Менің туған жерім



бет2/2
Дата04.01.2023
өлшемі20.56 Kb.
#468099
1   2
хабарлама тж

Дулат Бабатайұлы – көрнекті ақын, жырау, сатирик, қоғам қайраткері, тарихшы, Абайдың ұстазы.
Абай Құнанбаев – ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ.
Әміре Қашаубаев – атақты әнші, актер әрі музыкант.
Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор, Абаймен замандас әрі інісі
Мұхтар Әуезов – ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957)
Бибігүл Төлегенова – қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967).
Роза Рымбаева – кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі.
Қайым Мұқамедханов – Ғалым, абайтанушы, 1940 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог. Семей қаласындағы Абай мұражайының негізін қалаушы (1940). Қазақ КСР-і Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханқазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
Атап айта берсем, мақтануға тұрарлық ұлы ақындар мен ғұлама ғалымдар таусылмас... Ендігі менің армандарымның бірі осы ұлы ақын мен ғұламаларды ең бірінші өз еліме,кейін әлемге таныту.Неге? Өйткені, елі мен жері үшін терлеген жандардың ұмыт болғанын қаламаймын!
Туған қаламның облыс болып,тарих пен әдебиеттің қайнар көзі болса да жеке қала ретінде дамымай артта қалып қалғаны қыңжылтады.Бірақ, осы жыл жақсы жаңалықтарға толы болып,Абай облысының орталығы болғаны қуантты.Ендігі,осы орталықтың тазалығымен,жол мәселелерімен,туризм жағын қарастырса туристтердің келуі де біршама артып,еліміздің экономикасына қосар үлесі болатын еді.Семейімді дамытса Швейцарциядан артық болмаса, кем емес!
Туған жер - әрбір адам баласы үшін оны өткенімен және болашағымен байланыстыратын киелі мекен. Мен Қазақстандай дархан далада, кең байтақ жерде туып өскенімді мақтан етемін.
Әркімге туған жері, елі қымбат. Менің ойымша, адам баласы үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ. Мұқағали атамыз айтқандай күн мен түнін, қыбырлаған жәндігіне дейін менде өз елімді сүйемін және өз еліммен мақтанамын! Өйткені Шығыс Қазақстан облысы табиғаты — ең әдемі, көрікті, сан қилы орманға толы, жусаны мен жусаны аңқыған, самал желі ескен өлкем. «Өз елін сүймеген адам еш нәрсені де сүйе алмайды» — деген Байронның сөздерімен өз жұмысымды аяқтаймын!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет