Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен



бет36/79
Дата16.04.2024
өлшемі0.51 Mb.
#498907
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79
bggSFxqKdBe6yuHh8GqAseX8AciLpQNUWSl278Og (1)

2 Ұлттық есептеу жүйесі (ҰЕЖ).
Экономикалық теория ұлттық өндірістің жиынтық көлемі мен нәтижелерін өлшеу үшін ұлттық шоттар жүйесін және оның құрамындағы агрегатталған макроэкономикалық көрсеткіштерді қолданады. 
Ұлттық есептеу жүйесі (ҰЕЖ) – бұл елдің экономикалық қызметінің жалпы нәтижелері туралы көрсеткіштерді алу үшін құрылатын кестелер мен есеп-шоттар түріндегі өзара байланысқан статистикалық көрсеткіштердің жүйесі.
ҰЕЖ -н алғаш рет американдық экономист, Нобель сыйлығының иегері (1901-1985) Саймон Кузнец жасаған.
Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді.
ҰЕЖ -не кіретін әртүрлі көрсеткіштер ұлттық өндірістің деңгейін белгілі бір уақыт мезетінде өлшей алады, экономиканың қызмет етуіне әсер ететін факторларды ашып көрсете алады, экономиканың болашақтағы даму үрдістерін анықтай алады, мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыруға және оны жүргізуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, ҰЕЖ ұлттық экономиканың тепе-теңдік жағдайын және оның жағдайына әсер ететін экономикалық саясаттың жай-күйін анықтайды. ҰЕЖ -де бір жағынан, қолда бар ресурстардың жалпы көлемі, ал екінші жағынан, сол ресурстардың қолданылу деңгейі анықталады. Ол экономикалық қатынастарға қатысушылардың арасындағы жиынтық айырбас операцияларының тепе-теңдігін көрсетеді. Сонымен, ҰЕЖ-гі аталған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жиынтық өнім мен жиынтық табыстың сандық нәтижелерін бағалап көрсетеді. Сандық көрсеткіштермен қатар сапалық көрсеткіштерді де атап өткен жөн. Мәселен, жан басына шаққандағы ЖІӨ, таза экономикалық әл-ауқат және ұлттық байлық деген көрсеткіштер тұрғындардың өмір сүру сапасы мен деңгейін, экономикалық өсудің жағымды жақтарын, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін сипаттай алады.
Өндірістің ұлттық көлемінің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылатыңдар: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), таза ұлттық өнімі (ТҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), жеке табыс (ЖТ) пен қолдағы табыс (ҚТ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет