Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері. Бірінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
- 2016 жылға дейін Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы және Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы конвенциялар ратификацияланып, оның негізгі ережелері ұлттық заңнамаға имплементацияланады.
- 2015 жылға қарай Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі елдердің (ГРЕКО) тобына кіреді.
Екінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
- уақытын және шығындарын қоса алғанда, бизнесті тіркеу мен жүргізуге (рұқсаттар, лицензиялар, сертификаттар, аккредитациялар алуға, сондай-ақ консультациялар алуға) қатысты операциялық шығындар 2011 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 30%-ға төмендейді;
- берілетін лицензиялардың жалпы санының электрондық түрде берілетін лицензиялардың үлесі: 2011 жылы - 7 %, 2012 жылы - 20 %, 2013 жылы - 50 %, 2014 жылы - 70 %, 2015 жылы - 100 % құрайды;
- мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «тиімді қызмет» деген бағалаумен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың үлесі 2011 жылы 30 %-ға, 2012 жылы 35 %-ға, 2013 жылы 40 %-ға, 2014 жылы 45 %-ға, 2015 жылы 50 %-ға артады;
- жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі 2011 жылы 52 %-ға, 2012 жылы 54 %-ға, 2013 жылы 56 %-ға, 2014 жылы 58 %-ға, 2015 жылы 60 %-ға артады;
- 2015 жылға қарай әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 50 %-ы электрондық нысанға ауысуы: 2011 жылы 10 %-ға, 2012 жылы 20 %-ға, 2013 жылы 30 %-ға, 2014 жылы 40 %-ға, 2015 жылы 50 %-ға қамтамасыз етіледі.
Үшінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
- мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына қанағаттанатын халықтың үлесі 2015 жылға қарай кемінде 60 %-ды құрайтын болады;
- халықтың құқықтық сауаттылығы: 2011 жылы 20 %, 2012 жылы 21 %, 2013 жылы 22 %, 2014 жылы 23 %, 2015 жылы 24 % құрайды.
Төртінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
- жалпы ішкі өнімнен көлеңкелі экономиканың деңгейі 2013 жылға қарай - 19,4 %, 2015 жылға қарай - 19,3 %-ды құрайды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы 3 қыркүйек күні мемлекеттік органдарда қаржылық тәртіпті қатал жолға қоюды, көлеңкелі экономика үшін заңнамалық кедергілер құруды, сондай-ақ еліміздің ішкі және сыртқы қарызын бақылауды жеделдетуді тапсырды.
Сонымен, Көлеңкелі экономика – бұл мемлекетке салық төлеуден жалтаратын және заңсыз түрде пайда табуды көздейтін экономикалық қызмет.Көлеңкелі экономика ауқымын және оның аясындағы табыс көлемін анықтау өте қиын,алайда сарапшыларды бағалауынша ЖҰӨ-гі оның үлесі АҚШ-та 8-14%,Англияда 6-8%,Франция мен Канадада 5-8%,Швеция мен Норвегияда 6-17%,Италияда 30%-құрайды.Шетелдік мамандардың бағалауынша,бұрынғы КСРО-ның «жасырын экономикасы» дүниежүзіндегі дамыған 20 елдің қатарына кірген.Олардың есептеуінше,ЖҰӨ-нің 5-7% «көлеңкелі» секторда өндірілген.Көлеңкелі экономиканың мұндай ауқымы мемлекеттік меншіктің монополиялық үстемдігіне байланысты.
Қазақстан Республикасында Көлеңкелі экономиканың қазіргі экономикада мынадай элементтері орын алып отыр: жасырын меншік түрлері мен негізгі тәсілдері көптен бері қалыптасқан жалған экономика субъектілердің әрекет етуі. Олармен күресу шараларын арнайы құқық сақтау органдары жүргізеді. Отандық ғалымдар көлеңкелі экономикамен күресудің бірден-бір тәсілі болашақта жаппай электрондық ақша жүйесіне көшу деп есептейді.
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің жедел деретері бойынша 2010 жылы ЖІӨ-нің көлемі ағымдық бағалармен есептегенде 21 513 473,3 млн. құрады және 7,0 %-ға өсті.
Осы елімізде таралып бара жатқан індеттің алдын алуға әрбір қазақстандық өз үлесін қоса алады. Оған, тіпті, бізден айрықша күш-қуат, қосымша жұмыстану талап етілмейді. Бар болғаны, сауда жасаған кезде сатушыдан кассалық аппараттың чегін талап етсек те жеткілікті көрінеді. «Бұл өзі ұсақ-түйек, қарапайым нәрсе сияқты көрінеді. Алайда, әрбір сауда жасаушы адам кассалық аппарат чегін талап ететін болса, көлеңкелі экономика көрсеткіштерінің азаюына үлкен үлес қосқан болып шығады. Қандай ауру болмасын, алдымен осындай ұсақ-түйектен басталатынын ұмытпауымыз керек. Кассалық аппарат чегіне тіркелмеген табыстардың өзінен миллиондаған қаржы көлеңкеге кетеді. Тіпті, елімізде «Кассалық аппарат чегін талап етейік» акциясын ұйымдастырса да артық болмас еді».
Осы орайда, «Нұр Отан» ХДП-ның «Өзіңнен баста!» шарасын айта кеткен орынды. Бұдан үш-төрт жыл бұрын жүргізілген «мүлікті заңдастыру» шаралары да жақсы нәтиже берді. Еліміздегі әртүрлі деңгейдегі шенеуніктер халық алдында өздерінің табыстарын жария етті. Мүлікті заңдастыру бойынша көптеген бай азаматтар өздерінің табыс көздерін, мүліктерін, қаржыларын тасадан шығарып заңдастырды. Ерікті салық төлеушіге айналды. Мемлекеттік деңгейде жүргізілген осындай шаралардың нәтижесінде көлеңкеден миллиондаған қаржы шығарылып, ел бюджетінің толығуына өз үлестерін қоса бастады. Еліміздегі осындай акцияларды шетелдік сарапшылар жоғары бағалап, экономиканың ашықтығын қамтамасыз етуге сеп болатынын атап өткен болатын.