Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы



бет16/19
Дата23.02.2016
өлшемі1.18 Mb.
#9690
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Өнім берушіге мұндай негіздеме бойынша Шарттың бұзылуымен байланысты болған шығындар өтемін талап ету құқығына ие емес.

52. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.

53. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен 53-1-тармақпен толықтырылды



53-1. Отандық тауар өндірушілермен немесе отандық қызметтерді көрсетушілермен шарт жасалған жағдайда, шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені не қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу туралы шартты қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

54. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.

ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 55-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

55. Шарт қазақ және/немесе орыс тілдерінде жасалады. Шартты төрелікте қарау қажет болған жағдайда Шарттың қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиіс.

56. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуға тиіс.

57. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

58. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.

59. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

60. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 60-1 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 60-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



60-1. Өнім беруші жергілікті қамтуды конкурстық өтінімге (болған кезде) сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.

ҚР Үкіметінің 2012.15.11. № 1450 Қаулысымен 60-2-тармақпен толықтырылды

60-2. Өнім беруші жеткізілетін тауардың бүкіл (барлық) партиясына (партияларына) CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынуға міндеттенеді.

61. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

62. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) тіркеуден өткізгеннен кейін және Өнім беруші осы Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.

63. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:

 

Тапсырыс беруші

_____________________________

(толық атауы)

_____________________________

_____________________________

(мекен-жайы)

_____________________________

(телефоны, факсы)

_____________________________

(Т.А.Ә.)

_____________________________

(қолы)

________ж. «__»__________

 

М.О.

Өнім беруші

_____________________________

(толық атауы)

_____________________________

_____________________________

(мекен-жайы)

_____________________________

(телефоны, факсы)

_____________________________

(Т.А.Ә.)

_____________________________

(қолы)

________ж. «__»__________

 

М.О.

 

Аумақтық қазынашылық органында тіркеу үшін (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін):____________________

Осы Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт Тапсырыс берушінің тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы үдерісінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Тапсырыс беруші осы Шартты пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде өзінің тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартының жобасын әзірлеуге тиіс. Бұл ретте осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және Конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуге тиіс. Осы Шартта курсивпен бояп көрсетілген түсіндірмелерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.

 

Ережеге



5-қосымша

 

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт



 

__________________

(Орналасқан жері)

_________ж. «___» _______________

 

Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын______________________

(Тапсырыс берушінің толық атауы)

атынан____________________________________________________________,

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын,

____________________________________________________________ атынан

(өнім беруші - конкурс жеңімпазының толық атауы)

___________________________________________ негізінде әрекет ететін

(Жарғы, Ереже және т.с.с.)

__________________________________________________________________

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) 

екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) және ___жылғы «__»_______ өткен Мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден тәсілімен) қорытындыларының негізінде осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегі келісімге келді:

1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы - (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетілсін) Тапсырыс беруші үшін мемлекеттік сатып алуды (жұмыстардың қысқаша сипаттамасы) жариялады  және Мердігердің (сомасы сандармен және жазумен көрсетілсін) (бұдан әрі - Шарттың бағасы) мөлшерінде осы жұмыстарды орындауға конкурстық өтінімін қабылдады.

2. Жұмыстар Жоба бойынша орындалады (жобаның аты, объектінің атауы мен орналасқан жері)

Бас жобалаушы (ұйымның атауы мен мекен-жайы)

____________________________________________________________________________________________________________

3. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсінік беріледі:

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен   1) тармақша өзгертілді   (бұр. ред. қара)



1) «Тапсырыс беруші» - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;

2) «Бас мердігер» (бұдан әрі - Мердігер) - Тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (сатып алуды жүзеге асыру ережесінде көзделген жағдайларда);

3) «Қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы)» - Шарт бойынша учаскеде (объектіде) жұмыстардың бір бөлігін орындауға Мердігермен шарты және (немесе) келісімі бар адамды немесе ұйымды білдіреді;

4) «Техникалық қадағалаушы» - мердігерлік жұмыстарды Мердігердің Шарттың ережелеріне сәйкес орындауы жөніндегі бақылауды жүзеге асыруға Тапсырыс беруші тағайындаған және Мердігерге хабарланған адамды білдіреді;

5) «Объект» - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Мердігердің Шартта көзделген түрде құрылуға, қайта жаңартуға және Тапсырыс берушіге беруге тиіс деп анықтаған ғимарат, құрылым;

6) «Учаске» - Объект құрылысын салуға немесе жұмыстарды жүргізуге бөлінген аумақты білдіреді;

7) «Шарттың құны» - Шарттың Мердігер өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен және Тапсырыс беруші қабылдаған жалпы сомасын білдіреді;

8) «Шарт» - «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Мердігердің арасында ғимараттар мен құрылымдардың құрылысын салуға және жөндеу-құрылыс жұмыстарына жасалған азаматтық-құқықтық шарт. Шартқа оған қол қойылғаннан кейінгі барлық толықтырулар мен өзгерістер қабылдау жолымен жасалуы мүмкін. Шарт Жобалаушы мен Мердігер, Тапсырыс берушілер мен Қосалқы мердігерлер арасындағы қандай да бір шарттық қатынастар қалыптастыратындай түрде түсіндірілуге тиіс емес;

9) «Уақытша құрылыстар» - Объектінің құрылысын салу мен жөндеу үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектінің құрылысын салуды аяқтағаннан кейін Мердігер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылыстарды білдіреді;

10) «Материалдар» - Объект құрылысын салу үшін Мердігер мен Қосалқы мердігер пайдаланатын барлық шығыс материалдарын білдіреді;

11) «Жабдық» - Мердігер мен Қосалқы мердігердің Объектінің құрылысын салу үшін учаскеде уақытша тұрған барлық машиналары мен тетіктерін білдіреді;

12) «Құрылыстың ұзақтық мерзімі» Мердігер Объектінің құрылысын салуды аяқтауға тиіс мерзімді білдіреді;

13) «Күндер» - күнтізбелік күндер, «айлар» - күнтізбелік айлар;

14) «Өзгерістер» - Тапсырыс беруші Шартқа қол қойылғаннан кейін берген өзгерістер;

15) «Ақау» - жұмыстардың Шарт ережелерін бұзып орындалған бөлігі;

16) «Шалалықтар мен ақауларды жою кезеңі» - жұмыстардың орындалуын тексеру үдерісінде табылған шалалықтар мен ақауларды жою кезеңі.

4. Төменде санамаланған құжаттар мен оларда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:

1) осы Шарт;

2) Шарттың мәні/сатып алынатын жұмыстардың тізбесі;

3) техникалық өзіндік ерекшелік;

4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету (бұл тармақша, егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада көзделген болса көрсетіледі);

5) жобалау-сметалық құжаттама/жұмыс сызбалары (сызбалардың нөмірлері мен олардың күндері көрсетілсін):

Құжат

 

Атауы

 

Нөмірі және күні

 

6) Толықтырулар (осындайлар болса):

 

Құжат

 

Атауы

 

Нөмірі мен күні

7) Өзге де құжаттар: (Тапсырыс беруші Шарттың құжаттарына енгізгісі келетін қосымша құжаттар көрсетілсін)

____________________________________________________

____________________________________________________

ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



5. Ереженің 158-тармағында көрсетілген жағдайларда және мөлшерде Өнім беруші Шарт жасасқан күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

1) Тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;

2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.

6. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші бір тұлғалардың енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға толығымен не бір бөлігінде талап ету құқықтарының туындауын келтіріп шығаратын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген кепілді ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берілмейді.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді



7. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алу шарты бір қаржы жылынан астам мерзімге мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада оларды аяқтау мерзімі келесі (кейінгі) қаржылық жылда (жылдарында) көзделген жұмыстарды сатып алған жағдайда жасалуы мүмкін.

Бұл ретте, қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан астам мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттарға жоғарыда көзделген жағдайларда, бәсекелестік негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталған өнім берушілермен ғана рұқсат етіледі.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар басқару органы немесе көрсетілген тұлғалардың жоғарғы органы бекіткен даму жоспарында (бизнес-жоспарда) оларды аяқтау мерзімі келесі (кейінгі) қаржылық жылға (жылдарына) белгіленген іс-шараларды орындау үшін қажетті жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасулары мүмкін.

8. Мердігер осы Шартта көзделген барлық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуді міндетіне алады.

ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды



8-1. Отандық жұмыстарды берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт алдын ала ақы төлеу және жұмыстарды жүзеге асырғаны үшін толық ақы төлеу туралы шартты қамтуы тиіс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

9. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының бейрезидентімен жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.

ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10. Шарт қазақ және/немесе орыс тілдерінде жасалады.

Шартты төрелік сотта қарау қажет болған жағдайда Шарттың қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты тараптар алмасатын барлық хат алмасу мен басқа да құжаттама осы талаптарға сәйкес болуы тиіс.

ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Заңмен көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу шартын көздеуі тиіс.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) өнім беруші таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негіздер бойынша енгізуге жол берілмейді.



12. Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы Объект құрылысын салу мәселелеріне қатысты ресми қатынас жазбаша түрде ғана күшке ие болады.

13. Мердігер қосалқы мердігерлік ұйымдармен жұмыстардың жалпы көлемінің (мердігерлік бағасының) 2/3 бөлігінен аспайтын Шарт жасаса алады, және Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз Шартты үшінші тұлғаға бере алмайды. Қосалқы мердігерлердің болуы Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы Шарттың талаптарын өзгертпейді.

14. Учаскеде қосалқы мердігерлер бар болса Мердігер өзінің жұмыстарын олармен үйлестіріп отыруы тиіс.

15. Тапсырыс беруші Мердігерге объектінің құрылысын салуға (жөндеуге, қайта жаңартуға) жобалау-сметалық құжаттаманы береді (мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс құрылысты «Дайын тапсыру» шартымен өткізілген кезде бұл талап осы Шартта ескерілуі тиіс).

16. Мердігер негізгі қызметтерге біліктілігі туралы мәліметтерде көрсетілген қызметкерлерді жалдайды. Бұл адамдарды басқасына ауыстырған кезде Мердігер мұндай ауыстыруға Тапсырыс берушінің келісімін алуы тиіс. Жаңа қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтерде санамаланған қызметкерлердің біліктілігіне тең немесе одан жоғары болуы тиіс.

17. Егер Тапсырыс беруші Мердігерден Мердігердің немесе қосалқы мердігердің қызметкері болып табылатын адамды, себептерін көрсете отырып, Объектіде жұмыстарды орындаудан алыстатуды сұрайтын болса, Мердігер мұндай адамды 72 сағат ішінде құрылыс объектісінен кетіруге міндетті, одан кейін бұл адамның осы Шарт бойынша жұмыстарды орындаумен ешқандай байланысқа ие болмауы тиіс.

18. Мердігер Тапсырыс берушінің мүлкіне, меншігіне шығындар немесе залал келтірумен және өз қызметкерлерінің денсаулығына, сондай-ақ өз қызметкерлерінің мерт болуымен байланысты және Шартты орындау ағымында және салдарынан туындайтын барлық тәуекел үшін жауапты болады.

19. Тапсырыс беруші тәуекелдің ерекше түрлері, атап айтқанда: соғыс, көтеріліс, революция, азаматтық соғыс, бүліктер, тәртіпсіздіктер (егер онда Тапсырыс берушінің қызметкерлері қатысса) тәуекелі үшін жауапты болады. Сондай-ақ, Мердігер тапқан және конкурстық құжаттамада көрсетілмеген топырақтың уытты және жарылғыш нәрселермен улануы және егер осы табылғандар жұмыстардың орындалуына тікелей әсер ететін болса да Тапсырыс берушінің тәуекелі болып табылады.

20. Мердігер ақауларды жою кезеңін қоса алғанда, жұмыстар басталған күннен жұмыстар толық аяқталғанға дейінгі кезеңге Тапсырыс берушінің атына сақтандырумен жабуды қамтамасыз етеді.

Сақтандыру объектілері және сомасы __________________________

__________________________________________________________________

(жабдықтар беруді сақтандыру, адамдарды және т.б. сақтандыру)

21. Мердігер сақтандыру полистері мен сертификаттарын Тапсырыс берушіге жұмыстар басталатын Күнге дейін ұсынуы тиіс.

22. Егер Мердігер талап етілетін сертификаттарды ұсынбаса, Тапсырыс беруші Мердігердің қамтамасыз етуі тиіс сақтандыруды жүргізуі және осы шығыстарды Шарттың құнынан ұстауы мүмкін.

23. Мердігер Тапсырыс берушінің келісімінсіз сақтандыру шарттарын ешқандай өзгерте алмайды.

24. Екі тарап та сақтандыру полистерінің барлық шарттарын сақтауға тиіс.

25. Тараптардың әрқайсысы олардың бірлескен іс-қимылдары немесе кемшіліктерінің нәтижелері болып табылған шығындар бойынша шығындар, шығыстар және талап-арыздар, адамдардың денсаулығына залал келтіргені және өлімі үшін жауап береді және оларды басқа тарапқа өтейді.

26. Мердігер Объектідегі жұмыстар өндірісінің қауіпсіздік техникасы үшін толығымен жауап береді.

27. Тапсырыс беруші Мердігердің объектінің құрылысын салуға бөлінген Учаскенің барлығын пайдалануға рұқсат етеді. Егер құрылысқа берілген Учаскенің бір бөлігі Учаске берілетін күнге берілмеген болса және осы себеппен жұмыстарды орындау кідіртілсе, онда бұл жағдайда Тапсырыс беруші жұмыстарды аяқтау мерзімін осы Учаскені беруді кідірткен мерзімге ұзартуы тиіс.

28. Тапсырыс беруші немесе оның уәкілетті тұлғасы, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманың әзірлеушілері Учаскеге немесе Шарт бойынша жұмыстар орындалып жатқан немесе орындалатын кез келген басқа орынға әрқашан рұқсаты болады.

29. Тапсырыс беруші мен Мердігер Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.

30. Егер осындай ресми емес келіссөздер басталғанынан 21 (жиырма бір) күн ішінде Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Өнім беруші бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап етуі мүмкін.

31. Егер мердігер Шарттық құжаттардың талаптарын бұзып орындалған жұмыстарды түзету жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаса, сондай-ақ егер Мердігер жобалау-смета құжаттамасына сәйкес жұмысты соңына дейін орындауға қабілетсіз болып шықса, Тапсырыс беруші жазбаша нұсқамамен Мердігерге жұмыстарды тұтастай немесе тоқтап қалу себептерін жойғанға дейін жұмыстардың бір бөлігін тоқтату туралы өкім бере алады.

32. Егер Мердігер жұмысты түзете алмаса немесе түзеткісі келмесе (оны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестендіру) және тапсырыс берушіден бұл туралы жазбаша ескерту алғаннан кейін жеті күн ішінде жазбаша немесе әрекеттерімен жауап бермесе тапсырыс беруші көрсетілген жеті күн мерзім өткеннен кейін өзінің талабын қайталауға құқылы. Егер Мердігер келесі жеті күн мерзімі ішінде көрсетілген Ақауларды түзетуге жағдайы болмаса, Тапсырыс беруші өзінің басқадай әсер ету әдістерін қолдану құқығынан бас тартпастан, осы жұмысты өз күшімен орындай алады. Мұндай жағдайларда негізінде Мердігерге төленуі тиіс болған сомадан Тапсырыс берушінің қосымша қызметтер үшін мәжбүрлі шығындары өтемін қоса алғанда, көрсетілген Ақауларды түзету құны шегерілетін өзгерістер туралы тиісті бұйрық шығарылады. Егер Мердігерге төлеуге тиісті сома көрсетілген шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болса, Мердігер Тапсырыс берушіге айырманы өз қаражатынан төлеуге міндетті.

33. Мердігер_____________________ мерзім ішінде Тапсырыс берушіге Объектінің құрылысын салу бойынша жұмыстарды орындау тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ Тапсырыс беруші тарапынан оның конкурстық өтініміне сәйкес төлемдерді жүргізу кестесі мазмұндалған жұмыстардың өндіріс кестесін бекітуге ұсынады.

34. Егер форс-мажорлық жағдайлар орын алса немесе ол ұсынған ауытқулар жұмыстарды орындау үшін қосымша мерзімдер талап етсе, сондай-ақ егер, жұмыстарды орындау үдерісінде қосымша еңбек шығындарын талап ететін жасырын Ақаулар анықталған жағдайларда Тапсырыс беруші жұмыстарды орындау мерзімін ұзартады. Бұл ретте Мердігер азаматтық заңнамада көрсетілген рәсімге сәйкес Тапсырыс берушіні жазбаша хабардар етуі тиіс.

35. Мердігер білімін және қолда бар барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жұмысты бақылап және бағыттап отыруға міндетті. Мердігер құралдар, әдістер, техника, дәйектілік және жұмыстардың орындалу сапасын, сондай-ақ Шарт бойынша барлық жұмыстарды үйлестіру үшін толығымен жауапты және бақылауды жүзеге асырады.

36. Мердігер өз қызметкерлерінің, Қосалқы мердігердің (лердің), Қосалқы мердігердің (лердің) қызметкерлерімен сенім білдірілген адамдарының, сондай-ақ Мердігермен шарт негізінде Шарт шеңберіндегі жұмыстардың бір бөлігін орындайтын басқа да адамдардың іс-әрекеттері мен кемшіліктері үшін Тапсырыс беруші алдында жауапты болады.

37. Тапсырыс беруші жұмысты немесе конструкцияны тексеру үшін сынақ жүргізе алады. Егер тексеруден кейін тексерілген жұмыс немесе конструкция ақаулы болып шықса, Мердігер жұмыстардың Ақауын түзетеді және (немесе) конструкцияны алмастырады.

38. Тапсырыс беруші табылған кез келген Ақаулар туралы Ақауларды түзету мерзімін көрсете отырып, Мердігерді жазбаша түрде хабардар етеді.

39. Мердігер Ақаулар туралы хабарламаны алып, Ақауды Тапсырыс беруші көрсеткен уақыт кезеңі ішінде жоюға міндетті.

40. Ақы төлеу нысаны______________________________________________________________________________________

                                  (аудару, қолма-қол есептеу және т.б.)

41. Төлемдердің түрлері мен мерзімі___________________________________________________________________________

                 (төлемдердің қалай жүргізілетіні және төлеу мерзімі көрсетілсін: аванстық төлем, ағымдағы төлемдер, соңғы төлемақы)

42. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар: _____________________________________________________________________

                                                (шот-фактура немесе орындалған жұмыстарды қабылдап алу-беру актісі немесе т.с.с.)

43. Тапсырыс беруші Мердігерге___сомада аванстық төлем (алдын ала төлеу) жүргізуі мүмкін. Мердігер төленген авансты осы Шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін талап етілетін материалдарға, жабдықтар мен еңбекақы төлеуге ғана пайдалануы тиіс.

44. Тапсырыс беруші аванстық төлемдерді жүзеге асырған жағдайда ай сайынғы төлемдерден____орындалған жұмыстардың көлеміне тепе-тең мөлшерде аванстық төлемдердің сомасын шегере отырып түзетіледі. Төлем мерзімі____.

45. Егер Тапсырыс беруші Мердігерге тиесілі соманы Шартта көрсетілген мерзімде төлемесе, онда бұл жағдайда ол Мердігерге мерзімі өткен әрбір күн үшін____тиесілі сомасының____0,1 %-ы мөлшерінде кідіртілген төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын төлейді. Тұрақсыздық айыбы келесі төлеммен жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбының пайызы төлем жүргізілуі тиіс болған күннен бастап есептеледі және соңғы төлем жүргізілген кездегі күнмен аяқталады.

46. Мынадай оқиғалар жұмыстардың ұзақтығы мерзімін өзгертуге немесе Мердігерге ақшалай өтемақы төлеуге алып келеді:

1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға рұқсат етпесе, бұл жұмыстардың орындалуын кідіртеді. Бұл жағдайда Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша жұмыстардың орындалу мерзімін ұзартуға міндетті;

2) Тапсырыс беруші Мердігерге Шартта жоспарланбаған сынақтарды өткізу үшін жұмыстарды тоқтатуға нұсқама берсе. Егер осы сынақта қандай да бір ақауларға нұсқамаса, онда сынақ өткізу үшін жұмыстарды тоқтату уақыты жұмыстарды орындаудың шарттық мерзіміне қосылады;

3) аванстық төлем кешіктірілсе;

4) Объектіде бірнеше мердігерлер болса, Тапсырыс берушінің басқа мердігерлер үшін жасаған жұмыстар кестесі осы Шарт бойынша Мердігердің жұмыстарды орындау мерзіміне келеңсіз әсер етсе.

Өтемақы сомасы Мердігермен келісіледі.

ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет