Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі
Р/с №
|
Берілетін санитариялық-эпидемиологиялық қортыныды тізбесі
|
Құжаттар тізбесі
|
1
|
Өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді салу жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - СЭҚ)
|
1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;
|
2) жоба алды және жобалық құжаттама мен объектінің сипаттамасы туралы түсіндірме жазбасы бар материалдар, оның ішінде:
- аумақтық және объектінің санитариялық-гигиеналық стпаттамасы (жағдайлық жоспар, елді мекен құрылысының бас жоспарына сәйкестігі, аса қауіпті инфекциялар бойынша аумақтың эпидемиологиялық салауаттылығы туралы мәліметтер, халықтың денсаулық көрсеткіштері);
- «Сәулет-жоспарлау шешімі» бөлімі үй-жайларды ішкі әрлеу тізілімі бар үй-жайлардың экспликациясы бар әр қабаттық жоспар (су құбыры және кәріз желілері құрылысының жобаларын қоспағанда);
- «Сумен жабдықтау және кәріз» бөлімі сумен жабдықтау және су бұру желілеріне техникалық шарттары бар (су құбыры және кәріз желілері құрылысының жобаларын қоспағанда);
- «Технологиялық шешім» бөлімі өндірістік және технологиялық жабдыққа арналған сипаттамалары бар (технологиялық, өндірістік жабдықты, сондай-ақ жиһазды орналастыру арқылы әр қабаттық жоспарлар (су құбыры және кәріз желілері құрылысының жобаларын қоспағанда);
- «Қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау» бөлімі, оның ішінде пайдаланылатын технологиялық үдерістің сипаттамасы;
- рұқсат етілген шекті шығарындыларды (РЕШШ) есептеуді қоса бере отырып, СҚА негіздемесі (есептеу тәсілімен);
- қызметкерлерге арналған санитариялық-тұрмыстық жағдайлар (тұрумен, тамақтанумен қамтамасыз ету, жұмыс және демалыс, медициналық қамтамасыз ету жағдайлары, жеке қорғаныш құралдары);
- өндірістік мақсатта су тұтыну және су бұру жағдайлары, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау; өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жою жағдайлары;
- жобалық шешімнің сипаттаамасы, көліктік инфрақұрылым;
|
3) жергілікті атқарушы органының жаңа құрылысқа жер учаскесін беру туралы шешімі;
|
4) болжалды құрылыс учаскесіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
|
5) қоршаған ортаға әсер етуді алдын ала бағалау (алдын ала ҚОӘБ).
|
2.
|
Өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді қайта жаңғырту жобаларына СЭҚ
|
1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;
|
2) жоба алды және жобалық құжаттама мен мыналарды қамтитын материалдар:
- түсіндірме жазба;
- қайта жаңғырту жобасы;
- «Сәулет-жоспарлау шешімі» бөлімі үй-жайларды ішкі әрлеу тізілімі бар үй-жайлардың экспликациясы бар әр қабаттық жоспар (су құбыры және кәріз желілері құрылысының жобаларын қоспағанда);
- «Сумен жабдықтау және кәріз» бөлімі сумен жабдықтау және су бұру желілеріне техникалық шарттармен (су құбыры және кәріз желілері құрылысының жобаларын қоспағанда);
- «Жылыту және желдету» бөлімі жылыту, желдету жүйелеріне техникалық шарттары (су құбыры және кәріз желілері құрылысының жобаларын қоспағанда) және желдеткіш жабдығына паспорт бар (желдету жүйесі бар болған жағдайда шу сипаттамалары);
- «Технологиялық шешім» бөлімі өндірістік және технологиялық жабдыққа арналған сипаттамалары бар (технологиялық, өндірістік жабдықты, сондай-ақ жиһазды орналастыру арқылы әр қабаттық жоспарлар (су құбыры және кәріз желілері құрылысының жобаларын қоспағанда);
|
3) бұрын берілген қорытындылармен қайта жоспарлауға және (немесе) қайта жабдықтауға техникалық қорытынды;
|
4) санитариялық-эпидемиолгиялық жағдай туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (функционалдық бейінін (мақсатын) ауыстыру арқылы қайта жаңғыртылуға жататын объектілерге қажет етіледі);
|
3
|
Қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың жол беруге болатын шекті шығарындылары мен жол беруге болатын шекті төгінділері бойынша құжаттама жобаларына СЭҚ
|
1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;
|
2) мынадай бөлімдері бар жоба:
- түсіндірме жазба;
- аумақтық және объектінің санитариялық-гигиеналық сипаттамасы (жағдайлық жоспар, аса қауіпті инфекциялар бойынша аумақтың эпидемиологиялық салауаттылығы туралы мәліметтер, халықтың денсаулық көрсеткіштері);
- қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау, оның ішінде пайдаланылатын технологиялық үдерістің сипаттамасы;
- шығарындылар мен төгінділер сипаттамасы (сандық және сапалық);
- рұқсат етілген шекті шығарындылар мен төгінділер негіздемесі (есептеу тәсілімен);
- СҚА өлшемдері негіздемесі;
- шығарындыларды тазарту бойынша жабдықтың болуы, тазарту тиімділігі және оның қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келуі;
- шығарындыларды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспары;
- шығарындыларды және СҚА шекарасында атмосфералық ауаның ластану жағдайын зертханалық бақылаудың жоспар-кестесі;
|
3) жобаны әзірлеуші туралы мәліметтер.
|
4
|
Сумен қамтамасыз ететін жерасты көзінің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша құжаттама жобаларына СЭҚ
|
1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;
|
2) объектінің мақсатты тағайындалуын меншік құқығын немесе объектіні пайдалануға және/немесе басқаруға жол беретін өзге де құқықты (меншік/жалдау шарты туралы куәлік) растайтын құжаттар;
|
3) мыналарды қамтитын СҚА жобасы:
- су көзінің су сапасы;
- сумен жабдықтау көзінің орналасқан аумағының жалпы гидрогеологиялық сипаттамасы; таңдаған су қабат (артезиандық – арынды, грунттық – арынсыз) түрі бойынша мәліметтер, оның шатырының тереңдігі (абсолютті белгі), күштілігі, сусыйымдылық жынысы; сулы қат-қабаттың қоректену және босатылу жағдайлары мен орны, су молдылығы (қордың іске қосылатын); сулы қат-қабаттың сумен жабдықтау және басқа мақсатта қолданылуы және келешекте пайдаланылуы;
- ауданның (кен орнының) гидрогеологиялық жағдайлары туралы жалпы мәліметтер, сумен жабдықтау үшін ұсынылатын қабаттың қоректену жағдайлары, сужинау ауласының топографиялық, жер қыртысы және санитариялық сипаттамасы, іске қосылатын су қабатының сипаттамасы (литологиялық құрамы, қуаты, бөгеу сипаттамасы) су алуды есептеудегі судың динамикалық деңгейі);
- қабаттардың, бөгелетін қабаттардың өткізгіштік деңгейі, қоректену аймағының су сапасына әсер ету мүмкіндігі;
- су жинауға іргелес орналасқан елді мекеннің санитариялық сипаттамасы; су жинаудан бастап ықтимал ластану көздеріне: жұмыс істемейтін ұңғымаларға, сіңіргіш шұңқырларға, ойылып түскен жерлерге, құдықтарға, ескі тау-кен орындарына, жинауыштарға дейінгі орналасу мен арақашықтық;
- СҚА өлшемдерін белгілеу және оны ұйымдастыру мүмкіндігі (СҚА шекарасында ластаушылардың болмауы).
|
5
|
Сумен қамтамасыз ететін жер беті көзінің санитариялық қорғау аймағын белгілеу бойынша құжаттама жобаларына СЭҚ
|
1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;
|
2) объектінің мақсатты тағайындалуын меншік құқығын немесе объектіні пайдалануға және/немесе басқаруға жол беретін өзге де құқықты (меншік/жалдау шарты туралы куәлік) растайтын құжаттар;
|
3) мыналарды қамтитын СҚА жобасы:
- СҚА есепті шекаралары;
- су көзі суының сапасы;
- гидрологиялық деректер: су жинаудың қоректену бассейнінің ауданы, жер беті ағысы режимі,барынша көп, ең аз және орташа шығыстар, су жинау орнындағы жылдамдық және су деңгейі, мұз тұрудың және ашылудың орташа мерзімдері, көздегі болжалды шығыс, ағып келу-ағып кету ағыстдарының сипаттамасы бойынша деректер;
- бассейннің су жинауда судың сапасына әсер етуі мүмкін бөлігінің жалпы санитариялық сипаттамасы: бассейннің геологиялық құрылымының сипаты, топырақ, өсімдігі, орманның, өңделетін жерлердің, елді мекендердің болуы; өнеркәсіптік кәсіпорындар (олардың саны, өлшемдері, орналасуы, өндіріс сипаты);
- су көзіндегі судың сапасын нашарлатуға әсер ететін немесе әсер ете алатын себептер, көз орналасқан ауданда қатты және сұйық шығарындыларды жою әдістері мен орындары; су қоймасын ластайтын тұрмыстық, өндірістік ағындардың болуы, бұрылатын ағынды судың саны, оларды тазартуға арналған құрылыстар және олардың орналасқан орындары; су ағу орнынан су жинау орнына дейінгі арақашықтық; көздің ластануының басқа да ықтимал себептерінің болуы (кеме қатынасы, орман кесу, суат, мұздағы қысқы қоқыс үйінділері, суға шомылу, су спорты, жер өңдеу жұмыстары, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды ауыл шаруашылығында пайдалану);
- су қоймасының өздігінен тазару қабілетінің сипаттамасы;
- су қоймасы бетінің ауданы және көлемі, пайдалы және «өлі» көлем;
- су қоймасындағы суды пайдалану және өңдеу режимі;
- су қоймасының жоспары, оның барынша көп және ең аз тереңдігі, түбінің, жағалауының, түпкі шөгінділерінің сипаттамасы, гүлдену, шөп шығу, лайланудың болуы;
- басым желдер мен ағыстардың бағыты;
- су объектісі суының қозғалысының жылдамдығы;
- СҚА шекарасының жекелеген жолақтары бойынша есептері;
- көздің суын өңдеу қажеттілігі туралы деректер (зарарсыздандыру, ағарту, темірсіздендіру және басқалары);
- бірдей қоректену салалары бар аралас су жинау туралы деректер (орналасқан орны, өнімділігі, судың сапасы);
- биологиялық жер өңдеу бойынша жұмыс жүргізу жоспары.
|
6
|
Санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша құжаттама жобаларына СЭҚ
|
1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;
|
2) объектінің мақсатты тағайындалуын меншік құқығын немесе объектіні пайдалануға және/немесе басқаруға жол беретін өзге де құқықты (меншік/жалдау шарты туралы куәлік) растайтын құжаттар;
|
3) мынадай бөлімдері бар жоба:
- түсіндірме жазба;
- бас жоспардан көшірме, жағдайлық жоспар;
- СҚА өлшемі, санитариялық сыныптама бойынша қауіптілік сыныбы;
- «Қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау (ҚОЫБ)» бөлімі;
- аумақтық және объектінің санитариялық-гигиеналық сипаттамасы (жағдайлық жоспар, атмосфералық ауаның, топырақтың, су көздерінің жағдайы, климаттық жағдайлар, радиациялық ахуал, аса қауіпті инфекциялар бойынша аумақтың эпидемиологиялық салауаттылығы туралы мәліметтер, халықтың денсаулық көрсеткіштері);
- қоршаған ортаға әсер етуді бағалау;
- рұқсат етілген шекті шығарындыларды (РЕШШ) есептеуді қоса бере отырып, СҚА негіздемесі (есептеу тәсілімен);
- 3 жылдық зерттеулер нәтижелері (түзету кезінде - СҚА-ны қысқарту немесе үлкейту);
- объектінің өндірістің үдерісінің сипаттаамасы.
|
7
|
Геологиялық зерттеулерге арналған құжаттама жобаларына СЭҚ
|
1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;
|
2) объектінің мақсатты тағайындалуын меншік құқығын немесе объектіні пайдалануға және/немесе басқаруға жол беретін өзге де құқықты (меншік/жалдау шарты туралы куәлік) растайтын құжаттар;
|
3) мынадай бөлімдері бар жоба:
- түсіндірме жазба;
- аумақтың және объектінің санитариялық-гигиеналық сипаттамасы бар «Қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау (ҚОЫБ)» бөлімі (жағдайлық жоспар, атмосфералық ауаның, топырақтың, су көздерінің жағдайы, климаттық жағдайлар, радиациялық ахуал, аса қауіпті инфекциялар бойынша аумақтың эпидемиологиялық салауаттылығы туралы мәліметтер, халықтың денсаулық көрсеткіштері);
- қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, оның ішінде құрылыс және пайдалану кезінде пайдаланылатын технологиялық үдерістің сипаттамасы;
- рұқсат етілген шекті шығарындыларды (РЕШШ) есептеуді қоса бере отырып, СҚА негіздемесі (есептеу тәсілімен);
- қызметкерлерге арналған санитариялық-тұрмыстық жағдайлар (тұрумен, тамақтанумен қамтамасыз ету, жұмыс және демалыс, медициналық қамтамасыз ету жағдайлары, жеке қорғаныш құралдары);
- өндірістік мақсаттар үшін су тұтыну және су бұру жағдайлары, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау; өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жою жағдайлары
|
8
|
Елді мекендер құрылысын жоспарлау жобаларына СЭҚ
|
1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;
|
2) объектінің мақсатты тағайындалуын меншік құқығын немесе объектіні пайдалануға және/немесе басқаруға жол беретін өзге де құқықты (меншік/жалдау шарты туралы куәлік) растайтын құжаттар;
|
3) елді мекен құрылысының бас жоспарынан көшірме, оның ішінде елді мекеннің инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілуі жөніндегі мәліметтер (бала бақшалар, мектептер, ЕПМ, саябақтар, дәріханалар, дүкендер, мәдениет ұйымдары, бейіттер, полигондар); елді мекеннің сумен жабдықтау, кәріз, жылыту бойынша жағдайы, сондай-ақ келешекте инженерлік қамтамасыз етудің проблемалық мәселелерін шешу жолдары
|
4) елді мекен құрылысын жоспарлау жобасы, проблемалы аймақтарды және шығаруға жататын объектілер тізбесін көрсете отырып, аумақты аймақтау (өнеркәсіптік, селитебті, коммуналдық, демалыс аймағы)
|
9
|
Шикізаттың, технологиялық жабдықтың жаңа түріне, тамақ өнімдерін өндіру үдерістеріне арналған стандарттар мен нормативтік құжаттар жобаларына СЭҚ
|
1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;
|
2) шаруашылық етуші субъектінің ұйымдастыру-құқықтық нысанын растайтын құжаттар;
|
3) дайындаушының (өндірушінің) гендік-инженерлік түрлендірілген ағзалардың, неноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің (тамақ өнімдері үшін) бар болуы туралы декларациясы;
|
4) дайындаушының (өндірушінің) бақылаудағы тауарларды қолдану (тұтыну, пайдалану) жөніндегі құжаты (нұсқаулық, нұсқау, регламент, ұсынымдар) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі (бар болған жағдайда);
|
5) мемлекеттік тіркеу жүргізілетін Тараптың заңнамасына сәйкес куәландырылған зерттелетін үлгілердің қауіпсіздігі мен сапасын растайтын дайындаушының (өндірушінің) құжатының көшірмесі;
|
6) зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының көшірмелері, ғылыми есептер, сараптамалық қорытындылар.
|
10
|
Азық-түлік шикізатына, өнеркәсіп бұйымдарына, құрылыс материалдарына, иондаушы сәулелену көздеріне, химиялық заттар мен өнімдерге, биологиялық, дәрілік, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарына, медициналық иммундық-биологиялық препараттарға, азық-түлік шикізатымен, тамақ өнімдерімен және ауыз сумен жанасатын ыдыстарға, буып-түйетін және полимерлік материалдарға, парфюмерлік-косметикалық және басқа да кең тұтынылатын тауарларға, жабдықтарға, аспаптар мен жұмыс құрал-саймандарына арналған стандарттар мен нормативтік құжаттардың жобаларына СЭҚ
|
1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;
|
2) өнімге арналған стандарт жобасы;
|
3) өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық сараптама хаттамасы (лары) (белгіленген гигиеналық қауіпсіздік көрсеткіштері немесе өнімді сақтау жағдайлары (мерзімдері) өзгерген жағдайда);
|
4) бұйымды дайындау кезінде пайдаланылатын материалдар мен заттардың тізбесі және дайын бұйымнан көшуге қабілетті заттар тізбесі (РЕШШ, БҚЫД көрсете отырып);
|
11
|
Жұмыстар мен қызметтерге СЭҚ
|
1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;
|
2) объектінің мақсатты тағайындалуын меншік құқығын немесе объектіні пайдалануға және/немесе басқаруға жол беретін өзге де құқықты (меншік/жалдау шарты туралы куәлік) растайтын құжаттар.
|
__________________________
«Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті
(аумақтық бөлімше)
ТАЛОН
1. Сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі:_____________________________________
__________________________________________________________________________
2. Қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары:_______________________________
__________________________________________________________________________
3. Құжаттарды қабылдау күні (уақыты), кіріс №_________________________________
__________________________________________________________________________
4. Мемлекеттік қызметті алу күні және орны____________________________________
__________________________________________________________________________
5. Құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның Т.А.Ә., қолы, байланыс телефондары_____________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_________________________
«Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына
5-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні
|
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдық мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылылығы
|
1.1. Құжат тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3. Қолжетімділік
|
3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3.2. Мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен бастап тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылығы
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
______________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Достарыңызбен бөлісу: |