Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік
сатып алуды жүзеге асыру туралы әлеуетті өнім берушілерді хабардар ету
125. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы барлық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырысшының интернет-ресурсында не ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін кез келген басқа интернет-ресурста электрондық хабарландыруды орналастыруға тиіс.
126. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы электрондық хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) тапсырыс берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы;
3) жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген соманы көрсете отырып жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар саны, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көлемі;»;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен тармақ 4-1),4-2),4-3) тармақшалармен толықтырылды
4-1) сатып алынатын тауарлардың (техникалық жағдайларды көрсете отырып), жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаты;
4-2) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
4-3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі;
5) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беру орны мен басталу және аяқталу мерзімі;
6) әлеуетті өнім берушінің тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығыстарды баға ұсынысына енгізу қажеттігі туралы талап;
7) елеулі шарттарды көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;
8) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қою талап етілетін мерзім.
127. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен оларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің не уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияламастан кемінде екі әлеуетті өнім берушіге осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы жазбаша ұсыныс жібереді. Бұл ретте жазбаша ұсыныста Заңның 31-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат болуға тиіс. Шақыруға елеулі талаптарды көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берілуге тиіс.
Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беруі
128. Әрбір әлеуетті өнім беруші мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс тек бір баға ұсынысын ғана береді:
1) әлеуетті өнім берушінің атауы, заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы (заңды тұлға үшін), патентінің және жеке куәлігінің (паспортының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін), СТН-і және банктік деректемелері;
2) жеткізілетін тауарлардың атауы, сипаттамасы мен саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы мен көлемі;
3) тауарлар жеткізілетін, жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін орын мен мерзімі;
4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бір бірлігінің құны оған енгізілген шығыстар туралы мәліметтерді көрсете отырып.
129. Баға ұсынысындағы тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттары мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы орналастырған баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы электрондық хабарландырудағы (жазбаша шақырудағы) шарттарға қайшы келмеуге тиіс.
130. Баға ұсынысы бар мөрленген конверттің беткі жағына әлеуетті өнім беруші мыналарды көрсетуге тиіс:
1) әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының электрондық хабарландыруында және жазбаша шақыруында көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуге тиісті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен почталық мекен-жайы;
3) қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы берілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы.
131. Баға ұсынысы конвертке салынып мөрленеді және әлеуетті өнім беруші оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы электрондық хабарландыруда немесе жазбаша шақыруда көрсеткен кезеңде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға береді.
132. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
1) баға ұсынысы салынған конвертті ұсынған әлеуетті өнім берушінің өкілінің өкілеттіктерін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) баға ұсынысы салынған конвертте осы Ереженің 130-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді. Осы Ереженің көрсетілген тармағының талаптарын бұза отырып ресімделген баға ұсыныстары салынған конверттер тіркелмейді және:
баға ұсыныстары салынған конвертті почта байланысымен алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге;
баға ұсыныстары салынған конвертті берген әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне дереу қайтарады;
3) тиісті түрде ресімделген баға ұсыныстары салынған концерттерді қабылдайды және осы Ереженің 134-тармағының тармақшаларында көзделген мәліметтерді баға ұсыныстарын тіркеу журналына енгізеді.
133. Баға ұсыныстарын берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін берілген конверт тіркелуге жатпайды және осы Ереженің 132-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен және мерзімде қайтарылады.
134. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;
2) тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың почталық мекен-жайы;
3) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты;
4) әлеуетті өнім берушінің толық атауы және почталық мекен-жайы, оның СТН-і;
5) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысының тіркелген күні мен уақыты.
135. Баға ұсыныстарын тіркеу журналында осындай бас тартудың себебі баяндала отырып, баға ұсыныстарын тіркеуден бас тартылған әлеуетті өнім берушілердің тізімі көрсетілуге тиіс. Баға ұсыныстарын тіркеу журналы тігілуге, беттері нөмірленуге және оған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бұрыштама қоюға тиіс, баға ұсыныстарын тіркеу журналының соңғы беті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілуге тиіс. Бір қаржы жылы ішінде баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді барлық мемлекеттік сатып алу бойынша бірыңғай баға ұсыныстарын тіркеу журналын жүргізуге жол беріледі.
Егер баға ұсыныстарын беру мерзімінің ішінде әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған кемінде екі конверт ұсынылғанда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын беру мерзімін бес жұмыс күніне ұзартады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын беру мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей Заңның 31-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген іс-шараларды орындайды.
Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығару
136. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді ашады және белгіленген мерзімде ұсынылған және тиісті журналда тіркелген әлеуетті оны берушілердің баға ұсыныстарын баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күн ішінде салыстырады.
137. Сатып алынатын тауарды жеткізушіні, жұмысты орындаушыны, қызметтер көрсетушіні мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ең төменгі баға ұсынысының негізінде айқындайды.
138. Егер ең төменгі баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған болса, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан ертерек түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 139- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
139. Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беруі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының шешімімен баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бекітіледі.
Егер сатып алуды ұйымдастырушы болып тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі атынан тапсырыс берушінің өзі әрекет еткен жағдайда, осындай мемлекеттік сатып алу қорытындыларын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
140. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын бекіту туралы шешімде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың почталық мекен-жайы;
2) баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;
3) ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) баға ұсыныстарын берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін баға ұсыныстарын берген әлеуетті өнім берушілердің толық атауы, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге олар мәлімдеген баға;
5) қабылдамау себептерін негіздей отырып, қабылданбаған баға ұсыныстары туралы;
6) баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен мемлекеттік сатып алудағы жеңімпаз туралы, сондай-ақ жеңімпаз ұсынғандай бағаны ұсынған әлеуетті өнім беруші туралы не баға ұсынысы жеңімпаз ұсынған бағадан кейін ең аз баға болып табылатын әлеуетті өнім беруші туралы.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен қорытындылар туралы ақпаратты Заңның 31-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат орналасқан интернет-ресурста орналастыруға міндетті.
Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын жариялау туралы талап олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайына қолданылмайды.
5. Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
141. Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші Заңның 32-бабында белгіленген жағдайда қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 142-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
142. Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдануды негіздей отырып, бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдауы;
2) тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарын, орны мен мерзімдерін, ақы төлеу шарттары мен мерзімдерін әзірлеуі;
4) тапсырыс берушінің сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарын, орны мен мерзімдерін, оларға ақы төлеу шарттары мен мерзімдерін бекітуі;
5) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге Заңның 33-бабының 1-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жіберуі;
6) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім беруші ұсынған әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға ол ұсынатын бағаны негіздеуді растайтын құжаттарды қарауы;
7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі;
8) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушіге ұсынуы.
Заңның 32-бабының 2) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеуі және тапсырыс берушінің бекітуі талап етілмейді. Мұндай жағдайда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі, сондай-ақ конкурс және (немесе) өтпеді деп танылған аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың конкурстық және (немесе) аукциондық құжаттамасында көзделген тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің шарттары, орны мен мерзімі және оларға ақы төлеу шарттары қолданылады.
143. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сарапшыны не сараптама комиссиясын тартуға құқылы. Сарапшыны не сараптама комиссиясын тарту осы Ереженің 35-тармағында белгіленген шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
144. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеуді қамтамасыз етеді.
145. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімін қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге жазбаша нысанда Заңның 33-бабының 1-тармағына сәйкес ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.
146. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 147-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
147. осы Ереженің 124-тармағының 1) және 2) тармақшаларында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 73-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда сұрау салу жіберілетін әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды.
Осы Ереженің 124-тармағының 3) тармақшасында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 73-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңның 6-тармағының талаптарын бұзған адамды қоспағанда, рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес конкурстық өтінім берген әлеуетті өнім берушіге ең жоғары шартты жеңілдікпен сұрау салу жібереді.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 148-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
148. Осы Ереженің 124-тармағының 4) және 5) тармақшаларында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 73-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық баға ұсынысы жалғыз қабылданған болып табылатын конкурсқа қатысуға рұқсат етілген әлеуетті өнім берушіге не конкурсқа қатысушыға сұрау салу жібереді.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 148-1-тармақпен толықтырылды
148-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 155-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайда сұрау салу жіберілетін әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 148-2-тармақпен толықтырылды
148-2. Әлеуетті өнім берушіге жіберілетін конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізілмеген деп танудың негізінде бір көзден сатып алу шарты туралы ақпарат өткізілмеген деп танылған конкурстың немесе аукционның конкурстық немесе аукциондық құжаттамасына сәйкес болуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 149-тармақ өзгертілді
149. Әлеуетті өнім беруші тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға оның осы Ереженің 51-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты шектеулердің жоқтығын растайтын құжаттарды, ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзінің жазбаша келісімін, сондай-ақ жеткізілетін тауарлар, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны жібереді.
Заңның
Достарыңызбен бөлісу: |