Мемлекеттiк сатып алу туралы


бойынша дұрыс емес аппарат беруiнiң салдары



бет2/5
Дата01.07.2016
өлшемі447.5 Kb.
#170488
1   2   3   4   5

              бойынша дұрыс емес аппарат беруiнiң салдары

      1. Бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген әлеуеттi өнiм берушiлер осы Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiледi.


      2. Әлеуеттi өнiм берушi табыс ететiн бiлiктiлiк талаптары бойынша ақпараттың дұрыстығын тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, уәкiлеттi орган не мемлекеттiк қаржылық бақылау
органдары мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың кез келген кезеңiнде анықтауы мүмкiн.
      3. Әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактiсiн анықтаған тұлғалар:
      1) осындай фактi анықталған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарламаға осы фактiлердi растайтын құжаттардың көшiрмесiн қоса берiп, тапсырыс берушiнi және уәкiлеттi органды жазбаша түрде хабардар етуге;
      2) осындай фактi анықталған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат ұсынған әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арыз беруге мiндеттi.
      Осы тармақтың 2) тармақшасының талабы Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына, олар мемлекеттiк сатып алудың тапсырыс берушiлерi (ұйымдастырушылары) ретiнде болатын жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      11-бап. Мемлекеттiк сатып алу саласында қалыптастырылатын


               тiзiлiмдер

      1. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк сатып алу саласында мынадай:


      1) тапсырыс берушiлердiң
      2) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың
      3) мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың бiрыңғай республикалық тiзiлiмдерiн (бұдан әрi – тiзiлiмдер) қалыптастыруды және жүргiзудi жүзеге асырады.
      2. Тапсырыс берушiлердiң тiзiлiмi өздерiнiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметтi орындауын қамтамасыз ету үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi заңды тұлғалардың тiзбесiн бiлдiредi.
      3. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмi тапсырыс берушiлер тиiстi қаржы жылында жасасқан, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткiштерi туралы, тараптардың шарттық мiндеттемелердi орындау нәтижелерi туралы мәлiметтер бар мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзбесiн бiлдiредi.
      Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтер бар мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың жеке тiзiлiмiне енгiзiледi, оны жүргiзудiң тәртiбiн уәкiлеттi орган мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсу бойынша айқындайды. Мұндай мәлiметтерге қол жеткiзу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) және 23) тармақшаларында көзделген мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерi бойынша жасалған шарттар туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмiне енгiзуге жатпайды.
      4. Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi:
      1) бiлiктiлiк талаптары бойынша дәйексiз ақпарат табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлердiң
      2) осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуеттi өнiм берушiлердiң
      3) жеңiмпаздар деп айқындалған, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған әлеуеттi өнiм берушiлердiң
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы өздерiмен жасасқан шарттар бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған не тиiстi түрде орындамаған өнiм берушiлердiң тiзбесiн бiлдiредi.
      Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi заңды күшiне енген соттар шешiмдерiнiң негiзiнде қалыптастырылады.
      Осы тармақта көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлер немесе өнiм берушiлер соттың оларды мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жiберiлмейдi. Осы Заңның 38-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiмен жасалуы мүмкiн.
      Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар тiзiлiмiнде қамтылған мәлiметтер осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап, бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей аталған тiзiлiмнен шығарып тасталады.
      Әлеуеттi өнiм берушiнi немесе өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзу туралы шешiмге олардың сот тәртiбiмен шағымдануына болады.
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тапсырыс берушi әлеуеттi өнiм берушiнiң немесе өнiм берушiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактiсi туралы өзiне белгiлi болған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей, мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi немесе өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге мiндеттi.
      5. Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, тiзiлiмдерде қамтылған мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшiн мүдделi тұлғаларға қолжетiмдi болуға тиiс.
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      12-бап. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлдерi

      1. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу мынадай тәсiлдердiң бiрiмен жүзеге асырылады:
      1) конкурс тәсiлiмен. Конкурс екi кезеңдiк рәсiмдер пайдаланыла отырып өткiзiлуi мүмкiн;
      2) баға ұсыныстарын сұрату;
      3) бiр көзден алу;
      4) аукциондарда;
      5) тауар биржалары арқылы.
      2. Тапсырыс берушi уәкiлеттi органмен келiспей-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлiн осы Заңға сәйкес таңдайды.
      3. Өзiнiң филиалының (өкiлдiгiнiң) қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жылдық көлемiн негiзге ала отырып, тапсырыс берушiнiң атынан осындай мемлекеттiк сатып алуды тапсырыс берушiнiң филиалы (өкiлдiгi) тiкелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың тәсiлiн тапсырыс берушi айқындауға құқылы.
      4. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәсiлмен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған тәртiппен электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
      5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәсiлмен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған тәртiппен электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiледi.
      6. Күшiн тоқтатты 2012.07.01 (Осы Заңның 47-1-б. қараңыз)
      7. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген тәсiлдермен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған тәртiппен электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiледi.
      Көрсетiлген талап осы Заңның 41 және 42-баптарына сәйкес конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.13 N 543-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСIН МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

      13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк


               сатып алу саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:


      1) мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
      2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      3) үздiксiз қызметтi қамтамасыз ету үшiн тапсырыс берушiлер сатып алатын күнделiктi немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
      4) осы Заңның нормаларын қолдану үшiн қажеттi қор биржаларының тiзбесiн бекiтедi, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 6-тармағында көзделген құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгiлейдi;
      5) мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейiннен өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тiзбесiн бекiтедi;
      6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
      7) стратегиялық маңызы бар өндiрiстер үшiн шикiзат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағына және шетелден сатып алынатын тауарлардың тiзбесiн бекiтедi;
      8) алып тасталды - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      9) осы Заңда айқындалған отандық әлеуеттi өнiм берушiлер санаттарын мемлекеттiк қолдау шараларын айқындайды;
      10) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiтедi;
      11) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртiбiн айқындайды;
      12) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртiбiне қойылатын үлгiлiк талаптарды белгiлейдi;
      13) мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдердi қалыптастырудың және оны жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды;
      14) электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын айқындайды;
      15) мемлекеттiк сатып алу саласында мамандарды қайта даярлаудың және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың тәртiбiн айқындайды;
      16) арнайы қорғау дәрежесi талап етiлетiн баспа өнiмдерiн берушiлердi айқындайды, сондай-ақ осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес олардан сатып алынатын осындай өнiмнiң тiзбесiн бекiтедi;
      17) сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлiк тауарларын сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердiң) тiзбесiн бекiтедi;
      18) түзету мекемелерi мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесiн, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес олардан тапсырыс берушiлер сатып алатын, олар өндiретiн тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн бекiтедi;
      19) Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауарлар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететiн ұйымдардың тiзбесiн, олар өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi, сондай-ақ олардан осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбi мен олардың көлемiн айқындайды;
      20) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындайды;
      21) қорғаныс қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiн айқындайды;
      22) алып тасталды - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      23) алып тасталды - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      24) отандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесiн бекiтедi;
      24-1) аукцион тәсiлiмен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
      24-2) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
      24-3) конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енгенге дейiнгi кезеңге тапсырыс берушiлер бiр көзден сатып алатын күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi.
      25) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.20 N 138-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), ҚР 2009.12.29 № 233-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 33-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      14-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган мемлекеттiк сатып алу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк сатып алу саласында және халықаралық ынтымақтастық саласында стратегиялық бағдарламалық, құжаттар әзiрлейдi;
      2) мемлекеттiк сатып алу саласында салааралық үйлестiру мен әдiснамалық басшылықты жүзеге асырады;
      3) осы Заңда көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және қабылдайды;
      4) мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдер жасауды және жүргiзудi жүзеге асырады;
      5) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      6) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде жергiлiктi қамтудың көлемi туралы ақпаратты ескере отырып, есептiлiктi жинау, қорыту және талдау тәртiбiн айқындайды;
      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелерi бойынша мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      8) мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi әзiрлеуге, енгiзуге және пайдалануға қатысады;
      9) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiне және басқа да мүдделi тұлғаларға электрондық қызмет көрсету тәртiбiн айқындайды;
      10) мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылған ақпараттың сақталу тәртiбiн айқындайды;
      11) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды; V
      12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
      қажет болған жағдайда мемлекеттiк сатып алу субъектiлерi ұсынған есептiлiк деректерiнiң, материалдар мен ақпараттың дұрыстығын тексередi.
      Уәкiлеттi орган:
      1) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiнен қажеттi ақпаратты және материалдарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде айқындалған тәртiппен сұратуға және алуға;
      2) мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын сараптамалар және консультациялар жүргiзуге тартуға құқылы.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      14-1-бап. Электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы


                 бiрыңғай оператордың өкiлеттiгi

      Электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор:


      1) мемлекеттiк сатып алу саласында мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi әзiрлеудi, енгiзудi, ақпараттық-техникалық сүйемелдеу және пайдалануды жүзеге асырады;
      2) мемлекеттiк сатып алу саласында тiзiлiмдi техникалық сүйемелдеудi қамтамасыз етедi;
      3) мемлекеттiк сатып алу веб-порталының құрылуын, жұмыс iстеуiн  және оны техникалық сүйемелдеудi қамтамасыз етедi;
      4) осы Заңға сәйкес өтеусiз негiзде мiндеттi түрде жариялануға жататын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердi мемлекеттiк сатып алу веб-порталына орналастырады;
      5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өтеусiз негiзде ақпараттық жүйелердi қолдана отырып, мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiне және басқа да мүдделi тұлғаларға электрондық қызмет көрсетедi;
      6) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiне өтеусiз негiзде консультациялық және практикалық көмек көрсетедi;
      7) мемлекеттiк ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттiк сатып алу жобаларын басқаруды және оны техникалық сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады;
      8) мемлекеттiк сатып алу саласындағы есептiлiктi, оның iшiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде жергiлiктi қамтудың көлемi туралы есептiлiктi техникалық сүйемелдеудi қамтамасыз етедi;
      9) мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар интеграциясы және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ақпараттандыру саласында ұлттық оператормен өзара iс-қимыл жасайды.
      Ескерту. 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерiс енгiзiлдi - 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу


               туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды мына органдар:


      1) Қазақстан Республикасының бюджет кодексiнде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде мемлекеттiк қаржы бақылау органдары;
      2) уәкiлеттi орган бақылау объектiлерiн жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердi орындау арқылы жүзеге асырады.
      2. Мыналар:
      1) тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, аукциондық комиссия, сараптамалық комиссия, сарапшы;
      2) әлеуеттi өнiм берушi, конкурсқа қатысушы, аукционға қатысушы, өнiм берушi, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау үшiн қосалқы мердiгерлер не қызметтер көрсету үшiн бiрлескен атқарушылар ретiнде тартатын тұлғалар;
      3) алып тасталды - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      4) мемлекеттiк сатып алуға тауар биржалары арқылы қатысатын тұлғалар бақылау объектiлерi болып табылады.
      3. Мемлекеттiк қаржы бақылау органдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау объектiлерiне осы баптың 2-тармағында көрсетiлген тұлғалар жатады, олар бiр мезгiлде мемлекеттiк қаржы бақылау объектiлерi болып табылады.
      4. Бақылау объектiлерiне қатысты жоспарлы тексерулер күнтiзбелiк жыл iшiнде бiр реттен артық жүзеге асырылмайды.
      5. Уәкiлеттi орган жоспардан тыс тексерулердi мынадай жағдайлардың бiрi туындаған кезде:
      1) әлеуеттi өнiм берушi, конкурсқа қатысушы, өнiм берушi не олардың уәкiлеттi өкiлi тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның, сарапшының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне), шешiмдерiне шағымдана отырып, жазбаша өтiнiш бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 45-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырады;
      2) бақылау объектiлерiнiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасағаны туралы ақпарат келiп түскенде;
      3) құқық қорғау органдарының қаулылары келiп түскен кезде;
      4) мемлекеттiк сатып алуды жинау, қорыту және талдау нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.
      5) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      6. Уәкiлеттi орган бақылау iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде бақылау объектiсiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:
      1) бақылау объектiсiне орындауға мiндеттi ұсыну жiбередi;
      2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшiне енген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi.
      7. Мемлекеттiк қаржы бақылау органдары бақылау iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде тиiстi бақылау объектiлерiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:
      1) бақылау объектiлерiне орындауға мiндеттi қаулылар, ұсынулар жiбередi;
      2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      8. Бақылау iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде бақылау объектiсiнiң қылмыс құрамы белгiлерi бар iс-әрекеттi (әрекетсiздiктi) жасасу фактiсi анықталған жағдайда, мемлекеттiк қаржы бақылау органдары осындай фактi анықталған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аталған iс-әрекеттiң (әрекетсiздiктiң) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактiнi растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге мiндеттi.
      9. Мемлекеттiк қаржы органдарының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

3-тарау. КОНКУРС ТӘСIЛIМЕН МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ

      16-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды


               жүзеге асыру

      1. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.


      2. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      3. Бiртектi болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мұндай тауарларды конкурстық құжаттамада лоттарға мiндеттi түрде бөле отырып, аталған тәсiлмен бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге құқылы.
      Бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
      Бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бiрнеше түрлерiн конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi олардың бiртектi түрлерi және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
      Осы тармақта көзделген жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңiмпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.
      4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау қорытындылары бойынша айқындалған бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетiн және конкурстық комиссия конкурсқа қатысушы деп таныған әлеуеттi өнiм берушiлер қатысады.
      Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу:
      1) конкурстық комиссия екiден кем әлеуеттi өнiм берушiнi конкурсқа қатысушы деп таныған;
      2) осы Заңның 26-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейiн конкурсқа қатысушылардың екiден кем конкурстық баға ұсыныстары бағалануға және салыстыруға жатқызылған;
      3) конкурс жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайлардың бiрi болғанда өтпей қалды деп танылады.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет