Мемлекеттік санитариялық-эпидемиоло­гиялық



бет2/4
Дата23.02.2016
өлшемі377.5 Kb.
#7702
1   2   3   4

ТАЛОН
1. Сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі:_____________________________________

__________________________________________________________________________

2. Қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары:_______________________________

__________________________________________________________________________

3. Құжаттарды қабылдау күні (уақыты), кіріс №_________________________________

__________________________________________________________________________

4. Мемлекеттік қызметті алу күні және орны____________________________________

__________________________________________________________________________

5. Құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның Т.А.Ә., қолы, байланыс телефондары_____________________________________________________

_______________________________________________________________________________


_________________________

«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиоло­гиялық

қадағалау объектісінің халықтың

санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы

саласындағы нормативтік құқықтық актілерге

және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі

(сәйкес еместігі) туралы санитариялық-

эпидемио­логиялық қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет көрсету стандартына

4-қосымша



Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні 


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдық мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжат тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)




 




2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)







 

3. Қолжетімділігі

3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен бастап тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылығы

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)









___________________________



Мемлекеттік санитариялық-эпидемиоло­гиялық

қадағалау объектісінің халықтың

санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы

саласындағы нормативтік құқықтық актілерге

және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі

(сәйкес еместігі) туралы санитариялық-

эпидемио­логиялық қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет көрсету стандартына

5-қосымша

_______________________

(мемлекеттік органның атауы)

ТАЛОН

құжаттың қабылданғаны туралы
Кіріс № ____________________________

Құжатты қабылдаған:_________________________

(қабылдау бөлмесі маманының Т.А.Ә.)

_________________________________________

(қолы)

20 _ жылғы «_______»_____________________


Байланыс телефондары: ____________________
_________________________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



«Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және қызметтерге

санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет):

1) мына мекенжай бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс, тел. 8 (7172) 74-32-87, 74-30-66, интернет-ресурстың мекенжайы: www.mz.gov.kz.



Сараптама нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны Комитет мынадай:

елде аналогтары жоқ, жеткілікті зерделенбеген жаңа технологиялары бар өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді салу және қайта жаңғырту;

І және ІІ қауіптілік сыныбының өнеркәсіптік объектілері және санитариялық сыныптамаға енгізілмеген, сондай-ақ елде аналогтары жоқ, жеткілікті зерделенбеген жаңа технологиялары бар өндірістер үшін қоршаған ортаға рұқсат етілген шекті шығарындылар мен рұқсат етілген шекті төгінділерді және физикалық факторларды белгілеу және түзету бойынша құжаттамалар;

І және ІІ қауіптілік сыныбының өнеркәсіптік объектілері және санитариялық сыныптамаға енгізілмеген, сондай-ақ елде аналогтары жоқ, жеткілікті зерделенбеген жаңа технологиялары бар өндірістер үшін санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету бойынша құжаттамалар;

шикізаттың және тамақ өнімдерінің жаңа түрлеріне арналған стандарттар мен нормативтік құжаттар;

дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарына, медициналық иммундық-биологиялық препараттарға арналған стандарттар мен нормативтік құжаттар жобаларына береді;

2) осы стандартқа 1-қосымшада, сондай-ақ www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан Комитеттің облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, көліктегі департаменттері (бұдан әрі – Комитеттің департаменттері) көрсетеді.

Сараптама нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны Комитеттің департаменттері мынадай:

республикалық бюджеттен және (немесе) шетелдік капиталдың қатысуымен қаржыландырылатын өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді салу және қайта жаңарту жобаларына;

барлық қауіптілік сыныптарының өнеркәсіптік объектілері және осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгеннен басқа өндірістер үшін қоршаған ортаға рұқсат етілген шекті шығарындылар мен рұқсат етілген шекті төгінділерді және физикалық факторларды белгілеу және түзету бойынша құжаттамалар жобаларына;

барлық қауіптілік сыныптарының өнеркәсіптік объектілері және осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгеннен басқа өндірістер үшін санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету бойынша құжаттамалар жобаларына;

сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғаныш аймағын түзету (қысқарту немесе үлкейту) бойынша құжаттамалар жобаларына;

азық-түлік шикізатына, өнеркәсіп бұйымдарына, құрылыс материалдарына, иондаушы сәуле­лену көздеріне, химиялық заттар мен өнімдерге, биологиялық, дәрілік, азық-түлік шикізатымен, тамақ өнімдерімен және ауыз сумен жанасатын ыдыс­тарға, буып-түйетін және полимерлік материал­дарға, парфюмерлік-косметикалық және басқа да кең тұтынылатын тауарларға, жабдықтарға, аспаптар мен жұмыс құрал-саймандарына арналған стандарттар мен нормативтік құжаттардың жобаларына береді;

3) www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан Комитет департаменттерінің аумақтық бөлімшелері (аудандық, қалалық) (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) көрсетеді.

Сараптама нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны аумақтық бөлімшелер аумақтық тиістілік қағидаты бойынша мынадай:

өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді салу және қайта жаңарту жобаларына;

сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғаныш аймақтары құжаттамалары жобаларына;

геологиялық зерттеулерге арналған құжаттамалар жобаларына;

елді мекендер құрылысын жоспарлау жобаларына;

жұмыстар мен қызметтерге береді.

Мемлекеттік қызметті Комитет және Комитеттің департаменттері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тапсырмалары бойынша орындалатын мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ төменде тұрған органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуіне шағымды қарау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында белгіленген шектеулерге сәйкес көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 35) тармақшасы, 62-бабының 8-тармағы, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабы, «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мына: www.mz.gov.kz интернет-ресурсында, ресми ақпарат көздерінде, Комитеттің, тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің департаменттерінің, тізбесі www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген аумақтық бөлімшелердің ғимараттарында орналастырылған стенділерде, үлгілері ілінген ақпараттық тақталарда орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Комитеттің, Комитет департаментінің немесе аумақтық бөлімшенің ресми бланкісінде ресімделген (қағаз тасымалдағышта) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 62-бабының 8-тармағында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 838 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесі мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесінде көрсетілген объектілерге көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандартқа 2-қосымшада айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап – 15 жұмыс күні;

2) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу кезінде құжаттарды тапсыру үшін күтудің бір адамға барынша жол берілген уақыты 30 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты 30 минуттан аспайды.

Лауазымды адамдар тарапынан осы тармақтың ережелерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделеді.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері күнделікті сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін ұсынылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Қабылдау алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетілмей, «бір терезе» қағидаты бойынша кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Комитетте, Комитет департаменттерінде және аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған орындар, қауіпсіздік талаптарына жауап беретін үй-жайлар, күту және құжаттарды толтыру орындары болады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалған. Осы орындар қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің үзінділері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай:

1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізуге өтінішті;

2) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.

Ұсынылатын құжаттардың осы тізбесі соңғы тізбе болып табылады.

Осы стандартқа 3-қосымшада көзделген құжаттардың тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда, Комитет, Комитеттің департаменті немесе аумақтық бөлімше құжаттар тапсырылған сәттен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы жазбаша хабарлайды.

12. Осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің нысанын Комитеттің, Комитет департаментінің немесе аумақтық бөлімшенің уәкілетті лауазымды адамынан немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

13. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштің толтырылған нысанын және қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы Комитеттің, осы стандарттың 1-тармағында және 1-қосымшасында және www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген байланыс деректері бойынша Комитет департаменттерінің немесе аумақтық бөлімшелердің кеңселеріне «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынады.

14. Мемлекеттік қызметті алушыға:

1) сұралатын мемлекеттік қызмет түрін;

2) қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;

3) кұжаттарды қабылдау күнін (уақытын);

4) тікелей өтініш берген тұлғаға немесе оның ресми сенімді тұлғасына (өкіліне) мемлекеттік қызметті алу күнін және орнын;

5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысанда талон беріледі.

15. Жобаларға, өнімге, жұмысқа және қызметке жүргізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беру тікелей өтініш берген адамға немесе ол туралы тиісті қолхат толтырылатын оның ресми сенімді тұлғасына (өкіліне) жүзеге асырылады.

16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар пакетінің толық ұсынылмауы;

2) егер жобалар, өнім, жұмыс және қызмет санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісі болып табылмаса.

Комитет, Комитеттің департаменті және аумақтық бөлімше мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы мемлекеттік қызметті алушыға (күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде) жазбаша хабар береді.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Комитеттің, аумақтық бөлімшенің мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдары өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:



1) кішіпейіл болу, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және оны пайдаланбау;

2) сыпайы және әдепті болу;

3) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салуға жол бермеу, белгіленген мерзімде олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

4) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.


 

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.



19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 



5. Шағымдану тәртібі

 

20. Мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 1-тармағында және 1-қосымшасында, www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген Комитеттің, Комитет департаментінің және аумақтық бөлімшенің уәкілетті лауазымды адамы әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға жәрдем көрсетеді.



21. Комитет көрсеткен мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым мына: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, № 5 кіреберіс, телефон: 8(7172) 74-32-40, № 1003 кабинет, интернет-ресурс: www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің атына беріледі.

Комитет және Комитеттің департаменттері көрсеткен мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым осы стандарттың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мекенжай бойынша Комитет төрағасының атына беріледі.

Комитеттің департаменттері және аумақтық бөлімшелері көрсеткен мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша Комитеттің департаментінің басшылығының атына беріледі.

22. Комитеттің уәкілетті лауазымды адамдары дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Комитет басшылығыының атына беріледі, оның мекенжайы мен жұмыс кестесі осы стандарттың 9 және 24-тармақтарында көрсетілген, № 1144 кабинет.

Комитет департаментінің уәкілетті лауазымды адамдары дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Комитет департаментінің басшылығының атына беріледі, оның мекенжайы мен жұмыс кестесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

Аумақтық бөлімшенің уәкілетті лауазымды адамдары дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым аумақтық бөлімшенің басшылығының атына беріледі, оның мекенжайы мен жұмыс кестесі www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағым жазбаша еркін нысанда не қолма қол мына мекенжайдағы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс, тел. 8(7172) 74-30-66, Комитеттің кеңсесіне беріледі. Комитет департаменттерінің мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. Аумақтық бөлімшелердің мекенжайлары www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

25. Қабылданған шағым Комитеттің, Комитет департаменттерінің немесе аумақтық бөлімшелердің кеңселеріндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі.

Мемлекеттік қызметті алушыға шағымының қабылданғанын растау үшін осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.

Шағымды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

26. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі туралы қосымша ақпаратты мемлекеттік қызметті алушы мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі ғимараты, 5-кіреберіс, тел. 8 (7172) 74-30-66, байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша ала алады.
______________________

«Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелерінің тізбесі




Атауы

Орналасқан жері

1

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» ММ

010000, Астана қаласы, «Сарыаарқа» ауданы, Желтоқсан көшесі, 46-үй.

тел.8-7172-317139;

dgsn_astana@mail.ru


2

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» ММ

050002, Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 5.

тел.8-727-382-35-15;

gorseu_almaty@mail.ru


3

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» ММ

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Кенесары көшесі, 14а.

тел.8-7162-26-55-36;

akmolaugsn@rambler.ru


4

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ

030012, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Саңқыбай батыр даңғылы, 1

тел.:8-7132-55-77-29

aktubses@inbox.ru


5

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» ММ

040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Сланов көшесі, 85-А.

тел.8-7282-21-05-60;



almobldkgsen@mail.online.kz

6

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» ММ

060007, Атырау қаласы, Гурьев көшесі, 7А.

тел.8-7122-35-40-39;

atyrses@mail.ru


7

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ

070002, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы (Независимости) 17.

тел.8-7232-76-59-87;



ses_vko@mail.ru

8

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» ММ

080012, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әйтеке би көшесі, 13.

тел. 8-7262-45-08-83;



zhambyldgsen@mail.ru


9

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ

090001, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Д.Нұрпейісова көшесі, 19.

тел.8-7112-51-27-66;



zko_dgsen@mail.online.kz


10

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ

100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2.

тел.8-7212-41-14-53;



karseu@mail.ru

11

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ

110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 113.

тел.8-7142-54-36-50;



kostdgsen@krcc.kz

12

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» ММ

120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Чайковский көшесі, 10.

тел. 8(7242)237220;

23-81-46;

kyzses@mail.ru


13

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ

130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 «В» шағын ауданы, 46-үй.

тел.8-7292-50-19-09;

dgsen-aktau@topmail.kz


14

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» ММ

140002, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 70/2.

тел.7-7182-55-18-82;

pav_dgsen@rambler.ru


15

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ

150009, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Мир көшесі, 236.

тел.8-7152-52-14-37; факс 52-14-45;

skoses@mail.online.kz


16

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ

160000, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Д. Қонаев гүлзары, 27.

тел. 8-7252-39-02-69;

dgsen_uko_2011@mail.ru


17

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Көліктегі департаменті» ММ

010000, Астана қаласы, Сарыаарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2а

тел.8-7172-93-24-28;

gugsen@rambler.ru

_________________________


«Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 
нысан
ҚР ДСМ МСЭҚК

______________________________________



Аумақтық бөлімшенің атауы
департаментінің директоры

______________________________________



аумақтық бөлімше басшысының Т.А.Ә.

____________________________________



өтініш берушінің Т. А.Ә.

______________________________________



Мекенжайы, деректемелері (СТТН, ЖСН/БСН)

______________________________________



өтініш берушінің байланыс телефоны
ӨТІНІШ
Сізден__________________________________________________________ аудан, көше, үй, пәтер

_____________________________________мекенжайы бойынша орналасқан

________________________________________________________________

объектінің (жобаның, өнімнің жұмыстың немесе қызметтің) атауы

тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.


Қолы


күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері):

1.

2.



3.

________________________

«Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет