Мемлекеттік орган



бет6/14
Дата25.02.2016
өлшемі1.24 Mb.
#24131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2. Микрокредиттер беру және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту арқылы нәтижелі жұмыспен қамтылған халықтың санын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру

Микрокредиттер беру арқылы нәтижелі жұмыспен қамтылған халықтың санын арттыру үшін ЖЖК 2020-ға өзгерістер енгізілді, оған сәйкес берілетін микрокредиттердің сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған оралмандар мен қоныс аударушылар үшін 5 млн. теңгеге дейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыруға 6 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1029 қаулысы).

Сондай-ақ, мынадай қатынаста 80 % – ауылдық елді мекендерде, 20% – қалалық елді мекендерде кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру жөніндегі шараларды қаржыландыру тетігі енгізілді.

2015 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан 2 810 адам өтті, 4 385 адам ағымдағы жылдың қаражаты есебінен микрокредиттер алды, олардың ішінде 3 122 адам немесе 71,2 %-ы жеке ісін ашты. Микрокредит алған қатысушылар 6,1 мың қосымша жұмыс орындарын құрды. Бұдан басқа, 1 625 қатысушы қайтарылған қаражаттардың есебінен кредит алды.

2015 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар құрамындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 71,2%-дан (2014 жылғы 3-тоқсанда) 77,1 %-ға дейін артты.



3. Халықтың әлеуметтік осал топтарын, ең алдымен мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жалақымен қамтамасыз ете отырып, жұмысқа белсенді тартуға жұмыс берушілерді көтермелеу жағдайларын жасау

Еңбек қызметімен айналысу үшінденсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектердің ЖЖК 2020-ға қатысуға басым құқығы бар. Бағдарламаға қатысушылардың аталған тобы халықтың басқа әлеуметтік-әлжуаз санаттарымен қатар нысаналы топтардың құрамына кіреді.

Аталған санаттар үшін «жастар практикасы» және «әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламалары ұйымдастырылды, оның шеңберінде жұмыс берушілер нысаналы топтардың өкілдерін жұмысқа орналастыру кезінде қатысушылардың жалақысын қоса қаржыландыру және «жастар практикасы» бағдарламасына қатысқан кезде түлектердің еңбекақысын толық төлеу түрінде ынталандырылды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша 20,7 мыңнан астам нысаналы топтардың өкілдері әлеуметтік жұмыс орындарына және «жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмысқа орнласты.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңымен ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындарының жалпы санынан екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде жұмыс орындарының квотасын белгілеу бөлігінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді.

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы (2016 жылғы 11 қаңтардағы №11-2-19/36190//147-Р,1(т 2.1.11) хатпен ҚР ӘМ-ге мемлекеттік тіркеуге енгізілді) әзірленді. Қағида қызметкерлердің тізімдік санына қарай ұйымдарда квота белгілеудің тәрібі мен тетігін айқындайды, жұмыс орындарының квотасын белгілеу бойынша жұмыс берушілерге сараланған тәсілді қолдану көзделеді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147-ө өкіміне сәйкес «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығын қабылдау көзделген (орындау мерзімі – 2017 жылғы тамыз).



4. Икемді әрі қашықтықтан жұмыспен қамту нысандарын қолдану туралы халыққа насихаттау және хабардар ету

Жаңа Еңбек кодексімен оның ішінде қашықтықтан жұмыспен қамту бойынша нормалар реттеледі (қашықтықтан жұмыс істеу) (138-бап)

Анықтама: Қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.

Жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және оларды орнату мен оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. Жұмыскер меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда, жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі жұмыскермен келісім бойынша белгіленеді.

Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді, оны бақылау ерекшеліктері еңбек шартында айқындалады.

Қазақстан Республикасының жаңа еңбек кодексін әзірлеу кезінде мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, Кәсіподақтар федерациясының, жұмыс берушілердің бірлестіктердің және басқа қоғамдық ұйымдардың қатысуымен қашықтықтан жұмыспен қамту нарығын кеңейту мәселесі қарастырылды.

Икемді әрі қашықтықтан жұмыспен қамту нысандарын қолдану туралы халыққа насихаттау және хабардар ету мақсатында:

- ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне – «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалнамасы» статистикалық нысанына«Қашықтықтан жұмыс істеу» деген қосымша жауап нұсқасын енгізу туралы ұсыныс (2015 жылғы 9 сәуірдегі № 11-2-119/7965 шығыс хат) енгізілді. ҰЭМ СК ақпараты бойынша аталған ұсыныс қаралған, сауалнамаға тиісті өзгерістер енгізілді (ҰЭМ СК 2015 жылғы 28 тамыздағы № 127 бұйрығы). Өңірлер бөлінісінде және республика бойынша қашықтықтан жұмыспен қамтылғандардың саны туралы жалпы ақпарат ҰЭМ СК сайтында жараияланатын болады.

- Қашықтықтан жұмыспен қамту ақпарат және қашықтықтан жұмыспен қамту жөніндегі статистикалық деректерді жариялау жөніндегі Еңбек кодексінің нормаларына қатысты ақпарат баспасөз басылымдарында жариялау және интенрет-сайттарда (2015 жылы интернет-ресурстарда барлығы 20-дан астам материал жарияланды және орналастырылды) орналастыру үшін ДСӘДМ-ң баспасөз қызметіне жолданды.

Бұдан басқа, Министрдің болгында жарияланатын сұрақтарға берілетін жауаптар шеңберінде Қазақстанда жұмыс істеу үшін ШЖК тартуға рұқсаттар алу талаптарынан қашықтықтан жұмыс істейтін шетелдік азаматтарды босату туралы (егер шетелдік азаматтар басқа елде тұратын болса) бір қатар шетелдік компаниялардың сұрауларына ақпарат орналастырылған.


5. Жұмыспен қамту органдарында тіркелген балаларына күтім жасайтын аналарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралары кешенін әзірлеу және іске асыру

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес балаларына күтім жасайтын аналар икемді және толық емесе жұмыс уақыты режимінде жұмыс істей алады (18-бап).

Халықтың, оның ішінде жұмыспен қамту органдарына тіркелген балаларына күтім жасайтын аналардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы іске асырылады. Бағдарламаға халықтың нысаналы тобы қатыса алады, оның ішінде қатысуға басым құқы әйелдерге беріледі.

Бағдарлама үш бағыт бойынша іске асырылады. Бірінші бағыт шеңберінде әйелдер инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту кезінде уақытша жұмыс орындарына жіберілуі мүмкін.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде әйелдер кәсіпкерлік негіздеріне оқуы мүмкін. Оқудан кейін жеке ісін ашуға немесе кеңейтуге микрокредит алады.

Сондай-ақ, әйелдер Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде жұмыс берушілердің қажеттіліктері бойынша кейіннен жұмысқа орналастырумен кәсіптік оқытудан өтуі мүмкін. Сонымен қатар, халықтың нысаналы тобы, оның ішінде әйелдер әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына жұмысқа орналаса алады.

2015 жылдың қортындысы бойынша 67,8 мың әйел Бағдарламаға қатысушылар атанды, олардың ішінде 31,8 мыңы ауылдық жерлерде тұратын әйелдер.

49,8 мың әйел бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасты, 1,0 мың әйел Бағдарламаның бірінші бағытына қатысты. Бағдарлманың екінші бағыты шеңберінде 1,0 мың әйел кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтті, 1,9 мың әйел микрокредит алды, олардың ішінде 1,1 мың әйел жеке ісін ашты.

Үшінші бағыт шеңберінде 5,7 мың әйел оқумен қамтылды, олардың 5,2 мыңы оқуды аяқтады. Оқудан кейін 3,9 мың әйел жұмысқа орналасты.

5,1 мың әйел әлеуметтік жұмыс орындарына, 6,8 мың әйел жастар практикасына жұмысқа орналасты.

Үшінші бағыттың екінші компоненті шеңберінде 403 әйел қоныс аударды. Қоныс аударғандар қатарындағы 242 әйел еңбек етуге қабілетті жаста, олардың ішінде 192 әйел жұмысқа орналасты.




6. Жұмыстан босатылатын қызметкерлерді кәсіптік оқытуды ілгерілету тетігін әзірлеу

Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайды ескере отырып, 2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарлмасы өзектендірілді.

Жұмыстан босатылуға жататын қызметкерлерді кәсіптік оқытуға бағытталған жаңа тетіктер енгізілді:

- Бағдарламаға қатысушының жұмыс орынын сақтаған кезде жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша өндірістен қол үзбей немесе үздіртпей 18-ден 24 жасқа дейінгі жастағы жұмыс істейтін жастарды кәсіптік оқыту;

- 80%-ы бюджеттің есебінен және 20%-ы жұмыс берушілердің есебінен қаржыландыру шарттарында жұмыс берушілерге жұмыспен қамтылған қызметкерлерді өндірістен қол үздіртпей қайта даярлау/біліктілігін арттыру үшін гранттар беру тетегі көзделген.



4.1.3-міндет. Жұмыспен қамтудың өсуіне ықпал ету

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

1. ЖЖК 2020 және өңірлерді дамыту бағдарламалары шеңберінде жұмысқа орналастырылғандардың жалпы санындағы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылғандардың үлес салмағы

ДСӘДМ

деректері




%

79,0

89,8

Көрсеткіш 113,7% орындалды

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1. Жұмыспен қамту картасын қалыптастыру және жаңарту

Қазіргі уақытта, жергілікті атқарушы органдар 2016-2018 жылдарға өңірлердің жұмыспен қамту карталарын қалыптастырды. Жұмыспен қамту карталары нәтижелерінің негізінде 2016-2018 жалдарға арналған Республикалық жұмыспен қамту картасын қалыптастыру жөніндегі жұмыс басталды.

Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі мен құрылымына толық және әділ бағалау жүргізуге мүмкіндік беретін өңірлердің жұмыспен қамту карталарын қалыптастырудың тәртібін жандандыру, еңбек нарығын болжауды және мониторингілеуді жүзеге асыру және еңбек ресурстарына деген сұраныс пен ұсыныстың теңгеріміне жәрдемдесу арқылы жұмыспен қамтуға мұқтаж адамдарды айқындау мен халықты жұмыспен қамту мәселесін тиімді шешу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы әзірленді. Мемлекеттік органдарға 2015 жылғы 11 қарашадағы № 11-2-19/7364-И хатпен келісуге жіберілді.

Болжамды үш жылдың алдын-ала нәтижелері республика бойынша кадрларға болжамды қажеттілік 1071,1 мың адамды, оның ішінде 708,8 мың (66,2 %) тұрақты және 362,3 мың (33,8%) уақытша жұмыс орындарын құрайтындығын көрсетеді. Олардың:

2016 жылы – 370,3 мың (236,6 мыңы тұрақты және 133,7 мыңы уақытша);

2017 жылы – 357,6 мың (237,1 мыңы тұрақты және 120,5 мыңы уақытша);

2018 жылы – 343,1 мың (235 мыңы тұрақты және 108,1 мыңы уақытша).

Болжамды үш жылда еңбек ресурстарының қосымша көздері 2721,5 мың адамды, оның ішінде 2016 жылы - 926,3мың адамды, 2017 жылы – 907,6 мың адамды, 2018 жылы – 887,6 мың адамды құрайды.

Жыл сайын еңбек нарығына жұмыссыздар мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарды ескере отырып, орта есеппен 907 мың адам шығады.



2. Еңбек нарығын дамытудың бесжылдық болжамын әзірлеу және жаңарту

Мемлекет басышысының тапсырмасына сәйкес Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ретроспективалық кезеңде еңбек нарығының жай-күйін талдады және арнайы әзірленген Әдістеменің негізінде 2015-2019 жылдары оны дамыту болжамы қалыптастырылды.

Жалпы картинаны қалыптастырудың үш негізгі көзін пайдалануды болжаған кезде:

1) қысқа мерзімді болжам (бір жылға) – бұл өз қызметін дамыту жөніндегі бизнестің жоспарларын және кәсіпорындарда сауалнама жүргізу арқылы олардың кадрларға іс-жүзіндегі қажеттілігін айқындау;

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 26%-ы ірі бизнесті, және 74 %-ы орта және шағын кәсіпорынды құрайтын 3767 кәсіпорында (613 мың қызметкер жұмыс істейтін) сауалнама жүргізілді. Қысқа мерзімді болжамға сәйкес 2015 жылғы кадрларға қажеттіліктің 95 %-ы кәсіби біліктілігі төмен мамандықтарға келеді. Бұл ретте, осындай кадрларға көп қажеттілік өңдеуші өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына және құрылысқа (73%-ға жуық) қажет.

2) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық болжамының деректерін ескере отырып, қалыптастырылатын ұзақ мерзімді болжам (5 жылға), ол арқылы елдің өңірлері бөлінісінде экономиканың әр түрлі секторында жұмыспен қамтуды айқындауға болады;

Ағымдағы жылы Министрлік Экономикалық зерттеулер әзірлеген динамикалық теңдіктің макроэкономикалық моделінің негізінде республика бойынша еңбек нарығын дамытудың бес жылдық (2015-2019 жылдар) болжамын даярлады. Болжам соңғы бес жылдағы трендтердің талдауын ескере отырып, 133 қызмет, лауазым және кәсіп тобы бойынша экономиканың 19 секторының бөлінісінде жүзеге асырылды.

Аталған болжам бойынша (ұзақ мерзімді болжам) еңбекке деген сұраныстың күтілетін өсімі 2014 жылға қарағанда ағымдағы жылы – 132 мың адамды, ал 2020 жылға қарай (алты жылда) 817 мың адамды құрайды.

Бұл ретте, әлемдік трендке сәйкес қызмет көрсету секторының үлесі өсуде және 2020 жылы 2014 жылғы 60% -бен салыстырғанда барлық жұмыспен қамтылғандар санының 65 % -ын алатын болады.

Сондай-ақ, білікті қызметкерлерге қажеттілік: кадрларға жалпы қажеттілік өнеркәсіптің білікті жұмысшылары - 2015 жылғы 16 %-дан 2020 жылғы 21%-ға дейін, қызмет көрсету саласының қызметкерлері – 11 %-дан 21%-ға дейін, тиісінше операторлар, аппаратшылар және оған ұқсас кәсіптер – 10,5 %-дан 13%-ға дейін өсетін болады.

Болжаудың нәтижелері бойынша өңірлер бөлінісінде еңбекке деген сұрансытың көп өсімі Алматы қаласында (16,7%) және Алматы облысында (24,2%) күтіледі, жиынтығында 21 %-ды немесе 372 мың адам.



3. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманы және бағдарламалық құжаттарды жетілдіру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 жылға арналған жоспарына сәйкес «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді, бұл халықаралық тәжірибемен жинақталған Қазақстанның еңбек нарығындағы заманауи жайттарға және халықты жұмыспен қамту саласындағы жаһандық жаңа сын-тегеуріндерге байланысты. Заң жобасының тұжырымдамасы 2015 жылғы 22 қазанда Үкіметте таныстырылды.

Заң жобасы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен (ӘМ, ҰЭМ, ҚМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, АШМ, БҒМ, ЭМ, ИДМ, СІМ), жергілікті атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен келісілді. Заң жобасы бойынша «Атамекен» ҰКП, «КазЭнерджи» қауымдастығынан және Орнықты дамуға арналған табиғат пайдаланушылардың қазақстандық қауымдастығынан оң сараптамалық қортындылар алынды. Тиісті ғылыми-лингвистикалық, ғылыми-құқықтық, ғылыми-экономикалық саратамалар алынды.

Заң жобасы 2015 жылғы 24 қарашада Премьер-Министрідің Кеңсесіне енгізілді, 2015 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілді және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауында.

Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайды ескере отырып, 2015 жылғы желтоқсанда жұмыс орындарын сақтауға және құруға бағытталған «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарлмасы өзектендірілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1029 қаулысы).



Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында (кемінде 250 адам жұмыс істейтін) біліктілігі жоғары қызметкерлердің жұмыс орындарын сақтау мақсатында жалақының 2/3 –ін уақытша субсидиялау және 80%-ы бюджеттің есебінен және 20%-ы жұмыс берушілердің есебінен қаржыландыру шарттарында жұмыс берушілерге жұмыспен қамтылған қызметкерлерді өндірістен қол үздіртпей қайта даярлау/біліктілігін арттыру үшін гранттар беру тетегі енгізілді.

Бағдарламаға қатысушының жұмыс орынын сақтаған кезде жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша өндірістен қол үзбей немесе үздіртпей 18-ден 24 жасқа дейінгі жастағы жұмыс істейтін жастарды кәсіптік оқыту ұйымдастырылатын болады.



55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмысынан айрылған адамдар үшін жеке кейіннен жұмысқа орналастыру арқылы нысаналы кәсіптік оқыту бағдарламасы көзделген.

2009-2010 жылдардағы Жол картасына ұқсас жаңа жұмыс орындарын құру үшін уақытша жұмыс орындарын құру жөніндегі тиімді шаралардың бірі ретінде инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыруға қаржыландыруды арттыру жоспарлануда.

Барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар шеңберінде іске асырылып жатқан жобалардың әлеуеті барынша қолданылатын болады. Бұл ретте,көрсетілген жобаларға жұмыссыздарды, жұмыстан босатылатын қызметкерлерді жұмысқа орнластыруға «квотаны» 50%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде (қонақүй кешендері, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, такси және басқа салалар) қонақтарға қызмет көрсету шеңберінде қажетті қазақстандық қызметкерлерді оқыту үшін қызмет көрсету саласында қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру арқылы қызмет көрсету саласының кадрларын даярлауға көңіл бөлінді.

Берілетін микрокредиттердің сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған оралмандар мен қоныс аударушылар үшін 5 млн. теңгеге дейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыруға 6 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды



4. ЖЖК 2020 және өңірлерді дамыту бағдарламалары шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына жіберілген адамдарға мемлекеттік қолдау көрсету

2015 жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде 93,4 мың адамды қоғамдық жұмыстарға жіберу бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілді, олардың 56,0 мыңға жуығы ауыл тұрғыны. Әлеуметтік жұмыс орындарына (бұдан әрі – ӘЖО)17,3 мың адам, жастар практикасына (бұдан әрі – ЖП) – 16,1 мың адам жіберілді.

ӘЖО ұйымдастыру үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының шеңберінде 2 989 жұмыс берушімен келісімшарт жасалды, оған сәйкес 2015 жылы халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыз азаматтар қатарындағы 10 431 адам жұмысқа орналасты. Сондай-ақ, 2015 жылы 2014 жылы жұмысқа орналасқандар қатарындағы 2 355 адам жұмысын жалғастырды.

ӘЖО жұмысқа орналасқандардың айлық жалақысының орташа мөлшері 49,4 мың теңгені құрады. ӘЖО-дағы жұмыстарын аяқтағаннан кейін 7 823 адам, 2014 жылы – 2 243 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты.

ЖП ұйымдастыру шеңберінде 4 946 жұмыс берушімен келісімшарттар жасалды, оған сәйкес 10 276 адам жұмысқа орналасты. Бұдан басқа, 2014 жылы жастар практикасына жіберілген адамдар қатарындағы 1435 адам 2015 жылы жұмыссын жалғастырды.

Жастар парактикасын аяқтағаннан кейін 63 %-дан ( 6481 адам) астам адам, жастар практикасын 2014 жылы аяқтағандар қатарындағы 3 934 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты.

Жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеуге жұмсалған шығыстар 1 557,4 млн. теңгені құрады. ҚР ДСӘДМ-ң сайтында «Жастардың еңбек биржасы» порталы құрылды, «Жұмыс» порталында (www.enbek.kz) күн сайын ақпараттар енгізілетін «Жастар практикасы бойынша бос жұмыс орындары», дауыс және бейне байланыс арқылы жұмыс іздеуші мен жұмыс берушінің әңгімелесу мүмкіндігі бар «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» атты айдарлар құрылды. Сондай-ақ, аталған порталдар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламалдарына қатысу қағидалары туралы халықты хабардар ету қамтамасыз етіледі.



5. Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша халықтың хабардар болуын арттыру

Халық арасында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының оң имиджін қалыптастыру, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы азаматтарды хабардар ету деңгейін арттыру, халықтың қатысу деңгейін мен тиімділігін арттыру мақсатында, ДСӘДМ тапсырысы бойынша:

- «Астана», « МИР» теле арналарында (әр қайсысы – 98 реттен) көрсетілген ЖЖК 2020-ға қатысуға бағдарланған үш бейнеролик әзірленген;

- ЖЖК 2020 іске асыру барысы туралы жаңалық сюжеттері (мемлекеттік және орыс тілдерінде 20 сюжет) дайындалы, эфирлерге орналастырылды.

Бұдан басқа, Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру барысы туралы, сондай-ақ Министрлік өткізіп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат тұрақты негізде бұқаралық ақпаракт құралдарында, Министрліктің интернет-ресурсында жарияланды.

Осыған ұқсас жұмыс республиканың өңірлерінде жүргізілді. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға барлығы 51,5 млн. теңге бөлінді.


5-стратегиялық бағыт. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

5.1-мақсат. Көші-қон процесстерін реттеу және басқару тиімділігін арттыру

Аталған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың коды 001, 002, 006, 027, 035



Нысаналы индикатор




  1. 1. Заңды тұлғалар тартатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (ШЖК тартуға арналған квота бойынша )

ДСӘДМ

деректері




%

70

67,7




Көрсеткіш 96,7% орындалды

  1. 2. Жұмысқа орналастырылған оралмандардың үлес салмағы (халықты жұмыспен қамту орындарына жәрдемдесуге жүгінген оралмандар қатарынан)

ДСӘДМ

деректері




%

82

82,9


Көрсеткіш 101,1% орындалды

5.1.1 -міндет. Оралмандарды қабылдау және бейімдеу саласындағы көші-қон процестерін реттеу

Тікелей нәтиже көрсеткіштері

1. Кәсіптік оқытуға жіберілген оралмандардың үлес салмағы (жүгінгендер және жұмысқа орналапағандар қатарынан)

ДСӘДМ

деректері




%

15,3

18,1

Көрсеткіш 118,3% орындалды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет