ҒАЙСА – (Айса, Иса, Иисус Христос) – Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарға дейін дүниеге келген пайғамбар. Дүниедегі әйелдердің ең жақсысы болған тақуа Мариям анадан Аллаһтың құдіретімен әкесіз құрсағына түскен нәресте. Мариямға нәрестелі болатыны жайлы уахи айтқан еді. Палестина жеріндегі Ал-Қудс қаласында дүниеге келген Мариямды сол жерге анасы Ханна Аллаһтың үйіне қызмет етуге береді. Аллаһтың үйінде қызмет етіп жүрген Мариям ең алдымен Аллаһтың қамқорлығында болады. Барлық ғалымдар, үлкен адамдар қызды қамқорлыққа алмақ боп таласады. Жеребе бойынша қыз нағашы апасының күйеуі Закария пайғамбар күтуші болып тағайындалады. Ол кезде Закария пайғамбар 100 жастан асқан еді. Аллаһтың әмірімен Жәбірейіл періште Мариямға келіп уахи айтады. Ер адамның бейнесінде көріп қалған Мариям қатты шошынып қалады. Жәбірейіл періште:
Мені саған Аллаһ жақсы хабармен жіберді. Сен Аллаһтың құдіретімен ұлды боласың. – дейді.
Мен ешбір ер адаммен жақындаспай қалайша ұлды болмақпын? – дейді Мариям.
Ол Аллаһқа оңай. Адасқан жұртқа құдіретін көрсету үшін сен арқылы әкесіз дүниеге бала жаратады. – деп жауап береді Жәбірейіл періште. Біраз уақыттан соң жүкті болған Мариям Әл-Қудсты тастап, Байт Ляхм қаласына қарай жол тартады. Жолда әлі құрып, кеуір кеткені соншалықты қурайын деп тұрған құрма ағашының түбіне отырып жылай бастайды. Сол кезде ғайыптан дауыс естіледі.
Қапаланба! Аллаһ сенің астыңнан бұлақ ағызады. Ағашты сілкісең жаңа піскен құрмалар түседі. Же, іш және алаң болма! Егер саған адам жолықса оған іштей: «Мен мейірімді Аллаһқа ораза тұтуға уәде еттім. Сол үшін бүгін ешкіммен сөйлесе алмаймын!» - де! – дейді.
Мариямның астынан бұлақ ағып, солған ағаш қайта тіріліп құрма түскенде дүниеге Иса атты пайғамбарды әкеледі. Мариям баласымен еліне қайта оралады. Кішкене сәбиді бауырына басып келе жатқан Мариямды көрген адамдар түрлі сөгіс айтып:
Саған бала қайдан келді? - дегендерге Мариям баланы көрсетеді.
Сен кімді мазақ қыласың? Тіл бітпеген баладан не сұрамақпыз? – дегенде сәби Иса (ғ.с.) пайғамбарға Аллаһтың құдіретімен тіл бітіп:
Мен Аллаһтың құлымын! Ол мені өзінің Елшісі етіп жаратты. Маған өз жазбасынан кітап дайындады. Мені Аллаһ адамдарды жақсылық жасауға, жамандықтан алшақтауға үйретуді бұйырды. Ол маған тек Өзіне ғана құлшылық қылуды бұйырды. Жағдайы нашар адамдарға көмек көрсетуге және аналарын сыйлауға әмір етті. Мен туылған, мен дүниеден қайтқан және қияметте болған күндеріме Аллаһ мейірімін берсін! –деп сөйлеп кетеді.
Бірнеше жылдар өткенде Иса (ғ.с.) өсіп, сондай мейірімді, бойында асыл қасиеттер қонған пайғамбар болады. Аллаһтың ашуын келтіреті істерден аулақ болып, Аллаһқа ғана табынуға шақырады. Оған Аллаһ «Інжіл» атты қасиетті кітап түсірді. Бірақ христиандықтар Иса – Аллаһтың баласы, тіпті Иса – құдай деп табынды.
Аллаһтың құдіретімен түрлі кереметтер жасады. Ол иудейлердің көз алдында болып жатты. Пайғамбар саздан құс жасап оған үрлегенде, құс тіріліп ұша кетеді. Және пайғамбар қатты ауырып жатқан адамдарды Аллаһтың көмегімен емдейтін. Көздері көрмей қалған көр соқыр адамдарды көре алатын жағдайға жеткізді. Басқа да қасиеттері бар еді. Барлық иудейлер оны сиқыршы деп ойлады. Зұлым адамдар барлық пайғамбарды жек көргендіктен Исаны да өлтірмек болады. Олар Иса (ғ.с.) пайғамбарға ұқсайтын адамды крест ағашқа байлап, жанын қинап өлтіреді. Құдіреті күшті Аллаһ Иса (ғ.с.) пайғамбарды өзіне алдыртқан еді. Ол әлі де болса тірі. Бұл жайында Қасиетті Құранда былай деген еді: «Тағы да; «Аллаһтың Елшісі Мариям ұлы Иса Масихті өлтірдік! » - дегендіктері... Негізінде олар оны өлтірмеді де, аспады, бірақ оларға ұқсатылды. Расында ол жайындағы қайшылықтағылар әрине одан күдіктенуде. Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ. Бірақ күмәннің ғана соңында. Олар оны анық өлтірмеді. Олай емес, Аллаһ оны өз тарапына көтерді. Аллаһ үстем, хикмет иесі. Кітап иелері Иса (ғ.с.) – ға өлуінен бұрын әлбетте иман келтіреді. Және қиямет күнінде ол оларға куә болады.» - делінген.
Ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеев те өзінің діни дастандарында осы Иса (ғ.с.) пайғамбардың есімін жырға қосқан. Соның бірі:
Жұрт аузында әңгіме сөз болыпты,
Бір қуарған шүберек бөз болыпты.
Бұл моланың басына Құдай айдап,
Тақсыр Ғайса пайғамбар кез болыпты.-
Басқа ды жырларында көптеген жерлерді Иса (ғ.с.) – ның есімі Ғайса түрінде ұшырасады.
Әдеб.: Абай энциклопедиясы. «Атамұра» 1995. –Б. 190. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. 44. Книга из библиотеки сайта www.islamua.net.
АРАБ –ел. 1945 жылы 22 наурызда Каирде құрылған. Құрамына алғаш рет 5 ел Египет, Ирак, Сирия, Ливан, Иордания болған, кейін Йемен мен Сауд Арабиясы қосылды. Оған тәуелсіздікке қолы жеткен араб мемлекеттері қабылданып, қазіргі кезде 22 мемлекетті біріктіріп отыр. Олар жоғарыда аты аталғандардан басқа Мавритания, Марокко, Алжир, Ливия, Судан, Джибутта, Эритрия, Сомали, Оман, Біріккен Араб Әмірлігі, Қатар, Бахрейн, Кувейт, Палестина. 199 млн. тұрғындары бар. Араб жазуын қолданады. Діні-мұсылман, суниттер. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев: Араб жұрты: мінгені-түйе, көбі жаяу-жалпы, қарулары-бір-бір шолақ қылыш; мылтық, найзаны ұстап көрмеген.
Он адамға бірлерден даярланды,
Ләміннен жеті жүз ер және барды.
Арабтан бірнеше мың адам болып,
Абыраһаның әскерінің жолын алды.
Әдеб:. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2002. 405 бет. 1 том. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 8 том. Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, -2006. –Б. 65. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, -2003. –Б. 37.
(Каирдегі әл-Азһар мешіті)
(Қазан қаласындағы Кремль)
Қазан - Ресей Федерациясындағы қала, Татарстан Республикасының астанасы. Едiл өзенінің сол жағалауында Қазан өзенінің сағасында орналасқан. Ауданы 287,8 км 7 әкiмшілік ауданнан тұрады. Тұрғыны 1,1 млн. адам (2000). Қазан 10-11 ғасырларда Едiл Булгариясының солтүстік аймағында сауда орталығы және корғаныс шебi ретiнде пайда болған. 1399 жылы Мәскеу князьдiгiнiң әскерi қаланы қиратты. 15 ғасырдың 30-40 - жылдарынан бастап Қазан хандығы құрылып, кала қайта бой көтердi. 1438 жылдан Қазан хандығының астанасына айналды. Ол кезде тұрғын халықтың негiзiн татарлар, удмурттар, мордвалар, башқұрттар құраған. 1552 ж. орыс патшасы Иван Грозный Қазанды жаулап алып, Ресей мемлекетiнiң құрамына қосты. 1708 — 1920 ж. Қазан губерния орт. болды. Кеңес өкiметi жылдары Татар автон. республикасының астанасына айналды. 1992 ж. 7 ақпаннан Татарстан республикасының астанасы. Көне және ортағасырлық тарихи және сәулет ескерткiштері көп. Қазанда Кремль (16 ғ.), Сүйiмбике мұнарасы (17 ғасырдың аяғы, 18 ғасырдың басы), Благовещенск (1556 - 62), Петропавл соборлары (1723 - 26), губернатор сарайы (1845-48) Марджани (18 г.), Борнай мешiттерi (1872), Қазан университетінің кешенi (1820 — 30), мемлекеттік банк ғимараты (1912 - 15), т.б. архит. ескерткiштер сақталған. Қалада 11 жоғары оқу орны, театр, 8 мұражай, т.б. мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелерi бар. Қазанда машина жасау, металл өңдеу, мұнай-химия, жеңіл және тамақ өнеркәсiптерi дамыған. Құрылыс материалдарын өндiруге арналған iрi кәсiпорындар бар. 1997 жылдан метрополитен құрлысы жүргізіле бастады.
Бастапқы қатынынан бір ұл қалды,
Бала қып нағашысы қолына алды
Қыз алдым деп алданбай, сырт айналмай,
Тағы да университет Қазан барды.
Болып тұр мұсылманға Қазан басшы,
Сен де соған жейтұғын асыңды асшы.
Дін исламның бір болып ынтымағы,
Патшаның қол астында бір жарасшы.
Әдеб:. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2002. 451 бет. 5 том. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. 64. Көпеев М. Ж. Таңдамалы. Екі томдық. 1-т. –Алматы: Ғылым, 1990. –Б. 63.
ИРАН - (1935 жылға дейiн Парсы елi), Иран Ислам Республикасы — Азияның оңт.-батыс бөлiгiнде орналасқан мемлекет. Жер көл. 1,648 млн. км. Халқы 65,2 млн, адам (1999). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (5%), әзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түркімендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 583%. Астанасы — Тегеран қ. (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.) Исфаһан (1 млн), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты iрi қалалар бар. Ресми тiлi - парсы тілі. Мемл. діні — ислам дінінің шиит тармағы. И. — дiни Елдегi саяси және дiни билiк аятолла Сейд Әли Хаменейдің қолында. 1981 жылы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тиым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан күні. Ұлттық ақша бірлігі –риал.
(Суретте: Иран таулары).
Әдеб:. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2002. 307 бет. 4 том.
ӨСКЕМЕН - 1869 жылы Шығыс Қазақстан облысында пайда болған қала. 1720 жылы салынған Өскемен бекінісі қала мәртебесіне 1804 жылы ие болды. 1937 жылы дербес облыс орталығына айналдырады. Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезден бастап Кенді Алтайдың мол қазынасы зерттеліп, Өскемен қаласы қазір – аймақтың ірі экономикалық, өндірістік және мәдени орталығына айналады. Қалада ғылыми-зерттеу институттары мен білім беретін мекемелердің толық жүйесі қалыптасқан. Сондықтан Өскеменді студенттер мен металлургтердің, энергетиктер мен дәрігерлердің қаласы деуге болады. Қала тұрғындарының мақтанышының бірі- Ертіс жағалауы көшесі. Мәдениет үйлері мен сарайлары, сәулет ескерткіштері, әр түрлі мұражайлар мен театрлар, базарлар мен спорт ғимараттары, мейрамханалар мен қонақ үйлер өркендеген өркениетті қалаға әсем көрік береді.
Қарақшы, ұры, залым қойдай ықты,
Қайда кетті бұрынғы батыр, мықты?!
Әділет пен (ғадалат пен) ақылды көркейтуге
Өскемен, Зайсан жаққа – солай шықты.
Әдеб:. Шығыс Қазақстан- құпиялы өлкенің ғажайыбы. 42-43 беттер. – АО «Интурст» 2001 ж. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. 70. Кейбір М.Дауан., Г.Қ.Елемесова дайындаған діни лексикаға байланысты материалдар да пайдаланылды.
Мәшһүр-Жүсіптің «араб грамматикасы»
Бисмиллаһи рахманир рахим. Әлкәлимәту лафзу уадиғ лимағна муфрад. Уа һия исму уа фиғлу уа харф. Лиәнәһә әммә ән тәдуллә ғәлә фи нәфсиһә әууәлән сәни әлхарфу уа әууәлу әммә ән яқтарин би ахад әлазмәнә әссәләсәт әууәлән. Әссәни әлисму уа әууәлу әлфиғлу уа қад ғәләм бизәликә хад куллу уахид минһә әлкәләм мә тәдмину кәлимәтәйни биснәд уа лә иәтәти зәлик иллә фи исмәйни ау фи исми уа фиғли. Әлисму мә дәллә ғәлә мәғнә фи нәфсиһи ғайру муқтарин би ахад әзмәнә әссәләсәт уа мин хауасиһи духул әлләм уал жар тануин уал иснәду иләйһи уал идафәту уа һууә муғраб уа мабни фәл муғраб әлмурәккәбу әлләзи ләм юшбиһуһу мабни әласыл уаслуһу ән яхтәлиф әхируһу би ихтиләфи әлғауамил лафзан ау тақдиран әлиғрабу мә ихтәләфә әхируһу биһи лиядуллә ғәлә әлмағани әлмәғнурат ғәләйһи уа әнуағиһи рафғу уа насбу уа жарру. Фә рафғу ғәләму фәғилия, уа насбу ғаламу мәфғулия уал жарру ғәләму идофәтиһи әлғамилу мә биһи иәтәқәууәму әлмағна әлмуқтәди лилиғраб фәлмуфраду әлмунсариф уа жамғу әлмаксур биддаммат рафғән уал фатхәт насбан, уал кәсрәт жаррән. Жәмғу муәнәс сәлим биддамат уал кәсрә, ғайр мунсариф биддаммат. Уа фатхәт ахук, уа абук уа хамук уа һәнук уа фук уа зу мәли мудофату илә ғайр йә лимутәккәллим билуау уал әлиф.
Мағынасы: Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен бас-таймын. Сөз табы-жекеше түрде тұрып, белгілі бір мағына беретін дыбыстар жиынтығы.
Ол исм (зат есім), фиғл (етістік), харф (көмекші сөз) қосымша, жұрнақ, жалғау т.б. болып бөлінеді. Себебі сөз өзі жеке тұрып мағына бере алады. (ал исм және фиғл) кейде жоқ.
Екінші, (жеке тұрып мағына бере алмайтыны) ол харф(көмекші сөз). Ал біріншісі жеке тұрып мағына бер алатыны ол мезгіл шақтарының бірімен байланысты болуы мүмкін немесе жоқ. Екіншісі, (мезгіл шақпен байланысы жоғы) ол исм ( есім сөз) деп аталады. Ал біріншісі (мезгіл шақпен байланыстысы) ол фиғл (етістік) және осымен әрқайсысының анықтауышы айқындалады.
Кәләм сөйлем бір-бірімен байланысқан екі сөзден құралады. Және бұл екі исммен немесе фиғлмен исмнің көмегінен болуы мүмкін.
Исм – ол жеке тұрып мағына беретін және 3 мезгіл шақтың бірімен де байланысы жоқ сөз. Оның ерекшелігі сол: оған “ләм” жар (кесра) немесе тануин (ән, ин, ун) сөз соңында иснад қосыла алады. Және изафетті (идафа) де қабылдай алады. Оған қоса ол муғраб (өзгермесі) және мабни (қалыпты). Муғраб- ол өз негізінде мабниға еш ұқсамайтын сөз тіркесі. Сондай-ақ оның анықтауышы көрініп тұрған (лафзан) немесе жоқ (тақдиран) қатысып тұрған екі элементтің (ауамиль) өзгеруінен сөздің соңының өзгеруі.
Иғраб – мағына барысын көрсету үшін оның (иғрабтың) салдарынан соңының өзгеруі және оның (иғрабы) түрлері рафғ, насб, жар. Рафғ фәғилді (қатысушы жақ) көрсетуші белгі, насб- мафғулді көрсететін белгі (іс-әрәкеттің бір нәрсеге икемделуі), және жар-идафаны (изафеттік үйлесімді, көрсететін белгі). Ал сөзге әсер ететін элемент (амиль) дегеніміз - талап етілген мағынаның басқаның жәрдемімен түсіндірілуі. Жекеше түрдегі тануинді (муфрад мунсариф) қабылдай алатын сөз. Тануинді жамғ тақсис мунсариф қабылдай алатын жамғ тақкир рафғ кезінде дамманы қабылдайды. Сондай-ақ насб кезінде фатханы және жар кезінде касраны да қабылдайды.
Ал әйел тегіндегі көпше түрдегі сөз (жамғ муаннас сәлим) (рафғ кезінде) дамманы және (насб пен жар кезінде) касраны қабылдайды. Ал тануинді (ғайру мунсариф) қабылдамайтын есім тек дамманы және фатханы (рафғ, насб, жарр кезіндерінде қабылдайды.) ал екілік түрде және “қилә” сөзі алифті (рафғ кезінде) дамманы және (насб және жарр) касраны қабылдайды. Ал тануинді (ғайру мунсариф) қабылдайтын есім тек дамманы және фатханы (рафғ, насб, жарр кездерінде) қабылдайды. Ал “ахуука, абука, хануука, фука және зул малии” сөздері “иә мутакаллимә” сөзіне тіркесіп, уауды (рафғ кезінде) әлифті (насб кезінде) “иә”-ны (жар кезінде) қабылдайды. Ал екілік түрде және “қилә” сөзі есімдікке қосылып, және “иснәни” сөзі әлифті (рафғ кезінде) “иә” (насб және жарр кезінде) қабылдайды.
Уал йә мусәнә уаклән мудофән илә мудмар уа иснән бил әлиф уал йә жамғ әлмузәккәр сәлим уау ләу уа ғишрун уа ихуаниһә бил уау уал йә әттәқдир фимә тағзиру кәғаса уа ғалами мутләқан истәсқғәлә кәқадә рафғән уа жаррән ау нахуи муслими рафғән уа лафзи фимә ғадааһу ғайр мунсариф мә фиһи ғилләтән мин тисғә ау уахидәтән минһә тәқуму мәқамиһумә уа һиә ғаділ уа уасфи уа тәнис уа мағрифә ғажмәту суммә жамғу суммә тәркиб уа нун зәйдә мин қаблиһә әлиф уа уазну фиғл уа һәзәл қаул тәқриб мислә ғумар уа ахмаду уа талхату уа зәйнәб уа ибраһиму уа мәсәжид уа мағди кәрбу уа ғимран уа ахмаду уа хикмату ән лә кәсрә уа лә тәнуин уа яжузу сарфиһи лидарурати ау сәнәсиб мислу сәләсилә әғләлән уа мә яқуму мақамиһимә әлжамғу уал фә тәнис фәлғадлу хуружиһи ғән сифәтиһи әласлия хақиқату кәсәләсә уа мусәлсил уа ахир уа жамғу ләу тәқдир әлғұмар уа зафру уа бәбу қитам фи бәни тәмим әлуасфу шартән якуну фи асли фәлә тадурру әлғулбәту фәлизәлик сарфу арбаға фи марарат бинисуати арбаға уа имтәнәғә әсуад уа әрқәм лихаят уа әдһәм ли қайди уа дағфән мәнәға әнға лихаят уа әждәлә лисақри уа ахил литаир әттәнис би тә шартиһи әлғилмия уал мағнауи кәзәлик уа шарт тәхтәм тәсириһи зиядати ғәлә ... ау тахаррук әлаусат ау әлғажмат фәһинду яжуз сарфиһи уа зәйнәб уа сәқр уа мәһу ужур мумтәниғ фәиннә сәммә биһи музәккәр фәшартуһу.
Мағынасы: Ал “ахуука, абука, хануука, фука және зул малии” сөздері “иә мутакаллимә” сөзіне тіркесіп, уауды (рафғ кезінде) әлифті (насб кезінде) “иә”-ны (жар кезінде) қабылдайды. Ал екілік түрде және “қилә” сөзі есімдікке қосылып, және “иснәни” сөзі әлифті (рафғ кезінде) “иә” (насб және жар кезінде) қабылдайды.
Иғраб (тақдиран) аса (таяқ) немесе ғуләми (менім балам) тектес сөздерде (соңғы харакаты) көрсету мүмкін емес жағдайда жасырын түрде (тақдиран) жасалады. (бұл сөздерде иғраб тақдири) барлық кезде жасалады. Ал соңғы харакаты “қаады” сияқты сөзде көрсету қиын болса, (иғраб тақдири) мұнда рафғ және жар кезінде жасалады. Ал “муслими” кезінде иғраб тақдири рафғ кезінде ғана жасалады. Ал бұдан басқа барлық жерде иғраб лафзи жасала береді.
Ал тануинді қабылдайтын есім сөздер (ғайру мунсариф) бұлар тоғыздан екі кемшілік жиынтығы немесе екі кемшіліктің күніндегі бір кемшілігі бар сөздер. Олар: ғадл (сөз формасының өзгеруі), уасф (бейнелеу), әйел тегі, мағрифа (анықталған белгілі есім), ужма (шет тілдегі атау), жамғ (көпше түр), тақриб (сөз тіркесі), алдында әлиф қолданылған артық нун, уазнул фиғл (етістіктің түрі). Бұлар осыған жақын сөздер, осыған мысал: сөз: Умар ахмар (қызыл), Талха, Зайнаб, Ибраһим, масажид (мешіттер), мағди қариб имраи, Ахмад. Олар кәсра мен тануинді қабылдамау керек. Бірақ кей кезде “саласилә уа ағләлә” сияқты сөздерде (кей кезде тануин мен кәсраны қабылдайтын) бұл жамғ (мустахил жумуғ) және әйел тегіндегі әлиф.
Ғадл ереже бойынша “суләс”-үш үштен, ухар (басқалары), жумағ (көп-көп), дегендегі сияқты бастапқы тахқиқан формасынан өзгерген сөз. Немесе ережеге сай емес “умар және катамим бөлімі” сияқты тамим тіліндегі тақдиран.
Уасфу (бейнелеу) – оның шарты сол, ол негізінде болуы қажет, сондықтан оған қолданыста тануин берген кедергі етпейді. Мәселен: “марарту бинисуатин арбағин ” сияқты бірақ “асуад” және “аркам” (дақшын) жыланды сүреттегенде адхам (күңгірт) шынжырды суреттегенде тануин беруге тйым салынады. Сондай-ақ афға (зұлым) дегендегі (сияқты сөзде тйым әлсіз) гадюканы суреттегенде, “аждал” қыранды суреттегенде, “ахнал” құсты суреттегендегі сияқты сөзде тйым әлсіз саналады.
Ал әйел тегі “та тәнис”-пен есімдерде болуы керек, бірақ мағыналас жағынан да бола береді. Бұл шарт егер сөз үш әріптен көп болып, ортасында харакаттар болса немесе сөз өзге тілден енген болса күшінде саналады. Мысалы: “хинд” тануинмен айтуға келмейді. Ал егер бұл атау ер текті болса, онда оның шарты сөз үш әріптен көп болуы тиіс. Демек “қидам” сөзіне тануин беруге болады да, “акраб” ты тануин мен айтуға болмайды.
Әззиядәту ғәлә сәләсә фәқәдәмә мунсариф ақрабу мумтаниғу әлмағрифәтиһи шартуһә ән тәкунә ғәләмият әлажмати шартуһә ән тәкунә ғәләмият фил ужмати уа тахаррук әлуасат ау зиядәт ғәлә сәләсә фәнух мунсариф уа шәтру уа ибраһиму мумтәниғ әлжамғу шартуһу сифату мунтәһи әлжумуғ биғайриһә әлмәсәжид уа масабих уа әммә фәрәзнәт фәмунсариф уа .... жар ғәләмән лидабғи ғайр мунсариф лиәнәһу мәнқул ғанил жамғи сәрәуил изә ләм иәсрифу уа һууә әләксәр фә қад қилә иннәһу әғжамию хамлу ғәлә муәзәниһи уа қилә арабию сәруләт тәқдирән уа изә сарафа фәлә әшкәлу уа нахуи жәуәри рафғән уа жәррән әлқади әттәркибу шартиһи әлғаламия уа ән якунә би идофәти уа лә би иснәди мислу би ғулбәки әләлиф уа нун ән кәнә фи исми фә шартуһу әлғәләмия кә ғимрани ау фи сифәти фә интиғаи фә ғәләнәти уа қилә ужуду фиғли уа мин сәммиһи ихтиләфә фи рахмән дуунә сәкрән уа нидмән уа уазну әлфиғл шартуһу ән иәхтасса бил фиғли кәсәмру (шәмру) уа дарбу ау иәкунә фи әууәлиһи зиядәту ғайр қабил ли тә уа мин сәммиһи имтәнәғә ахмар уа инсарафә иәғмалу уа мә фиһи ғәләмия муәсәрәту изә әнкәрә сарфән мәтбин мин әннәһә лә тәжәмуғу муәсәрәту иллә мә һия шартуһу фиһи иллә әлғадл уа уазну әлфиғл уа һумә мутдадән фәлә иәкуну иллә ахадуһумә фә изә әнкәр бәқи биләсбәб уғлә сәбәб уахид уа хәлфә сибәуәиһ әләхфәш фи мисл әхмар ғилмән изә әнкәр иғтибәр әллисқат әласлия бәғдә әттәнкир уа лә иәлзимуһу бәб хатим лимә иәлзим мин иғтибәр әлмутәдадин.
Мағынасы: Көпше түр “мунтахил жумуғ” қалпында тұруы шарт және соңында “ха”-сыз болу керек. Мысалы “ масжид” “ масабих” сөздері сияқты. Ал “фаразинах” сөзі тануинді қабылдайды. “Хадажир” (жылқының түрі) тануинді қабылдайды. Өйткені ол көпше түріне ауыстырылған. Бұл араб сөзі болмағандықтан және қалыпта тұрмағандықтан. Сондықтан “сарауил” сөзі көп жағдайда тануинді қабылдамайды. Кейбір жағдайда тануинді қосқанда қате болмайды. Сол сияқты “жауар” және “қади” сөздері рафғ және насб жағдайларында бола алады.
Таркибтің сөз тіркесі шарты: зат есімде болу және изафеттік байланыста болмауы тиіс. Мысалы: “бағләбәк” сөзі.
Егерде “әлиф” және “нун” екі әріп есімде болу үшін, сөз зат есімде тұруы қажет. Мысалы: “имран”. Егер “сифаты (анықтауышы)” бұл екі әріп жазылу үшін сөз “фәғләнә” қалпында болмауы шарт. Мысалы: “сәкрән”, “надман” сөздері “фәғлә” қалпында болмауы керек деген пікірлер бар. Сол себептен “рахман” сөзінде ғалымдардың арасында келіспеушілік бар.
Етістіктің қалпында тұрған сөздің шарты ол тек етістіктің қалпына сай болу керек. Мысалы: “дараба” “шамара” сияқты сөздер. “ахмар” сөзіне тануин қосылмайды.
Фи хукми уахид уа жәмиғул бәб бил ләм ау идофат иәнжир билкәсрә әлмарфуғат һууә мә иштәмәлә ғәлә ғалам әлфәғилия фәминһу әлфәғил уа һууә мә иснәд иләйһи әлфиғл ушәбәһәһу уақдам ғәләйһи ғәлә жиһһәти қиям биһи мисл қамә зиәд қаим әбуһу уал аслу ән иәли фәғәләһу фәлизәлик жәзә дарфан ғуләм зайд дарабә ғуләм зайдун уа изә интәфә әлиғрабу лафзан фиһумә уал қаринат ау кәнә мудмарән муттасилән ау уақағә мафғуләһу бәғдә иллә ау мудаһә уәжәбә тақдимиһи уа изә иттасәлә биһи дамир мафғул ау уақағә бағдә иллә ау мәғнәһә ау иттасәлә мафғуләһу уа һууә ғайр муттасил биһи уәжәбә тәхирәһу уа қад иәхзифу әлфиғл лиқиәм қаринату жәуәзән фи мисли зайд лимән қалә мән қамә уа лиәбки юриду дариғун лихусумати уа ужубән фи мисли уа әннә ахад минәл мушрикин истижәрәк уа қад юхзифән мәғә фи мислу ниғәм лимән қалә әқамә зайд уа лизә тәнәзиғ әлфиғләән заһирән бәғдәһумә фәқад иәкун фил фәғлиәт мислу дарабани уа әкрамани зайд уа фи мафғулиәти мислу дарабәт уа әкрамәт зайд ау фил фәғилиәт уал мафғулиәт мухталифәйни. Фә иәхтәр әлбасриюн әғмәл әссәни, уал куфиюн әләууәл фә әннә әғмәләт әссәни, әдмарат әлфәғил фил әууәл ғәлә уафақа аззаһир дунә әлхазф хиләфән әлкәсәи уажәзә хиләфән лилфараи уа хузифәт лилмафғул ән истәғәни ғанһу уа иллә заһарәт уа ин әғмәлтәл әууәл әдмарат әлфәғил фиссәни уалмафғул ғәлә.
Мағынасы: Сибуейх және Ахфаш ғалымдары “ахмар” сөзінде әр түрлі пікірде. Сөздің талдауында екі ғалымда әртүрлі.
Барлық баптарда(етістіктің туынды түрлерінде) изафеттік(матасу) байланыста және “әл” артикілінде кесраны қабылдайды.
Марфуғаттар дегеніміз – ол бастауышқа көрсететін белгілер. Бастауыш ол етістікке байланысты болу керек, немесе етістікке ұқсас болу керек. Етістік бастауыштың алдында жазылады. Мысалы: “қамә зәйдун” (Зайд тұрды).
Сөйлемде бастауыш етістіктен кейін тұруы шарт. Сол себептен “дараба ғуләмуһу зайдун”, “дарабә ғуләмуһу зайдан”.
Егер сөйлемде иғрабтың белгілері болса немесе қосалқы есімдіктің себебінен жасырын тұрса, немесе “иллә” сөзінен әлде сол мағынадағы сөзден кейін тұрса, немесе оның мафғулі қосылып бастауышы өзі жеке болса, міндетті түрде бастауыш соңында жазылады.
Егер етістіктің орнына басқа сөз тұрса. Бұл жағдайда етістікті айтпаса да болады. Мысалы: “кім тұрды?” дегенде “зайд” деп айтуға болады. Немесе “лиәбки юриду дариғун лихусумати” (сені не жылатады?) ол: “дариғун” (дауласуда жеңілген) бұл жерде де етістікті айтпасада болады. Кейде етістікпен бастауышты жасыруға болады. Мысалы: “ә қамә зайдун?”.
Егерде екі жасырын емес етістік бірдей келсе, ол екеуі бастауышқа таласады. Мысалы: “дарабани уа акрамани зайдун” және мафғулға (толықтауышқа) таласады. Мысалы: “дарабту уа акрамту зайдан”. Бұл жағдайда Басралықтар екінші сөзді, ал Куфалықтар бірінші сөзді ұстанады.
Егерде екінші етістікті сөйлемге қоссақ, онда бұл сөйлемнің фағилі (бастауышы) дамир (есімдік) болады. Қалған жағдайда мафғулді (толықтауышты) алып тастауға болады.
Әлмухтар иллә ән иәмнәғә мәниғ фәтузһир уа қәул имрул қайс. Кәфәни уа ләм атлуб қалил минәл мәл ләйсә минһу ли фәсәд лимағнә мафғул мә ләм юсәммә фәғилуһу куллу мафғул хазфу фәғилуһу уа ақиму һууә мақамиһи уа шарт ән тәғииру сифәти әлфиғл илә фиғл ау юфғилу уа лә юқиғ әлмафғул әссәни мин бәб ғәләмәт уа лә әссәлис мин баб әғләмәт уалмафғул ләһу, уалмафғул мәғәһу. Кәзәликә уа изә уәжәдә әлмафғул биһи тәғиин ләһу тәқулу «дурибә зәйдун иәумәл жумғат әмәмәл әмир дарбән шәдидән фи дәриһи». Фәтәғиину зәйд фәин ләм иәкун фәл жәмиғ сәуәу уал әууәл мин бәб уғтиәт улә минәс сәни уа минһә әлмубтәдә уал хабар . Фәл мубтәдә һууә әлисмул мужәррәд ғән әлғәуәмил әллафзиәт муснәдән иләйһи ау сифәт әлуақиға. Бәғдә харф әннәфи уа әлиф әлистифһәм рафиғат лизаһир мислу «зәйдун қаим», «уа мә қаим әззәйдән», «уа ә қаим әззәидән» фәин табиқат муфрад ижәзә әләмран уал хабар һууәл мужәррәд әлмуснәд биһи әлмәғәир лилсифат әлмазкур уа асл әлмубтәдә әттақдим уа мән сәммә жәз фи дәриһи зайдун уа имтинағ сахибуһә фид дәр. Уа қад иәкун әлмубтәдә нәкирә ау ... биуәжһи мә мислу: «уа ләғәбдун муминун хайрун мин мушрик уа ә рәжлун фид дәр әммә имрәәт уа мә ахад хайрун минкә уа шәр ... зәниб» уа фид дәр ражул уа сәләмун ғәләйкә уал хабар қад иәкун жумләт мислу: «зайд әбуһу қайм», «уа зайд қамә әбуһу» фәләбуддә мин ғәид уа қад юхзиф.
Мағынасы: Ал бірінші етістікті сөйлемге қоссақ, бұл жағдайда бастауышты және толықтауышты жасырады.
Мафғулдің шарты етістіктің қалпы өзгеруі (фәғәлә-яфғәлу). Мафғулдің екінші түрі: “ғалимту”, үшінші түрі “ағләмту”. “мафғул ләһу” және “мафғул мағаһу” бұлар фәғилдің орнына тұра алмайды. Бірақ “мафғул биһ”-ді тапса ол фәғил болады. Мысалы: “дуриба зайдун яумал жумғати амамал амир дарбан шадидан фи дариһи” бұл сөйлемде “мафғул биһи” «зайдун».
Марфуғаттарға “мубтада”(бастауыш) мен “хабар” (баяндауыш) жатады.
Мубтада – ол зат есім, оның басында еш қандай әрекеттегі элемент жоқ. Мубтада сифадан (анықтауыш), харфтан (жалғаулар), сұрау белгісінен кейін тұрады. Мысалы: “зайдун қаймун” “а қаймун зайдун?”
Хабар ол муснад. “сифаттын” жұмысын атқарады. Мубтада сөйлемнің басында тұрады. Сол себептен былай айтуға болады. “фи дариһи зайдун” бірақ “сахибука фи дар” деу дұрыс емес.
Кейде мубтада белгісіз халде келеді. Мысалы: “уа лә ғабдун муминун хайрун мин мушрик” “уа мә ахадун хайрун минкә” “сәләмун ғәләйкә”
Хабарлы сөйлем болады. Мысалы: “зайдун әбуһу қайм”, “зайдун қамә әбуһу”
Уа мә уақаға зарфән фәлә кәсрә әннәһу муқаддәр би жумләти уа изә кәнә мубтәдә муштәмилән ғәлә мә ләһу садр әлкәләм мислу «мән әбуук» ау кәнә мәғрифәтәйни ау мутәсәуияни мислу «афдәл минкә афдәл мини» ау кәнә әлхабар фиғлән ләһу мислу «зәйд қамә» уажәбә тәқдимуһу уа лизә тәдмину әлхабар әлмуфрад мә ләһу садр әлкәләм мислу «әйнә зәйдун» ау кәнә мусхаман ләһу мислу «фид дәр ражул» ау мутәғәлләқәту дамир фил мубтәдә мислу «ғәләл тамрат мислиһә зәйдән». Ау кәнә хабаран ғән әннә мислу «ғинди әннәкә қаим» уәжәб тәқдимуһу уа қад иәтәғәддәд әлхабар мислу «зәйд ғалим» ғақил уа қад ятәдамману әлмубтәдә мәғнә шарт фә ясихху духули «әлфә» фил хабар уа зәлик исму мәсул би фиғли ау зарф ау әннәкирәт әлмаусуфәт биһумә мислу әлләзи ятини ау «фи дәри фәләһу дирһәм» уа куллу ражул ятини ау «фи дәр фәләһу дирһәм» уа ләйтә уа ләғәллә мәтғән бил иттифәқи уал хаққи бағдаһум ..
Мағынасы: «Зарф боп келгенде көп жағдайда сөйлемде жасырын болады.
Егерде мубтада сөйлемнің басында тұрса “мән әбук?” сияқты, немесе мубтада және хабар белгілі халде болса, “афдалу минкә, афдалу минни” немесе хабары оның етістігі болса “зайдун қамә” онда фәғилді сөйлемнің басына қоямыз.
Егерде “әйнә зайдун?” немесе “фи дарри ражулун” немесе мубтадамен байланысқан есімдік: “әләт тамрати мислуһә зайдән” бұл жағдайда хабарды алдында қою керек.
Кейде хабар бір неше бола алады. Мысалы: “зайдун ғалимун қаймун”.
Кейде хабар шарттың атқарады. Бұл жағдайда хабарға “фә”-ны қосамыз. Мысалы: “фи дәри фәләһу дирһәму”.
Кейбір жағдайда хабармен мубтаданы алып тастауға болады. Мустаһил деген сөзі секілді. Кей бір уақытта уәжиб болып алынып тасталады,мысалы «зайд болмаса ондай болмаушы еді»-,деген сөзде. «Зайд мені тік тұрып ұрды»,-деген сөзде. Егер анна деген сөзі кіретін болса, онда оның жұмысы хабар мүбтада секілді болады. Тек қана зарф хабар болса, онда ол муснад болады.
Ражулу зариф фиһә яхзифу кәсирән уа бәнуу тәмим лә ясбутуунәһу аслән исм мә уа лә мушәбиһәтәини би ләйсә һуал муснәд иләйһи бәғдә духуләһумә мислу «мә зәйд қаимән» уа ражулә афдәл минкә уа һууә филәшиә.
Мансубат Һууә мә иштәмәлә ғәлә ғилм мафғулия фә минһу әлмафғул әлмутлақ. Һууә исм мә фәғәләһу фәғил фиғл мәзкур би мәғнәһу. Уа иәкуну ли тәкиид уа науғу уал ғададу мислу «жәләсәт жулусән уа жулисәт» фәл әууәл юсни уа лә южмағу би хиләфи ахауайхи. Уа қад иәкуну би ғайри лафз мислу «қағадат жулусән». Уа қад юхзафу әлфиғл ли қиям қаринәт жәуәзән кәқауләк лимән қадамә хайр муқаддам уа ужубән симәғән мислу сақиән уа рағиән уа хибәт уаждәғән уа хамдән уа шукрән ау ғажабән уа қиәсән фи мауадиғ минһә мә уақағә мисбәтән бағдә нәфи дәхил ғәлә исми лә иәкун хабарән ғәнһу ау уақаға мукәррәрән мислу : мә әнтә иллә сирән уа мә әнтә иллә сир әлбәрид уа иннәмә әнтә сирән уа зәйд сирән. Сирән уа минһә мә уақаға тафсилән ли әсәр мадмун жумләт мутақаддимә мислу фәшудду әлуисәқ фә әммә мәннә бағду уа әммә фәдән уа минһә мә уақаға литәшбиһ ғиләжән бағдә жумләт муштәмилә ғәлә исми би мәғнәһ уа сахибиһу мислу мәрәрту би зәйди фәизә ләһу саут сауту химар уа сирах сирах шәкли уа минһә мә уақаға мадмун жумлә лә мухтәмил ләһә ғайриһи мислу ләһу ғәлә әлф дирһәм иғтиранән.
Мағынасы: «Мансубат дегеніміз – ол сөйлемнің соңында «фатха» белгісі бар сөздің соңында жазылады. Бұл белгі табыс септігін білдіреді. Мансубат екіге бөлінеді. Біреуі мафғул мутлақ. Ол белгілі бір істі күшейту үшін қойылады. Мысалы: отырыспен отырды. Мафғул мутлақ екі түрі бар: мағнауи және лафзи. Мағнауи яғни екі сөз бір сөзден шығып тұрады. Ал, лафзи мағынасы бір, бірақ әр түрлі сөзден шығып тұр. Мысалы: қағадат жулусән (отырыспен отырды.) байланыс (қосу) үшін етістік алып тасталады. ........... бұл сөйлем тәшбиһ (ұқсату). Немесе мағнауи боп тұр “лә” сөзі хабар бұдан кейінгісі “лилжинс”. Мысалы: “лә ғуләмә ражулин зарифун фиһә”. Көп жағдайда “лә лижинс”-ті алып тастауға болады. Ал Бану тамим еш уақытта айтпайды оны.
“мә” және “лә” сөздері (емес, жоқ) деген мағынаны білдіреді. Мысалы “мә зайдун қаймун”.
Мансубат дегеніміз, ол – толықтауыштың белгілері. Оған мафғул мутлақ жатады. Мафғул мутлақ дегеніміз - зат есім, оның етістігі зат есімге сәйкес болу керек. Мафғул мутлақ үш түрі бар:“литәкид” , “линауғ” және “лиғадад”. Мысалы: “жәләсту жулусән”, “жаласту жилсәтән”. Біріншісі - “литәкид”, ол жекеше және көпше түрлерді қабылдамайды. Ал қалған екеуі (линауғ және лиғадад) қабылдайды.
Мафғул мутлақ кейде етістікке сай болмайды. Мысалы: “қағадту жулусән”.
Әдеб: Мәшһүр-Жүсіп шығармалары 15 том ЖШС. «ЭКО» 2009. алынған Бетті жазу. Құрастырып, араб тілінен аударғандар Мәшһүртану ҒПО-ның қызметкерлері : Д.Қ. Матаев., Қ.Қ. Талқанбаева., Б.Ә. Ахметниязов
Достарыңызбен бөлісу: |