Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде осы Ереженің 55-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді. Осы Ереженің 55-тармағының талаптарын бұзып ресімделген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер тіркеуге жатпайды және оларды:
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конвертті почта байланысы арқылы алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге;
конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынған әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне тез арада қайтарады;
3) тиісті түрде ресімделген конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді қабылдайды және осы тармақта көзделген мәліметтерді конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;
4) конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі біткенге дейін конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімге өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;
5) конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі біткенге дейін оны қайтарып алған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтаруды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверт оларды берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін тіркелуге жатпайды және осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тәртіппен және мерзімде қайтарылады.
Әлеуетті өнім берушінің толық атауын және почталық мекен-жайын көрсетпей берілген конкурсқа қатысуға өтінімі бар конверт тіркеуге және ашуға жатпайды, бірақ күнтізбелік жыл ішінде сақтауға жатады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 59-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
59. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы мен өткізілетін мерзімін;
2) тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауын, олардың почталық мекен-жайын;
3) ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды(бұр. ред. қара)
4) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегін, атын, әкесінің атын;
5) әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайын, оның СТН-ін;
6) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конвертті тіркейтін күн мен уақытты;
7) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімге енгізген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты.
Конкурсқа қатысуға өтінімдердің тіркеу журналына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай бас тартудың себебін айта отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдерін тіркеуден бас тартылған әлеуетті өнім берушілерді көрсетеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдердің тіркеу журналы тігілген, беттері нөмірленген және оған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы бұрыштама соғуы тиіс, конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналының соңғы беті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілген болуға тиіс. Бір қаржы жылы ішінде конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді барлық мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге рұқсат етіледі.
60. Әлеуетті өнім беруші өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі біткенге дейін конкурсқа қатысуға өзінің өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгерістер енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуға, мөр басылуға және ұсынылуға тиіс.
61. Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына әлеуетті өнім берушінің қолы қойылған және мөрмен бекітілген (жеке тұлға үшін егер осындай болса) еркін өтініш түрінде ресімделеді.
62. Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімге оларды берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін ешқандай өзгерістер енгізілмеуге тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 63-тармақ өзгертілді
63. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде әлеуетті өнім беруші енгізеді. Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінім берілетін лоттарға ғана конкурсқа қатысуға өтінімді қамсыздандыруды енгізеді.
Конкурсқа бірнеше лот бойынша қатысқан жағдайда әлеуметтік өнім беруші конкурстық өтінімді қамсыздандыруды әрбір лот бойынша жеке ұсынады.
64. Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді:
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік түрінде енгізеді.
65. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды(бұр. ред. қара)
66. Банктік кепілдіктің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмауға тиіс. Әлеуетті өнім берушінің өтінімнің өзін ұзарту мерзіміне банк кепілдігінің әрекет ету мерзімін ұзартуына жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 67-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
67. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамсыздандыруды, егер ол:
1) екі сатылы рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші сатысында;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысса, қамсыздандыруға шығармайды.
68. Заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуі жоқ барлық конкурстық өтінімдерді конкурстық комиссия конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермейтін ретінде кейінге қалдырады.
69. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді Заңның 23-бабының 5-тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қайтармайды.
70. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету Заңның 23-бабының 7-тармағында айтылған жағдайлар басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу
71. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен күні, уақытта және орында конкурстық комиссияның қарапайым көпшілігінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 72-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
72. Егер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың тағайындалған күні конкурстық комиссия мүшелерінің қажетті саны, конкурстық комиссияның хатшысы болмаса, онда конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасары конверттерді ашудың тағайындалған уақытына дейін үш сағаттан кешіктірмей бұл туралы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны жазбаша не ауызша хабардар етеді, ол конверттерді ашу рәсімі басталғанға дейін осындай алмастырудың себебін көрсете отырып, конкурстық комиссияның жоқ мүшелерін, конкурстық комиссияның хатшысын алмастыру бөлігінде конкурстық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды.
73. Конкурстық комиссияның отырысы басталғанға дейін конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің мүдделерін білдіруге әлеуетті өнім берушілер өкілдерінің құжатты түрде ресімделген өкілеттігін тексереді.
74. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарламасында және конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.
75. Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім ұсынылған жағдайда да конкурсқа қатысуға өтінім осы Ережеге сәйкес ашылады және қаралады.
76. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды:
конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының құрамы;
конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының болуы не болмауы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуі;
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің болуы немесе болмауы, сондай-ақ себептері;
белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдер берген әлеуетті өтінім берушілер туралы ақпараттандырады;
хронологиялық тәртіппен конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім беруші туралы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жария етеді;
осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жария етеді;
2) төраға не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға анықтаған адам:
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
3) конкурстық комиссияның хатшысы:
осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес өтінімдер салынған конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;
әлеуетті өнім берушілерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы ақпараттандырады.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 77-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
77. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына отырысқа қатысушы конкурстық комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.
78. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге немесе конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне, ал болмағандарға - сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде олардың жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.
79. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың қол қойылған хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына жариялайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 80-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 80-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
80. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде (күрделі техникалық сипаттамалары мен ерекшелігі бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді күрделі мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда осындай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде қаралады) әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (конкурсқа қатысушы деп таниды).
Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес ресімделеді, отырысқа қатысқан барлық мүшелер, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуына рұқсат беру (конкурс қатысушысы деп тану) туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды, әрбір бетке бұрыштама қояды. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға болған кезде сараптамалық қорытынды не конкурстық комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптама комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірі қоса тіркелуі мүмкін.
81. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы:
1) төрағамен, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасарымен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін күн мен уақытты келіседі;
2) конкурстық комиссияның мүшелерін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін күн мен уақыт туралы хабардар етеді;
3) конкурстық комиссияның қарауына әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытша беру журналында қол қоя отырып, әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін растайтын құжаттарды береді;
4) сарапшыны (сараптау комиссиясын) тартқан жағдайда әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытша беру журналында қол қоя отырып, әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
82. Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытша беру журналы мыналарды:
конкурсқа қатысуға өтінімді құрайтын құжаттардың дестесіне кіретін құжаттың атауын;
бет сандарын;
конкурстық өтінім құжаттарын алған адамның тегін, аты-жөнін және қолын, оларды алу күнін;
конкурстық өтінім құжаттарын кері алу туралы куәландыратын конкурстық комиссия хатшысының тегін, аты-жөнін және қолын, оларды алу күнін қамтуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 83 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
83. Конкурстық комиссияның мүшелері, сарапшы (сараптау комиссиясының жетекшісі) конкурстық комиссияның хатшысына қайтарғанға дейін оларды қарау уақытында әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімі құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
84. Өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы осындай комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігінің қатысуымен өткізіледі.
85. Конкурстық комиссия отырысын өткізбей конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауға жол берілмейді.
86. Конкурстық комиссия:
1) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін құрайтын құжаттар бумасының толықтығы мен тиісінше ресімделу мәніне қарайды;
2) құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған және (немесе) тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерді анықтайды;
3) жазбаша нысанда конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдердің қаралуын, оларды бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді сұратады;
4) конкурсқа қатысуға өтінімдерде бар мәліметтерді нақтылау мақсатында конкурстық комиссия тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша нысанда қажетті ақпаратты сұратады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұраулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттамаға сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі;
5) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды және конкурстың қатысушылары деп таниды.
Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің жалпы біліктілік талаптарына олардың банкроттау рәсіміне қатысы жоқтығы бөлігінде сәйкес келуін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.
87. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді енгізілген қамтамасыз етуді мынадай жағдайда конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды:
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болғанда;
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) конкурстық комиссияға:
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген адамды;
олардың қатысу үшін банктік кепілдік түрінде берілген өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауын;
банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген адамды;
оның пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін адамды анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауымен көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиесілі ресімделмегенде.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356
Достарыңызбен бөлісу: |