үшін жазғы ер костюмы».

Техникалық реттеу және метрология Ғылыми-техникалық комиссиясының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы отырысында жоғарыда аталған мемлекетаралық стандарттардың жобасының бірінші оқылымын Интегральдық автоматтық ақпараттық жүйеге орналастырылу туралы шешім қабылданды.

2015 жылғы 24 қарашада стандарттар жобаларының ақырғы редакциясы ұлттық стандартизация органдарына жіберілді және Интегральдық автоматтық ақпараттық жүйесінде орналастырылды, талқылау және дауыс беру өткізілді.

Келесі кезең процедурасы жоспарланады ақырғы редакцияны және басылымын қабылдау.

2016 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша республикада еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша 1463 халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілді, оның ішінде халықаралық стандарттар OHSAS 18001 тау-кен металлургия саласының 19 кәсіпорындарында және көмір саласының 3 кәсіпорындарында енгізілді.



3. Зиянды және қауіпті өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің, оның ішінде әйелдердің санын қысқарту шараларын әзірлеу және іске асыру (үшжақты негізде)

2014 жылғы 25 желтоқсанда 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды, оның шеңберінде ҚР Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері өзіне еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған міндеттерді мойнына алды.

Осыған ұқсас ережелер үшжақты салалық және өнірлік келісімдермен белгіленеді. 2015 жылы 16 үшжақты салалық және өнірлік келісімдер жасалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 20 қазандағы № 243-IV Заңымен «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы конвенцияны (187-конвенция) ратификациялау туралы» ХЕҰ конвенциясы ратификацияланған.

Конвенция өндірістік жарақаттанудың, кәсіби аурулардың және өндірісте адамдардың қаза болуының, қауіпсіз және салауатты өндірістік ортаны біртіндеп қамтамасыз етуге жәрдемдесетін алдын алуына бағытталған.

Қолданатын іс-шаралар зиянды және қауіпті өндіріс жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің санын біртіндеп төмендетуге бағытталады.


5. Қызметкерлердің еңбек жағдайларын еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігіне ерікті декларациялау жөніндегі жобаны жұмыс берушілердің іске асыруы

Бүгінгі күні жұмыскерлердің еңбек жағдайларының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігі бойынша жұмыс берушілердің қызметін декларациялау нормасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде жұмыс берушінің қызметін декларациялауды еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асыру процедурасының нормасы қарастырылған. Жұмыс берушілер қызметі өлшемдерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігі олардың декларациялауға қатысу шарты болып табылады.

Қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес деп танылған жұмыс берушілерге үш жыл мерзімге сенім сертификаты беріледі, ол осы Кодексте белгіленген ішінара тексерулерді және бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін бақылаудың өзге де нысандарын қалыптастыру кезінде ескеріледі.

2016 жылғы 21 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы бойынша кәсіпорындар қызметін ерікті декларациялау пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарының 24 кәсіпорны «Сенім сертификатының» иегерлері болды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 909 бұйрығымен Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидалары бекітілген. Сенім сертификатына ие болған кәсіпорындар мемлекеттік еңбек инспекциясының желісі бойынша іріктеу арқылы тексеру жүргізуден босатылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыс жалағасатын болады.



6. Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда сот мемлекетке жүктеген адам өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшін адамдарды әлеуметтік қолдау

«Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда сот мемлекетке жүктеген адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу» 028 бюджеттік бағдарламасын іске асыруға 591 303 мың. тенге ақшалай қаражат көзделген.

Төлем жүргізілген сот талаптарының саны 34 орындау қағазын құрайды.

Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда 70 жасқа жеткен азаматтарға сот мемлекетке жүкте-ген өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу төлемдерін алушылардың орташа нақты саны 871 адамды, төлемдердің орташа көлемі 49,3 мың теңгені құрады.

Аталған бағдарлама бойынша орындалу 586 476,9 теңгені немесе төлемдердің орташа көлемінің төмендеуімен байланысты жылдық жоспар 99,2% құрады.



6.1.2-міндет. Еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу және жолын кесу

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

1. Еңбек заңнамасының жойылған бұзушылықтарының үлес салмағы, анықталған бұзушылықтардың жалпы санының %

ДСӘДМ

деректер


%

93

94,2

Көрсеткіш 101,3% орындалды

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1. Тәуекелді бағалау жүйесін жетілдіру

Еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша жұмыстардың аясында 2010 жылдың наурыз айынан бастап мемлекеттік еңбек инспекцияның қызметі қатерлерді бағалау жүйесінің (ҚБЖ) негізінде жүзеге асырылуда.

ҚБЖ сәйкес тексерілетін субъектілер қатерлерді бағалау жүйесінің критерийлері жоғары қатерлі (тексеру еселігі жылына бір рет), орта қатерлі (тексеру еселігі жылына 3 рет) және шамалы тәуекел (тексеру еселігі жылына 5 рет) топтарға бөлінеді.

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде мемлекеттік бақылаудың өзге нысанын бақылау субъектісіне бару арқылы немесе тексерілетін субъектіге оны міндетті жою жөнінде түсіндірме беріп, әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде істі қозғамай, ескерту- профилактикалық сипаты бар қажетті ақпаратты сұрату арқылы жүргізіледі. Бақылау субъектісіне бару алдын ала хабарлаусыз және құқықтық статистика мен арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелуге жатпайды.

Еңбек кодексін жүзеге асыру үшін және тәуекелдерді басқару принциптерін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 545 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 491 бірлескен бұйрығымен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысаны бекітілді. Жаңа еңбек заңнамасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінде тәуекел көрсеткіштерінің саны азайтылды, ол бақылау мен қадағалау субъектісіне келетін жүктемені төмендетеді.

Тексерілетін субъект қызметінің нәтижесі бойынша немесе заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделерін, оның салдарынан болған ауыр дәрежені есепке алумен мемлекеттің мүлкіне, адамның өмірі мен денсаулығына келтірілетін зиян үшін ғана тәуекелдер қарастырылған


2. Жалақы бойынша берешекке мониторинг жүргізу, оны жою және қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар қабылдау

Министрлікпен апта сайынғы негізде Бас прокуратурамен, өңірлік дағдарысқа қарсы штабтармен бірлекскен түрде жалақы берешегін төлеумен бірге жалақы берешегі берешегі бойынша мониторинг жүргізіледі.

2015 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлар 42881 қызметкер алдында 5,46 млрд. теңгеден астам берешегі бар 1217 кәсіпорынды анықтады. Осы кәсіпорындардың басшылығына орындалуы міндетті 1242 нұсқама беріліп, 108,7 млн. теңгені құрайтын сомада айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 42113 қызметкердің құқығы қорғалып, оларға 4,8 млрд. теңге төленді.

Өңірлік дағдарысқа қарсы штабтардың мәліметтеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 275,7 млн. теңге мөлшерінде жалақы берешегі құрады. Жалақы берешегі Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында бар.

Аталған кезеңде Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында жалақы берешегі жоқ.


3. Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға, 2015 – 2017 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын қалыптастыру және орындау

Бала еңбегінің ең нашар түрлерін болдырмау бойынша шараларды қабылдау кезде мемлекеттік еңбек инспекторлармен 2015 жылы ткелесі жұмыстар жүргізілді.

Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың өсу проблемасы туралы «Қазақстан – 2050» стратегиясы» жолдауында белгіленген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының жаңа қабылданған Қылмыстық кодексі шеңберінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамалық нормалардың тиімділігін арттыру мақсатында балаларға қарсы қылмыстары үшін жазаларды қатайту қарастырылған.

Сонымен, жұмыс берушінің еңбек заңнамасын он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін қолдануға тыйым салынған жұмыстарға кәмелетке толмағандарды тарту бөлігінде бұзғаны үшін екі жүз мың айлық есептік көрсеткіштерге дейін мөлшерде айыппұл мөлшері елеулі көбейтілді және т.б. (153-бап).

Бұдан басқа, Қылмыстық кодекстің 121 (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері), 122 (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немес сексуалдық сипаттағы өзге де ірекеттер жасау), 124 (жас балаларды азғындық жолға түсіру), 128 (адам саудасы), 132 (кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту), 134 (кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту) баптарының жаңа редакцияларында белгілі бір лауазымдарды атқару және белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан өмір бойына айыра отырып белгіленген жаза мерзімдерін елеулі көбейту көзделген.

Сондай-ақ, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының жаңа қабылданған кодексі шеңберінде еңбек саласындағы құқық бұзушылығы үшін жауапкершілік елеулі күшейту көзделеді.

Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 2015 жылы тексерулер барысында кәмелетке толмаған балаларды жұмысқа тарту кезде еңбек заңнамасын бұзудың 5 фактісі (Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында) анықталды.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілердің кәмелетке толмағандармен еңбек шартын жасаспайтынын, ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімісіз жұмысқа тартылмайтынын белгіледі.


4. Еңбек заңнамасын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу

Министрліктің www.mzsr.gov.kz алқа сайтындағы «Статистика», «Анықтамалар, түсіндірмелер» және де БАҚ-да кәсіпорындарда еңбек заңнамасын, еңбек ақы төлеу жүйесі мен әдістемесін қолдану тәжиеребесі тоқсан сайын орналастырылып тұрады.

Сондай-ақ республиканың кәсіпорындарында еңбек заңнамасы мәселесі бойынша 1951 семинар өткізілді, БАҚ-та 599 материалы жарияланды. Мемлекеттік еңбек инспекторларымен азаматтардың 23779 өтініштері мен шағымдары қарастырылды, оның ішінде 22926 өтініш еңбек заңнамасына қатысты.

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссиялардың отырыстарында жұмысшылардың жән жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы негіздеріне сауатын арттыру мәселелері қаралып отырылады. Өңірлік коммисиялардың қатысушылары болып жергілікті атқарушы органдардың тиісті құзырлы өкілдері және жұмыс берушінің, жұмысшының өкілдері болып табылады.

2015 жылы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 134 әлеуметтік әріптестік бойынша үшжақты комиссияның отырыс өткізіліп, оған 583 кәсіпорын басшысы шақырылды.

Аталған коммисия отырыстарында жалақы берешегін өтеудің кестесі мен мерзімдері қатаң белгіленіп, сондай-ақ жұмысшылардың жұмыстан босатылуына жол берген басшыларға қызметкерлерді жұмысқа орналастыру мәселесі және басқада көкейкесті мәселелер талқыланып отырылды.

Жергілікті еңбек инспекциясы бойынша органдармен еңбек заңнамасын насихаттау және түсіндіру материалдары қамтылған мақалаларды жергілікті БАҚ-та жариялау әдісімен жүзеге асыруда.

2015 жыл бойы жаңалық, ақпараттық-сараптамалық және жүйелік бағдарламаларда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қатысты бірнеше материалдар шығуы қамтамасы етілген. Атап айтқанда «Қазақстан» телеарнасында – 7, «Хабар» телеранасында – 20.

Еңбек заңнамасы мәселесі бойынша Қазақ радиосында 37 рет, Астана радиосында 37 рет қазақ және орыс тілдерінде жаңалық сюжеттері шықты.

2015 жылдың барысында :«ЕгеменҚазақстан», «Казахстанская правда», «Тема-Караганда», «Айқын», «Қазақстан Кәсіподағы» бұқаралық ақпарат құралдарында Федерацияның және салалық кәсіподақ басшыларының еңбек заңнамасын және соған ілеспе заңдарды қолдану тәжіриебесі бойынша сұхбаттары жарияланылды.

Атап айтқанда, www.fprk.kz сайтында 130-дан астам ақпараттық хабарламалар және 5 газеттің шығарылымы жарияланылды.

Ақпараттық мағлұматтардың басты тақырыбы әлеуметтік жаңарту болып табылады. Атап айтқанда, еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбекақының жаңа жүйесі, медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз етуді қозғайтын жаңа заң жобаларын түсіндіру.

Аталған іс-шараларға қосымша ретінде 2015 жылдың мамыр айынан бастап, ҚҰП «Нұр Аманат» теледидарлы бағдарламасымен тығыз қарым-қатынас жасайды («Таң», «СТВ» телеарналарында шығулар). Аталған бағдалараманың мақсаты көрермендерге «бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» ұғымын жеткізу.

Жергілікті еңбек инспекциясы бойынша органдармен еңбек заңнамасын насихаттау және түсіндіру материалдары қамтылған мақалаларды жергілікті БАҚ-та жариялау әдісімен жүзеге асыруда.

Осымен бірге, 2015 жылы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек инспекторларының БАҚ-та 599 материалы жарияланды.

Сонымен қатар, республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы арасында 2015 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің ережелеріне сараптамалық түсіндіру жөніндегі кешенді жоспары бекітілді.


5. Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген.

Жоспардың шеңберінде 2015 жылы 102 мыңға жуық адамды қамтитын 3,9 мың кәсіпорында еңбек заңнамасы негіздеріне оқыту жүргізілді. Оның ішінде:

1951 кәсіпорындардағы жүргізілген тексерістер барысында мемлекеттік еңбек инспекторларымен 56,2 мың жұмысшыны оқыту жүргізілді.

Оқыту бойынша тендерді жеңіп алған кәсіпорындармен 2000 кәсіпорында 46 мың жұмысшы еңбек заңнамасына оқытылды.



6.1.3-мiндет. Әлеуметтiк әрiптестiкті дамытуға жәрдемдесу

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

  • Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағы (ірі және орта кәсіпорындар арасында)

ДСӘДМ

деректер


%

93

93,1

Көрсеткіш 100,1% орындалды

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1. Халықаралық стандарттарға сәйкес еңбек қатынастарын реттеуге, тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, әлеуметтік сұхбатты одан әрі дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасындағы лайықты еңбек жөніндегі бағдарламаны» халықаралық стандарттарға әзірлеу және іске асыру

Министрлікпен Қазақстан Республикасындағы лайықты еңбек жөніндегі бағдарламасының жобасы мемлекеттік органдармен келісе отырып әзірлеген. Министрлік әзірлеген Лайықты еңбек жөніндегі бағдарламаның жобасы барлық әлеуметтік әріптестермен келісілгеннен кейін оны ХЕҰ-на бекітуге жолдаған болатын.

Аталған Бағдарлама ҚР-ның ХЕҰмүшелік етуіне негізделеді және ХЕҰ бірегей ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайды. Алайда ХЕҰ Арнайы мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны (Бас Ассамблеяның 1947 жылғы 21 қарашадағы 179 (II) қабылданған резоюциясы) Қазақстанмен ратификациялауға нұсқай отырып, аталмыш жобаны бекітпеді.

Сондай-ақ оған қарамастан Қазақстан жобада анықталған келесідей негізгі бағыттарды жүзеге асыруда:

1. Қазіргі экономикалық дамудың жай-күйіне сай еңбек қатынастарын реттеу мен еңбек қауіпсіздігі

Аталған бағыт бойынша 2014 жылы Халықаралық Еңбек Ұйымының № 26 «Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конвенцияны» және № 95 «Жалақыны қорғау туралы» конвенциялары ратификацияланды.

Ұлт жоспарының 100 қадамын жүзеге асыру аясында 2015 жылы тұжырымдамалық тәсілдері халықаралық тәжірибеге, оның ішінде, бірінші кезекте ЭЫДҰ елдерінің, оған кіруді Қазақстан таядағы перспективада жоспарлайды, тәжірибесіне сүйене отырып, еңбек заңнамасын ырықтандыру міндеттеріне негізделген жаңа Еңбек кодексі қабылданды.

Тандалған бағытқа сәйкес жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында еңбек қатынасы саласына мемлекеттік араласу шеңберлерін нақты анықтау, және тараптардың қызығушылықтар теңгерімділігін қамтамасыз етуін есепке ала отырып, еңбек қатынастары субъектілерінің рөлі мен жауапкершілігін үлестіру нақты анықталған.

2. Жұмыспен қамтуға және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу

Екінші бағыт бойынша бүгінгі күні ҚР Парламентіне енгізілген «Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заң жобасы (жаңа редакцияда) әзірленген. Заң жобасы жұмыспен қамтудың белсенді шаралары мен еңбек нарығы институттарының қызметтерін қайта бағдарлау арқылы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларын кеңейтуді, сондай-ақ ұзақ мерзімді реструктуризация мен экономиканың тиімділігін арттыруға мүмкіндікті қамтамасыз ететін икемді еңбек нарығын қалыптастыруды көздейді.

3. Әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру

Үшінші бағыт зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманы Халықаралық еңбек ұйымының «Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төмен нормалары туралы» № 102 конвенциясының нормаларын ескерек отырып, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыруға бағыты арқылы жетілдіруді қарастырады. Осы мақсаттарда

2015 жылғы 2 тамызда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) әзірленді және оған қол қойылды. Заңмен:

- базалық зейнетақыны тағайындау тәртібін өзгерту;

- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің 5 %-дық міндетті зейнетақы жарналарын белгілеу есебінен зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы компонентін енгізу;

- 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қарулы күштер құрылымдардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды реформалау;

- жинақтаушы зейнетақы жүйесінін параметрлерін жетілдіруді көздейді.

4. Үшжақты ынтымақтастықты және әлеуметтік диалогты күшейту.

2014 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2015 – 2017 жылдарға арналған бас келісімге қол қойылды.

Еңбек саласында әлеуметтік әріптестікті және ұжымдық қатынастарды қамтамасыз ету мақсатында: Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия, 18 салалық үшжақты комиссия, 200 астам өңірлік комиссиялар жұмыс жасауда.

2015 жылы аталған комиссиялардың 176 отырысы, оның ішінде 6 – республикалық, 34 – салалық, 134 – өңірлік комиссиялардың отырыстары.


2. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті арттыруды ынталандыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 жарлығына сәйкес жыл сайын Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына сәйкес ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 234-ө-м бұйрығымен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын 2015 жылы ұйымдастыру және оны өткізу бойынша іс-шаралар жоспары жүзеге асырылды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау бойынша мерекелік рәсім 2015 жылы

11 желтоқсанда Тәуелсіздік сарайында өтті. Конкурс лауреаттарына тиісті дипломдар мен айрықшалық белгісі берілді. Конкурс лауреаттары атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады. Конкурс лауреаттарының атақтары мынадай номинациялар бойынша «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт» және «Экологияға қосқан үлесі үшін» беріледі.

Бизнес қауымдастықтың арасында әлеуметтік жауапкершілікті пайымдауға деген түсініктің артқаны – 2008-2015 жылдары «Парыз» конкурсына еліміздің барлық өңірлерінен 3744 кәсіпорын (2015 жылы - 541) қатысуы арқылы байқалады.

2015 жылы конкурстың «Парыз» Гран-при» ең жоғары жүлдесі өз жұмысында және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген «Самұрық Энерго» АҚ-не (Астана қ-сы) берілді.



3. Үкімет, жұмыс берушілердің бірлестіктері мен қызметкерлердің бірлестіктері арасындағы 2012 – 2014 жылдарға, 2015 – 2017 жылдарға арналған Бас келісімге қол қою

Жұмысшылардың құқықтары мен кепілдіктерін сақтау мақсатында Бас келісімді орындау аясында 2015 жылы 8 салалық келісім, 1 қосымша келісім, сондай-ақ 9 өңірлік және 14 салалық-өңірлік келісімдер қабылданды.

Қазіргі уақытта салалық және өңірлік, ұжымдық келісімдер арқылы әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдердің көп бөлігі қарастырылады (атап айтқанда ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру, салалық арттырушы коэфиценттерді енгізу, жалақының индексациясы, еңбек демалысына қосымша төленетін күндер беру, еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігіне қаражат бөлу, сауықтыру, жұмысшылардың және олардың балаларының демалысын ұйымдастыру және басқа да шаралар).

Барлық келісімдер мен ұжымдық келісімшарттарда әйелдерге, жастар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға кепілдіктер мен жеңілдіктер жөнінде айтылған.

Жұмыс орындарын сақтау және 50 жастан асқан адамдарға лайықты еңбек жағдайларын жасау жөніндегі ережелер денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, мәдениет және спорт министрліктерінің салалық келісімдерінде, сондай-ақ 11 өңірлік (Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қосатанй, Қызылорда, СҚО, Павлодар облыстары және Астана, Алматы қалалары) келісімдерде қарастырылған.

Салалық, өңірлік және ұжымдық келісімдерді жасаған кезде кәсіпорындар мен ұйымдарда дене тәрбиесімен және спортпен айналысуына жағдай жасау бойынша жұмыс беруші мен қызметкердің ынтымақтасқан жауапкершілігін күшейту жөніндегі шараларды, сондай-ақ жұмыс істейтіндерді сауықтыру, әйелдердің, жастар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін сақтау бойынша шараларды қарастыру жөнінде ұсыныстар берілген.

Өз кезегінде, кейбір салалық, өңірлік келісімдерде және ұжымдық шарттарда арнайы жұмыс жасайтын әйелдердің денсаулығын сауықтыру, уақытылы медициналық тексерістен өту бойынша тараулар қосылып, көптеген кәсіпорындардың басшылары кәсіподақ ұйымдарына аталған мәселелер бойынша қаражат бөлі жөнінде міндеттемелер алып отыр.

2015 жылдың 23 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентімен бір жағынан жұмыс берушілер үшін белгілі бір көлемде жұмысқа жалдау, кадрлық жылжу, жұмыстан босату, қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді анықтау рәсімдерін жеңілдететін, екінші жағынан, қызметкерлердің базалық еңбек кепілдіктері мен құқықтары белгіленіп, оларды жеке, ұжымдық шарттар мен келісімдер арқылы кеңейтуге мүмкіндіктер қарастыратын жаңа Еңбек Кодексіне қол қойылды.

Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасын жүзеге асыру жалғасын тапты. 2015 жылдың қорытындысы бойынша аймақтар ЖҚЖК-ның шараларымен жоспарланған 42,5 мың адамның орнына 136 мың адамды қамтыды (2,5 есе көп). Бағдарламаға қатысушылардың көбі жұмыссыздар, олардың үлесі қатысушылардың 53,4 % құраса, өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 46,5 % құрайды.

Министрлікпен Ұлттық біліктілік жұйесін дамыту жұмыстары жалғасуда.

Ағымдағы жылдан бастап республикада ұлттық және салалық біліктілік шеңберлерін енгізу рәсімдері жеңілдетілді. Еңбек кодексіне оларды республикалық және салалық деңгейлерде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялармен бекітуге қатысты өзгерістер енгізілген болатын.

Бүгінгі күні кәсіби стандарттарды әзірлеумен республиканың барлық салалары қамтылған және бұл жұмысты 2020 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен 383 кәсіби стандарттар әзірленген.

Еңбек нарығының тиімді дамуы мен ел экономикасы үшін бәсекеге лайық кадрларды дайындау мақсатында, қазіргі уақытта Министрлікпен Қазақстан Республикасы Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасында әріптестік туралы рамалы келісімдерді жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

Елбасы «Ұжымдық келісімшарт жасаңдар»атты акциясын жариялауына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдарды ұжымдық келісімшарт жүйесімен қамтуды кеңейту және оларға мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасын тапты.

2016 жылдың 1 қаңтарына ұжымдық шарт жүйесімен 66,9 мың кәсіпорынды немесе жұмыс жасайтын кәсіпорындардың 36,5 % құрайды, ол өткен жылмен салыстырғанда 7,4 % артқан. Бұл ретте ірі және орта кәсіпорындардың 93,1 % ұжымдық шарт жасаған.



4. Үкімет, жұмыс берушілердің бірлестіктері мен қызметкерлердің бірлестіктері арасында жасалған 2012 – 2014 жылдарға, 2015 – 2017 жылдарға арналған Бас келісімнің және «Ұжымдық шарт жасаңыздар!» республикалық акциясы шеңберінде еңбекшілердің құқықтары мен кепілдіктерін сақтау бойынша шараларды іске асыру

Жұмысшылардың құқықтары мен кепілдіктерін сақтау мақсатында Бас келісімді орындау аясында 2015 жылы 8 салалық келісім, 1 қосымша келісім, сондай-ақ 9 өңірлік және 14 салалық-өңірлік келісімдер қабылданды.

Қазіргі уақытта салалық және өңірлік, ұжымдық келісімдер арқылы әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдердің көп бөлігі қарастырылады (атап айтқанда ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру, салалық арттырушы коэфиценттерді енгізу, жалақының индексациясы, еңбек демалысына қосымша төленетін күндер беру, еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігіне қаражат бөлу, сауықтыру, жұмысшылардың және олардың балаларының демалысын ұйымдастыру және басқа да шаралар).



Барлық келісімдер мен ұжымдық келісімшарттарда әйелдерге, жастар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға кепілдіктер мен жеңілдіктер жөнінде айтылған.

Жұмыс орындарын сақтау және 50 жастан асқан адамдарға лайықты еңбек жағдайларын жасау жөніндегі ережелер денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, мәдениет және спорт министрліктерінің салалық келісімдерінде, сондай-ақ 11 өңірлік (Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қосатанй, Қызылорда, СҚО, Павлодар облыстары және Астана, Алматы қалалары) келісімдерде қарастырылған.



Салалық, өңірлік және ұжымдық келісімдерді жасаған кезде кәсіпорындар мен ұйымдарда дене тәрбиесімен және спортпен айналысуына жағдай жасау бойынша жұмыс беруші мен қызметкердің ынтымақтасқан жауапкершілігін күшейту жөніндегі шараларды, сондай-ақ жұмыс істейтіндерді сауықтыру, әйелдердің, жастар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін сақтау бойынша шараларды қарастыру жөнінде ұсыныстар берілген.

Өз кезегінде, кейбір салалық, өңірлік келісімдерде және ұжымдық шарттарда арнайы жұмыс жасайтын әйелдердің денсаулығын сауықтыру, уақытылы медициналық тексерістен өту бойынша тараулар қосылып, көптеген кәсіпорындардың басшылары кәсіподақ ұйымдарына аталған мәселелер бойынша қаражат бөлі жөнінде міндеттемелер алып отыр.

2015 жылдың 23 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентімен бір жағынан жұмыс берушілер үшін белгілі бір көлемде жұмысқа жалдау, кадрлық жылжу, жұмыстан босату, қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді анықтау рәсімдерін жеңілдететін, екінші жағынан, қызметкерлердің базалық еңбек кепілдіктері мен құқықтары белгіленіп, оларды жеке, ұжымдық шарттар мен келісімдер арқылы кеңейтуге мүмкіндіктер қарастыратын жаңа Еңбек Кодексіне қол қойылды.

Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасын жүзеге асыру жалғасын тапты. 2015 жылдың қорытындысы бойынша аймақтар ЖҚЖК-ның шараларымен жоспарланған 42,5 мың адамның орнына 136 мың адамды қамтыды (2,5 есе көп). Бағдарламаға қатысушылардың көбі жұмыссыздар, олардың үлесі қатысушылардың 53,4 % құраса, өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 46,5 % құрайды.

Министрлікпен Ұлттық біліктілік жұйесін дамыту жұмыстары жалғасуда.

Ағымдағы жылдан бастап республикада ұлттық және салалық біліктілік шеңберлерін енгізу рәсімдері жеңілдетілді. Еңбек кодексіне оларды республикалық және салалық деңгейлерде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялармен бекітуге қатысты өзгерістер енгізілген болатын.

Бүгінгі күні кәсіби стандарттарды әзірлеумен республиканың барлық салалары қамтылған және бұл жұмысты 2020 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен 383 кәсіби стандарттар әзірленген.

Еңбек нарығының тиімді дамуы мен ел экономикасы үшін бәсекеге лайық кадрларды дайындау мақсатында, қазіргі уақытта Министрлікпен Қазақстан Республикасы Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасында әріптестік туралы рамалы келісімдерді жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

Елбасы «Ұжымдық келісімшарт жасаңдар»атты акциясын жариялауына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдарды ұжымдық келісімшарт жүйесімен қамтуды кеңейту және оларға мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасын тапты.

2016 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша ұжымдық шарт жүйесімен 66,9 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпкерліктің 36,5% қамтылған. Бұл ретте ірі және орта кәсіпорынның 93,1%-ында ұжымдық шарт жасалған.


5. Әлеуметтік-еңбек саласындағы даулы жағдайларды басқару және шешу үшін жүйелі ұйымдастырушылық және ақпараттық іс-шараларды жүргізу (Әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын шешу жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру)

Үкіметтің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1295 қаулысымен бекітілген әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын шешу жөніндегі кешенді жоспарының орындау шеңберінде ай сайын республикалық Еңбек жанжалдары картасы әзірленеді, оның басты мақсаты өңірлерде және кәсіпорындардағы еңбек ұжымдары арасындағы ахуалға мониторинг жүргізу және еңбек жанжалдарын болдырмау бойынша алдын-алу шараларын жүргізу және қатерлерді анықтау болып табылады.

Әлеуметтік шиеленістің басты критериилері болып өндірістік қызмет, жалақы берешегі, еңбек жағдайы, еңбек шиеленістері, әлеуметтік-психологиялық жағдай, жұмыссыздық деңгейі және тағы басқалар болып табылады.

Картаның нәтижелері ай сайын жергілікті атқарушы органдарға мүмкін әлеуметтік шиеленістің орын алуына ден шараларын қоюға және еңбек жанжалдарының туындау мүмкіндігін анықтауға және қызметкерлердің жұмыстан босатылу кезінде оларға жұмыспен орналастыру бойынша тиісті жұмыстарды жасау үшін жолданып отырылады.

Картаға қосылған кәсіпорындар бойынша жергілікті атқарушы органдарымен қабылданатын шаралар 2015 жылы аталған мәселе бойынша жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасарының төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның отырыстарында алты рет қаралды.

Қабылданылған шаралар нәтижесінде еңбек жанжалдарының төмендеуі байқалады (2013 жылы – 28, 2014 жылы – 15, 2015 жылы – 7)

Жергілікті атқарушы органдардың еңбек жанжалдарын алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізу кезінде методикалық көмек ретінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың және әлеуметтік әріптестердің еңбек жанжалдарының алдын алу және реттеу бойынша бірыңғай іс-қимылдарының алгоритмі әзірленді.

Бұл Алгоритм превентивтік және регулятивтік сипаттағы шараларды көздейді. Превентивтік шаралар жанжалдың туындауына дейін қолданылатын шараларды көздеп, еңбек саласындағы жағдайды мониторингілеу және болжау, еңбек жанжалдарының туындауына әсер ететін факторлардың алдын алуды көздесе, регулятивтік шаралар орын алған еңбек жанжалын шешу, орталық және жергілікті атқарушы органдардың еңбек жанжалына жол бермеу жолында қабылданатын практикалық, ұйымдастырушылық сипаттағы шараларды көздейді.

Сондай-ақ, 2015 жылы зерттеу жұмыстары аясында Министрлікпен еңбек саласындағы әлеуметтік шиленістің туындауына алғышарттарды анықтау мен олардың алдын алу жолында қолданылатын технологиялар (Еңбек жанжалдары картасы) жетілдіріліп, олардың превентивтік элементтері күшейтілді.



6. «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау (жаңа редакция)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет