Мемлекеттiк сатып алу туралы


-бап. Конкурстық құжаттама



бет3/5
Дата01.07.2016
өлшемі447.5 Kb.
#170488
1   2   3   4   5
17-бап. Конкурстық құжаттама

      1. Конкурстық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған үлгiлiк конкурстық құжаттаманың негiзiнде немесе электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негiзiнде қазақ және орыс тiлдерiнде әзiрлейдi.
      2. Конкурстық құжаттамада осы Заңның 8-бабында белгiленген жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарынан басқа мынадай мәлiметтер:
      1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
      2) белгiленген тәртiпте бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық өзiндiк ерекшелiктерiн қоса алғанда, ал қажет болғанда нормативтiк-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамасы мен талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;
      3) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi;
      4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны;
      5) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына кепiлдiк беру;
      6) төлем жасау шарттары және елеулi шарттары көрсетiле отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы;
      7) бағадан басқа критерийлер, солардың негiзiнде конкурс жеңiмпазы, оның iшiнде әрбiр осындай критерийлердiң салыстырмалы мәнi және шартты бағаны есептеудiң әдiстемесi айқындалады;
      8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның iшiнде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бағаларынан басқа, оларды тасымалдау мен сақтандыру шығыстарын, кеден баждарын, салықтар мен алымдарды, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды төлеудi көрсету;
      9) конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы көрiнетiн валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бiрыңғай валютаға сәйкес келтiру үшiн қолданылатын бағам; V095570
      10) конкурсқа қатысуға өтiнiмдер, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес жасалатын және табыс етiлетiн тiлге қойылатын талаптар;
      11) конкурсқа қатысуға өтiнiмдi енгiзудiң талаптары, өтiнiмдi қамтамасыз етудiң мазмұны мен түрлерi;
      12) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өз өтiнiмiн оны берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзгерту немесе керi қайтарып алу құқығына тиiстi сiлтеме жасау;
      13) конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi табыс етудiң тәртiбi, тәсiлi, орны мен соңғы мерзiмi және конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қолданыста болуының талап етiлетiн мерзiмi;
      14) әлеуеттi өнiм берушiлер олардың көмегiмен конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктемелер сұрата алатын тәсiлдер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру бойынша әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесулер өткiзу орны, күнi және уақыты;
      15) конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу орны, күнi және уақыты;
      16) конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсiмдерiнiң сипаттамасы;
      17) алда болатын конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуда тапсырыс берушiнiң және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атынан уәкiлеттiк ететiн олардың өкiлдерi туралы мәлiметтер;
      18) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң талаптары, түрлерi, көлемi және оны енгiзудiң тәсiлi;
      19) конкурс тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға бөлiнген сомалар туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.
      Конкурстық құжаттамада әлеуеттi өнiм берушiлерге өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың шарттары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкiндiк беретiн басқа да қосымша мәлiметтер қамтылуы мүмкiн.
      3. Конкурстық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өндiрiстiк үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiге тиесiлiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға сiлтемелердiң болуына:
      1) негiзгi (белгiленген) жабдықтарды қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшiн;
      2) тауарды лизингке беру жөнiнде қызметтер көрсетушiнi айқындау және лизинг нысанасын толық сипаттау қажеттiгiнiң туындауы үшiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, жол берiлмейдi.
      4. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау және отандық кәсiпкерлердi қолдау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн мынадай критерийлердi:
      1) әлеуеттi өнiм берушiде:
      өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында жұмыс тәжiрибесiнiң
      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес отандық тауар өндiрушiлер үшiн ұсынылатын тауарларды ерiктi түрде сертификаттауды растайтын құжаттың
      ұлттық стандарт талаптарына сәйкес сапаның сертификатталған менеджмент жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң);
      ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментiнiң сертификатталған жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнiм стандартына сәйкестiктi растаудың болуын;
      2) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шығыстарды;
      3) жергiлiктi қамтуды көздеуге мiндеттi.
      5. Конкурстық құжаттамада осы Заңда белгiленген жағдайларда жариялануға тиiстi ақпаратты орналастыру жоспарланып отырған интернет-ресурстың электрондық мекенжайы (бұдан әрi - тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсы ) көрсетiлуге тиiс. Тапсырыс берушiнiң  интернет-ресурсы тұрақты жұмыс iстеуге және Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын тұлғаға тиесiлi болуға тиiс.
      Осы тармақтың талаптары конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
      5-1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiппен конкурстық құжаттама сараптама жасауға жатады.
      6. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға бекiтедi.
      Мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысы әзiрлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiлердiң бiрiншi басшылары не жауапты хатшылар немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғалар не оның мiндетiн атқаратын тұлғалар бекiтедi.
      7. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.29 № 233-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.22 N 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      18-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге


               асыру туралы хабарлама

      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етуiнiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын:


      1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға;
      2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға;
      3) тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында хронологиялық тәртiппен конкурстық құжаттаманы алған тұлғаның орналасқан жерi, почталық және электрондық мекен-жайлары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ ол туралы басқа да мәлiметтердi көрсете отырып, бекiтiлген конкурстық құжаттаманы табыс ету фактiсiн тiркеудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етуiнiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн бұрын конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға мiндеттi.
      Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он бес күн бұрын осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға мiндеттi.
      Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он күн бұрын, мемлекеттiк сатып алу веб-порталында конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтiнiн жариялауға мiндеттi.
      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      19-бап. Конкурстық құжаттаманы табыс ету

      1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы қағаз жеткiзгiште (бұдан әрi – конкурстық құжаттаманың көшiрмесi) не бекiтiлген конкурстық құжаттаманы осы Заңның 18-бабының 3) тармақшасында белгiленген талаптарды ескере отырып, тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялау арқылы мүдделi тұлғаларға ұсынады.
      Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу өткiзiлген жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бекiтiлген конкурстық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялау арқылы конкурстық құжаттаманы мүдделi тұлғаларға ұсынады.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн мүдделi тұлғаларға олар мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн табыс ету туралы өтiнiш жасаған күнi табыс етуге мiндеттi.
      Егер конкурстық құжаттаманың көшiрмесi арқылы негiзде табыс етiлген болса және бұл туралы сiлтеме тиiстi хабарламада қамтылса, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы оны мүдделi тұлғаларға мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға аталған ақыны енгiзгенiн растайтын құжатты ұсыну шартымен өздерi өтiнiш жасаған күнi табыс етедi.
      Конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн табыс еткенi үшiн ақы мөлшерi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттама көшiрмесiнiң данасын әзiрлеумен тiкелей байланысты шығыстарынан аспауға тиiс.
      2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн табыс еткен тұлғалар туралы мәлiметтердi, сол сияқты тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсынан не мемлекеттiк сатып алу веб-порталынан бекiтiлген конкурстық құжаттаманы алған тұлғалар туралы мәлiметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзуге тиiс.
      Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға тiлек бiлдiрген, мемлекеттiк сатып алу веб-порталынан конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алған тұлғалар туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде тiркеледi.
      3. Конкурстық құжаттаманы конкурс өткiзу туралы хабарландырудың мәтiнiн жарияланғанға дейiн табыс етуге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      20-бап. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру



      1. Тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген немесе мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде тiркелген тұлғалар осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, ал конкурс тәсiлiмен өткiзiлетiн электрондық мемлекеттiк сатып алу бойынша кемiнде күнтiзбелiк он күн бұрын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауалмен жүгiнуге құқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауал конкурстық құжаттамада көрсетiлген тәсiлдермен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға жiберiлуге тиiс.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап - үш жұмыс күнi iшiнде, ал конкурс тәсiлiмен өткiзiлетiн электрондық мемлекеттiк сатып алу бойынша екi жұмыс күнi iшiнде оған жауап қайтаруға және сауалдың кiмнен келiп түскенiн көрсетпестен:
      1) осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiрудi жiберуге;
      2) конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға;
      3) конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзген жағдайда конкурстық құжаттаманы алған әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру мәтiнiн жариялауға мiндеттi.
      2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы күнi өткенге дейiн – күнтiзбелiк бес күн мерзiмiнен кешiктiрмей, ал электрондық мемлекеттiк сатып алу бойынша күнтiзбелiк үш күн мерзiмiнен кешiктiрмей өз бастамасы бойынша немесе осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес өздерi туралы мәлiметтер тiркеу журналына енгiзiлген не мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде тiркелген тұлғалардың сауалына жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Заңның 17-бабының 6-тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға өтемсiз негiзде жiберуге;
      2) енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға;
      3) конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзген жағдайда, енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде тiркелген тұлғаларға мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы жiберуге мiндеттi.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi кемiнде күнтiзбелiк он күн мерзiмiне ұзартылуға тиiс.
      3. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғалардың уәкiлеттi өкiлдерiмен конкурстық құжаттамада көрсетiлген белгiлi бiр жерде және тиiстi уақытта кездесу өткiзуге құқылы. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мүдделi тұлғалармен аталған кездесу өткiзiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, олардың дереккөздерiн көрсетпей, ұсынылған конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауалдар, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптар қамтылуға тиiстi хаттаманы ресiмдейдi және оған қол қояды.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы хаттама ресiмделген және оған қол қойылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) конкурстық комиссияға, сондай-ақ осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға аталған хаттаманың көшiрмесiн жiберуге;
      2) көрсетiлген хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi.
      Осы тармақтың талаптары конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      21-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiм

      1. Конкурсқа қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада белгiленген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарларды берудi, жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм беру нысаны болып табылады.
      2. Конкурсқа қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң:
      1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзушылықтың болмағандығы туралы;
      2) өзiнiң және тапсырыс берушiнiң не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы Заңның 37-бабының 10-тармағында көзделген фактiлер анықталған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бұзуға келiсiмi туралы растауды қамтуға тиiс.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмде қамтылуға тиiстi мәлiметтер, сондай-ақ құжаттар мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында немесе электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалады.
      3. Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық құжаттамада белгiленген талап етiлетiн мерзiмге сәйкес келуге тиiс.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      22-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi табыс ету



      1. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi табыс етудiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген соңғы мерзiмi өткенге дейiн оны мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға – мөр басылған конвертте, ал конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында табыс етедi.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi не конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын құжаттарды және (немесе) материалдарды оларды табыс етудiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген соңғы мерзiмi өткеннен кейiн табыс етуге жол берiлмейдi.
      Белгiленген мерзiм өткеннен кейiн табыс етiлген конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверт ашылмайды және әлеуеттi өнiм берушiге қайтарылады.
      Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмi:
      1) әлеуеттi өнiм берушi бұрын осы конкурсқа қатысуға өтiнiм берген;
      2) конкурсқа қатысуға өтiнiм мемлекеттiк сатып алу веб-порталына осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн келiп түскен;
      3) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, оны мемлекеттiк сатып алу веб-порталының автоматты түрде қабылдамауына жатады.
      2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттердi белгiленген мерзiм өткенге дейiн табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлер туралы мәлiметтердi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына хронологиялық тәртiппен енгiзедi.
      Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлер берген өтiнiмдер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi электрондық тiркеу журналында автоматты түрде тiркеледi.
      3. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi табыс ету мерзiмi аяқталған кезден кешiктiрмей:
      1) конкурсқа қатысуға енгiзiлген өтiнiмдi өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
      2) конкурсқа қатысуға өзi енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн керi қайтарып алуға құқылы.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi табыс етудiң не конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге, сол сияқты оны керi қайтарып алуға жол берiлмейдi.
      4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң конкурстық құжаттамада белгiленген қолданылу мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей әлеуеттi өнiм берушiлерден олардың қолданылу мерзiмiн нақты уақыт кезеңiне ұзартуды сұратуға құқылы. Әлеуеттi өнiм берушi:
      1) өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi iшiнде конкурс тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысу;
      2) мұндай өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi өткеннен кейiн өзi енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, мұндай сауалды қабылдамауға құқылы.
      5. Әлеуеттi өнiм берушi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға өзiнiң қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның, сарапшының, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларына қарамастан, мұндай шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi мойнына алмайды.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      23-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету



      1. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi, өзiнiң:
      1) конкурсқа қатысуға өтiнiмiн мұндай өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн керi қайтарып алмайтындығының не өзгертпейтiндiгiнiң және (немесе) толықтырмайтындығының
      2) оны конкурстың қатысушысы деп таныған жағдайда, өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде табыс ететiндiгiнiң, ал кейiннен оны керi қайтарып алмайтындығының
      3) оны конкурстың жеңiмпазы деп таныған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасатындығының және конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзетiндiгiнiң кепiлi ретiнде енгiзедi.
      2. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ережелерiнде айқындалған тәртiппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген соманың бiр процентi мөлшерiнде енгiзiледi.
      3. Әлеуеттi өнiм берушi, егер ол:
      1) екi кезеңдiк рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың бiрiншi кезеңiне;
      2) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыста көзделген көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбейдi.
      4. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
      1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiктi ақшалай жарнаны;
      2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы. V085231
      Әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн үшiншi тұлғаларда енгiзiлген кепiлдiктi ақшалай жарнаға толығымен не бiр бөлiгiнде талап ету құқықтарының туындауына әкеп соғатын iс-әрекеттер жасауына жол берiлмейдi.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 6 және 7-тармақтарында аталған iс-әрекеттердi қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушi енгiзген кепiлдiктi ақшалай жарнаны пайдалануына жол берiлмейдi.
      5. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай жағдайлардың бiрi туындаған кезде:
      1) әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;
      2) конкурсқа қатысушы болып танылған әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде табыс етпесе не керi қайтарып алса;
      3) конкурстың жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
      4) конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса
қайтармайды.
      6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бiрi туындаған кезде, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң сомасы тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар табысының есебiне жатқызылады.
      7. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге ол енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде:
      1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;
      2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Аталған жағдай конкурстың қатысушылары деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
      3) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Аталған жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген;
      5) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткенде қайтарады.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      23-1-бап. Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып


                 алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету

      1. Әлеуеттi өнiм берушi конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi:


      1) өзiн конкурсқа қатысушы деп таныған жағдайда, өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде беретiнiнiң, ал кейiннен оны керi қайтарып алмайтынының
      2) өзiн конкурстың жеңiмпазы деп анықтаған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасатындығының
      3) конкурстық құжаттамада белгiленген мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасатындығының, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) оны енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды уақтылы және тиiстi түрде орындайтындығының кепiлi ретiнде енгiзедi.
      2. Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған тәртiппен тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген соманың бiр пайызы мөлшерiнде енгiзiледi.
      3. Әлеуеттi өнiм берушi конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiреуiн:
      1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiктi ақшалай жарнаны;
      2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы.
      Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн әлеуеттi өнiм берушiнiң енгiзiлген кепiлдiктi ақшалай жарнасына тұтастай не оның бiр бөлiгiне талап ету құқығының үшiншi тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын iс-қимылдар жасауына жол берiлмейдi.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 5 және 6-тармақтарында аталған iс-әрекеттердi қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушi енгiзген кепiлдiктi ақшалай жарнаны пайдалануына жол берiлмейдi.
      4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған кезде:
      1) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуеттi өнiм берушi белгiленген мерзiмде өзiнiң конкурстық баға ұсынысын бермеген не керi қайтарып алған;
      2) конкурс жеңiмпазы деп анықталған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
      3) конкурс жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмi туралы талаптарды орындамаған не тиiстi түрде, оның iшiнде уақтылы орындамаған жағдайларда, конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi әлеуеттi өнiм берушiге қайтармайды.
      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бiрi туындаған кезде, конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасы тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар табысының есебiне жатқызылады.
      6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiге ол енгiзген конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарады:
      1) осы әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн керi қайтарып алған жағдайда;
      2) конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
      3) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген жағдайда.
      Ескерту. Заң 23-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      24-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған


               конверттердi ашу

      1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмде, уақытта және орында ашады.


      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған әрбiр конверттi ашқан кезде конкурсқа қатысуға өтiнiмде қамтылған құжаттар мен материалдар тiзбесi туралы ақпаратты жариялайды.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi табыс еткен әлеуеттi өнiм берушi және (немесе) оның уәкiлеттi өкiлi аудио жазба немесе бейнетүсiрiлiм жүргiзу құқығымен конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан кезде қатысуға құқылы.
      Конкурстық комиссияның отырысына қатысушы адамның конкурстық комиссияның қызметiне араласуға құқығы жоқ.
      2. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиiстi хаттама жасайды.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасына конкурстық комиссияның төрағасы және конверттердi ашу рәсiмiне қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
      3. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттердi ашқан күннен кейiнгi екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесiн ашу рәсiмiне қатысқан әлеуеттi өнiм берушiлерге не олардың уәкiлеттi өкiлдерiне жiберуге не табыс етуге;
      2) конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасының қол қойылған мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасында қамтылған және тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастырылған мәлiметтер барлық мүдделi тұлғаларға танысу үшiн төлем алынбастан қолжетiмдi болуға тиiс.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмi кезiнде болмаған әлеуеттi өнiм берушiлерге конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесi олардың жазбаша сауалы бойынша не олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң жазбаша сауалы бойынша мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының осындай сауалды алған күнiнен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде табыс етiледi.
      4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiн, уақытын және орнын өзгертуге осы өзгерiстердi конкурстық құжаттамаға енгiзбей тұрып жол берiлмейдi.
      Ескерту. 24-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      24-1-бап. Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып


                 алуға қатысуға өтiнiмдердi ашу

      1. Конкурстық комиссияның хатшысына конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдердi ашуға рұқсатты конкурстық құжаттамада мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен өтiнiмдердi түпкiлiктi табыс етудiң күнi мен уақыты келген кезде мемлекеттiк сатып алу веб-порталы автоматты түрде бередi.


      2. Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысу өтiнiмдерiн ашу хаттамасын ашылған күнi конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялайды. Бұл ретте мемлекеттiк сатып алу веб-порталы конкурстық комиссия мүшелерiне, осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдердi ашу хаттамасын жариялау туралы хабарламаны автоматты түрде жiбередi.
      Ескерту. Заң 24-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      25-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау, конкурсқа


               қатысуға рұқсат беру

      1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында жүзеге асырады.


      2. Қажет болған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық өзiндiк ерекшелiкке сәйкес келуiне қатысты сараптамалық қорытынды әзiрлеуi үшiн сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыда тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда, ол мемлекеттiк қызметшiлердi не сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге мамандығы сәйкес келетiн өзге мамандарды сарапшылар ретiнде жұмысқа тартады. Мемлекеттiк қызметшiлер сарапшылар ретiнде өтемсiз негiзде тартылады, ал өзге де мамандар тараптардың уағдаласуы бойынша ақылы да, өтемсiз де негiзде тартылады.
      Сарапшылардың конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.
      Ақылы негiзде сарапшылар ретiнде тартылатын тұлғаларды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қарау кезiнде конкурстық комиссия:
      1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн әлеуеттi өнiм берушiлерден олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрмелердi жазбаша нысанда, ал конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу жүргiзiлген жағдайда жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;
      2) конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында қажеттi ақпаратты тиiстi жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан жазбаша нысанда, ал конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу жүргiзiлген жағдайда жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтырудан, конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиiстi түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруден көрiнетiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге байланысты конкурстық комиссияның сауал жiберуiне және өзге де iс-әрекеттерiне жол берiлмейдi.
      Конкурстық комиссия, егер конкурсқа қатысуға өтiнiмде оның мәнiн қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетiн өтiнiм ретiнде қарайды.
      4. Әлеуеттi өнiм берушi, егер:
      1) осы Заңда және мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында немесе электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған негiздер бойынша оның және (немесе) оның қосалқы мердiгерiнiң не бiрлескен орындаушысының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалса;
      2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
      3) осы Заңда және мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында немесе электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған негiздер бойынша оның конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).
      5. Егер әлеуеттi өнiм берушi осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген негiздер бойынша конкурсқа қатысуға жiберiлмесе:
      1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада осындай әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн қайтарудың негiздемелерi көрсетiледi;
      2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiс.
      6. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша:
      1) бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сай келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;
      2) оларға осы Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәнiн қолданады;
      3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресiмдейдi.
      Егер конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу лоттардан тұрса, онда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада әрбiр лот бойынша конкурсқа қатысушылар көрсетiледi. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы жалпы хаттаманы онда әрбiр лот бойынша конкурсқа қатысушыларды көрсету шартымен ресiмдеуге жол берiледi.
      7. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуына рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешiм қабылданған күннен бастап – екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу өткiзген жағдайда шешiм қабылданған күнi қол қояды.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшiрмесiн табыс ету не оны осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң мекенжайына жiберу;
      2) қол қойылған хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыру арқылы конкурстық комиссияның қабылдаған шешiмi туралы мүдделi тұлғаларды хабардар етуге мiндеттi.
      Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу кезiнде конкурстық комиссияның хатшысы рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күнi осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге электрондық почта бойынша автоматты түрде хабарлама бере отырып, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялайды.
      8. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешiмiне осы Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 25-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      26-бап. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен


               салыстыру (конкурс)

      1. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада уақыты мен орны белгiленген күнi, бiрақ осы Заңның 25-бабы 7-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген тәсiлдермен мүдделi тұлғалар хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс күнiнен ерте өткiзiлмейдi.


      Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерi аудио жазба және бейнетүсiрiлiмдердi жүргiзу құқығымен қатысуға құқылы.
      2. Конкурсқа қатысушылар немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрмей конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердi табыс етедi.
      Конкурсқа қатысушының бiр конкурстық баға ұсынысынан артық баға ұсынысын табыс етуiне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын керi қайтарып алуына не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуiне жол берiлмейдi.
      Конкурстық комиссия хронологиялық тәртiппен конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу журналына конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәлiметтердi конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгiленген мерзiм өткенге дейiн енгiзедi.
      3. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердi конкурсқа қатысушылардың және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен ашады және оларға әрбiр конкурстық баға ұсынысын жариялайды.
      Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердiң мазмұнымен танысуға құқылы.
      4. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын мынадай жағдайларда, егер:
      1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтiк болып табылған жағдайда қабылдамай тастайды. Демпингтiк бағаны есептеу тәртiбi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде айқындалады;
      2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан артық болған жағдайда қабылдамай тастайды.
      5. Конкурстық комиссия қабылдаудан бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстарына конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетiлген тиiстi салыстырмалы өлшемдер мәнiн қолдану арқылы оларды бағалайды және конкурсқа әрбiр қатысушының шартты бағасын есептейдi.
      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырады және ең төменгi шартты баға негiзiнде конкурс жеңiмпазын айқындайды.
      Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушi жеңiмпаз деп танылады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлер конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурстық нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында мол жұмыс тәжiрибесi бар отандық тауар өндiрушi жеңiмпаз деп танылады.
      Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жүргiзiлген күнi қатысушыларға конкурс жеңiмпазын жариялайды және оған конкурстық комиссияның төрағасы не оның мiндетiн атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны бередi.
      Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      26-1-бап. Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып


                 алуды жүзеге асыру кезiнде конкурстық баға
                 ұсыныстарын бағалау және салыстыру

      1. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетiлген күнi және уақытта жүргiзедi.


      2. Конкурсқа қатысуға рұқсат берiлген (конкурсқа қатысушы деп танылған) әлеуеттi өнiм берушi рұқсат беру туралы хаттама жарияланған кезден бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу веб-порталына конкурстық баға ұсыныстарын беруге тиiс.
      3. Конкурсқа қатысушылар берген конкурстық баға ұсыныстары туралы мәлiметтер конкурстық баға ұсыныстарын тiркеудiң электрондық журналына автоматты түрде енгiзiледi.
      4. Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы мынадай жағдайларда мемлекеттiк сатып алу веб-порталының одан автоматты түрде бас тартуына жатады:
      1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтiк болып табылған жағдайда. Демпингтiк бағаны есептеу тәртiбi электрондық мемлекеттiк сатып алу қағидаларында анықталады;
      2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан асып түскен жағдайда;
      3) конкурсқа қатысушы бұрын осы конкурс бойынша баға ұсынысын берген жағдайда;
      4) конкурстық баға ұсынысы осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмнен кеш келiп түскен жағдайда.
      5. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгiленген күнi және уақытта мемлекеттiк сатып алу веб-порталы бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстарын оларға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетiлген тиiстi салыстырмалы критерийлер мәнiн қолдану арқылы автоматты түрде бағалайды және конкурсқа әрбiр қатысушының шартты бағасын есептейдi.
      Мемлекеттiк сатып алу веб-порталы конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын автоматты түрде салыстырады және ең төменгi шартты баға негiзiнде конкурс жеңiмпазын айқындайды.
      Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушi жеңiмпаз деп танылады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде, конкурстың нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында мол жұмыс тәжiрибесi бар отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлер жеңiмпаз деп танылады.
      Ескерту. Заң 26-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      27-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың


               қорытындылары туралы хаттама

      1. Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзудi қоспағанда, конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазы анықталған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.


      Егер конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу лоттардан тұратын жағдайда, конкурстық комиссия конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы жалпы хаттаманы ресiмдейдi және оған қол қояды, онда әрбiр лот бойынша конкурс жеңiмпаздары көрсетiледi.
      2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) хаттама мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыруға;
      2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      3) конкурс тәсiлiмен өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты мемлекеттiк сатып алу веб-порталына орналастыруға мiндеттi.
      Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу өткiзiлген кезде конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттама автоматты түрде жасалады және барлық конкурстық комиссия мүшелерiне және конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге электрондық почта арқылы хабарлама бере отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жарияланады.
      3. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына өзi туралы мәлiметтер енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнiң жазбаша сауалын алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей оған конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн өтемсiз негiзде табыс
етуге мiндеттi.
      4. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамада қамтылған және тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастырылған мәлiметтер барлық мүдделi тұлғаларға танысу үшiн төлем алынбастан қолжетiмдi болуға тиiс.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      28-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды


               өтпедi деп танудың салдары

      1. Егер конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылса, тапсырыс берушi:


      1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткiзу туралы;
      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қатысуға өткiзу туралы;
      3) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдауға құқылы.
      2. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу конкурсқа қатысуға тек қана бiр әлеуеттi өнiм берушiнiң жiберiлуiне байланысты өтпедi деп танылған жағдайда, тапсырыс берушi онымен бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу жөнiнде шешiм қабылдауға құқылы. Мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға бiр әлеуеттi өнiм берушiнiң жiберiлуiне байланысты өтпедi деп танылған конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген сомадан аспауға тиiс.
      3. Осы Заңның 26-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы қабылданбағаннан кейiн қабылданбаудан тысқары бiр ғана конкурстық баға ұсынысының қалуына байланысты конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылған жағдайда, тапсырыс берушi мұндай конкурсқа қатысушымен бiр кезден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу жөнiнде шешiм қабылдауға құқылы. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мұндай конкурсқа қатысушының өтiнiмiнде көзделген талаптарға сүйенiп жасалады және онымен жасалған шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиiс.

      29-бап. Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс


               тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң
               ерекшелiктерi

      1. Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу:


      1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң егжей-тегжейлi өзiндiк ерекшелiгiн толық тұжырымдау әрi олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау қиын және (немесе) әлеуеттi өнiм берушiлердiң ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келiссөз жүргiзу қажет болған;
      2) зерттеулер, эксперименттер, iздестiрулер жүргiзу немесе әзiрлемелер жасау қажет болған жағдайларда өткiзiлуi мүмкiн.
      2. Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу мынадай дәйектi кезеңдердiң жиынтығын бiлдiредi:
      1) бiрiншi кезеңде мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
      тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауы;
      мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны айқындауы;
      сараптама комиссиясының не сарапшының тапсырыс берушiнiң қажеттiлiгi негiзiнде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы;
      тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсын айқындау;
      екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу туралы хабарландыруды мемлекеттiк сатып алу веб-порталында және тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялау;
      мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың бiрiншi кезеңiне қатысуға мүдделi тұлғаларға техникалық тапсырма табыс етуi;
      әлеуеттi өнiм берушiлердiң техникалық тапсырмаға сәйкес әзiрленген техникалық ұсыныстарды табыс етуi;
      сараптама комиссиясының не сарапшының әлеуеттi өнiм берушiлердiң техникалық ұсыныстарын қарауы және олармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына, оларды жеткiзудiң (орындаудың, көрсетудiң) шарттық талаптарына қатысты мәселелердi талқылауы;
      сараптама комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiктерiн әзiрлеуi;
      мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзiрлеуi және оны тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғаның не оның мiндетiн атқаратын тұлғаның бекiтуi;
      мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының бiрiншi кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлерге екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың екiншi кезеңiне қатысуға шақыру жiберуi;
      2) екiншi кезеңде конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу үшiн көзделген iс-шаралар жүзеге асырылады.
      Ескерту. 29-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.20 N 87-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.02.18 N 408-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет