ЖҰӨ = А+W+R+I+P;
Мұнда: А- жанама салықтар мен амортизация, W- жалдамалы жұмысшының жалақысы, R – ренталық төлемдер, I – жинақ капиталының пайызы (%), P- фирма мен корпорацияның пайдасы.
Экономикалық теорияда ЖҰӨ номиналды (әлеуетті) және нақты түрге бөлінеді.
Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номиналды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды ЖҰӨ-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.
Номиналды ЖҰӨ
Нақты ЖҰӨ = ——————————
баға индексі
номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасын жалпы ұлттық өнімнің дефляторы деп атайды.
Номиналды ЖҰӨ
ЖҰӨ дефляторы = ——————————
Нақты ЖҰӨ
Тауар мен қызмет көрсетудегі орташа баға пайызының өзгеруін баға индексі дейміз. Индексті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылдық баға индексі ылғи да 100-ге тең болады.
Тақырып бойынша қосымша сұрақтар:
1. Осы тақырыпта ЖҰӨ-ді есептеудің қандай әдістерін білдіңдер? Атаңдар.
2. ЖҰӨ-ді есептегенде не кірмейді?
3. Трансферттік төлемдер дегеніміз не?
4. Тағы да басқа қандай макроэкономикалық көрсеткіштерді білесіңдер?
5.Ұлттық есеп жүйесінің басқада көрсеткіштері.
6. Қоғамдық өндірістің қазіргі кездегі дамуы. Қазақстан Республикасындағы ұлттық есеп жүйесі.
Ұсынылған әдебиттер тізімі:
Ташенов К.Н. Экономикалық теория негіздері: оқу құралы/ К. Н. Ташенов. – 2011
Әубәкіров Я.Ә. Экономикалық теория негіздері: оқулық/ Я. Ә. Әубәкіров. – 2011
Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері : оқу құралы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : "Эверо", 2012. - 196 с
Рахметулина Ж.Б. Экономикалыќ теория: есептер, схемалар, тесттер : оқу құралы 5В050600 - "Экономика" маман. студ. арналған / Ж. Б. Рахметулина, Т. А. Абылайханова. - Алматы : Экономика, 2015. - 265
Рахметулина Ж.Б., Жуманова Г.М. Экономикалық теория: Оқу құралы.-Шымкент, 2010.
Рахметулина Ж.Б. «Экономикалық теория» пәні бойынша практикум.- Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2010ж.- CD диск 1,39МБ
ПОӘК «Экономикалық теория негіздері» Оразалиева Э.А.- Шымкент, 2010
Электронды оқулық Рахметулина Ж.Б. Экономикалық теория/ Оқу құралы.- Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010
Электронды оқулық «Экономикалық теория-слайдтар» Рахметулина Ж.Б.,Умарова Г.Х. –Шымкент, 2010
www asu.ukgu.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |