МӘШҺҮр жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті



бет3/15
Дата11.06.2016
өлшемі1.24 Mb.
#127231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1.2 Уағыз

Адамның денесі екі нәрсенің күшімен сәламат аурусыз тұрады. Бұл екі нәрсенің бірі- қызыл қан, бірі – бұзылған қара қан. Таза қызыл қан екі демалыстың бірімен даладан ішке қарай кіре береді. Жүрекке барып, жүректен әрмен күллі денені аралап, қайтуында қара қан болып тағы жүрекке келіп дем алыстың жөнімен далаға шығып тұрады. Міне, Құдіреттің шеберлігі.

(Түсінік: Құдірет – Жаратушы бір Алла деген ұғымда. Ж.Х.)

Ішке қарай кірген демалыс қызыл қан, далаға қарай шыққан демалыс қара қан. Бұл демалысқа иақшы һәуа (ауа) керек. Адам өзін таза һәуада сақлауға керек.

Екінші: Бұл екі демалысқа күш беруге иақшы тағам керек. Сол себептен айтылады: «ауру астан, дау қарындастан» - деп.

Үшінші: Бұл екі демалысқа күш беруге «қаракет уә сукун». Қазақша: «Жүру, тұру». Мезгілімен жүріп, мезгілімен тұрып, уақытымен жатып, уақытымен тұру керек.

Төртінші: Бұл екі демалысқа ұйқы мен ояулық мезгілімен олар да керек.

Бесінші: Бұл екі демалысқа күш беруге саулық керек. Адам өз көңілін өзі төмендетпей ұстау керек. Қазақта мақал бар: «ит өз құйрығын өзі алып жүрмесе, оны кім алып жүреді» - деген. Оның мәнісі: адам өз көңілін өзі көтеріп жүру керек деген сөз.

Алтыншы: Екі демалысқа күш беруге ашу, қорқу, өкініш сықылды нәрселерден өзін аулақ, алыс жүргізуге керек. Бұл айтылғандардың бірде бірі адамда жоқ болса, адам ауруға шалынады. Не қалпынан асып көтеріліп кетсе онда да жаман болады. Аса қорыққаннан, аса қуанғаннан не зор ашу қысқаннан өліп кететұғынлар көп болады.

Жан – бір асыранды құс, дене – бір қапас. Ол құсқа от, су бермесе қапаста тұрып аштан өліп қалады. Оған қорек беру керек. хайуан тамақтан семіреді, жан құлақтан семіреді. Мұнан мағлұм болды. Иақшы сөзге жан семіреді екен.

Жанның қорегі құлақ сүйсінерлік сөз екен. Адам тіршілігінде, ден саулығында құлақ сүйсінетұғын сөз естуге талап тырмысу керек. Түркістан шаһарында ақ күмбезі бар сұлтан қожа Ахмад хазірет сұлтан айтқан:

Сөз не айдым пір кім болса дидар талап.

Жан не жанға пиғында қылып руру аулап.
Яғни сөзін айттым Алла Тағалаға ғашық уа мұхаббат зор болып дидар. Талап қылушыларға, егер ел тыңлаушы жан құлағына айтушының аузына тыққандай қылып. Алма ағашының бұтағына қайыңның бұтағын аулап (улап) орнатқандай қылып шын көңілімен тыңласа (тыңдаса) деп.

Қазақ маған айтады: «Сөзді айтқыл ұққанға. Айтып айтпай неменені мақтанамын құлағын тыққанға. Ақпа құлаққа айтсаң ағып кетер. Ұқпа құлаққа айтсаң ұғып кетер. Жан құлағын салып тыңлаушының жоғынан далада тұрған молаға. Иесіз қалған қораға айқайлай-айқайлай басым ауырды»

Адамның жаны асыл жаратылған Ғалам әл-Аруахта Құдай Тағалаға жақындауға лайықлығы болмағаннан бұл ғаламға Құдай Тағалаға жақындасуды табу үшін, мұхаббат арттыру үшін келді. Бұл ғаламға келмес бұрын өз алдына бір қосын жұрт еді. Оның үшін Хадис шариф былайша бұйырды:

Мағна-и хадис шариф бұдүр: «Дүниаға келмезден (келместен) бұрын рух біткен ғалам әруахта өз алдына бір қосын әскер еді. Сонда жүргенде біріне-бірі танымал үйір болған шаклар дүниеде бірімен-бірі тату тәтті үйір болысып жүреді. Бірі мағрибдің, бірі машрақтың кісісі болса да ғалам әруахта жанға-жан танымал үйір болса, бір туысқан бауыр болса да жарлы-байлы болып, қоса салып үйір болса да бірімен-бірі тату-тәтті болмайды. Сол үшін айтылады: «Біреуді біреу жек көрсе рухым шошыды, жаным жек көреді» - деп.

Біреуді біреу жақсы көрсе, жаным жақсы көреді деп айтылады. Олай болса адамның жаны бил-жамыл ғалиа уә нурани олып (болып) әсна-и хазірет (жаздан) екен. Уә мақаматы мағлумасы мәртебесіне қарай ғаршы күрсісі асман (аспан) екен. Сол белінде ғаламнан бұл төмен ғаламға түскен кәмалат хасыл қылып, дәреже тауып асыл махамына қайту үшін, (Жайыққа) ол орыннан да жоғары мәртебеге өтуге тырысу үшін.

Бұл кәмалат таппақ себепсіз, жарақсыз болмайтұғын болған соң Қақ Тағала ғинаиаты илан Ғалам Ғулуда олан аруақ. Ғалам суғлада болған денені әлам әсбаб мәнзиласында жаратып адамзат не рух уә жисм яғни жан уә тән иле түзетіп екі ғаламды ихсан уә икмал көркемірек уә бүтінірек жаратты. Жан жоғары нұрдан келген қандай жақсы орыннан шыққан дене төмен жерден шыққан.

Алтынның кені бар жерден жаратылған денеде бар шығар. Мыс, қалайы, қорғасын – бұлардың кені бар жерден жаратылған денеде бар шығар. Нәжасат, лай илен бірге араласып беті қайнаған жерден жаратылған дене бар шығар. Адам бәрі қалыпта, бір түрде болмайтұғын себебі мұндайдан келеді.

Күн құрыса тегіне кетеді деп әр нәрсе өзінің қалпына қайтады. Жан жоғары тартады. Құдайға құлшылық қылып өзінің әууалда шыққан орнына жетуге білгі шамасы келсе онан да арман тырысады. Дене төмен қарай тартады ішіп-жеп, қатын болса құшақтап, белшесінен батып былжырай бергенді сүйеді. Бұл екеуінің ит тартысында жүрген адам әуре бір жандағы тартысқа түскен қыздай.

Кім көрінгеннің қолында біреу қоланды болған дене бір мейманхана. Жан онда аз күн қонақ, шама келгенше бір күн өз жанын ренжітпей күтіп жақсы ұстау керек. Пенде жалғанда жанын сыйласа ол жанды ешкім қинамайды. Пенде жалғанда жанын қинаса ол жанды ешкім сыйламайды. Бір кім өз жанын тірілтуге ұмтылса, ғылым-білімге өзін сарп қылсын.

Ғылым-білімге өзін сарп қылған пенденің жаны тіріліп сыйлы болады. Ғылым-білімге өмірін сарп қылмаған пенденің жаны өлік жан есепті. ¤зі өліп жатқан өлікті кім керек қылады. Ол жан дүниеде һәм ақыретте сый-құрмет көре алмайды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед әл-Мұстафа салаллаһү ғалайһи уә сәлам айтқан: «Дүние излесең раһү сафар. Яғни, жол жүріп саудагерлік қыл. Ақырет қызығын іздесең аһү сахар. Яғни, түнде тұрып Құдайға жығылып ғибадат қыл» - деген. Екі дүнианы бірдей ізлесең – бұл еркелігіңді үйіне [үйінде] қыл деген.

Оның мағынасы – ғылым оқу. Ғылым оқысаң әкең көтермеген еркелігіңді ғылым көтереді деген. Мың сөзден бір сөз, қассадан қасса қанша сөйлеп келгенде сөз аяғы ғылымға тоқтайды. Олай болса маңдайында көзі бар, басында құлағы бар, аузында тілі бар жан ғылымға тырысу керек.

Алла Тағала адамға ақыл сықылды нұр берді, көңіл сықылды күй берді, ой сықылды жазушы берді, тілді көңілге перауадшік [переводчик-аудармашы] қылды. Көз сықылды шамшырақ берді, мұрын сықылды екі демалысқа жол берді, құлақ сықылды тыңшы берді. Аяқ сықылды ат берді, қол сықылды қанат берді. Бауырға мәһр шафғат. Талаққа күлкі, бүйрекке қулық хайла. ¤кпеге жылушы құрсақты қазына, жүректі күллі денеге тұтқа қылатұғын бір дене берді. Күллі дененің бәрінде бір бас. Жалғыз өзінде бір бас. Соқыр, соқырда мұнан құнды, мұнан пұлды болған соқыр жоқ.

«Хайр әл-иәләм мә қалла уә дәллә». Аз сөзден көп мағына. Құдайдың жаратқанлығына көп-көп шүкірліклер қылса керек. бұлардың бәрін қозғамақтан мақсатымыз Құдай Тағаланың фазылын, уә кәрам жудын зікір қылып, шама келгенше шүріансын орынға келтіру керек.




1.3 Шүкіршілік тағылымы

Алла Тағаланың бір пенденің өз басына берген нығметін сөйлесимән. Шүкіршіліктен болып табылады. « الحمد الله هذا نعمة من الله - Әлхамду лилләһи бізге бұ нығметті Құдай Тағала берді» - деп, қандай орыннан, қандай қылып жеткізгендігін мақтаныш үшін емес, басқаларға ғибрат болсын (болу) үшін айтып жүруге керек. Екінші: Ол нығметтің бірсыпырасын мұқтаж болғандарға сарф қылып беріп тұруға керек. Тілмен болған шүкіршіліктен қолмен жұмсаған шүкіршілік көп абзал.

Ол бірнеше дәреже жоғары. Сүре әд-Духаның ақырінде (соңында) «و أمّا بنعمة رّبك فحدّيث - фә әмма би-ниғмати рәббикә фәхаддис» - деп бұйырады. Құдай Тағаланың берген нығметлерін изһар қылды. Жұрт көзіне түсіріп шам деді. Тілмен «әл-Хамду лиллә шүкір, Құдай осындай берді» - деп, қолмен мұқтажларға сарп қылып жұмсамаса кәпірліктен болды.

نغوذ با ا للّه - нәғүзү билләһи: Алла Тағала Кәлам қадимында: «لأن شكر تمّ لذى دينكم - лиән шәкәра тәммә ләзи ди нәкүм» - бұйырады. «Әй пенделерім! Егер сізлер нығметнің шүкіранасын орнына келтіре берсеңдер мен сіздерге берген нығметлерімді арттыра беремін» - деп уағда (уәде) қылды.

Мәснәуи Шәриф

«Шүкүр нығмет – ниғмәт ифзәгәнде. Күфүр ниғмәт – изгәфт бергенде нығмәтнің шүкүранасы нығмәтті үсті-үстіне өсіре береді. Нығмәткә кәпірлік жоқ жерде аузынан шығарып жібереді. Құдай Тәбәрак уә Тағала екі періштені әдей арнап екі жұмыстың басына қойған. Бір періштенің қиямет қайымға [қайымда] тасбихы:

«اللّهم اعطى لكل منفق خلفا - Аллаһүммә ағта күлли мүнфиқ халфән» -деп тұрады. «Ей бар Құдаиа! Кімде-кім қолы береген ашық болса, есесін бер, орнын толтыр» - деп тұрады. Қазақшасы: «Кеткеннің келсін, кемтігің толсын» - деп тілеулес болады. Екінші періштенің қиямет қайымға тасбихы: « اللّهم أعطى لكل ممسك تلفا- Аллаһүммә ликүлли мимсән тәлфән» - деп тұрады. «Әй бар Құдай! Кімде-кімнің қолы жұмулы болса, мүлкін жоқ жерге шығар.............. » - деп тұрады.

Екінші шүкірлік: «Бұл дүниада Падша Хазіретлерінің барлығын өз басында болған нығметләрдан артық нығмәт» деп білуге керек. Не үшін десеңіз Падша Хазіретлерінің қол астында болумен бір кімнің басы, малы аман-есендікте тұрады. Бұл бір зор нығмет Патша Хазіретлері арқылы бізге болып тұрған. Бір кім өз үстінде қарап тұрған падшасына шын платы илән тілеулес болу. Ол – һәм шүкірліктен саналады.

«әс-Сұлтан залла Алла-Сұлтан атына иеленген Алла Тағаланың көлеңкесі» - деп айтылған. Құдай Тағалада көлеңке болады делінбейді. Кәғбату Алланы «بيت اللّه - Бәйтулла» - деп атаған есепті. «Бәйтулла» деуменен ол Құдайға үй болып, Алла Тағалаға мекен (мәкән) мақсус болмайды. Шәрәфәті, құрметі басқа үйден артықлығын білдіру үшін. Соның (сол) сықылды сұлтанлардың шарафаты, құрметі басқалардан артық болғаннан «Залла Алла» - деп айтылады. Кім болса ол болсын, Сұлтан болсын оның кім болғаны мен жұмысыңыз болмасын.

Алла Тағала Кәлам Қадимында: « قل اللّهمّ مالك الملك تعطى الملك من شاء - құл Аллаһүммә мәликәл-мүлк. Түһтиә әл-мүлк мән шә» - бұйырды. Мағна-и шариф: «Айтқыл ей Мұхаммед: Мүлкілерінің мәликі, қожайыны Алла Тағала. Кімді қаласа өзінің мүлкіне қожайын қылды» - деген сөз. Олай болса Құдірет өзі қалап бірсыпыра мүлкіне қожайын қылып қойған соң біз сол Падиша Хазіретлері қазылған [қазған] жолында, жасалған топырағында болып, ......... уә күндүз дәулетлерінің артылмағына дұғада болсақ керек.

Біз осы күнде ел аралайтын жаудан, іргені аралайтын даудан, аузы қанды бөріден, қолы қанды ұрыдан аман, тыныш тұрмыз. Кімнің арқасымен тыныш тұрмыз? Патша хазіретлерінің химаиатында болғандықтан тыныш тұрмыз. Кеше 18-ші ғасырдың әууелінде қазақ жұртында Хақан заманы болды. Сонда қазақта мақал болып қалды:

«Әзірейіл бар тұрғанда жаным бар деп сөйлеме. Ақ жалау бар тұрған күнде малым бар деп сөйлеме» - деп. Сол ақ жалау Хоқан ханларының ел шабатұғын қосыны еді. Хоқан заманы қалып, залам Император ағзам хазіретлеріне бізді бағындырғаннан бері қазақ жұрты асын тынышлықпен ішті.

Үшінші шүкірлік: Атаның баланы ғаршдан фаршқа келтіргенлігіне оны бір бос нәрсе білмей зор нығмет біліп шүкірлігін ада қылуға керек. Не үшін десеңіз адам затының аруах әлемінде болған рухы Құдайға жақын болады. Таба алмайтұғын болған соң бұл әлем тәклифқа, Құдайға жақынлықта. Бұ үшін мұхаббат кәмил қылу үшін келтірілді. «أحسن تخويم - ахсан-и тахуим» да жаратылған адам «أسفل سفبل - Әсфали Сафилин» табақатына қойылды.

Бір кім өз ыхтиярымен иман көрегін кәміллет ізгі ғамал кәсіп қылып табу үшін. Бұл екі жұмысты орнына келтіріп «Әжир ғайра мәмнунға мұстахах болу үшін. Бұған дәлил болу хаққында шайх Нажмеддин Рази «Мирсад әл-Ғибәд» аталмыш кітабында айтқан:

«Шайх ғалимүәззиннән хикаят қылып бұл заты Шариф айтыпты: «Менің мұрағ русимы, яғни жанымны қос (құс) суретінде қылып. Ғалам аруахының бостанында (бақшасында) дене болып жасалған қапасыма кіргізу үшін. Бірінші періштелер қолларына алып көк табақларынан өтіп келе жатқан уақытта жолда тұрған періштелер көріп аяды.

Қақ есіл құстай ұшып риас-разуанда тып-тыныш уайым-қайғысыз жүрген жан. Мехнат мағмур әбәдан болған дүние дәнегі барып мағрурлық тұзағына ілінгелі бара жатқаны деп. Сол халде, дәрке мүтәғалдан нида ішітті. Әй қаза уә қадарімнің сырларындан би хабарлар. Ол көзің көріп тұрған рух пір патух менің хазайыр құдс риаз разуанымда мың жыл ұшқанынан ғалам таклифқа барып:

«Шөл дүние-ай! Денеде бір дәрмені аз болған кемпірдің құдықтан су алуға шамасы келмей жатқанын көріп, соған бір қауға су алып шелегіне құйып берген қанша абзал, қанша ағла, қанша әкмал, қанша уәли екенлігінің мөлшеріне сізлер жете алмайсызлар немене айтасызлар» - деді.

Мұнан мағлұм болды: «Ата-баланың бұл ғаламға келуіне себеп болғаны. Мұндай дәулетке жетуіне ұста болғаны». Бұл хұсустан бала ата-ананың қызметіне парыз айн деп білу керек.

Алла Тағала аяты кәримада ән [ең] әшкарлі дәлелдік бұйрығы бұған дәлилдүр: «و قل رّبّ ارحمهما كما ربيانى صغير - уә құл рабби әрхамаһүмә кәмә раббиән сағира» уәжіп үшіндір.

Ата-ана тірі болса, қызметінде болмақ олса дұға қылмақ уәжібдүр. Анаң үшін әттәхиятнің ахрінде: «اللّهم اغفرلى ولى ولى دين - Аллаһүммә ағфирли уәли-уәли дәйнә» дұғасы мұстахаб олды. Ата-ана шүкірнасы мұныменен табылады.

Төртінші шүкірлік күндіз болса, аспанда күннің барлығына, түн болса айдың жарықлығы барлығына. Төрт аяқтыдан адамға атты қанат орнына иесіне ерікті қылып бергенлігіне. Қатынды ерге серік басы байлы жолдас қылып бергенлігіне. Бұларға өз алдына ғала хида шүкірлік қылу керек. Ай мен күнді һәммаға бірдей деп айтылған себебі басқа нығметлерден бұлардың баршаға пайдалы екенлігі мағлум.

Аттың өзге хайуанаттан артықлығы: «Ер қанаты ат болар, жаяу адам мат болар» - деген сөзден мағлум. Қатынның жолдастық пайдасы адамның басына ғимарат қатын үшін тұрғызылады. Үй ішіне мүлік, қазына қатын үшін жиылады.

Мұхтасар әл-калам (араб тілінде: сөздің қысқасы) қатынсыз дүниенің ләззаты болмайды. Қазақ жақсылары айтқан: «Алпыс басты ақ орда алпыс еркекпен іші толмайды, бірақ қатынмен толады» - деп.

Қазақ жұртында намы шығып мәшһүр болған Жиренше шешен айтыпты: «Қазақ 4 нәрсенің атын білмей қойыпты.

Бірі – ат, бірі – қатын, бір – бала, бірі – келін. Аттың аты ат емес ер қанаты болса жарайды. Қатынның аты қатын емес тындым қойса жарайды. Бұл тындым деген сөзде екі мағына бар.

Бірі – жақсы болып жолықса еркектің үй шаруасымен жұмысы болмайды. Көңілі тынып хатыр-жамиғ отырады.

Бірі – жаман болып жолықса өлтіре алмайды, сата алмайды, жөндей алмайды ішінен тынады да отырады. Баланың атын бала деп, білмей қойыпты. Қайырған қойы жарайды. Бала ер жеткен соң ата-ананы қайрап тастайды. Келіннің атын келін деп білмей қойыпты. Айырған қойса жарайды. Келін келген соң-ақ ата-анадан баланы айыра бастайды».

Бұрынғылар айтқан екен: «Ер егіз, еңбекті балғыз» - деп. Оның мәнісі: ердің өзіне лайық қатын жолықса егіз болады. Қатын жаман болса, туысқан серігіне жарамаса, бала жаман болса еңбекті» - деп соны айтады екен. Және бір мақал бар: «Ердің атын қатын шығарады. Қатын атын жетім шығарады. Жетімнің атын отын шығарады» - деп.

әл-Хасыл: жақсы болып жолықса қатыннан зор нығмет жоқ.

Мұның хаққында назым жазалық:

Заһир дүниада мүһүрбән,

Қатындай нығмет бар ма екен?

Өлсең қылар жанын құрбан,

Қатындай нығмет бар ма екен?


Қатының болса мәстура,

Сен боларсың мисал төре.

Барып шариғаттан сұра.

Қатындай нығмет бар ма екен?


Қатының болса қамасшы,

Көрсе тояр қарыны аш.

Перзентлері дүрритажі.

Қатындай нығмет бар ма екен?


Қатының болса бай қызы,

Тәһитабан болса жүзі,

Дәргермән әрбір сөзі,

Қатындай нығмет бар ма екен?


Қатын бірлән үйің (ойың) абад,

Өпсең жүзі қанданба[һ].


Және бірін айтсам ұят.

Қатындай нығмет бар ма екен?


Қатынлы үй мисал шаһар,

Өмір табар андан баһар.

Қатынсыздық асы заһар.

Қатындай нығмет бар ма екен?


Бұл сөзді бастап сөйлегеннен мақсатымыз Құдай Тағаланың құдіретін пенделеріне берген нығметін әбден танып солардың шүкіранасын орынға келтіруге тырысу үшін. Алла Тәбарак уә Тағала 18 мың ғалам жаратты. Барша жаратылмыш мақлұқ атын адамға қызметкерлікке жаратты.

Адамның фазылатын уә хұрметін кәлам мәжидінде (Құран кәрәмде) неше жерде зікір қылды. Сондай ғазиз шариф жаратқан адамның зүррияты бізлер өз қадірімізді өзіміз білмей өзімізді өзіміз танымағанлықтан аяқ астында қалып барамыз.

Қалып барамыз, кел қарындаслар ғазиз ғұмырын биһуда орынға сарп қылмай адам болуға тырысайық. Адамлық немен табылады? Ғылым, біліммен табылады. Бұрынғы өткен салафалар айтқан: «Адамият не би-нутық, не бирайш, не бижан. Мұтым нутық».

Адамшылық сөз сөйлеуменен, сақал бар болғанменен, жан иесі болғанменен емес. Тотықұс та сөйлейді, текеде де сақал бар, есекте де жан бар. Адамлық – «خير الناس ينفع الناس - хайр ән-нас, иәнфағу әннас» - µзінен басқаға пайдасы тиюменен болады. Қазақта мақал бар: «Жаман адам жанға ортақ. Атаның жаман ұлы малға ортақ» - деген. Бұл сөзнің (сөздің) ахиріне (соңын) екінші рисаладан (хат, өсиет, баяндама) күтесізлер. Әсар: Мәшһүр Иусуф (Жүсіп) Көпеев


1.4 Біздіњ мұсылмандар

Біздің мұсылманлар: «Таңдағы тамақ Тәңірден», «Ертеңгі [ертеңі] үшін есек қайғырады», «Құдайдың бір жазғаны бар шығар» - деп, « لوح المخفوظ – ләух әл-Махфузға» қарап алып не қылса сонан соң қылмақшы болып аш жалаңаш қалды. Әйеллері болса, туғанды жылқы дейді. Не тапты дегенде? Жылқы тапты дейді. Қыз, шіркін, бала есебінде ме? – дейді. Өсіп жетілуіне қарамай сата бастайды, саудаласа бастайды.

Ғылым-білім, үлгі - өнеге алсын деу қайда? Қараңғы бір бұрышқа қағып қойған қададай: «Қозғалма, үйден шықпа, қызға қырық үйден тыю деген» - дейді.

Малға сатып алған соң ата-анадан қадір, құрмет көрмегенде кім қадірлейді? Кім құрметтейді? Маған келдің бе? Малға келдің – дейді. «Ұрғашының шашы ұзын ақылы қысқа» - дейді. «Қатын тамұқ есігі» - дейді. «Қатын шайтан қамшысы» - дейді. «Қатын қайраттанып қазан қайнатпас деген» - дейді.

Әлхасыл (қорытындысы, сөздің қысқасы) неше түрлі ұнамаған сөзбен жаншып, езіп оған бүтін жиһан жүзінде олан мұсылманлар пух әл-ғадат пақирлар (кедейлер) уә ғылымсызлардүр. Басқа миллатлар жүз мәртебе алға кеттілер, ілгері ұмтылып өрге бастылар. Дүниенің еркек бір қанаты, ұрғашы бір қанаты [бар]. Екі қанатпен ұшқан құс қандай ұшқыр. Мұсылман халқы ұрғашыны бүркеп, жасырып, кісіліктен қалдырғанлықтан сыңар қанат құс секілді дәнемеге жарамай қалғандығы сол.

Аурупа (Европа) жұртлары әйел халқын еркекпен тең ұстады. Жинаш әйелге хұрриат (бостандық), азадлық, ерік берді. «Ұл, қыз екеуі бір бас» - деп ғылым-білімге, өнерге жарыстырарақ бәсеке қылып, қосып еді әр турдан (турадан) әйел халқы ілгері озық шығып, бай деді, жақсы бақты. Солай болғаны үшін мүәккал періште есепті болды. Ғылым-білімді ұрғашыдан туған бала туа әр нәрсені біліп, кісі болуға жарайды.


1.5 Тарихи дерек

Үш жүзге бас болуға жарар-ау деген жанлары кетті. Мұса. Мұсадан соң Биләл марқұм. Онан туған Жаржан марқұм. Жаржан жайрап қалған соң қалғаны көт болуға да жарамағандықтан Билал марқұмның қара шаңырағы қыс ішінде Қыпшаққа кетіп ағаш үйінің аузы құрып салынып бекіп қалды. Билал төзімсіз, тұмақсыз емес еді. Көт болуға жарамайтұғындары иқалғандықтан осылай болды.

«Ұлсыздан көрі қызды игі» деген рас екен. Билал марқұмның екі-үш жерге ұзатқан қыздары көзге көрініп, ендігі қалған жаман-жаутігі солардың арқасымен төрге отырып, тамақ асырағаннан басқа дәнемеге тұрмай қалды. Туған ағасы Хасан марқұмның қатынын жесір қойып Бопыжан Шүйкеде тіріміз деп жүр. Көңілге жұмысы қонбағанның бәрі Бопыжан Шүйке. Егер Жаржан тірі болса бәрі қырылып қалса да шашау шығармай қатынын жиып алып қояр еді. Шіркін дүние опасыз екендігін көрсетті
1.6 Нығметтің шүкіранасындан бір нүмунә

(Нығметке шүкір ету тағылымынан бір үлгі)

(Түсінік: нүмунә - көне түркі тілі үлгі деген мағынада. Ж.Х.)

Мен фақир (пақыр) Алла Тәбарак уә Тағала тарафындан иүклетілген (жүктелген) борышымдан[нан] құтылу арзусынан бірлән қаламны[ды] қолға алып, шыклап та, неше жыллардан берлі кітаплар үстінде отырып «Сағи уәжтиһә» дәнеме бүгінге қадирдүрәм етерім босқа кетпесе керек.

Ол қадир құдіреті күшті Ұлы Алла Тәбарак уә Тағала ажиз (әлсіз) пендесін қалай сөйлейін десе, қалай жазайын десе, ерік әл-ихтияр беріп, сөйлеуге тілін, жазуға қолын ыңғайлы қылғандан бар ғұмырымда көргенлерімні[ді], естігенлерімні[ді] арттырмайынша, кемітпейінше [арттырмай-кемітпей] жаза беруім маған борыш бір қызмет.

Бұл кемені Мухр Раузи қай заманда дүниаға келген заманында адамлар қандай ғамал уә нендей фиғылларда болғанлығын, қылған жұмыстарынан басират көзі бірлән (барлар) қараушылар көз алдында тұрғандай танып сол заманнан адамларына һәм оны ғибрат аларлық нәсне қылып қалдырған - .......... қадір қиммәт ейлесін деп Хайыр патшада жақтауға борыш.
1.7 Пайғамбарлар тарихы

Бақара сүресі ең соңғы аяты:

Пәруәрдігер атамыз Адам ғалаиһис-салам сафи анамыз Хауа-Ана илән екеуінің басын қосып қанша көп қайғысын кетіріп, көңіліне шадлық салған Құдай сенсің. Сол Адам атаның ұрпағы бізбіз. Біздің де сондай қараңғылық күнімізді жарықлыққы айналдырып, дін-исламның туын ортамызға көтеріп, көңілімізге шаттық бер.

Пәруәрдігер хазіреті Нұх ғалайһис-саламді өзіне ерген жаранлары иле (мен) дүние жүзін қаптаған тапаннан етегіне дым тигізбей сәламат сақтаған Құдай сенсің! Сол Нұх ғалайһис-саламнің зүрриәті бізбіз. Бізді де сондай дүние жүзін қаптаған пәлекеттен сәламат сақта.

Пәруәрдігер Ибраһим Халил Алланы дұшманының Намрудлығының отынан жанар күні бірден: «Демегің (дегенің)» бірлән саламат сақтап отыны[н] селзар уә гүлстан қылған Алла сенсің. Сол Ибраһим Халил-Алланың миллетінде болушы құллар бізбіз. Бізді де сондай өзіңе дұшманларының дүние жүзін қаптаған, жанған өрттей пәлењнен бізді де сәламат[те] сақта.

Пәруәрдігер хазірет Иусуф ғалайһиссаламді ағаларының: «¤лтіремін, көзін жоқ қыламын» деген қастығынан құтқарып, құдыққа салған жерінен онан шығарып, Злиханың жаласымен зынданға кез қатар қылып, онан һәм аман-есен шығып, Мысырға патша қылған Құдай сенсің! Сондай өзімізден басқа көршілес туысқанларымыздың бір иесі [біреуі] құдыққа салуынан, бір иесі зынданға салуынан құтыла алмай басы байлы құлдай пенделікте жүрген құлларың бізбіз.

Дін тізгініміз қолымыздан кетіп, құдыққа түсіп қалғандай болғандығымыздан шәрәпләгәмәз (билігіміз) өзімізден кетіп зынданда қалған жанлардай болғандығымыздан құтқарып, Мысырға патша болған жанның шаттығындай шаттық бізләрға һәм мүиәссар қыл.

Пәруәрдігер хазіреті Мұса пайғамбарды Перғауындай күшті дұшпанынан құтқарып, неше жыл аққан Ніл дариясын қақ жарып, түбін құп-құрғақ қылып, өткізіп, Бәни Исрайл жұртының көзін қандай ашырып қуантқан сенсің. Сол сықылды жер суымыздан айрылып, не қасқа жайсақымыз дүниенің о шеті мен бұ шетіне мал жан мүкәмбалінен би ихтияр кетіп, басымызда билігіміз қалмаған, өзімізден өзгенің бәріне жем болған құлдарың бізбіз.

Бізді де сондай төбемізде ойнап тұрған найзағайдың ұшқынындай зәремізді алып тұрған қорқынышлардан құтқарып, бұрыңғы құлларыңа бұрыңғы зорлық-зомбылық көрген жұртқа берген жақсылығыңды бізге де бер. Бізді де қорқынышымыздан құтқар.

Пәруәрдігер Хазірет Иунус ғалайһис-саламді балықтың ішінің қараңғылығынан, дарияның түбінің қараңғылығынан, түн қараңғылығынан үш қараңғылықтан бірдей құтқарып, жарық дүниеге аман-есен шығарған Құдай сенсің!

Дін билігі қолымызда жоқ бір қараңғылық. Қойынында жатқан қатынмен күн көріп жан сақтайтұғын жер сонылығы қолымызда жоқ екінші қараңғылық. ¤з еркіміз өзімізде жоқтығы үшінші қараңғылық. Сол қараңғылықтан бізді де құтқарып жарық дүниені жаңа көргендей көңіл руслығына бізді де шығар. «Лә иләһә иллә әнтә» жазсақ жазғанымызға тәубә, адассақ адасқанымызға тәубә, жаңылсақ жаңылғанымызға тәуба, білмесек білмегенімізге тәубә, қылмасақ қылмағанымызға тәуба».

Жақсы, өзі де жақсы болып тұр. Жамандай жарылғасаң бізді жарылқа Құдай. Білген өзі де біліп тұр, білмегенді жарылқасаң, бізді де жарылқа Құдай. Қатарға қосылғандар бұрыннан өзі де қатарға қосылып тұр. Қатарға қосылмағанды жарылқасаң, бізді жарылқа Құдай! Күшті жұрт күштілігімен өзім таптым дейді.

Білімді жұрт білімділігімен өзім жеттім дейді. «Құдай жеткізді» - деп, екеуі де айтпайды. Күші жоқ, білімі жоқ, дәнемеге әлі келмейтұғын бір жақсылық, атар таң, шығар күн, жарық сәуле.

«Айналайын Құдайымның падшалығынан болды» - деп білетұғын біздей нашарды, кем-кетік білімсізді жарылқа!

Ей, пәруәрдігер бізге құлларыңа берген елші орнында Пайғамбарларың Құдай Тағаланың Құдіреті айтты деп айтып тұр, құл сатып алып әдет қылсаң тауап (тәуба) бар деп. ¤зіңнің падша екенлігің біздің саған құл айдан жарық, күннен рас құл азад қылған жақсы болатұғын болса, жалған дүниеде тірілік күнімізде бізге де бостандық, жолымызға азадлық (азаттық) жарылқасаңда көрсет.

Құдайлығыңды білдір:

«Ей бар Құдайдай Рахман-Рахим Падша» өзің айттың дәрменділерінің үстігері бұл сасқан-босқан, қысылған, қиналғанларға қолыңның ұшын бер» - деп

Сондай дәрменділікте қалған сасқан десең сасқан, босқан десең босқан, қысылған десең қысылған, қиналған десең қиналған ғажсыз........ құлларың бізбіз. Бізлерге де өзің құдірет қолыңның ұшын беріп, ғаділіңе алмай пазылыңы ала көр. Және өзің айттың: «Жамандық қылғанға жақсылық қыл» - деп. Сондай біз өзімізге өзіміз жамандық келтірген «зұлуман жаһулән» - деп айтқан адам әулетіміз.

Біздің жаманлығымызды құдайлық, падшалық марқаметіңмен жақсылыққа айландыр. «Күшті десең Құдайға жалын» - деген сенсің. Дәнемеге әлі келмейтұғын нашар бізбіз. «Береді десең құдайдан сұра» - деген Құдай сенсің. Қақсап, зарлап, шулап сұраушы бізбіз.

«...................» - деп айтқан өзің де, сол «...........- сәил» - бізбіз де, сондай ұлың босағаңнан нумид қайтар ма? .......-деген өзіңсің.

.....................-деп атын атыңа қосақтап айтқан Пайғамбарымыз Мұхаммед әл-Мұстафа салаллаһү ғалайһис-саламнің жетім қалған үмбетлері бізбіз. Мұхаммедтей пайғамбар шаһарлардай ерлер, Сахабалардай жар-жаранлар ортамызда тұрса, біз мұндай кемшілік, қоршылық көрмедік? Жетімді есіркесең бізді есірке.

Біз саған сайынқұдық, жалықұдық есебін тауып, жеткізе аламыз. Біздің айтып тұрғанымыз түгел ойымыздағыны білетұғын Құдай сенсің! Ойымызға алғанымызға түгел жеткіз............... Жетер жетпес бір нәрсені жетеміздің суын бес төгіп барсаң пенделерің де береді. Сен құдай! Сен не берсең мол қылып бер.

Ей бар Құдайа дін жолында ағайын туысқанның ар-намысында жанын ортаға салып, басын нысанаға байлап, өзін отқа ұрған көбелектей ұрып жүрген ерлердің жолын ашық, жүзін жарқын қыл! Мерейін үстем достларына үлфетлік дұшпанына күлфетлік салып:

1323 һижраның зилхижжаның 11-ші (жүзі) 1907-ші милади. Мусулманларының тілегі дәрға мүтәғал бәрі Тағаладан. Иусуф Көпеев оғлының рақымы.

Ей мүмин қардашлар (бауырлар) үммед Мұхаммеднің[тің] өлі-тірісіне тілектес болмағыңыз үмметлік қаққындандүр. Хұсусан ғала әл-хусус дін жолына, миллет пайдасына сағи қылушы бирадарларыңыздан жаныңызны[ды] дарлағ қылмаслығыңыз адамгершіліктендүр. Жаннан жан аяулы емес. Ол [Мұхаммед ғалаиһис-салам] жанын аямай көптің жолына құрбан деп жүргенде онан аяп алып қалған жанды неменеге жаратпақшысың.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет