МӘШҺҮр жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті



бет4/15
Дата11.06.2016
өлшемі1.24 Mb.
#127231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Нұх пайғамбар
Хазіреті Нұх ғалайһис-саламға 370 жасқа шыққанда пайғамбарлық берілді. Бұл пайғамбарлық бұған сый уә құрмет көрсін деп берген [берілген] жұмыс емес. Өмірінде көзі ашылмай өтсін деп берген жұмыс. Не үшін десеңіз 950 жыл дүниені тола халыққа пайғамбарлық жүргізіп сексенге тілін [иманға] кісі зорыға жетті. Онда да бір саны бір кемпірмен толды.

¤мір бойы таяқ жегеннен басқа басын жазып үйілген тастың астында тұншығып жата бергеннен басқа дәнеме тапқан жоқ. Ақыр ғұмырында Қабыз әл-Аруах атлық отағасы сұраған екен: «¤зін [өзімен] жасты пайғамбардың дүниенің дәуірі қаншалық екен?» - деп. Сонда айтыпты: «Дүние деген, шіркін, екі есікті үй екен, бірінен кіріп кідірместен, бірінен шығып барамын барлық................мұғлақ» - депті.

Сол үшін бұрынғылар айтқан: «Тудың, өлдің. Өлдің, жоғалдың. Туудан құтылмаған өлімнен құтылмайды. Оны білсең өлмес бұрын өлімге басыңды байлап отырсың. Дүниенің жабдығынан еш біріне араласпай күн бұрын қашып отыр. Тірі кісінің тіршілігі немен болады. О пікірден қал. ¤лген кісінің тіршілігі немен болады. О пікірден қал. өлген кісінің қалжайы қалайша болады. Не күйде, не түрде болады. Неше күндіз пікір зікірің сол болсын».
1.8 Мінажат

Жәбәл әби Құбайс, Жәбәл Хира, Жәбәл Сәур, Жәбәл Битаха, Жәбәл Ғарафат (Арафат).

(Түсінік: Жәбәл араб сөзі. Тау деген ұғымда.)

Ән Хазіретіміздің алдына иіліп келіп: «Бізді жалғандағы қорлықтан ақыретте дозақ отыны болудан құтқарып ал. Алтын болайық сен қабыл көрсең Құдай қабылдайды. Орны орнымызда тұрамыз. Сен аламын десең қолыңа келеміз. Басқа аламын десе үстіне құлап өлтіреміз. Хазірет Жабрайыл: «Сен ерік қылсаң осы таулардың айтқаны рас дегенде». Ән Хазіретіміздің берген жауабы:

يا جبرئيل انّ الدنيا در من لا درله –

«иә Жәбрайыл иннә әд-дүниа дәр мән лә дәрә ләһү».

Иаһудилер уә Мәннә Мүшриклары он мың әскермен Мәдина Мүнәууараға келіп, соғысуға ыңғайланды. [Мұсылманлар] Сәлман Фарсының дәләламымен [дәлелімен] ор қазуға жұмылып, елу күн жабылып ор қазды. Дұшманлар келіп 29 күн қамап жатып алды. Мұсылманларға зор мәшаққат, мехнат, қайғылы зор күн туды.

Қақтышылық [қатшылық] – бір. Дұшман көплігі – екі. ¤лім қорқынышы – үш. Ашлық – төрт. Суық күн кез келді – бес. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа ғалайһис саламу уәс-салам айқайлап айтты: «من مهتين بأخبر العدو وفهو رفيق فى الجنّة - мән мәһтини би-әқбари әл-ғаду уә фә-һуә рафиқи фил-жәннәти» - деді. Мен барайын деп бірде-бірі айта алмады. Төрт сахабаның атын атап шақырды. Олардың берген жауабы: «Қарнымыздан ас кетті. Суық діңкемізге жетті, қозғалуға мұршамыз жоқтықтан қыбырлай алмай тұрмыз» - деді.

Хұзайфата бин әл-Иәмәниді шақырып соны жіберді. Бұл бармақ болды. «Әйтеуір бір өлетіғұн болсам жауға барып өлейін» – деді.

Барды аман қайтып келді. Суықтан безер болып Мұхаммед күн жайлатты. Мынау бізді қырар, қиратар деп үркіп қашып кеткен екен.

Ән Хазіретіміз денесіне, қарнына тас байлаған күндері [міне] сол күндер екен.
1.9 Дін тағылымы

Құдай сөзі – Құран. Екінші параның әууәліне жақын орында Қала тағала (Алла айтты, бұйырды): ولا نبل أنّكم بشئمن الخوف والجوع ونقسّ من الأموال والأنفوس والسّمرات – уәлә нәблу әннәкүм би шайин мин әл-хауфи. Әл-жуғи. Уә нақұссу минәл-әмуәл, уәл-әнфус, уәс-самарат». Бұл аят-ы Кәриманың мағна-иы шарифі: «Айтты Құдай пенделеріне. Сыйынамыз сізлерні! Әй пенделерім. Бұлар болмас, қане нәрсемен. Сыйынатұғын нәрселеріміздің бірі-қорқыныш, бірі-аштық.

Бірі – малға кемдік біреумен. Бірі – басына кемдік біреумен. Бірі-жемісіне кемдік біреумен. Жемістен мұрат – бала. Бала адамның көңіл жемісі. Ата-ана – ағаш. Бала сол ағаштан өрбіп, өңген, өсіп шыққан жеміс. Бір адамның баласы өлсе, ол баланың өзі сағир уә сағираһ. Балалық қалыптан озып шықпаған жас бала болса, Құдай Тәбарак уә Тағала періштелерге айтады екен: «Сендер пәлен пендемнің жүрегінің жемісін жұлып алдыңдар ма?» - деп.
Жаратылыс туралы
Барша жаратылған мәужудат осы екі жапырақтан тууменен өсіп өнді. Онан туғаннан қанша жанды, жансыз нәрселер туды. Бір Құдайдан басқаның бәрі тумақта туғызмақта. Өзі тумай және өзінен екінші бір нәрсені тудырмай болып тұрған нәрсе жоқ.

Қарасақ қалам кәф болды. Дауыс нун болды. Бұл екеуінің себебімен жазылып шыққан сөзлер қағазбен сияның қаралығы қан болса, оған жан есебінде болды.

Құдай Тағаланың құдіреті Жоқтан бар қылып өліні тіргізсе (тірілтсе). Жоқтан бар қылып сөз жасап шығарғанлар. Һәм өлі өліні тіргізген есепті болды.

Сөз деген көңіл қазинесінде жауһар, ауыз садаф, гауһар болды. Тіл – болат болды. Қанша інжу-маржанды жұрт көзіне түсетіғұн қылып жасап шығарды.

Алла Тәбәрак уә Тағала екі жапырақ жаратты. Бірін – кәф сыртында. Бірін – нун сыртында. Үшбу екі жапырақ[ты] бірін-біріне орналастырып еді кәф уә нун болды. Әй шебер Құдірет – ай!

Нунға бір өзін санабақ қаламмен тартып қоссаң Күн деген сөз болады. Не болса сонымен болады. Кетпен, шот кәф емес пе? Не нәрсе болса, жұмсалатұғын алет (құрал, сайман). Кәф да оның жұмсалған жері нун. Құдай әміріне қарсылық бар ма? Дегенде не айтады.


1.10 Дастан
Иа зинарны[ды] бағаласа,

Иа өліклері[ді] көтерсе,

Харамны[ды] халал білсе,

Алла дескіл би-дауам.


Тамұқлық анлар дейді.

Кәпірлер анлар дейді.

Иа бір ғалімні[ді] сөксе,

Иа ұстазын қорласа,

Иа мумин ағзын бауырын сөксе,

Алла дескіл би-дауам.


Иа исилеббе кісі,

Иа масжидке [мешітке] нәрсе салса,

Иа Құранны [ды] таптаса,

Алла дескіл би-дауам.

Бұ ишлерні [істерді] қоймаған,

Тәуба, ражуғ [өтініш] қылмаған,

Кәпір, малғұндар жаман.

Алла дескіл би-дауам.


Қатынлары харамдүр,

Боғазлағаны [бауыздағаны] мүрдардүр,

Ғамаллары зайығдүр,

Алла дескіл би-дауам.


Имансызны [ды] дост тұтма [па].

Әнга [оған] сен жақсылық етме [пе].

Әндан [онан] жақсылық күтме [пе].

Алла дескіл би-дауам.


Иманны [ды] жақсы білмеген,

Қақ бұйрығын тұтмаған,

Олдүр рахмет болмаған [кешірілмеген],

Алла дескіл би-дауам .


Иманны[ды] білген кісі,

Түзудүр барша ісі.

Иман білген кісіге,

Рахмет иағар [жауар] башыға [басына].

Періштелер келер қасына,

Алла дескіл би-дауам.


Иманны[ды] білгенні[ді] дост тұт.

Әнгә сен жақсылық ет.

Алланың рахметін күт.

Алла дескіл би-дауам.


Иман-Алланы бір білмек,

Ислам діні[н] қақ білмек,

Пайғамбарны [ды] раст білмек,

Алла дескіл би-дауам.


Имансызға үйрме [берме] сәлем,

Қошмағыл [сөзіңе қоспа] жақсы кәлам.

Олдүр адами Шайтан.

Алла дескіл би-дауам.

Әууал иманны[ды] білің.

Бес уақыт намаз қылың.

Рамазанда ораза тұтың.

Алла дескіл би-дауам .


Малың болса зекет берің!

Күшің жетсе қажы қылың!

Бұларны[ды] парыз білің!

Алла дескіл би-дауам.


Намаз, дінсіз өтер,

Ақ [ау], ол қабірде не етер?

Жаһаннам түбіне кетер.

Алла дескіл би-дауам.

Ерте [таң] намазын қойған,

Біл, безер әндан[онан] иман,

Не болғай әндан иман,

Алла дескіл би-дауам.


Үйле [өгле, бесін] намазын қойған,

Барша Пайғамбар безер.

Қиямет күн болар құр,

Алла дескіл би-дауам.


Екінді намазын қойған,

Біл безер әндан [онан] құран.

Жолдасы болар шайтан,

Алла дескіл би-дауам.


Бір кімсе ақшам [намаз] қойар,

Барша періште безер.

Баршасы лағанат дерлер,

Алла дескіл би-дауам.


Иашиғ [құтпан] намазын қойған,

Болар тәңірге дұшман.

Болар лағынет жаман,

Алла дескіл би-дауам.

Намазсызның [дың] түк, қанын,

Итлерге берің ішін [ісін],

Көрмегіл аның [оның] жүзін,

Алла дескіл би-дауам.


Намазсыз сырқау болса,

Қалі өлімге жетсе,

Қалын сұрай сен орма [көрме].

Алла дескіл би-дауам.


Намазсызны [ды] сүймегіл!

Өлер болса жумағыл!

Әңгә [оған] кебін сармағыл [орама]!

Алла дескіл би-дауам.

Итлер [тер] жесін тәніні [тәнін]!

Ұрыс [ұры] алсын малыны [малын]!

Жәһаннамаға[да] жансын.

Алла дескіл би-дауам.


Намазны [намазын] кемдір [кемітіп] қойған,

Адам деиіп [емес], ол шайтан.

Айтуың парыз айын ол- имам.

Алла дескіл би-дауам.


Әркім болса иманны[ды],

Дост тұтар Тәңірі аны [оны].

Ұжмақта ахри орны,

Алла дескіл би-дауам.


Намаз оқыған ұшар,

Кәусар шарабын ішер.

Ұжмақта құрилар құшар,

Алла дескіл би-дауам.


Дүниені сіз қыдырарсыз,

Көп малларны[ды] жиярсыз,

Бәрін қойып кетерсіз,

Алла дескіл би-дауам.

Дүние қуған ғиннатті,

Һәм машаққат захметті,

Түрлі-түрлі ғазабда.

Алла дескіл би-дауам.


Бұ дүниені сүймеңіз,

Ғапілет ішре [ішінде] қалмаңыз,

Намазыңызны [намазыңызды] қоймаңыз,

Алла дескіл би-дауам.


Өлім хастәсиа келер,

Оғланларың [ұлдарың] жамиғ олұр,

Қардашларың [туыстарың] күреклер [жерлейді].

Алла дескіл би-дауам.


Ажал келе аларса сені,

Бұ дүниеден кетерсің.

Не қылғаның [қылғаныңды] көрерсің,

Алла дескіл би-дауам.


Қардашларың [бірге туғандарың]

жығласар [жыласар],

Қатынларың еңіресер,

Оғланларың [ұлдарың] шуласар,

Алла дескіл би-дауам.
Ешбірі жәрдем қылмас,

Ажалдан алып қалмас,

Ешкімнен жәрдем болмас,

Алла дескіл би-дауам.


Не дегілі болса малың,

Дахи түрліге туарың.

Кетерсің қойып бәрін,

Алла дескіл би-дауам.


Ақыр заман жақын болды.

Дүниеге питна толды.

Көп ғалымлар залым болды.

Алла дескіл би-дауам.


Көп ғалымлар тамұқ болды.

Көп муминлер залым болды.

Көп сопы шайтан болды.

Алла дескіл би-дауам.


Жемекдүр химматлары.

Қатындүр қыблалары.

Дарһамдүр һәм дінлері.

Алла дескіл би-дауам.


Барына қанағат жоқ.

Азына һәм сабыр жоқ.

Көбіне һәм шүкір жоқ.

Алла дескіл би-дауам.


Ғалымларның [дың] иманы.

Шайтандүр аның [оның] жаны.

Жаһаннамдүр мәскәні [мекені].

Алла дескіл би-дауам.


Ғалым тура айтпаса,

Өзі ғамалын тұтмаса [амал қылмаса],

Кісі көңілін сақласа,

Алла дескіл би-дауам.


Ғалым дегіл [емес] шайтандүр.

Наданлардан жамандүр.

Біл хайуаннан азғындүр.

Алла дескіл би-дауам.


Шайтанның досты ол.

Алланың дұшманы ол.

Тамұққа жол басшы ол.

Алла дескіл би-дауам.


Қиямет күн болғанда.

Тамұққа башлар онда.

Жолаушылары артында.

Алла дескіл би-дауам.


Жолдаслары айтар иә ғалым.

Сен аздырдың иә залим.

Тоғры [тура] айтпадың ғалым.

Алла дескіл би-дауам.


Қақ айтар иа залимлар.

Жуықмайды ғалымлар.

Демейме бес аңлар.

Алла дескіл би-дауам.


Заман ақыр болды.

Қиямет жақын келді.

Шығар дажап һәм мүһрі.

Алла дескіл би-дауа


Иажуж-мажуж шығар.

Дүниеге жұмла толар.

Барша нәрсені жияр.

Алла дескіл би-дауам.


Исрафил сурын үрғр [үрлер].

Һәйбаттан бір көк тітрер.

Барша жанлылар өлер.

Алла дескіл би-дауам.


Тірі кімсе еш қалмас,

Тыпранар нәрсе болмас,

Бәрі өлмей қалмас,

Алла дескіл би-дауам.


Көктен бұлт шақар,

Шаһрат------------,

Жер жүзі теңіз толар,

Алла дескіл би-дауам.


Жаратылған ағзалар,

Топырақ болған сүйеклер,

Әууәлгі тегі боларлар.

Алла дескіл би-дауам.


Керексе суға батсын,

Керексе отқа жансын,

Керексе балық жұтсын,

Алла дескіл би-дауам.

Әууәлгіде өлгенлер,

Шіріп топырақ болғанлар,

Баршасы тірі боларлар,

Алла дескіл би-дауам.


Исрафил сүрін үргей [үрлегенде],

Жан бірле-бір көк толғай,

Барша жан тәнге кіргей,

Алла дескіл би-дауам.


Адамилар жерден шыққан,

Қабір үстінде отырғай,

Жетпіс жыл қайран болғай,

Алла дескіл би-дауам.


Көк қыбырлағай, тек болғай,

Жұлдызлар жерге түскей,

Тағлар ауаға ұшқай,

Алла дескіл би-дауам.


Не қадар [қанша?] жыллар көшкей,

Жеті қат көк жарылғай,

Періштелер жерге түскей,

Алла дескіл би-дауам.

Жеті қат жер астындан,

Шығар жаһаннам андан,

Ауа толар түтіндей [түтіннен],

Алла дескіл би-дауам.


Қара тау тік ұшқанлар,

Тамұғ ішінен шақырарлар,

Имансызларға түсерлер,

Алла дескіл би-дауам.

--------Аждаһа шығар,

Нмазсызларны [ды] жұтар,

Тамұқ ішіне қояр,

Алла дескіл би-дауам.


Иманыны жақсы білгенлер,

Бес намазны[ды] қылғанлар,

Ұжмаққа барар анлар,

Алла дескіл би-дауам.


Харамнан сақланғанлар [сақтанғандар],

Алла бұйрығын тұтқанлар [дар],

Ұжмаққа кетер анлар,

Алла дескіл би-дауам.


Тамұғ әжірін тергенлер,

Ұлық жылан жиғанлар,

Ғазаб қыларлар анлар,

Алла дескіл би-дауам.


Тәнінің тысы жанғай [жанған],

Ішінен жас ет өскен,

Жаны әр кез шықмаған [шықпаған],

Алла дескіл би-дауам.


Ұжмақ әһлі қартаймас,

Дахи еш қаста болмас [ауырмас],

Ұжмаққа кірген өлмес,

Алла дескіл би-дауам.

Хиллә тонлар киерлер,

Пырақларға мінерлер,

Хор қызларын құшарлар,

Алла дескіл би-дауам.


Топырақлары запыран,

Таслары інжу-маржан,

Нығметлері алуан-алуан,

Алла дескіл би-дауам.


Пиардан болар тағлар [тақтар],

Сүттен болар хашмалар,

Түрлі-түрлі--------------,

Алла дескіл би-дауам.


Түрлі-түрлі лашраблар [ішімдіктер],

Алтын-күміс табақлар,

----------------------------,

Алла дескіл би-дауам.


Түрлі мәжіліс қыларлар,

Әнуағ самағ әйларлар,

Дәйім ғишрат қыларлар,

Алла дескіл би-дауам.


Әй мүминлер ғафлә [қапы] болмақ,

Бұ дүниаға алданмақ [алданба],

Ақыретте құр болмақ,

Дүниенің пікірін қойғыл.

Ұжмақда орын алғыл,

Алла дескіл би-дауам.


Әй, мүминлер ғапылсыз,

Өлімні [ді] еш аңмазсыз,

Дүниеден кетерсіз,

Алла дескіл би-дауам.


Малың дайым жианарсың [жинарсың],

Күнәміңні білмезсің,

Ғұмырың ұзын санарсың,

Алла дескіл би-дауам.


Дүниенің жоқ опасы,

Рахатының жоқ бақасы,

Һәм түгеніміз жағасы,

Алла дескіл би-дауам.


Ажал келер өлерсің,

Ақыретке барарсың,

Әр не қылалсың, көрерсің,

Алла дескіл би-дауам.

Лахад ішіне қоярсың,

Топырақ бірлан көмерлер,

Қырық адым кімселер,

Алла дескіл би-дауам.


Шыққан жан тәнге кіргей,

Ұзын қабірде көргей,

Аһ уазиб жығлағай [жылағай],

Алла дескіл би-дауам.


Ғақылны жамиғ қылғай [ақылыңды жиып ап],

Не көрермін деп тұрғай,

Екі періште келгей,

Алла дескіл би-дауам.


Тәңірің кімдір дерлер,

Дінің недір дерлер,

Пайғамбарың кім дерлер,

Алла дескіл би-дауам.

Әркім жауабын бергей,

Ұжмақта орнын көргей,

Қабір іші нұр толғай,

Алла дескіл би-дауам.


Періштелер келерлер,

Алып алтын табақлар,

Іші толы жемістер,

Алла дескіл би-дауам.


Кімі атасы болар,

Кімі анасы болар,

Кімі оғланы болар,

Алла дескіл би-дауам.


Қош келдің мұнда дерлер,

Қайғы жоқ саңа [саған] дерлер,

Біздағы бірле дерлер,

Алла дескіл би-дауам.


Әні көріп соңай,

Жаны рахатта болғай,

Дүниені ол ұмытқай,

Алла дескіл би-дауам.


Біраз өлтірсе дерлер,

Біздағы фәрга дерлер,

Қиамет кеші дерлер,

Алла дескіл би-дауам.


Жауабын үйіре алмаған,

Иманына жақсы білмеген,

________ қимаған,

Алла дескіл би-дауам.


Көзі бірлан өзелер,

Кәпір малғұн сен дерлер,

Тамұқлықсыњ сен дерлер,

Алла дескіл би-дауам.


Әні лахау һәм қысар,

Қабырғалары шығар,

Жыланлар келіп толар,

Алла дескіл би-дауам.


Тамұқта орнын көргей,

Не қыласын білмеген,

Ишаның һәм бақырдай,

Алла дескін би-дауам.


Бұ дуниаға қонақпыз,

Ғамал үшін келіппіз,

Қияметке барармыз,

Алла дескін би-дауам.

Еш бір кім өлмей қалмаз[c],

Және тірілмей қалмаз[с],

Еш бірісі құтылмаз[с],

Алла дескіл би-дауам.


Ғұмырымыз күн-күн өтер,

Азығымыз күн-күн бітер,


Ажал шағымызды жұтар,

Алла дескіл би-дауам.


Ғазірейіл жанын алар,

Уәрислар малын алар,

Саңа обалы қалар,

Алла дескіл би-дауам.


______ _______ ____

Дүниені қорып жүргеніңде,

Қані[е] ғамал қылғаның,

Алла дескіл би-дауам.


Өлместік болып жүрдік,

Жақсы ғамал қылмадың,

Тәубаңды һәм қылмадың,

Алла дескіл би-дауам.


Өткен ғұмырың еш қайтпас,

Малың еш пайда болмас,

Өлгеннен соң тәубә болмас,

Алла дескіл би-дауам.


Ғұмырың өтті жоқ қасыл,

_________ _____ бол _____

Неше жүрерсің ғапыл,

Алла дескіл би-дауам.


Шариғатты мұхкам тұт.

Күнәлардан тәуба ет.

Тура жолға тура кет.

Алла дескіл би-дауам.


Шариғатты тұтмаған,

Күнәсінә тәуба етпеген,

Орны тамұғдүр _______.

Алла дескіл би-дауам.

Әркім шариғатты тұтар,

Күнәсінан тәубә етер,

Ұжмаққа тура кетер,

Алла дескіл би-дауам.


Шариғатты тұтанлар,

Ұжмаққа кірер анлар,

____ рахметте анлар,

Алла дескіл би-дауам.


_____ _____ ______

________ ____ ______

_______ ______ ______

Алла дескіл би-дауам.


Бір міскін пенделерін.

Ғаси уә шәрменделерні.

Жарылқағып жағны.

Алла дескіл би-дауам.


Шариғатты шабыт қыл!

Тауфиқ бирлә жолдас қыл!

Иман иле бақи қыл!

Алла дескіл би-дауам.


Мақсұдым сенсің бенге [маған],

Матлұбұм, рзаң бенге,

Мұштақым дидарыңа.

Алла дескіл би-дауам.


Лағни [иафны] бір мен руза [ораза] тұтса, Рамазан шариф айыны [да] уә фитр [пітір] садақасын бермесе, ол меннін [кісінің] оразасы жер мен көк арасында мұғлақ [жабулы] қалар дейді. Және айтты Пайғамбар ғалайһис-салам: «من أعطى صد قة فتر له عشر الآجمل – мән ағта садақатун фитр ләһу ғашру [ажмал]».

(Түсінік. Хадис. «Кімде кім пітір садақасын бірсе оған он сауап») Яғни бір мән берсе пітір садақасын болар ол мәнге он түрлі пайда.

Бірінші: Азат болар тамұқтан.

Екінші: Пәк болар барша күнәдан, анадан жаңа туғамшы тек [туғандай].

Үшінші: Қабыл болар тұтқан оразасы, Алла Тағала ғұзіретінде.

Төртінші: Уәжіб болар ол мәнге ұжмақ.

Бесінші: Қабыл қылар Алла Тағала ол мәннің үшбу жыл ішінде қылған ізгі ғамалларны.

Алтыншы: Қабыл, шапағат қылар Пайғамбар ғалайһис-салам қиямет күні.

Жетінші:__________ _________________ _______

Сегізінші: Радагіміз тұтқан оразасы.

Тоғызыншы: Ауыр келер мизанда [таразы] ізгі амалла.

2 Уағыз, насихат
Әммәбағд ер кісі олсын [болсын], вейа немесе қатын кісі болсын мүкәлләф болған адамдар (үзір ине) огренмек [үйрену] парыз олған ғылымхал үш бөлек ғылымдүр.

(Түсінік: Әммә бағд-араб сөзі. Уағыз айтып отырған кісі бір мәселені қорытындылап бітіргеннен кейін сәл ғана кідіріс жасайды. (3-5 секунттық). Содан басқа бір мәселені бастар алдында осылай айтылады. Мағынасы: осыған қоса, сонымен қатар деген ұғымда. Ж.Х.)

(Анықтамалық түсінік: Мүкәлләфтіњ сөздiк мағынасы: Жауапкер адам.

Дiни мағынасы: Кәмелет жасына толған, есi бар адамның Алланың «тиым салған және рұқсат берген» әмiрлерiнен жауапкер болған кiсiнi айтады.

Мүкәлләф болудың шарттары:

Жоғарыдағы түсiнiктеме бойынша мүкәлләф (жауапкер) болудың екi шарты бар:

а) есi бар: жынды емес, не iстегенiн бiлген, жақсылық пен жамандықты айыра алатын кiсi;

ә) кәмелетке толған кiсi: балалық шақтан өтiп кәмелетке жеткен, оң-солын бiлетiн, еркектiк және әйелдiк белгiлерi айқын пайда болған кiсi;

Кәмелет шағы, әр кiсiде бiр уақытта болмайды. Бұл шақ кiсiнiң тұрған өлкесiндегi жергiлiктi климат және табиғат шарттарына байланысты өзгередi. Бұл шақ жалпылай алғанда ұлдарда 12-15, қыз балаларда 9-13 жастары арасында пайда болады. 15 жасқа толып, кәмелетке жетпеген ұл баланы ''мураһик'', қыз баланы ''мураһика'' деп атайды. 15 жасына толып, кәмелеттiк белгiлерi пайда болған әрбiр кiсi, дiнде жауапкер болып саналады.

Мүкәлләфтiң мiндеттерi:

Ислам дiнiнде әмiр етiлген және тиым салынған нәрселердiң жауапкерi мүкәлләф болып табылады. Осыған байланысты есуас және кәмелетке толмаған жас балалар, дiни үкiмдерге жауапты саналмайды.

Мүкәлләфтың дүние және ахиретпен байланысты бiлуге тиiстi бiрнеше мiндеттерi бар. Бұл мiндеттерге «әфғал-и мүкәлләфин» мүкәлләфтардың мiндеттерi (iстеген iстерi) делiнедi. Бұлар: 1) парыз; 2) уәжiп; 3) сүннет; 4) мүстәхаб; 5) мүбах; 6) харам; 7) мәкрүх; 8) мүфсид; болып сегiз бөлiмнен тұрады. Бұлар өз iшiнен екi бөлiмге бөлiнедi.

Істелуi әмiр етiлгендер:

Жауапкерден iстелуi талап етiлген және оның мойынсұнып сауап алуына себепкер болған мiндеттер бар. Бұларды жеке-жеке түсiндiрейiк:

1) Парыз: Бiлдiрген мағынасы ашық дәлелмен белгiлi болған және мүкәлләфтiң (жауапкердiң) iстеуiне әмiр етiлген үкiм Парыз деп аталады. Яғни адамның орындауына мiндеттi болған құлшылықтар.

Үкiмi: Парыздың орындалуы өте үлкен сауап, себепсiз орындалмауы өте үлкен күнә болады. Парызды қабылдамаған адам дiннен шығады. Парыз екiге бөлiнедi:

а) парыз айын: Әр адамның орындауы мiндеттi болған парыздар. Бес уақыт намаздың парызын оқу, зекет беру, рамазан айында ораза ұстау, қажыға бару және өзiне қажеттi дiни мағлұматтарды үйрену сияқты парыздар;

ә) парыз кифая: Барлық мұсылмандарға парыз болумен қатар, кейбiреулерiнiң орындауымен басқаларының мойнынан түсетiн парыздар. Сәлем алу, жаназа намазын оқу, басқаларға пайдалы болатындай бiлiм алу сияқты парыздар;

Жаназа намазын оқу, кiсi қайтыс болған жердегi адамдардың жеке бастарына емес, барлығына ортақ парыз. Сол жердегi мұсылмандардың кейбiреуi бұл мiндеттi орындаса басқаларының мойнынан түседi. Егер ол жердегi мұсылмандардан ешкiм жаназа намазын оқымаса, сол жердегi барлық мұсылмандар жауапқа тартылады және күнәқар болады. Парыз кифаяның сауабы тек орындаған адамға. Ал орындамаса күнәсi оны орындамағандарға болады.

2) Уәжiп: Уәжiп болуы және мағынасы жағынан күмәндi бiр дәлелмен белгiленген және де жауапкердiң орындауы мiндеттi болған үкiм уәжiп деп айтылады. Яғни орындалуына мiндеттi болған, орындалмауына тиым салынған және осы мәселе күмәндi бiр дәлелмен белгiленген бiр үкiм. Құрбан шалу, үтiр және айт намаздарын оқу сияқты құлшылықтар.

Үкiмi: Уәжiп орындалу жағынан парыз сияқты. Орындаған адамға сауап, себепсiз орындамағанға күнә болады. Сенiм жағынан парыздан басқаша. Уәжiптi қабылдамаған адам дiннен шықпайды.

3) Сүннет: Пайғамбарымыздың парыз және уәжiптен басқа орындаған және бiздiң де орындауымызды қалаған құлшылықтары. Бұл екiге бөлiнедi:

а) мүәккәт сүннет (бекiтiлген сүннет): Пайғамбарымыздың үнемi орындап өте аз тәрк еткен құлшылықтары. Мысалы: Таң, бесiн және ақшам намаздарының сүннеттерi, құптан намазының соңғы сүннетi, жұма намазының алғашқы және соңғы сүннеттерi сияқты;

ә) ғайры мүәккәт (бекiтiлмеген сүннет): Пайғамбарымыздың кейде орындап кейде орындамаған құлшылықтары. Мысалы: Екiнтi намазының сүннетi мен құптан намазының алғашқы сүннетi сияқты;

Үкiмi: Сүннеттi орындағандар, парыз және уәжiп болған құлшылықтардан аз сауап алады. Орындамағандар бұл дүниеде Пайғамбарымызды қажет етпегенi, сүймегендiгi үшiн ахиретте де шапағатынан мақрұм қалады.

4) Мұстахаб: Пайғамбарымыздың кейде орындап кейде орындамаған құлшылықтары. Яғни орындалуы сауап, орындалмауы күнә болмайтын құлшылық және iс әрекеттер. Мұстахабқа нәпiл, әдеп және татауу деп те айтылады. Мысалы: Дұха (күн арқан бойы көтерiлген мезгiл) намазы, адамның қалауы бойынша сауап үшiн оқыған нәпiл намаздарымен ұстаған оразалары және кедейлерге жәрдем етуi сияқты.

Үкiмi: Мұстахабты орындағандар сауап алады, орындамағандар күнәқар болмайды.

5) Мүбәх: Орындалуы талап етiлген орындалмауына тиым салынған iс-әрекеттер. Мысалы: отырып тұру, iшiп жеу және демалу сияқты.

Үкiмi: Мүбәх болған әрекеттердiң орындалуына сауап, орындалмауына күнә жоқ. Бiрақ бұл әрекеттердiң, адамның өз денсаулығына және басқаларға зияны болмауы керек.

Орындалуына тиым салынғандар:

Жауапкердiң орындауына тиым салынған және оның жасалынуымен күнәға себеп болатын iс-қимылдар. Бұларды да жеке-жеке баяндалық:

1) Харам: Харам болуы және бiлдiрген мағынасы жағынан айқын дәлелмен белгiленген және орындалуына тиым салынған үкiмдер. Яғни жауапкердiң жасамауы қаланған және дiнде тиянақты түрде тиым салынған әрекеттер. Мысалы: адам өлтiру, iшiмдiк iшу, ұрлық жасау, әке-шешеге қарсы шығу, зина жасау сияқты.

Үкiмi: Харам жасамағанға үлкен сауап, жасағанға үлкен күнә болады. Харам болғанын қабылдамағандар дiннен шығады.

2 Мәкрүһ: Орындалуы жақсы болмаған, орындалмауы бұйырылған iс-қимылдар. Мәкрүһ екiге бөлiнедi:

а) тахримен (харамға жақын) мәкрүһ: Тиым салынғаны айқын түрде дәлелденбеген iстер. Мысалы: күн шығып келе жатқанда және батып бара жатқанда намаз оқу, уәжiп намаздарды тәрк ету сияқты;

ә) тәнзиһән (халалға жақын) мәкрүһ: Тиым салынбағанымен, жасамау керек болған әрекеттер. Мысалы: оң қолмен сiңбiру;

Үкiмi: Iстелмеуi сауап, iстелсе күнә болуы мүмкiн.

3 Мүфсид: Басталған құлшылықты бұзатын iс-әрекеттер. Көбiнесе намаз және ораза сияқты ғибадаттарда болады. Мысалы: намазда сөйлеу, ораза ұстап жүрiп бiле тұра iшiп-жеу.

Үкiмi: Мүфсид, үкiмiнде болған iс-әрекеттi қалауы бойынша iстеу азапқа себепкер болады. Ұмытып iстесе жауапты болмайды. Ж.Х.)

Яғни мағриб [батыс] иле (лек) машриқ [шығыс] арасында неқадар [қанша] мұсылмандар бар исе (бар болса) ерден, қатыннан, қыздан, жарлыдан мүмин мұсылмандар Алла Тағаладан қорқар уә рахмет ұмар [кешірім үміт етер]. Яғни жанкам лижасында олыр [ұжмақты аңсаумен, тілеумен болады] жәһәннәмнән қорқар. Бөйле [осылай] болған кісілерінің ғылым[ды] дүниеде өзлеріне ғала хауда [жеткілікті] болып үгренмек [үйрену], уа мүжбиле [сонымен] ғамал ейлемес [амал қылу] - парыз айын болған ғылымхал үш бөлек ғылымдүр.

Әууәлгісі – Иман ғылымы.

Иман ғылымы – Иман әжмәлінің, уа иман тафсылының ғылыми иманыны әжмалап білмек [білу, үйрену] нәфидүр [жеткілікті]. Үлкен махал тафил алды. Қазда әжмали кәфи олмайып тафсили парыз олыр. Уә фи әл-фаз кәпірлердің уә шірклерінің[дің] ғылымы [білімі] зира әл-фаз кәпірлер уә шірклері [құдайға серік қосушылар]. Білімдіге иманы мұхафаз ейлемек олмаз. Иманды әр ақыл [ақыл иесі] уә балиғ олан [балиғатқа толған] мүмин уә мұсылмана[ға] лазым. Иманына [иманын] біліп мұжжасаф ола [иманына байлаулы болса] уә кәпір мен шірікті біліп, ижтинаб едіп, иманыны сақлаб.

Уә фа иәтиқад әһли сүннет уәл-жамағаттық ғылым. Яғни, 72 бөлек батылдан қашып 73-нші иғтиқад әһли сүннет уәл-жамағат иле [пен] мұстахат олғанның ғылымы [білімі] зира үмметі Мұхаммедтен олан кімісі 73 бөлекдүр. Иғтиқат жиһетінден [жағынан] 72 бөлек [бөлегі] әһлі жаһаннамдүр [жаһаннамдық] иғтиқадларында әһлі сүннетте мұхаллафат ейледіклері үшін 73-інші әһлі жәннәтдүр. Иғтиқадларында Пайғамбар ғалайһис-салам уә Әсхәб кирамаин ридуан Аллаһу Тағала ғалайһим әжмағин хазіретлеріне мүнәсіп ейледіклері үшін.

كما قال عليه الصلوة والسلام - кәмә қала ғалайһис-салату уәс-салам: «Менің үмметім 73-жолға бөлінеді бәрі жаһаннамға кетеді тек біреуі ғана жаннаттық». Сонда сұрады «Олар кімдер? Ей Алланың елшісі». Расул Алла жауап берді: «Парыз айын болған ғылым жолының екіншісі ахлақ ғылымы. Яғни хұйларының [мінез-құлық] ғылымы ахлақ жалғидүр. Ахлақ уә фи [өз ішінен] екі қысымдүр [екі түрлі] бір қысымы – ахлақ хамида. Уә бір қысымы – зәмимә.

Ахлақ хамиданың мағынасы: Хамд олынмұш [шүкір етуші] гүзел [әдемі] мінездер. Пайғамбар асхабына [сахабаларына], үмметіне уақи [тағы] әмір ейледігі [бұйырған] хұйлардүр.

Кәмә қала ғалайһис-салам [Пайғамбар айтқанындай]: «Мінездеріңді жақсартыңдар және Алланың бұйырған мінезінде болыңдар».

Бәйіт әргі хауф ахлақыила масуф ола.

Дәулет дәрин әңгә мәкшуф ола.

Ахлақ зәмимнің мағынасы: Зәм олынмұш [зәм болған, арттырылған], қадх олұнмұш мінездерге әнгә ахлақ зәмимә уә ахлақ Разила, уә мүнқарат қылып дақи дерлер. Мүминлердің қалбінде [жүрегінде] олмақ [болу] парыздүр. Жоқ болса хамд шүкір ету парыздүр. Әркім ахлақ замимен маусуф [сол мінезде болса] олұрса Хақ Тағала хазіретлерінің уәғиді [уәдесі] мұқтазасынша жәһәннәмға лайық болады. Мінезі зәмимә болған жүрекке хақ Тағала назар салмайды.

Парыз айын болған ғылым жолының үшіншісі-Ағмал заһираның [қалған іс әрекетінің] және басқа жағдайларының ғылымы сияқты. Бағзысының [кейбіруінің] ғылымы-ағмал заһирадандүр:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет