Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен


Қазақстандағы көлеңкелі экономика деңгейі



бет73/79
Дата16.04.2024
өлшемі0.51 Mb.
#498907
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   79
bggSFxqKdBe6yuHh8GqAseX8AciLpQNUWSl278Og (1)

Қазақстандағы көлеңкелі экономика деңгейі

Көлеңкелі экономиканың Қазақстанда қалыптасуының өз даму тарихы бар және оны шартты түрде бірнеше этаптарға бөлуге болады.


1-этап.1980 жылдары көлеңкелі экономика дамуы мен қалыптасуы тенденцияларының пайда болуымен сипатталады, сонымен қатар кооперативтік сектордың пайда болуымен сипатталады. (1989 г.) КСРОдағы кооперативті секторда жұмысбасстылардың саны 1988 жылы 152000 адамды құрады. (88000 адам 1987 жылы); 5 млн. адамға дейін күрт өскен.
2-этап. 1989 - 1992 жылдар, бұл этаптың басты ерекшелігі өнеркәсіптің және сауданың криминализациясы, салық жеңілдіктері бар қайырымдылық қорлар секілді ұйымдарға криминализацияның экспансиясы.
3-этап. 1992 - 1993 жылдар. Көпшілік приватизацияның басына қарай (1993 г.) көлеңкелі экономика орбитасына тек сауда коммерциялық, сонымен қатар қаржылық құрылымдар( банктер, инвестициялық қорлар мен компания) тартыла басталды.
4-этап.1993 жылдың соңы - 1998 жыл. Бұл этаптың сипатты белгісі басқару сферасындағы коррупция. Экспорттық сұрау негізінде коррупция мына салаларда анағұрлым дамыған:

  • әкімшілік шаруашылық (министрліктер және ведомстволар) - 1 орын (75%);

  • шаруашылық экономикалық (ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар) – II орын (66,3%);

  • құқықтық (сот құқық қорғау және салық органдары) - III орын (55%).

5-этап. 1999 жылдан осы уақытқа дейін. Көлеңкелі экономика мәселесі ұлттық масштабтағы сипаттағы.

Қазақстандағы көлеңкелі сектордың дамуының негізгі көздері мен себептері: мемлекеттегі жұмыссыздық, қылмыс, өмір сүрудің төмен деңгеймен сипатталатын жалпы әлеуметтік экономикалық жағдай, кәсіпкерліктің даму базасының нормативті құқықтық кемшіліктері, салық заңнамасының толымсыздығы.Бақылау ревизиялық, құқық қорғаушы органдардың әрекеті көлеңкелі экономиканы ығыстырудың негізінде оны тудыратын себептерді жою болып табылады.


Көлеңкелі экономиканың дамуына әсер ететін факторлар:


А. «тікелей әсер» факторлары:
- Атқарушы биліктің тиімсіз басқару іс-әрекеттері;
- Бақылау-ревизиялық органдардың біліктілігінің жеткіліксіз деңгейі;
- Мемлекет саясатындағы басымдылықтар мен стратегиялық бағыттар,
- Геосаяси жағдай мен сыртқы экономикалық қатынастар;
- Басқару органдарының жемқорлықтың деңгейі;
- Халықтың мүліктік жағдайындағы айырмашылық.

Б. «Жанама әсерлердің» факторлары:


- Тұрғындар табыстары арасындағы үлкен айырмашылығы;
- Халық менталитетінің ерекшеліктер.
- Көлеңкелі экономика дамуына тән факторлар:
- Әлеуметтік салаға шығындардың азаюы;
- Қазақстандық капиталды шетелге шығару;
- Аймақтардың дамуының тепе-теңдігінің бұзылуы;
- Қоғамның криминализациялануы, экономикалық қылмыстың артуы;

Көлеңкелі экономиканы шектеу тәжірибесінде белгілі бір механизмдер жұмыс істейді. Мұнда қылмыстық жағымен ғана емес,сонымен қатар құқықтық әдістерді де енгізу керек. Капиталды ел экономикасына қызмет еткізу үшін:


а) салық мөлшерін азайту және оларды алу процедурасын жеңілдету;
ә) кәсіпкерлікті тиімсіз ететін заңдардағы құқықтық олқылықтарды жою;
б) өндірісті кеңейту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға кететін табысты салықтық қысымнан босату;
в) жинақтар мен капиталдардың сақталуын мемлекеттік қамтамасыз ету.
Бүгінгі күні елімізде көлеңкелі экономиканың қалыпты жағдайға айналып бара жатқандығы жасырын емес. Онымен күресудің басты тетігі саналатын – салық жүйесіне жыл сайын өзгеріс енгізгенімізбен, аталған жайдың ауыздықталған түрі көрінбейді.Қаржы полициясының мәліметі бойынша, көлеңкелі экономикадағы ақша айналымы 30 миллиард доллардан асып отыр. Жалпы ұлттық өнімнің көлемі 2011 жылы 27 триллион теңгені құрады. Бұл көлеңкелі экономиканың жалпы экономикадағы көлемі 16 пайыз деген сөз. Айтар болсақ, елімізде тіркелген 1 миллион 300 мыңнан астам кәсіпкердің 747 мыңы ғана белсенді түрде жұмыс жасауда. Бұған әсер етуші факторлар өте көп болғанымен, ең негізгісі әкімшілік кедергілер болып отыр.
Оны заңға сәйкес жұмыс жасайтын секторға шығару үшін ең алдымен бизнес жүргізу тетіктерін оңтайландыру қажет
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 Қаулысында келесі міндеттер айқындалған:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру;
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру;
4. Көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет