МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку


ЖАРТЫ ТОҒЫЗ - қ: Адам ата, Хауа ана АДАМ АТА



бет8/15
Дата25.02.2016
өлшемі3.78 Mb.
#19198
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

ЖАРТЫ ТОҒЫЗ - қ: Адам ата, Хауа ана

АДАМ АТА أدم - ең алғашқы адам - хазiрет Адам. Алла Тағала хазiрет Адамды топырақтан жаратты. Оған рух бергеннен кейiн, перiштелерге “Адамға сәжде қыл” (Бақара сүресi, 34-аят) деп әмiр еттi. Барлық перiштелер оған сәжде қылды, тек қана шайтан хазiрет Адамды қызғанғандықтан тәкәппарланып сәжде қылмады. Содан соң Алла Тағала оны қуды. Сол үшiн ол “қуылған шайтан” деп аталады. Осылайша шайтан, хазiрет Адамға және оның ұрпақтарына дұшпан болды.

Алла Тағала хәзiрет Хауаны да жаратты. Оны хазiрет Адамның жары қылғаннан кейiн екеуiн де Жұмаққа орналастырды. Оларға: «Әй, Адам! Сен де, жұбайың да Жәннатта тұрыңдар, ерiктi түрде қалағандарыңша жеңдер, iшiңдер. Бiрақ, мына ағашқа жоламаңдар. Бұзақылық қылатын залымдардан болмаңдар». (Бақара сүресi, 35-аят) деп бұйырды. (Ол көбiнесе бидай, жүзiм ағашы делiнген) Бiрақ шайтан оларға: “Бұл ағаштың жемiсiн жесеңiз, Жәннатта мәңгi боласыңдар” – деп оларды алдады және тиым салыған жемiстi жегiздi.

Алланың тиым салған әмiрiн орындамаған хазiрет Адам мен Хауа жұмақтың нығыметiнен мақрұм қалып, жер бетiне түсiрiлдi. Хәзiрет Адам мен Хауа жасаған қателiктерi үшiн тәуба етiп Алладан кешiрiм тiледi. Алла Тағала олардың тәубасын қабылдады және оларды Меккеде кездестiрдi.

Барлық адам баласы хазiрет Адам мен Хауадан тарады. Бiраз уақыттан кейiн хазiрет Адамға пайғамбарлық жiберiлдi және он бет (кiтап парасы) түсiрiлдi. Осылайша, хазiрет Адам алғашқы адам және алғашқы Пайғамбар болды.

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Адам атаның жаралып, дүниеге келгені» атты өлеңінде Адам атаның ең алғашқыда топырақтан жаралғандығын баян етеді. «- Топырақтан жаратам Адам! – дейді, - Жебірейіл, бұйырамын саған! дейді. – Бар – дағы Мағриб, Машрих ортасынан, Бір уыс топырақ ап кел маған! – дейді».

Үш жүз жыл Адам ата жүрді жылап,

Көзінен аққан жасы- дария бұлақ.

Иа, Раббына замина анқисина

Зарланды қылып тәубе, медет сұрап.

Адам ата. Алғашқы жарытылған адам, алғашқы пайғамбар. а. [------адам. Адам, человек] – 1. человек, существо обладающее мышлением, речью, способностью создавать и пользоваться ими в процессе общественного труда.



Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 129.Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 17.

ХАУА-АНА حواء - алғашқы әйел ана. - др. евр. а. [------ хәууа: источник жизни] – Ева, по библейской мифологии , первая женщина на земле, жена Адама, сотворенная богом из ребра Адама; Праматерь рода человеческого в иудаистской, христианской, затем мусульманской мифологии. Адам а. [------адам: Адам, человек] – 1. человек, существо обладающее мышлением, речью, способностью создавать и пользоваться ими в процессе общественного труда. Дін Адам ата мен Хауа ананың азғыруымен Алла алдында күнәкар болып, жұмақтан қуылды деу арқылы қоғамдағы әйел теңсіздігінің әлеуметтік – экономикалық негіздерін бүркемелеуге тарысты (Қ.С.Э.). Хауа ана мен Адам ата мифологияға айналған қазақ әдебиетінде де орны алған діни кейіпкерлер.

Хауа ана:

Қалдырма! – деп, зарлық етті,

Тыңдамай зытып алып малғұн кетті.

Дағдарып осылайша тұрғанында,

Бір жақтан Адам ата келіп жетті.

Әдеб.: Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 17, 294. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Таңдамалы шығармалары. 1 том. –«ЭКО» ҒӨФ, Павлодар, 2005. –Б. 19.



ЖАҺИМ جحيم - екінші есіктің аты. қ. «Тозақ»

ЖАҺУТ يهود дін. яһуд – еврейлер (еврей халқы). Көне өсиетшілердің ең ескі бөлімі, әр заманда айтылып, жызылған және мейлінше өзгертіліп, бұрмаланған, ертедегі яһуд әдебиетінің және фольклорының жинағы, көне өсиет – йудаистер мен христиандардың діни кітабы. Көне түркі тілінде й дыбыстылар болған. Йа қосарлы дыбысты я мен белгілеу 1954 жылдан басталды. Сол сияқты көне түркі тілінде йер//жер , йар//жар сияқты жазу белең алған болатын. Осы үлгімен яһуд діні жаһут болып жазылды. иаһудий-яһуди – еврейлік; еврей. Біздің жыл санауымыздан мың жыл бұрын Арабстан жерін мекендеген еврей тайпалары арасында яһуди діні шыққан, бұл діннің уағыздары христиан діні мен ислам дініне ауысқан. Яһуди а. [йәһуди: иудей, еврей] – иудейская религия; жители Иудеи, позже еврей вообще. Ясриб еврейлерінің көпшілігі арабтар болған, бірақ олар яһуди дініне кіріп, өздерін «еврейміз» деп санаған.

Мәшһүр – Жүсіп жаһут (жөйт) түрінде қолданды:



Жаһутке (жөйтке) Заунас патша болды ғалып,

Халқымен Жаһут дінін қабыл алып.

Хабыранидңі дініне кірмеген Насыраниді,

Санақпен күйдіреді отқа салып

- дейді.

Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 32. Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 2 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 218-219. Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 320.



ЖӘБРЕЙІЛ خبرائل ­ Аллаһтың дінін жер бетіне тарату үшін пайғамбарларға Аллаһтың үкімін, уаһиларын жеткізетін періште, Аллаһтың қалтқысыз қызметшісі. Жәбрейіл (ғ.с.) періштелер арасында пайғамбары аталған дәрежелі болған 4 періштенің бірі. Адамзаттың сұлтаны болған Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарға да ұлы жаратушы Аллаһтан өсиет жеткізген де осы Жәбрейіл (ғ.с.) періште еді.

Орыстың даңқы асқан ақыны Александр Сергеевич Пушкин де Жәбрейілді былайша жырлаған:



Ұнатып тұр Мария барлық түрін...

Түсті көз, жалғыз-ақ қыз көңілінде!

Ал мақтан, мақтан енді Жеберейілім! (А.Пушкин).

Дінтанушы ақын Мәшһүр – Жүсіп Көпеев өзінің қолжазбаларынада діни лирикада жырлағандықтан Жәбірейілді періште кейіпінде былайша суреттейді:

Періште төрт Муқарраб тірі қалар,

Әуелі Мекайлдің жанын алар.

Исрафил, Жебірейіл, Ғазірейіл,-

Нәубет бірлан берген жанын һәм олар


Тыњдамай сµзін оныњ ж‰ре бердім,

Алдымда – Жебірейіл, соѓан ердім.

Бисмилланыњ мимінде кеш пе, ерте ме?!

Алдына мешіт Аќса жетіп келдім.


Пайѓамбар Жєбрєйілге айтты жєне

Ќанша жол екі арамыз айтшы маѓан.

Жєбрєйіл Рєс‰лге айтты жеті ж‰з тєш

Жол депті шаќыр Ямин Мєдинаѓа.

Жєбрєйіл расулге айтты:

-Иа, пайѓамбар,

Мен сізге мєлім етіп айтайын жар.

Ќ±рметке, міне, осындай ие болад

«Ыќыластыњ тірлігінде оќыѓандар».

- деп төрт періштені де атап өтеді. Ақын өлеңдерінде Жәбрейіл періште туралы тағы да басқа мәліметтер бар.



Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 11, 255, 147,Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 1 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 96.

ЖЕТІ ТОЗАҚ ­ тозақтың жеті түрі. қ. «Тозақ».

ЖЕТІНШІ ЖҰМАҚ – «ДАРИЛ ҚАРАР» دار القرار­ қ. «Жұмақ».

ЖҮНІС يونس – пайғамбар. Жүніс, Сахиб әл-хут, Зу-н-нун, Юнус-пайғамбар, Құран Кәрімнің кейіпкері. Құранның бір сүресі оның атымен аталған. Құран Кәрімде Жүністің Ирактың солтүстігіндегі Найнауада бір Аллаға сиынушылықты уағыздауы сәтсіз болғандығы айтылады. Ол өз ісінің қиыншылықтарына шыдай алмай, кемеге жасырын тығылып, қашуды ойлайды. Бірақ кеме орнынан қозғала қоймайды, ол кемеде қашқынның бар екендігінің белгісі еді. Жеребе көрсеткендей, бар кінә Жүністе болғандықтан, оны теңізге тастайды. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Миғраж» дастанында Жүніс пайғамбарға тоқталған.

Жүністі халас қылсам үш зұлматтан,

Балық қарны қараңғы түнде жатқан.

Үш жерде үмбетіңді сақтайын да:

Қабірде, қиямете һәм сираттан.


Әдеб.: «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2002, 4 том. –Б. 100. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. 154.

Ж¦МА جمعة – м±сылмандар ‰шін ќасиетті к‰нніњ бірі. Б±л к‰н к‰ндердіњ ењ жаќсысы жєне ахиретте Аллаћ Таѓаланыњ дидарын кµретін к‰н. Б±л к‰нді иаум-ул-мазид деп атайды. Жұма күні мұсылмандар мешітке жиналып, жұма намазын оқиды. Ол үшін, бір күн бұрын намазға дайындалып, тазаланып, хош иістер сүрту керек. Мешітке кіргенде ең алдыңғы саптағы бос орынды толтыра отырып, уағыз тыңдауы, салмақты болуы керек. Осы күні Аллаға көп дұға ету керек. Себебі жұма, дұғаның қабыл болатын күні. Сондықтан істеген күнәларына тәуба етіп, истиғфар жасау қажет.

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Мұқыш Жұпарұлы» атты өлеңінде жұма күніне былайша тоқталған:

Үндерде не жақсы: - Құран үні!

Түндерде не жақсы: - Қадір түні!

Жаңаша октябрьдің сегізінде

Шарапатты, даңқы зор – жұма күні!

- деген. Басқа да өлеңдерінде жұма күні жайында жиі айтылады.

Әдеб.: Х.Жанарыс Имандылыќтыњ ѓылыми негіздері. –Павлодар, 2006. –Б. 271. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 62.

ЖҰМАҚ جنة жаннат - діни түсініктегі адам жанының о дүниеде мәңгілік рақатта болатын орны. Жаннат туралы түсінік жанның о дүниелік өмірі туралы алғашқы діни сенімдерден бастау алады. Тауратта (Көне өсиет) жаннат алғашында Адам ата мен Хауа ана т±рып, кейін күнєлары үшін ќуылған ғажайып бау-бақша түрінде суреттелген. Інжілде (Жаңа өсиет) жаннат туралы түсінік дінге сенушілердіњ өлгеннен кейін қайтып оралатын орны ретінде сипатталған. Көптеген діндерде жаннат рахаты күнаһарлардың тозақта тартатын азабына қарсы қойылады. Жаннат ­ ислам дінінде адал мұсылмандардың о дүниедегі мәңгілік мекені ретінде суреттеледі. Алла Тағала ќасиетті Қ±ран Кәрімдегі «Зүмәр» сүресініњ 72 - 73-аяттарында былай деген. «Раббыларына ќарсы келуден сақсынғандар, топ-топ жәннатқа жолданады. Сондай-ақ, олар оған барғанда оның есіктері ашылады. Оларға оның сақшылары: «Сендерге сәлем. Қош келдіңдер, жәннатқа мәңгі қалатын түрде кіріњдер»- дейді.».

Ислам хадистерінде жаннаттың 8 түрі аталады:

1. Дар ул-жалал (ақ маржанмен безендірілген);

2. Дар ус-салам (қызыл тастардан т±ратын);

3. Жаннат ул-магуа (жасыл асыл тастар­дан жасалынған);

4. Жаннат ул-култ (сары маржан тастардан жасалынған);

5. Жаннат ул-нағим (ақ күмістен жасалған);

6. Дар ул-қарар (қызғылт ал-тыннан жасалынған);

7. Жаннат ул-фердаус (күміс, алтын, асыл маржан тастардан жасалынѓан);

8. Ғадын (аќ асыл тастан т±ратын).

Жєннат – бау баќша маѓынасындаѓы сµз. Ислам сенімі бойынша; ахиретте м‰´миндер т±ратын немесе б± д‰ниеде жасаѓан жаќсылыќтарыныњ, ізгі істерініњ сыйлыѓы ретінде берілетін мєњгілік орын. Д‰ниеде к‰нє жасаѓан м‰миндердіњ к‰нєсін Алла Таѓала кешірсе, тозаќта жазасын тартќаннан кейін жєннатќа кіреді. К‰нєсіз, таќуа м‰´миндер т±п-тура жєннатќа кіреді жєне мєњгілік сый сияпатќа бµленеді. Жєннаттаѓы ењ мањызды оќиѓа - м‰´миндердіњ Алла дидарын кµрулері. Б±л ант дєлелдермен бекітілген жєне б±ѓан сену єр м±сылманѓа парыз.

Қазақтың біртуар ақыны Мәшһүр-Жүсіп Көпеев діни лирикалық сарында жазған діни жырларында жұмақ және оның түрлеріне ерекше тоқталған, мысалы:

- Ж±маќтан єуелі, Адам, сен шыќ! – дейді,

-Т±руѓа енді м±нда жол жоќ! – дейді.

- Екеуіње он ќой, бір ат енші бердім,

Кешікпей енді м±нан тез шыќ – дейді.


Тµртінші – ж±маќта мен ж‰ргенімде,

Шыѓарды бір к‰нємен кµргенімде.

Олар д‰ние ж‰зінде к‰нє ќылса,

Бейішке кіргізеді µлгенінде.

Хадишадан туыпты жеті бала,

Бесеуі – ќыз, екеуі – еркек бала.

Фатима, єм Г‰лсім, Зейнеп, Раќия,

Ќасым, Таћыр, Махб‰бі – гаућар дана.

- десе, жұмақтың түрлеріне былайша тоқталады.

...Бірінші жұмақ аты – «Даралыхпан»,

Гауһардан жаратыпты Алла тағалам...
...Жаратқан екіншісін саф алтынан,

Аты дүр ол жұмықтың – «Дарис салам»...


...«Даралхилу» - төртіншінің аты ирөр,

Сары маржаннан жаралған өзі ғана –...

...Жұмақтың бесіншісі – «Жаннат-Нағим»,

Ақ күмістен жаратқан, әне, тағын – ...


...«Жаннат-Ғадин» – ирөр алтыншы,

*Жақұттан жаратқан дүр Құдірет Кәрім...


...Жұмақтың жетнішісі – «Дарил қарар»,

Ішінен ізгі пенде орын алар –...

- дейді. Ақынның жазған өлеңдерінде көптеген жұмақ, тозақ, дін тақырыбы қаралып, басты мәселе ретінде қаралған.

Єдеб: Ќазаќстан. ¦лттыќ энциклопедия 3 том./ Бас. ред. Є.Нысанбаев. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» Бас редакциясы, 2001. – Б. 617.

Х.Жанарыс Имандылыќтыњ ѓылыми негіздері. – Павлодар, 2006. – Б. 118.

Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. . –Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 128, 135

ЗЄБУР زبور ­ Дәуіт (а.с.) пайғамбарға Аллаһ тарапынан түсірілген қасиетті кітап. Ќ±ран-Кєрімнің Исра с‰ресі, 55 - аятында: «Біз Дєуітке Зєбурді бердік» делінеді. Қасиетті Құранға дейін үш пайғамбарға үш кітап түскен болатын. Соның екіншісі осы – Зәбур еді. Бұл кітаптың ішінде де Аллаһ Тағала тек жалғыз өзіне ғана құлшылық ұруын бұйырған болатын. Бірақ, Дәуіттің пайғамбарлығына шек келтірген қараңғы жұрт Зәбурді де мойындамады. Ал мойындағандары болса уақыт өте келе Зәбурді өзгеріске ұшыратты. Кейінде Құран Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарға Аллаһ тарапынан жіберілгенде Таурат, Зәбур және Інжілдің ислами күші жойылды. Қазір Зәбурдің түп нұсқасы сақталмаған.

Ақын Мәшһүр – Жүсіп діни өлеңдерінде Зәбур жайлы аса көп кездеспесе де бірең-сараң жерлерде көруге болады. Мәселен: «Ықылас сүресі» атты өлеңінде:

Д‰ниеде фазыл болѓан тµрт кітап бар

Зєбур мен Тєурат, Інжіл, Ќ±ран олар.

Сипатын бір Ќ±дайдыњ зікір еткен –

Олардыњ баршасында б±л с‰ре бар.

- деп, Зәбурдің дүниеде қасиетті кітап екенін көрсетсе, енді бірде:

Бір реет оқыса шын ниетпен,

Сол болар тілегіне барып жеткен.

Айтылған Зәбур, Таурат, Інжіл, Құран,

Сауабы жазылады қатым еткен.

- деп, Зәбурдің қасиеті туралы баян етеді.

Ал, ақынның Мұхаммед пайғамбарға арнаған діни дастандарында «Хаятбақшы» атты жырында:

Таурат, Забур, Інжіл мен Құранды көр,

Қуа келсе, бәрінің соқпағы бір.

Мақтағаннан басқа жоқ айтар бөлек,

«Шарапатлы туар, - деп, - бір ғазиз ер!»

- деген. Зәбур жайында ақынның тағы да басқа өлеңдері де баршылық.

Әдеб.: Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 9, 154. Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 115. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. . – Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 115. Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 1 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 197.

ЗЄМЗӘМ- زمزم شريف – «мол су» дегенді білдіреді. Меккедегі ќасиетті ќ±дыќ. Ќаѓбадан оњт.-шыѓысќа ќарай 20 м жерде, Бани Шайба есігініњ ќара тасќа (Хажар ул-Асуад) ќарама-ќарсы орналасќан. ‡сті к‰мбезбен кµмкерілген б±л ќасиетті ќ±дыќтыњ терењдігі 42 м. Хадистерде зәмзәм ќ±дыѓыныњ ќасиеті туралы былайша баяндалады: Ибрахим пайѓамбардыњ (ѓ.с.) ж±байы Сара ±заќ уаќыт бала кµтермеген соњ, Хажар есімді мысырлыќ єдемі бір к‰њді (жарис) к‰йеуіне некелеп ќосады. Хажардан Исмаил пайѓамбар (ѓ.с.) д‰ниеге келеді. Алайда, Сара к‰њдесініњ м±ндай баќытын ќызѓана бастайды. Сондыќтан, Ибрахим пайѓамбар (ѓ.с.) Хажар мен Исмаилды (ѓ.с.) алып, Меккеге єкеліп орналастырады. Ашыѓып ќалмасын деп азын-аулаќ ќ±рма мен су ќалдырады. Ибрахим пайѓамбар (ѓ.с.) кеткеннен кейін су таусылып, шµлдеген сєби шырылдап жылай бастаѓан соњ, Хажар су іздеп Сафа мен Мєрує тµбелері арасында жан ±шырып ж‰гере береді. Сол уаќытта Жєбірейіл періште аяѓыныњ (немесе ќанатыныњ) ±шымен Мєрує тµбесінен жерді ќазып, су шыѓарады. Кейін ж‰рћ‰м ж±рты б±л ќасиетті ќ±дыќты бітеп тастайды. М±хаммед пайѓамбардыњ (ѓ.с.) атасы Абд ал-Мутталиб т‰с кµріп, зәмзәм ќ±дыѓыныњ орнын тауып алады. Аббас єулетінен шыќќан халиф Єбу Жафар Манс±р зәмзәм ќ±дыѓыныњ айналасына мєрмєр тасын орнатќан. Осман єулетінен шыќќан с±лтан С‰леймен Кануни зәмзәм ќ±дыѓы айналасына 1,5 м. биік мєрмєрмен ќоршап, хауыз салдырды. Зәмзәм суы – ќасиетті су. Ќаѓбаѓа тєуап етіп барѓан ќажылар б±л суды ішіп ќана ќоймай, µздерімен бірге елдеріне алып кете жатады.

Мәшһүр –Жүсіп Көпеевтің шығармаларында да осы «зәмзәм» сөзі кездеседі. Ақын бұл сөзді діни лирикалық өлеңдерінде жиі атайды. Соның бірі:

Жақсылық, талап ойлап жолға түстің,

Қатын-бала, мал-жаннан түгел кештің!


Су алып өз қолыңнан, мейірің қанып,

Құдықтан зәмзәм Шариф тойғанша іштің!



Осы тектес өлеңдерде зәмзәм сөзі бірнеше жерде кездеседі.

Әдеб.: Ќазаќстан ±лттыќ энциклопедия 4 том. Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ», 2002. - 181 б. Мәшһүр- Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. Павлодар «ЭКО», ҒӨФ, 2003. – Б. 247.

ЗЕКЕТ- ذكاة – «тазарту» дегенді білдіреді. М±сылмандардыњ бес парызыныњ бірі, яки м±сылмандыќтыњ тµртінші шарты, ќоѓамдаѓы кедейлерге берілетін міндетті садаќа. Шариѓат бойынша, кємелетке толѓан ауќатты м±сылмандар ѓана жылына бір рет малыныњ, д‰ние-м‰лкініњ, дєулетініњ ќырыќтан бір бµлігін зекет ретінде беруге міндетті. Зекет берілсе, бай адам мал-м‰лкініњ кірінен, кедейлер алдындаѓы борышынан тазарады. Зекет берілмесе, кедейдіњ ќаќы желінген болып табылады. Зекет мына нєрселер ‰шін беріледі: алтын-к‰міс, тµрт т‰лік мал, аќша жєне сауда-саттыќ тауарлары. Б±лар белгілі бір мµлшерге толуы ќажет. Зекетке толатын мµлшерді «нисап» дейді. Мысалы: саны ‰шін белгіленген «нисап»: 40-тан 121-ге дейін 1 ќой, 121-ден 399-ѓа дейін 2 ќой, 400-ден бастап ж‰зден бірі зекет т‰рінде садаќаѓа берілуі тиіс. Сиырдыњ саны 30-ѓа жетсе, «нисапќа» толѓан болып, 30-дан 39-ѓа дейін 1 тайынша, 40-тан 59-ѓа дейін 1 ќ±нан µгіз не ќ±нажын сиыр, 60-тан 69-ѓа дейін 2 тайынша, 100-ден 202-ге дейін 4 тайынша, не 3 ќ±нан µгіз, не 3 ќ±нажын сиыр, б±дан жоѓары сандарѓа жеткенде єр 30-дан бір тайынша, не єр 40-тан 1 ќ±нан µгіз, не ќ±нажын сиыр зекетке беріледі. Т‰йеніњ саны 5-ке жетсе «нисапќа» толады. 5-тен 9-ѓа дейін 1 ќой, 10-нан 14-ке дейін 2 ќой, т.б., 196-дан 200-ге дейін 4 бесті інген зекетке беріледі де, одан жоѓарѓы санѓа жеткеннен кейін єр 50 т‰йеге 1 дµнежін інгеннен есептеледі. Айналымдаѓы алтын-к‰містен µз салмаѓыныњ 40-тан бірі зекетке беріледі. Сондай-аќ, 20 мысќал (96 г) алтынныњ, яки 200 дирћам (641 г) к‰містіњ баѓасындай сауда м‰лкінен де, аќшадан да 40-тан бір мµлшерінде зекет беріледі. Ќ±ран Кєрімде айтылѓандай, зекет сегіз т‰рлі кісілерге: кедейлерге, міскіндерге (ќолында т‰гі жоќ таќыр кедейлерге, жетім-жесірлерге), зекет жинаушыларѓа, жања м±сылмандарѓа, ќ±лды азат етуге, борыштыларѓа (ќарызын тµлеуге шамасы келмейтіндерге), м‰сєпірлерге (‰йіне жете алмай, жолда ќалѓандарѓа) таратылуѓа тиіс. Зекет беруші зекетті берген уаќытта зекет ‰шін беретіндігін ниет ету, яѓни ішінен ойлауы шарт. Ал зекет алушыныњ зекет екендігін білуі шарт емес. Зекетті бергеннен кейін міндетсу немесе ренжітіп, кемсітіп беру, сондай-аќ, маќтан ‰шін беру зекеттіњ ќайыр-сауабын зая кетіреді. Зекет исламныњ бес шартыныњ біреуі. Сонымен ќатар, д‰ние-м‰лікпен орындалатын ќ±лшылыќ. Ћижри екінші (Милади 624) жылы парыз болды. Зекеттіњ негізгі маѓынасы: кµбею, тарау, берекеттену жєне ‰лкею деген маѓыналарды білдіреді. Діни маѓынасы: Шариѓат зањы бойынша бай деп есептелінетін адам, ћижри жыл санауына ќарай кµбейген д‰ние м‰лкінен, жыл сайын белгілі мµлшерде беретін діни салыќ. Діни терминде зекет беруді: «тєзкия» ал, зекет Берген кісіні «м‰зєкки» деп атайды. Зекеттіњ кімдерге берілуі керек екені Ќ±ран Кєрімде аныќ айтылѓан: «Зекеттер: Алла тарапынан парыз ретінде, ќолы ќысќа кедей паќырларѓа, еш нєрсесі жоќ міскіндерге, зекет жинайтын ќызметшілерге, м±сылмандыќќа шын кµњілімен бейім-делгендерге, ќ±лдарды азат етуге, борыштыларѓа, Алла жолында болѓандарѓа жєне жолда ќалѓандарѓа беріледі. Алла єр нєрсені білетін, ењ ±лыќ ‰кім беруші» (Тєуба с‰ресі, 60-аят).

Діни лирикалық шығармаларында Ислам дінін арқау еткен ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеев те зекет жайында бірнеше мәрте айтқан болатын. Адамзатты мұсылманшылыққа шақырып, бір-біріне қайыр-жақсылық жасауға үндеді. Сол себепті ораза мен зекеттің жайын «Ізбас қажы» атты жоқтау өлеңде де атап көрсеткен. Мысалы:

Ораза, зекет пенен – екі парыз,

Мойныңа құтылмасаң болар қарыз.

Тілеп қал қажетіңді тіл барында,

Құдайға өлмей тұрып қылып арыз

- дейді.

Әдеб.: Х.Жанарыс Имандылыќтыњ ѓылыми негіздері. –Павлодар, 2006. – Б. 229. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 207. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 120.

Ќазаќстан ±лттыќ энциклопедия 4 том. Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ», 2002. 187 б.



ЗЕЙНЕП زينب - Ислам дінін єлемге таратушы, хазіреті М±хаммед (с.а.с.) пайѓамбарымыздыњ ќызы. Ол жер бетінде єділетті орнатушы пайѓамбарымыздыњ (с.а.с.) алѓашќы єйелі Хадиша анамыздан туѓан 6 баланыњ екіншісі. Зейнеп (р.а.) ќыздыњ алдында аѓасы Ќасым болѓан. Ол кішкентай кезінде ќайтыс болѓан. Балаларыныњ ‰лкені Зейнеп болды. Зейнеп ‰лкейген кезінде пайѓамбарымыз (с.а.с.) кµзі тірісінде ќайтыс болѓан. Діни кітаптарда Зейнеп ќыздыњ µмірі ќысќа болѓандыќтан кµп айтыла ќоймайды. Ќазаќ аќыны, дінтанушы Мєшћ‰р-Ж‰сіп Кµпеев те µз µлењінде:

Болды ма сізге басшы далил онда,

Бар ма еді ортањызда терењ молда?

Зейнеп, Рухия жєне де Єм Кашом (Умму Гулсім),

Ќыздары пайѓамбардыњ жатќан сонда.

- деп, Аллаћтыњ Елшісі М±хаммедтіњ (с.а.с.) ќызы екенін атап кµрсеткен.



Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалар жинағы 3 том. –Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 244.

ИБРАҺИМابرهيم Ибраһим, Ы б ы р а и ы м , Авраам — Құран Кәрімде аты аталған пайғамбар. Ең көп тараған есімі -- Халил Алла ("Алланың досы"), оны «Имам», «Сыдыќ Ха­ниф» деп те атайды. Құран Кәрімде Ибраћимнің өмірі мен қызметі туралы бірнеше рет егжей-тегжейлі баяндалған. Ол жастайынан-ақ өзінің тайпаластары мен єкесі Азар табынған пұтқа сенудіњ мєнсіздігін түсінеді. Ибраћим әуелі Күнге, Айға, Жұлдыздарға сенеді, сонан соң бір Аллаға деген сезімі оянады. Ибраћим µзінің сезімін әкесіне және халқына түсіндіре алмайды; со­нан соң қасиетті орындарға кіріп, бірнеше пұтты зақымдайды да, келгендерге мұны ең басты пұт жасады дейді. Олардың өз сөзіне сенімсіздігін пұтқа сенімдерінің жалғандығынан деп түсіндіреді, бірақ Ибраћимніњ уағызын олар түсінбейді. Ибраћимді патшаларына алып барады, ол Ибраћимді өртеп жіберуге б±йырады. Алайда Алла өзінің пайғамбарын, оған сенген Лұтпен бірге құтқарып қалып, Палестинаға апарып қоныстандырады. Бірде Ибраћимге Лұт орныққан қаланың опасыз тұрғындарын жазалауға бара жатқан періштелер келеді. Олар Ибраћимге өзінің және әйелінің қартайғанына қарамастан ұлды болатынын хабарлайды. Ибраћим өзінің ұлы Исмаилмен бірге Меккедегі әл-Қағбаны салады. Ибраһим Алладан өзінің өліге жан бітіретін қасиетін көрсетуді сұрайды. Оған төрт құстың қалдығын төрт тауға апарып қою тапсырылады. Алла тағала шаќырғанда єлгі төрт құсќа жан бітіп, ұшып келеді. Алла тағала Ибраћимді єр кез жебеп-желеп отырады, оның ұрпақтары арасынан бірнеше пайғамбар шыққан. Құран Кєрімнен кейін шыққан аңыздарда Ибраћимнің көп саяхаттағандығы, Мысырда да болғандығы, сонда перғауын оның әйелі Сараны тартып алмақ болғанда, Алланың құтқарып қалғандығы айтылады. Ибраћимді Арабиямен байланыстырған аңыздар да көп тараған. Негізгі арқауы — оның арабтар мен еврейлердің атасы екендігі. Сара оның күңі Хаджарды (Ажарды) баласы Исмаилмен (Ысмайылмен) бірге қуып жіберген соң, Ибраћим оларды Меккеге єкеліп қоныстандырады. Өзі де жиі келіп тұрады. Бір келген сапарында ол Исмаилмен бірге тасқын қиратқан әл-Қағбаны қалпына келтіреді. Меккенің жанында Ибраћим өзінің ұлын қ±рбандыққа шалмақ болады. Бірақ Құран Кєрімде ұлының аты аталмайды, аңыздарда Исмаил делінеді. Алла Ибраћимнің ниетіне риза болып, ұлының орнына құрбандықќа шалуға көктен тоқты т‰сіреді. Содан бері Алла жолына құрбандыќқа қой шалу дәстүрі орныққан. Құранда баяндалатын бұл оқиғалар («Ибраһим» сүресінің 41-аяты; Саффат сүресінің 41-аяты) Тауратта да кездеседі (Быт: 1-12, 22; 2-12). Құран Кєрімдегінің Таураттағы Авраамнан айырмашылығы — ол ұлын құрбандыққа шалу туралы Алланың бұйрығын түсінде көреді. Сондай-ақ, Тауратта ұлының аты айтылады, Құранда тұспалданады. Сонымен ќатар, Құдайдың бұйрығын алған Авраам ұлы Исаакты оған ескертпестен құрбандыққа шалуға ниеттенсе, Құрандағы Ибраћим әуелі күдік келтіреді, алайда баласы Алланың бұйрығын ойланбастан орындау қажеттігін айтады. Барлық құрбандыққа шалу үрдісі Тауратта толық баяндалса, Құран Кєрімде оған аса назар аударылмаған. Ислам дінінде Қағбаға тәжім ету ғана емес, қажылыќтың барлық рәсімі Ибраћим есімімен байланысты. Мысалы, Хаджардың сәбиі Исмаилға су іздеп ас-Сафа мен әл-Маруа төбелері арасын кезуі, Зәмзәм суын табуы, Ибраћимнің әл-Каланы ќайта калпына келтіруі, шайтанмен айқасы, құрбандыққа ұлының орнына тоќты союы т.б.

Аңыз бойынша, Ибраћим зираты Палестинадағы єл-Халилде делінеді. Қабірдің маңайы мұсылмандар ерекше құрмет тұтатын "киелі орын" болып саналады.

Қазақ ақыны Мәшһүр – Жүсіп те хазіретті Ибраһим жайлы өз шығармаларында айтқан болатын. Мәселен:

Хасен бірлан Хұсайын,- шаһзадалар,

Бір Ғалының өзінде он жеті ұл бар.

Пайғамбардың – Ибраһим жалғыз ұғлы

Жанларын үмбет үшін құрбан қылар

- деп «Хадишадан соң Ғайшаны алғаны» атты діни лирикалық жыр он төртінші бапта жырлаған. Ақын өзінің шығармаларының арқауы діни тәрбие, мәліметтер және тарих болғандықтан Ибраһим пайғамбар (ғ.с.) жайында көптеген мәлімет қалдырған.



Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 146.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет