«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын
тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті:
1) байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті;
2) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан Комитеттің облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы және көліктегі департаменттері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 301-ІІІ Заңының 5-бабының 5) тармақшасы және «Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 125 қаулысы (бұдан әрі – қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мына: www.mz.gov.kz интернет-ресурсында, ресми ақпарат көздерінде, Комитеттің, тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аумақтық бөлімшелердің ғимараттарында орналастырылған стенділерде, үлгілері ілінген ақпараттық тақталарда орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Комитеттің немесе аумақтық бөлімшенің ресми бланкісінде ресімделген (қағаз тасымалдағышта) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру туралы анықтаманы (бұдан әрі – анықтама) беру не бас тарту себебін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап – күнтізбелік 20 күн (күнтізбелік жиырма күн);
2) құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің барынша жол берілген уақыты 30 минутты (отыз минут) құрайды;
3) мемлекеттік қызмет алу кезінде қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты 30 минуттан (отыз минут) аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнделікті сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетілмей, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Комитетте, аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған орындар, қауіпсіздік талаптарына жауап беретін үй-жайлар, күту және құжаттарды толтыру орындары болады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалған. Осы орындар қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің үзінділері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды:
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
3) өндірілетін тамақ өнімдерінің тізбесін ұсынады.
Ұсынылатын құжаттардың осы тізбесі соңғы тізбе болып табылады.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштің нысанын Комитеттің, аумақтық бөлімшенің уәкілетті лауазымды адамынан немесе www.mz.gov.kz интернет-ресурсының мекенжайы бойынша алуға болады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштің толтырылған нысанын және қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы Комитеттің және мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аумақтық бөлімшелердің кеңселеріне ұсынады.
14. Мемлекеттік қызметті алушыға:
1) сұралатын мемлекеттік қызметтің түрін;
2) қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;
3) құжаттарды қабылдау күнін (уақытын);
4) мемлекеттік қызметті алушының өзі келген кезде қолма-қол мемлекеттік қызметті алу күнін және орнын;
5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттар қабылданғаны туралы осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.
15. Анықтаманы беру тікелей өтініш берген адамға немесе ол туралы тиісті қолхат толтырылатын оның ресми сенімді адамына (өкіліне) жүзеге асырылады немесе өндіріс объектісінің заңды мекенжайына пошта арқылы жіберіледі.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіретін объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес еместігі туралы қорытындының бар болуы;
2) құжаттардың толық тізбесін тапсырмау.
Комитет, аумақтық бөлімше мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы мемлекеттік қызметті алушыға (екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде) хабар береді.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттің, аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдары өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) кішіпейіл болу, өзінің лауазымдық жағдайына назар аудартпау және оны пайдаланбау;
2) сыпайы және әдепті болу;
3) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салуға жол бермеу, белгіленген мерзімде олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
4) мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Комитеттің, аумақтық бөлімшенің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Мекенжайлары және телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің, аумақтық бөлімшенің уәкілетті лауазымды адамы әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға көмек көрсетеді.
21. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Комитеттің, аумақтық бөлімшенің басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. Комитеттің, аумақтық бөлімшенің басшыларының мекенжайлары және телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
22. Уәкілетті лауазымды адам дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Комитеттің, аумақтық бөлімшенің басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. Комитеттің, аумақтық бөлімшенің басшыларының мекенжайлары және телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағым жазбаша еркін нысанда пошта арқылы не қолма қол мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің немесе аумақтық бөлімшенің кеңселеріне беріледі.
25. Қабылданған шағым мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің немесе аумақтық бөлімшенің кеңсесіндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі.
Мемлекеттік қызметті алушыға шағымының қабылданғанын растау үшін осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.
Шағымды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
26. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі туралы қосымша ақпаратты мемлекеттік қызметті алушы мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің немесе аумақтық бөлімшенің кеңселерінде ала алады.
Өндіріс объектісінің атауы, ұйымдастыру-құқықтық нысаны, орналасқан орны өзгерген жағдайда, өндіріс субъектісі бір айдың ішінде аумақтық бөлімшеге тиісті құжаттарды қоса бере отырып, есептік нөмірді қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
_________________________
«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беруді жүзеге асыратын Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің байланыс деректері
№
|
Атауы
|
Орналасқан жері
|
1
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті
|
010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс, тел. 8-7172-743287, 743066
kgsen@mz.gov.kz
|
2
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» ММ
|
010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Желтоқсан көшесі, 46-үй.
тел.8-7172-317139;
dgsn_astana@mail.ru
|
3
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» ММ
|
050002, Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 5.
тел.8-727-382-35-15;
gorseu_almaty@mail.ru
|
3
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» ММ
|
020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Кенесары көшесі, 14 а.
тел.8-7162-26-55-36;
akmolaugsn@rambler.ru
|
4
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ
|
030012, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Саңқыбай батыр даңғылы, 1
тел.:8-7132-55-77-29
aktubses@inbox.ru
|
5
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» ММ
|
040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Сланов көшесі, 85-А.
тел.8-7282-21-05-60;
almobldkgsen@mail.online.kz
|
6
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» ММ
|
060007, Атырау қаласы, Гурьев көшесі, 7А.
тел.8-7122-35-40-39;
atyrses@mail.ru
|
7
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ
|
070002, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 17.
тел.8-7232-76-59-87; ses_vko@mail.ru
|
8
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» ММ
|
080012, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әйтеке би көшесі, 13.
тел. 8-7262-45-08-83;
zhambyldgsen@mail.ru
|
9
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ
|
090001, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Д. Нұрпейісова көшесі, 19.
тел.8-7112-51-27-66;
zko_dgsen@mail.online.kz
|
10
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ
|
100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2.
тел.8-7212-41-14-53;
karseu@mail.ru
|
11
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ
|
110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 113.
тел.8-7142-54-36-50;
kostdgsen@krcc.kz
|
12
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» ММ
|
120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Чайковский көшесі, 10.
тел. 8(7242)237220;
23-81-46; kyzses@mail.ru
|
13
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ
|
130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 «В» шағын аудан, 46-үй.
тел.8-7292-50-19-09;
dgsen-aktau@topmail.kz
|
14
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» ММ
|
140002, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, С. Торайғыров көшесі, 70/2.
тел.7-7182-55-18-82;
pav_dgsen@rambler.ru
|
15
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ
|
150009, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Мир көшесі, 236.
тел.8-7152-52-14-37;факс 52-14-45;
skoses@mail.online.kz
|
16
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ
|
160000, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Д. Қонаев гүлзары, 27.
тел. 8-7252-39-02-69;
dgsen_uko_2011@mail.ru
|
17
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Көліктегі департаменті» ММ
|
010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2 а
тел.8-7172-93-24-28;
gugsen@rambler.ru
|
_________________________
«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру» мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
нысан
____________________________
Мемлекеттік органның атауы
____________________________
Басшысының Т.А.Ә.
____________________________
өтініш берушінің Т. А.Ә.
____________________________
өтініш берушінің тұратын мекенжайы
____________________________
өтініш берушінің байланыс телефоны
ӨТІНІШ
Сізден __________________________________________________________
аудан, көше, үй, пәтер
мекенжайы бойынша орналасқан, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын
________________________________________________________________
объектінің (жобаның, өнімнің, жұмыстың немесе қызметтің) атауы
тамақ өнімін шығару (дайындау) объектісіне есептік нөмір беруді сұраймын.
Қолы
күні, айы, жылы
Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
1.
2.
3.
_________________________
«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру
объектілеріне есептік нөмірлер беру» мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
ТАЛОН
1. Сұралатын мемлекеттік қызмет түрі: ______________________________________________
________________________________________________________________________________
2. Қоса берілген құжаттар саны мен атаулары: ________________________________________
________________________________________________________________________________
3. Құжаттарды қабылдау күні (уақыты), кіріс № ______________________________________
_______________________________________________________________________________
4. Мемлекеттік қызметті алу күні және орны: ________________________________________
_______________________________________________________________________________
5. Құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның.Т.А.Ә., қолы, байланыс телефондары ___________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_______________________
«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру
объектілеріне есептік нөмірлер беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні
|
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдық мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылылығы
|
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайлардың %-ы (үлесі)
|
100
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
100
|
|
|
3. Қолжетімділігі
|
3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
100
|
|
|
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)
|
40-50
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
100
|
|
|
5. Сыпайылығы
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
85
|
|
|
________________________
Достарыңызбен бөлісу: |