Мемлекеттік орган


-бөлім. Сыртқы тәуекелдерді басқаруды талдау



бет13/14
Дата25.02.2016
өлшемі1.24 Mb.
#24131
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


6-бөлім. Сыртқы тәуекелдерді басқаруды талдау  


Ықтимал тәуекелдің атауы

Аталған тәуекел әсер етуі мүмкін мақсат

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар қабылданбаған жағдайда болуы ықтимал салдары

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

Орындалмау себептері

1

2

3

4

5

Cыртқы тәуекелдер

Техногендік және экологиялық аппаттар (қатерлер) салдарынан әр түрлі жарақаттардың және аурулардың (оның ішінде инфекциялық) жаппай дамуы

1.1. мақсат.

Аурулар профилактикасының, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі




Халықтың әлеуметтік шиеленісін дамыту

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

Төтенше жағдай кезіндеуақтылы медициналық көмек көрсету




Әлемдiк экономиканың ұзақ мерзiмдi құлдырауы салдарынан экономикалық конъюнктураның нашарлауы

1.4. мақсат. Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру.


Экспорттық бағдардағы кәсiпорындарда жұмыс күшiнiң босатылуы.

Еңбек нарығындағы жағдайға тұрақты негізде жүйелі мониторинг жүргізуді және болжауды қамтамасыз ету.

Қайта құрылымдау, өндіріс көлемін қысқарту және банкроттық салдарынан жұмыс күшінің босатылуы кезінде жұмыспен қамту шараларын жандандыру.

Еңбек көші-қоны саласында екіжақты және көпжақты келісімдер жасау





Ішкі тәуекелдер

2-стратегиялық бағыт. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру

Медицина қызметкерлерінің жалақы деңгейінің төмен болуына байланысты медицина кадрларының кетуі

2.2-мақсат. Білім, ғылым жүйесін жетілдіру және инновациялық технологияларды енгізу

Білікті кадрлардың төмендеуі

Түпкілікті нәтижеге негізделген медицина қызметкерлерінің еңбекақысын төлеудің сараланған жүйесін одан әрі жетілдіру. Басқару әдістерін жетілдіру




Аурулардың халықаралық сыныптау кодтарын негізсіз қолдану және нәтижесінде негізгі себептерден болатын өлім-жітім көрсеткішінің өсуі

1.1 мақсат.

Аурулар профилактикасының, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі



Стратегиялық жоспар мақсаттарының индикаторларына және міндеттерінің көрсеткіштеріне қол жеткізбеу

1. Халықтың өлім-жітім құрылымына, негізгі себептерден болатын өлім-жітімнің өсуі себептеріне талдау жүргізу.

2. Әдіснамалық бақылау жүргізу, осы мәселені ҚЖА-дан болатын өлім-жітімді төмендету бойынша Республикалық штабтың отырысына шығару

3. Статистикалық көрсеткіштердің дәйектілігін қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдардың басшыларына медициналық қызметкерлерге семинарлар өткізу








3-стратегиялық бағыт. Еңбек ресурстарының өсуіне жәрдемдесу

Макроэкономикалық ахуалдың нашарлауы салдарынан балалы отбасылардың жағдайының нашарлауы

3.1.мақсат. Бала тууды ынталандыру

Елімізде бала туудың төмендеуінің салдарынан табысы белгіленген ең төмен күнкөріс шегінен төмен балалы отбасылар үлесінің артуы

1. Балалы отбасылардың жәрдемақыларын кезең-кезеңімен арттыру

2. Балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығын күшейту

Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау кешенінің аясындағы жәрдемақыларды (бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға, мүгедек баланы тәрбиелеушіге арналған жәрдемақы) есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш және жалақының ең төменгі мөлшерi қолданылады. Аталған көрсеткіштер тұтыну тауарлары индексінің өсуіне байланысты жыл сайын ұлғайып отырады. Осылайша, «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес 2015 жылы аталған көрсеткіштер 7 %-ға өсіп, АЕК – 1982 теңгені және ЖЕТМ – 21 364 теңгені құрады.





4-стратегиялық бағыт. Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу


Экономиканың құлдырауы салдарынан жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі

4.1.мақсат. Халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру


Жұмыссыздықтың өсуі.
Кәсіпорындарды қайта құрылымдау, банкроттық және тоқтата тұру салдарынан жұмыс күшінің босатылуы.
Өңірлік еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерiмсiздiгi.

Жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен айналысатын азаматтардың Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іс-шараларымен аз қамтылуы



ЖАО бірлесіп:

1. жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты мемлекеттік органдармен реттеу

2. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты реттеу үшін өңірлердің жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және іске асыру





5-стратегиялық бағыт. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

Біліктілігі төмен еңбек мигранттарын көбейту (бірінші басшыларға және оның орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, мамандарға және білікті жұмысшыларға жатпайтындар) (соңғы 3 жылда орташа көрсеткіштер 50%-дан асуы)



5.1. мақсат. Көші-қон процестерін басқару және реттеу тиімділігін арттыру

Еңбек нарығындағы бәсекеге қабiлеттiлiктiң артуы. Қазақстандық азаматтардың мүдделерiнiң және еңбекші көшіп-қонушылардың құқықтарының бұзылуы.

Қатерлердің пайда болуы мен нәтижелердің себептерінің талдауы

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметіне жеке тұлғалардың үй шаруашылығында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына келген еңбек көшіп-қонушыларына квоталауды енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу мен енгізу;

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбек көшіп-қонушыларына рұқсат алуға алым мөлшерлемесін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу мен енгізу;

3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне үшінші және төртінші санаттар бойынша, сондай-ақ маусымдық шетел қызметкерлеріне квотаны қысқарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мен енгізу.




6- стратегиялық бағыт. Азаматтардың еңбек құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету


Қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылу деңгейінің өсуі

6.1.мақсат. Еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау жағдайларын жақсарту

Жалақы бойынша берешек, еңбек және демалыс режимін сақтау, жұмысқа қабылдау, еңбекақы төлеу кезіндегі кемсітушілік және т.б.

2016 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша ұжымдық шарт жүйесімен 66,9 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпкерліктің 36,5% қамтылған. Бұл ретте ірі және орта кәсіпорынның 93,1%-ында ұжымдық шарт жасалған.

2015 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлар 42881 қызметкер алдында 5,46 млрд. теңгеден астам берешегі бар 1217 кәсіпорынды анықтады. Осы кәсіпорындардың басшылығына орындалуы міндетті 1242 нұсқама беріліп, 108,7 млн. теңгені құрайтын сомада айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 42113 қызметкердің құқығы қорғалып, оларға 4,8 млрд. теңге төленді.

Өңірлік дағдарысқа қарсы штабтардың мәліметтеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 275,7 млн. теңге мөлшерінде жалақы берешегі құрады. Жалақы берешегі Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында бар.

Аталған кезеңде Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында жалақы берешегі жоқ





Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласындағы, оның ішінде ескірген жабдықтарды, техника мен технологияны пайдаланумен байланысты бұзушылықтардың өсуі

Еңбек ету қабілетінен айрылу кәсіптік қатерінің туындауы (өндірістегі жазатайым оқиғалар, кәсіптік аурулар).
Өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың өсуі

2016 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша республикада еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша 1463 халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілді, оның ішінде халықаралық стандарттар OHSAS 18001 тау-кен металлургия саласының 19 кәсіпорындарында және көмір саласының 3 кәсіпорындарында енгізілді.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайын жақсарту мақсатында келесі жұмыстар жүргізілді.

- Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы нақтыланған және еңбек заңнамасын бұзғандығы үшін жазалар түрлері қарастырылған жаңа «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі;

- Еңбек саласындаға құқық бқзушылықтар үшін күшейтілген жауапкершілік қарастырылған жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қабылданды.







7-стратегиялық бағыт. Халықтың әл-ауқатының артуына жәрдемдесу


Халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу деңгейінің төмендеуі

7.1.мақсат. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру

Зейнетақының және әлеуметтік қамсыздандыру деңгейінің төмендігі.
Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырудың барабар болмауы

1. Халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуын ынталандыру.

2. ЖЗҚ қатысушыларының санын жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру арқылы көбейту.




Мыналардың:
зейнетақының және әлеуметтік төлемдердің сатып алу қабілетінің;
ЖЗҚ зейнетақы жинақтары мен МӘСҚ активтері деңгейінің төмендеуі





Зейнеткерлер мен әлеуметтік төлем алушылар арасында кедейлік деңгейінің өсуі

1. Зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру.

2. ЖЗЖ-нің инвестициялық қызметінің және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру




Әлеуметтік көмек пен қолдау шараларының тиімсіздігі

Әлеуметтік шиеленістің туындауы

Әлеуметтік көмек көрсету мен қолдаудың қолданыстағы тетіктерін жетілдіру




8-стратегиялық бағыт. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің балама нысандарының дамымауы

8.1. мақсат. Әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қолжетiмдiлiктiң болмауы

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің балама нысандарын дамыту және әлеуметтік қызметтер желісін кеңейту

ҚР Мемлекет Басышысының тапсырмасын орындау асында атаулы әлеуметтік көмек көрсету идеологиясын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2014 жылдан бастап АӘК-тің жаңа тәсілдері пилоттық режимде республикалық бюджет қарадаты есебінен Ақмола, Шығыс-Қазақстан және Жамбыл іске асырылуда.

Жобаның мәні еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамту бағдарламаларында және әлеуметтік келісімшарт жасау шартымен әлеуметтік көмекті ұлғайтылған көлемде алу мүмкіндігінде.

Өткен жылы жобаға 3 мың отбасы қатысты. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 3930 адам немесе «Өрлеу» пилоттық жобасының еңбекке қабілетті қатысушыларының жалпы санынан 90% тартылды.

2015 жылғы 1 шілдеден бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен пилот аумағы 38 пилоттық аудандар мен қалаларға кеңейді.

2016 жылы АӘК жаңа тәсілін енгізуді пилоттық режимде елдің барлық аудандарында жүргізу жоспарлануда. Бұл мақсатқа келесі жылға 1,4 млрд.теңге қарастырылды.

Жобаның жаңа тәсілдері (төлемдердің шарттылығы қағидасы) бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленген Мемлекет басшысымен а.ж. 28 қазанда қол қойылған және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңының негізіне алынды.








6. Талдамалық жазба
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында мақсаттар, міндеттер және қызметтің бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауларына (2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2012 жыл 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «"Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»), Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына негізделген.

Осыған байланысты, алдағы мерзімдегі Министрлік жұмысының негізгі бағыттары ретінде мыналар айқындалған:

-азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету;

- денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру;

– еңбек ресурстарының өсуіне жәрдемдесу;

– жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу;

– халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

– азаматтардың еңбек құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету;

– халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу;

– халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру .


I. Стратегиялық бағыт:

Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету
Денсаулық сақтау саласындағы жоспарлы жүргізілген жұмыс халықтың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (бұдан әрі – ТМККК) қолжетімділігін жақсартуға, науқастарды диспансерлеудің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасында 2008 жылдан бастап Әлеуметтік мәні бар ауруларды профилактикалау мен ерте анықтауға бағытталған Ұлттық скринингілік бағдарлама іске асырылуда. 2014 жылдың қорытындысы бойынша (алдын ала деректер бойынша) 2,4 мың адамды қамти отырып, 7,6 мыңнан астам скринингілік зерттеу жүргізілді, 240 мыңнан астам науқас анықталды, скринингілік зерттеулердің тиімділігі 10%-ды құрады, сауықтыру және кейіннен бақылау мақсатында 230 мынан астам адам диспансерлік есепке алынды.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде профилактикалық қызметке және саламатты өмір салтын қалыптастыруға назар аударуды көздейтін, құрамында 2,1 мыңнан астам әлеуметтік қызметкері мен 700-ден астам психологы бар әлеуметтік-психологиялық көмек қызметі жұмыс істейді.

2014 жылы 3 нозология – артериялық гипертензия, қант диабеті мен жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бойынша созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарламаларын (АББ) енгізу (Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары) жалғасты. ИЕА-лар дәрігер мен пациенттің арасындағы әріптестік қатынастарға негізделген, оның мақсаты медицина қызметкері мен пациенттің арасында денсаулыққа жауаптылықты бөле отырып, пациенттік бағдарланған үлгіні құру болып табылады, бұл ретте созылмалы инфекциялық емес аурулардың асқынуларының алдын алу, шығыстарды төмендету, дәрілік препараттарды пайдалану тиімділігін ұлғайту күтілетін нәтижелер болып табылады. Үйлестіру кеңесі құрылды, 2014 жылғы желтоқсанда бірінші отырыс өтті. Жұмыс жалғасуда.

Азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін заңнамалық бекіту мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына тек азаматтардың ғана емес, сондай-ақ жұмыс берушілердің де денсаулық сақтауға ортақ жауапкершілігін (міндетті медициналық тексеріп-қараудан, ТМККК шеңберінде

профилактикалық тексеріп-қараудан өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеу, жұмыс берушілердің профилактикалық тексеріп-қараудан өту үшін жағдайлар жасауы) арттыруға бағытталған нормалар енгізілді.

Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде клиникалық хаттамалар (КХ) жетілдіріледі, 2014 жылы 255 КХ негізгі басым бағыттар бойынша қайта қаралып, әзірленді. ҚР азаматтарының ұрпақты болу денсаулығын нығайту жөніндегі жол картасы жіті коронарлық синдроммен және ми инсульттарымен ауыратын науқастарға медициналық оңалтуды, медициналық көмекті жетілдіру және дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру жалғасуда.

МСАК ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыс жалғастырылуда, 2014 жылы бұл мақсаттарға стационарлық және жылжымалы рентгенаппараттарды, флюорографтарды сатып алу үшін 206,9 млн. теңге бөлінді.

Медицинаның профилактикалық бағыттылығын күшейту үшін республикада 4,3 мыңнан астам денсаулық мектебі, 101 темекіге қарсы орталық ашылды. Одан басқа, МСАК ұйымдарының және саламатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының базасында 87 Жастар денсаулығы орталығы құрылып, жұмыс істейді, оған 298,8 мыңнан астам адам жүгінді. Жастардың жалпы санынан Жастар денсаулығы орталығының қызметімен қамтылған жастардың үлесі 2014 жылы 6,8% құрады. Бұл ретте, ЖДО-да 487,1 мыңнан астам саламатты өмір салты және аурулардың профилактикасы аспектілері бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Қазіргі таңда елде тиімді кардиология және кардиохирургия қызметі құрылды. Өңірлерде кардиохирургиялық орталықтарды құру және даярланған мамандардың болуы кардиохирургиялық операциялардың санын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік берді. Өткен 2014 жылы республикада 70,0 мыңнан астам кардиохирургиялық операция және интервенциялық араласу (2013 ж. – 60,0 мың) жүргізілді, бұл 10,0 мыңға немесе 16,6 %-ға артық.

Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде елдің барлық өңірінде 40 инсульт орталығы (бұдан әрі – ИО) құрылды. ИО мультитәртіптік бригадаларының мамандары, невролог дәрігерлер, терапевтер/ЖПД оқытылды. Ана, нәресте өлімін және қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлімді төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабтың отырыстары өткізіледі.

Жіті коронарлық синдроммен (бұдан әрі – ЖКС) және ЖМКЖ-пен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін соңғы халықаралық ұсынымдарға сәйкес ЖКС/ЖМКЖ-пен ауыратын науқастарды емдеу алгоритмдерін енгізу жүзеге асырылып жатыр. ҚАЖ бойынша 11, ми инсульті бойынша 4 емдеу хаттамасы әзірленді.

Қабылданған шаралар ҚАЖ сырқаттанушылық көрсеткішін тұрақтандыруға мүмкіндік берді, ол 2013 жылғы 2463,1-ге қарағанда 2014 жылы 100 мың адамға шаққанда 2430,2-ні құрады. 100 мың адамға шаққандағы өлім көрсеткішінің 2013 жылғы 207,4-тен 2014 жылғы 168,41-ге дейін төмендеуі байқалады.

Астана, Алматы, Ақтөбе және Семей қалаларында радиациялық онкологияның жоғары технологиялық орталықтарын жарақтандыру үшін 10,4 млрд. теңге сомасына заманауи радиологиялық жабдықтар (сызықтық жылдамдатқыштар, компьютерлік томографиялар) сатып алынды. Қазіргі таңда сатып алынған жабдықтарды инсталляциялау жүргізілуде. Бұл орталықтарды 2015 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Семей қаласындағы Өңірлік онкологиялық диспансердің базасында ядролық медицина корпусының (бұдан әрі – Семей қаласындағы ПЭТ орталық) құрылысы аяқталуда.

Заманауи технологияларды енгізу жалғасуда. Онкология және радиология ҒЗИ базасында (бұдан әрі – ОжРҒЗИ) сүт безін эндопротездеу, дауысты протездеу операциялары жасалады (2014 жылы – 120 аса операция, 2013 жылы – 90).

Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде онкологиялық көмекті дамытуға бағытталған іс-шаралар жалғастырылуда. Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықты құру бойынша «Назарбаев Университеті» ДБҰ стратегиялық әріптесі болып Питтсбург университетінің медициналық орталығы, АҚШ (University of Pittsburgh Medical Center) (бұдан әрі – UPMC) белгіленген. ҰҒОО жобалау және салу бойынша Бас мердігер айқындалды, медициналық және технологиялық жабдықтар бойынша барлық құрылыс-монтаждық және іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтау 2016 жылдың IV тоқсанына, пайдалануға беру – 2017 жылдың І тоқсанына жоспарланған. Жұмыс жалғасуда.

Онкологиялық қызметті дамытудың маңызды бағыттарының бірі тиімді дәрілік терапияны жүргізуге мүмкіндік беретін иммуногистохимиялық зерттеу жүргізу болып табылады. 3 референс-орталықта және онкологиялық диспансерлердің патоморфологиялық зертханаларын 2014 жылдың 9 айында 12 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. 2014 жылдан телепатология үшін онкодиспансерлерді жабдықтармен жарақтандыру басталды, диагноздарды растау және емдеу тактикасын айқындау үшін ОжРҒЗИ және референс орталықтармен қашықтықтан консультациялар өткізуге мүмкіндік береді.

Германия мамандарымен бірлесіп Қазақстан Республикасына бейімделген балалардағы онкоаурулардың диагностикасы мен емдеудің 14 клиникалық хаттамасы әзірленіп, бекітілді. Сүйек кемігінің аллогенді және аутологиялық трансплантациясы сияқты диагностика мен терапияның инновациялық әдістерінің жаңа тәсілдері енгізілді. «Бурабай» республикалық балаларды оңалту орталығы және «Алатау» республикалық балалар санаторийі базасында балалар үшін химиотерапияның қарқынды курсынан және қолдау терапиясынан кейінгі оңалту көмегі ұйымдастырылды.

Балалардағы онкологиялық және гематологиялық аурулардың ерте диагностикасын ұйымдастыру үшін 2014 жылы республиканың шалғай өңірлерінен 1560 педиатр және жалпы практика дәрігері оқытылды (2013 жылы – 700).

Алдыңғы қатарлы технологияларды меңгеру мақсатында шетелде онкология, соның ішінде балалар онкогематологиясының өзекті мәселелері бойынша онкоқызметтің 100-ден аса маманы оқытылды. Бұдан басқа Семей қаласының өңірлік онкодиспансерінің инженерлері шетелде арнайы желдеткішке қызмет көрсету және радиофармпрепараттарды шығаруды ұйымдастыру және циклотронға қызмет көрсету мәселелеріне оқытылды.

Қабылданған шаралар қатерлі ісіктерді анықтауды жақсартуға мүмкіндік берді, есепті кезеңге сырқаттанушылық 2 %-ға өсті және 100 мың адамға шаққанда 2013 жылғы 193,9-ға қарағанда 197,7-ні құрады. Бұл ретте ерте сатыда анықталған қатерлі ісіктердің үлес салмағы 2013 жылғы 55,1%-ға қарағанда 55,4 %-ға дейін өсті.

Республика бойынша қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші (ҰЭМ Статистика комитетінің 2014 жылғы деректері бойынша) 100 адамға шаққанда 2013 жылғы 99,49-ға қарағанда 7,7 %-ға төмендеп, 91,79-ды құрады.

Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай іс-шаралар кешенінің тиімді орындалуының нәтижесінде тұрақтанды.

Халықтың туберкулезбен сырқаттанушылығы 100 адамға шаққанда 2013 жылғы 73,4-ке қарағанда 9,5 %-ға төмендеп, 66,4-ті құрады. Барлық облыстарда төмендеу байқалады. Орта республикалық деңгейден жоғары туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші Атырау (84,8), Солтүстік Қазақстан (80,2), Ақмола (77,6), Қызылорда (76,5), Қостанай (76,3), Қарағанды (71,6), Шығыс Қазақстан (71,3), Маңғыстау (71,3), Павлодар (69,9), Ақтөбе облыстарында (68,9) байқалады.

Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші де 100 мың адамға шаққанда 2013 жылғы 5,6-ға қарағанда 16 %-ға төмендеп, 4,7-ні құрады. Орта республикалық деңгейден жоғары өлім-жітім көрсеткіші Қарағанды (8,2), Шығыс Қазақстан (6,5), Қостанай (5,8), Павлодар (5,4), Қызылорда (5,2), Солтүстік Қазақстан (5,2), облыстарында және Алматы қаласында (5,2) байқалады.

Әлеуметтік тұрғыдан маңызы бар аурулардың диагностикасы мен емдеу стандарттарын жетілдіру мен енгізу шеңберінде ДСӘДМ бұйрығымен (2014 жылғы 22 тамыздағы № 19) көптеген және ауқымды дәріге тұрақты туберкулезбен ауыратын науқастарды (бұдан әрі - К/АДТ ТБ) емдеу схемалары мен режимдері, сондай-ақ науқастардың туберкулезге бактериологиялық зерттеп-қаралу алгоритмі бекітілді.

Динамикада туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік қолдау көрсетудің ұлғаюы байқалады. Сонымен 2014 жылы осы көрсетілген мақсаттарға республика бойынша 553,6 мың теңге (2013 жылы - 403,2) бөлінді, туберкулезге қарсы іс-шараларды қаржыландырудың жалпы сомасынан әлеуметтік көмекке бөлінген бюджеттің үлес салмағы ДДҰ ұсынған 4 % стандарт жағдайында 2013 жылы 1,1 %-дан, 2014 жылы 1,6 %-ға ұлғайды. Пенитенциарлық жүйедегі туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай Ішкі істер министрлігінің ерекше көңіл бөлуін талап етеді, онда сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіштері азаматтық сектордағы көрсеткіштерден жоғары болып отыр.

Мемлекеттік бағдарлама іс-шаралары шеңберінде ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен (бұдан әрі – ҚАЖ) туберкулезбен ауыратын науқастар босатылған жағдайда ведомствоаралық өзара іс-қимыл механизмі жетілдірілді. Бұдан басқа, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Қылмыстық-атқару кодексінде көзделген жазасын өтеу кезеңінде емдеудің толық курсын өтпеген туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын босатылған адамдарды мәжбүрлеп емдеу туралы норма күшіне енді.

2013 жылмен салыстырғанда жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен уланулардың саны 100 мың адамға шаққанда 3575,3-тен 2014 жылы 3280,2-ге дейін төмендеді.

Өлім-жітім себептерінің құрылымында жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен уланулар 3 орында, 2014 жылы осы көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 2013 жылғы 95,85-пен салыстырғанда 87,86-ны құрады. Осы көрсеткіштердің салыстырмалы жоғары мәні елдің индустриалды дамыған өңірлерінде басым екені байқалады.

Психикалық және мінез-құлықтық бұзылулармен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2013 жылғы 90,5-ке қарағанда 59,0-ге дейін төмендеді. Психикалық және мінез-құлықтық бұзылулармен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2013 жылғы 90,5-ке қарағанда 59,0-ге дейін төмендеді.

Психикалық және мінез-құлықтық бұзылулардың сырқаттанушылығы психикаға белсенді әсер ететін заттарды (бұдан әрі - ПБЗ) тұтынумен байланысты, сонымен қатар төмендеу үрдісі де бар және 100 мың адамға шаққанда 2013 жылғы 278,2-ге қарағанда 241,6-ны құрады.

2014 жылдың қорытындысы бойынша республикада инфекциялық аурулардың басым көпшілігі бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Вакцинациялау халықтың инфекциялық сырқаттанушылығын төмендету бойынша ең тиімді және экономикалық тұрғыдан да тиімді профилактикалық іс-шаралардың бірі болып қалуда. Осылайша есепті кезеңде А вирусты гепатитіне қарсы вакцинациямен 427,0 мыңнан аса адам, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың 413,0 мыңнан астамы қамтылған, В вирусты гепатитіне қарсы 1 жасқа дейінгі 365,4 мың бала егілді.

Ана мен бала денсаулығын сақтау негізгі басым бағыттардың бірі болып табылады. Министрлік ана мен нәресте өлім-жітімін төмендету бойынша жүйелі шаралар шеңберінде мынадай іс-шараларды жүргізуде:

- жүкті, қиын босанатын және босанған әйелдердің жағдайларына күнделікті мониторинг жүргізу;

- өңірлендіру қағидаты бойынша жүкті және босанған әйелдерге көмек көрсету;

- әйелдер, балалар мен жасөспірімдер денсаулығын сақтау саласында ДДҰ ұсынған тиімді технологиялар енгізілуде – ана болу қауіпсіздігі, балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу (бұдан әрі – БШАЫЕ), емшек сүтімен қоректендіру стратегиясы және жасөспірімдер мен жастарға деген достық қарым-қатынас бағдарламалары;

- халықаралық талаптарға сәйкес диагностика және емдеу хаттамаларын, алгоритмдерін әзірлеу және жетілдіру, 77 клиникалық хаттама, оның ішінде педиатрия бойынша 55, акушерия және гинекология бойынша 22 клиникалық хаттамасы жетілдірілді. 0 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға педиатриялық көмек көрсету және Қазақстан Республикасының халқына акушерлік көмек көрсету стандарттарының, сондай-ақ 42 клиникалық хаттаманың жобалары бекітілу сатысында;

- балаларды, жасөспірімдерді және жүкті әйелдерді тегін негізде дәрілік заттармен қамтамасыз ету;

- саламатты тамақтану, балалардағы аурулардың бастапқы белгілері туралы, емшек сүтімен қоректендірудің маңыздылығы туралы және т.б. мәселелер бойынша ақпараттық-білім беру материалы әзірленуде. «Профилактикалық медицина академиясы» ҚБ-мен бірлесіп 5 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру бойынша оқу фильмі түсірілді, басым көпшілігі ана мен бала денсаулығын сақтауға бағытталған әлеуметтік жобалар іске асырылуда.

Балалар церебралды параличімен ауыратын науқас балаларға оңалту көмегін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі Жол картасын іске асыру жалғасуда (2014 жылғы 20 мамырдағы № 275 бұйрық).

Қазақстанда жұмыс істеп тұрған ресми аудитпен қатар 2009 жылдың қаңтарынан бастап ДДҰ ұсынған ана өлім-жітімі жағдайларының жасырын аудитін енгізу жалғасын тапты. 2014 жылы 3 өңірде ауыр жағдайлардың аудитін жүргізу бойынша оқытудың 3 көшпелі тренингі өткізілді, 77 маман оқытылды.

Республикада Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің оқу базаларында, БШАЫЕ, емшек сүтімен қоректендіру, педиатрларға, жалпы практика дәрігерлеріне, фельдшерлер мен орта медицина қызметкерлеріне арналған өңірлік оқу орталықтарының базаларында оқу жалғасуда. Есепті кезеңде 1620 педиатр, 780 жалпы практика дәрігері, 1809 фельдшер, 3037 медицина қызметкері оқытылды.

Балалар мен босандыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын заманауи медициналық жабдықтармен нығайту көмек көрсету деңгейіне сәйкес жүзеге асырылуда,

2014 жылы 1 деңгейлі перзентханалардың жарақтандырылу деңгейі 61%-ды, 2 деңгейде -70%-ды, 3 деңгейде - 71%-ды құрады.

Қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде ана мен нәресте өлім-жітімі тұрақты төмендеді. Ана өлімінің көрсеткіші 6,3 %-ға төмендеді және 100 мың тірі туғандарға шаққанда 11,8-ді құрады (2013 ж. – 12,6). Нәрестелер өлім-жітімнің көрсеткіші 1000 туғанға шаққанда 2013 жылы 11,3-ке қарағанда 13%-ға төмендеп, 9,83-ті құрады.
Бірінші бағыт бойынша Министрліктің жұмысы «Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету» стратегиялық жоспарда 14 нысаналы индикаторда және 24 тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде ұсынылған, олардың ішінде 2014 жылдың қорытындысы бойынша

1. 3 нысаналы индикаторға қол жеткізілген жоқ:

- туберкулездің позиция (11 орында сақталған) және АИТВ/ЖИТС-тің бизнеске ортамерзімдік әсері бойынша БЖИ позициясы 76 орыннан 81 орынға төмендеді. Көрсеткіштер мәні сауалнама жүргізу әдісімен айқындалады, яғни субъективті болып табылатын, еркін түрде таңдалған кәсіпорындардың жұмыс берушілеріне жүргізілген сауал деректері пайдаланылды.

Бұл ретте Қазақстанның рейтенгтегі позициясын жақсарту жұмысын жалғастыра отырып, Бизнес-құрылымдардың туберкулезді профилактикалау, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша хабардарлығын арттыу мақсатында бизнес-құрылымдар арасында ақпаратты тарату үшін үкіметтік емес ұйымдарды тарту жоспарланған. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде туберкулездің алдын алу бойынша бағдарламаларды, бейне-аудиороликтерді прайм-тайм режимінде эфирден көрсету уақытын ұлғайту, орта, жоғары және орта арнаулы білім беру ұйымдарында туберкулез бен АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу көзделіп отыр.

Сондай-ақ, «Мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындығы бойынша БЖИ позициясы» көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ, БЖИ деректері барлық ОМО стратегиялық жоспарларында көзделгенін атап өткен жөн.

2. «Күтілетін өмір сүру ұзақтығы» деген 1 индикатор бойынша деректер жоқ. 4 индикатор және 14 тікелей нәтиже көрсеткіштер бойынша алдын ала деректер бар. Сондай-ақ «Халық арасында темекіні тұтынудың таралуы», «Халық арасында алкогольді шектен тыс тұтынудың таралуы» деген 2 тікелей нәтиже көрсеткіштер бойынша деректер жоқ.

3. «Қатерлі ісіктері бар науқастардың 5-жылдық өміршеңдік үлес салмағын арттыру» деген 1 тікелей нәтиже көрсеткіші бойынша орындау деңгейі 99,2 %-ға жетті.
Осылайша, толық деңгейдегі есепті күнінге (алдын ала деректерді есепке ала отырып), 13 нысаналы индикатор мен 22 тікелей нәтижелер көрсеткіштері бар олардың ішінде 9 нысаналы индикатор мен 22 тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне (олардың ішінде біреуі 99 %-дан жоғары деңгейде) нақты қол жеткізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет