Имансыздың сипаты
Құдайым имансызға қылған орын,
Қайнатар соған кірген жанның сорын.
Дінсіздің жүзін қара, көзін көк қып,
Пышақтап, айдап келер құлақ, мұрнын.
Тамуғтың алып келіп қақпасына,
Забаны [343] ие болар бас-басына.
Қолында Запанының отты шынжыр,
Жапсырар имансыздың жағасына.
Аузынан келіп ұрғай шынжырменен,
Бір ұшы жарып шыққай бүйірінен.
Сол қолын мойнына қоса таңып,
Оң қолы тесіп шығар бүйірінен.
Қосақтап шайтанменен оны бірге,
Аяғынан сүйретіп жүзін жерге.
Апарып жаһаннамға салар дейді,
Құдай кез келтірме мүмин ерге.
Ғазабтың бүгін ащысын татыңыз деп.
Ал, енді жаһаннамға жатыңыз деп.
Дүниедегі бар қылған күнәң үшін,
Қызыққа енді бүгін батыңыз деп.
Фатима пайғамбарым сүйер қызы.
Сұрапты атасынан сол бір сөзді.
Үмметіңді қай Расулі айдар екен?
Жәбрейілден сұрадың ба айт,- деп, мұны!
Қызына пайғамбарым айтқан және.
Болмайды үмметімде бұл нышана.
Жүзі қара, көздері көк болмайды,
Шынжырдан жырақ қылған Хақ Тағала.
Үмметім үш бөлек болар күнәгері,
Тағат қылмай, пасық боп өтсе кәрі.
Екіншісі тәубасыз өткен жігіт,
Үшінші ұрғашының зинагері.
Қатындарды сүйрейді маңдай шаштан.
Жігітті сүйрейді көркіне қарамастан.
Ақсақалды сүйрейді сақалынан.
Күнә қылса Құдайды ойламастан.
Бұл үшеуі сол күнде қылса піриәт,
Аһ-уһ менің қартлығым деп, жылайды қарт.
Әдеп күтпе, біз рәсуақор болдық деп.
Жігітпен қатын тұрып қылар қасірет.
Мәликтің алып барғай қастарына,
Темір бұғау шынжыр жоқ бастарында.
Жүзі қара, көздері шағыр емес.
Қарты мен қарасаңыз жастарына.
Мәлик айтар; қай пайғамбар үмметісіз?
Дүниеде неше ғамал істедіңіз.
Тамуғ әһілінің сізде жоқ еш белгісі,
Баян ғып пайғамбарды айтыңыз сіз.
Сұрағыш жауап келгей ғасылардан.
Біздің сол пайғамбарға енген Құран.
Бес уақыт парыз болған күнде намаз,
Оразасы және парыз рамазан [да].
Олай болса Мұхаммед пайғамбарың,
Әмірін тұтпай, қалайша болдың залым.
Құранда махсияттан тыйған жоқ па.
Қылма деп баршаңызға фикру бадым.
Сіздерді жібердіме күнә ет деп,
Бұйырар сонда Мәлик отқа тұт деп.
Мәликінің айбатынан жаман қорқып,
Қышқырар әр қайсысы «Мұхаммед»- деп.
Жылайды әр қайсысы қылып баған.
Жылауға рұқсат бер деп, енді маған.
Бәріне Мәлик сонда рұқсат бергей,
Жылайды жас орнына қып қызыл қан.
Мәлик айтар бұл жылау қылмас пайда,
Дүниеде тағат қылмай жүрдің жайға.
Егерде Хақтан қорқып жыласаңыз,
Сен ғазаб көрмес едің осындайда.
Тәуба қылмай сіз күнә істедің деп,
Апарып рақым қылмай отқа салар.
Әр қашан от кеп тұтса таһлил айтар,
От сонда күйдіре алмай, кейін қайтар.
Мәлик сонда қылады отқа нада.
Не себепті күйдірмей қайтасыздар.
Біз қайттық ғасилардан жауап естіп,
Әрқайсы айтып жатыр таһлил шариф [344].
Біз енді пайғамбардан ұяламыз,
Күйдіру енді бізге емес лайық.
Мәлик сол отқа пәрмен қылған сонда,
Бұлар сол Хаққа ғаси болған пенде.
Алмаған пайғамбардың тағы тілін,
Бұйырған отқа жоқ деп Құдай онда.
Құдайдың бұйрығымен от кеп ұстар,
Күйдіріп аяғынан жіпсіз тұсар.
Тізесі беліменен бұғазына,
Тағыда жылан, шаян, сол жабысар.
Бұларға Забанилар қылмас рақым,
Тыйышлығы әркез болмас оған тағат.
Барша тәнін жандырып болғанан соң.
Күйдіруге жүзіне келгей жақын.
Мәлик айтар; жүзін күйдірмеңіз,
Құдайға сәжде қылған кеше күндіз.
Тілі менен жүрегін күйдірмеңіз,
Хақына айтып, қылған шығар бір жақсы сөз.
Таһарат алған күйдірме бар ағзасын,
Тұтқан шығар рамазан оразасын.
Хақтан пәрмен болғанша мында жатсын,
Бір болар ақырында жарылғасын.
Жандары намаз, ораза қазасына,
Өтірік, өсек ғайбаттың ызасына.
Әркім сол істері күнін төлеп,
Қаратар күнәсінің жазасын.
Күнәісіне қарата болар тұтқын,
Дүниеде күнә қылған неше дүркін.
Біреулер аз, біреулер көп жатып,
Құтылып күнәсінан шыққай бір күн.
Қалмайды жаһанамда иман әһлі,
Білерлік таһлилні болса баһмид.
«Уал иману лә иәбиғу тәмәмән» [345] - деп.
Осылай имамлардың айтқан нақлы.
Бұл күнде Хақтан қорықпай қылсаң күнә,
Махшарда жеті нәрсе болар куә.
Баршасы айғақ болар саған келіп,
Түсіріп бәр күнәңді мойыныңа.
Тандырмас сол күні жеті шаһыттан.
Жер айтар маған келіп күнә қылған.
Екінші -күн, үшінші- заман айтар,
Бәлен сағат, бәлен уақыт мойында деп.
Төртінші -куә болар барша тәнің,
Көзбен көріп, қолыменен ұстағаның.
Бесінші -басыңдағы ойың айтар,
Менде қылған күнәсінің көрдім бәрін.
Алтыншы -куә болар жаратқан Хақ,
Сен күнәні менен қылдың қорықпай бетпақ.
Жетінші -екі періште куә болып,
Кетеді бар күнәңді мойыныңа сап.
Әр қашан болса бізге қиямет күн,
Тіріліп барша адамзат тұрып көрден.
Бір жерге махлуқатын жиып,
Алла қази боп, сауал сұрар дүркін-дүркін.
Күн тұрар найза бойы төбеңе кеп,
Тамұқтан сонда шығар бір бөлек от.
От пенен күннен сонда жапа шегіп.
Тұрады мұнафиқтар шарманда боп.
От сонда көлеңкедей болар мұнар,
Сол уақытта бір періште нада қылар.
Басыңа көлеңке керек болса,
Халайық ынтық болсаң барыңыздар.
Халқын үшке бөліп періштелер,
Бір мүмин, біреуі мұнафиқтар.
Бір сол бір Аллаға серік қатып,
Табынған от пен бұтқа мүшріктер[346].
Көлеңке тағы үшке бөлінеді,
Бірі нұр, бірі от боп көрінеді.
Бір сол қара тұман түтін болып,
Үшеуі осы күріһке беріледі.
Болады мүминлердің басында нұр,
Көлеңке мұнафиққа от боп тұрар.
Басына имансыздың түтін болып,
Көре алмай бірін-бірі болады қор.
Сол күнде ғасилардың миы қайнар.
Мүминдер [347] нұр ішінде гүл-гүл жайнар.
Әркімдер өз жанынан үміт үзгей,
Өзге қайтсін, сасқансоң пайғамбарлар.
Мұнафиқ [348] көлеңкесі басында от,
Милары бұрқылдайды қазандай боп.
Имансыз қалың тұман ішінде қалар,
Қап-қара болар екен көмірдей боп.
Құдай рахым қылғын сол күндерден,
Бізді ғып нұр ішіне мүминдерден.
Өзіңнің фазылың илен ғафу ойлап.
Қылмағыл қара тұман түндеріңді.
Тір[іліп] махшардағы барша халық,
Болады сол күндерде жүз жиырма сап.
Әр саптың ұзындығы қырық жылдық жол,
Жиырма жылдық ені бар, қылған хисаб.
Бұлардан мүмин дейді үш-ақ сапты,
Басқасы дінсіз ерер білсең тағы.
Жүздері мүминдердің ай секілді,
Сақтанған харам істен сол манағы..
Басқасы түсі қара, тамуғ әһлі [349]
Тамуғқа арнап жаратқан Тәңірім оны.
Әр қайсысын шайтанға қосақтайды,
Құдай бұл жұмладан қылма мені.
Құдай, рахым ойла айдағанда,
Ғасыға жазалы ғып байлағанда.
Сақтағыл хабибің [350] құрметі үшін,
Тамуғның оты қызып жайнағанда.
Бір қауым жаза тартар жетпіс мың жыл,
Өткізген тағат қылмай басқа ғұмыр.
Денесі арық, иманнан жалаңаш боп,
Семіртіп қу нәпсісін өткізген сол.
Қарасаң сырты молда ғалым адам,
Ахирет [351] ісін қылмай болған надан.
Тәнін босқа семіртіп, тағат қылмай.
Нәпсінің тілеуінше жүрген босқа.
Қарны сол кебежедей қарасаңыз,
Табиғ [352] қылған өз малын, ішпей-жемей.
Тамуғның енгізеді ең зорына,
Забанилар тепкілер адам демей.
Өзі қылмай, жұртқа айтып насихатты,
Ерініп істемеген сол тағатты.
Қылған ісі наданнан жаман болған,
Құдайым алпыс мың жыл ғазаб етті.
Бір кісі уағдасына қылса хилаб[353],
Оны айтар нәмға әлғәһду ләманат.
Аяғынан сүйретіп, басын жерге,
Азапқа лақтырар неше қабат.
Жанады берекесіз шым-шытырық,
Әр жерде бір жапырақ ет ұшып жүріп.
Дүниедағы сөйлеген сөзіндей ғып,
Осындай азап көрген ол пәтпақиәт.
Құдайым біл Мұсаға қылған хатаб[354].
Аманатқа қылса кісі бір қиянат.
Шайтан менен екеуін бір қосақтап,
Зәққумға [355] асылады ол лағынет.
Астынан кіріп от шығар аузынан,
Зәре рахым болмайды әркез оған.
Ағза менен аузынан ірің ағар,
Асылған соң ағашқа аяғынан.
Арақ ішкен бұларға серік және,
Тәуба қылмай бір кісі қылса зина..
Намазын Хақтан қорқып оқымаған,
Өсімге ақша беріп жеген риба [356].
Бұлар сол ғазаб көргей неше сақып.
Сақыбы төрт мың жылдық алғыл ұғып.
Әр жылы төрт мың ай, - деп тағы айтады,
Әр айда төрт мың күндіз, пенде ғәріп.
Әр күні төрт мың сағат болады екен,
Әр сағаты бір жылға толады екен.
Осындай ғаламатта басы қалар,
Уағда [357] бұзған кісілер қылса мекен.
Ғазабта уағда бұзған болады зор,
Жігіттер хилаб қылмай уағдаңда тұр.
Хүкімлігің һәм кетіп бұл дүниеден,
Дүние ақырет жүзінде болмағыл қор.
Әбу Һурайрадан бір риуаят: Шаян Құрайыш туралы
Тағыда риуаят Һурайрадан [358],
Сөйлеген халін білмей мен бір надан.
Әр қашан қияметтің күні болса,
Бір шаян шығады екен жаһаннамнан [359].
Берілген ол шаянға, құрайыш ат.
Басы сол көкте дейді төртінші қат.
Құйрықтары жеті қат жер астында,
Сол келер екі ерінмен көкте тіреп.
Жәбірейіл қарсы шықпай енді алдынан,
Не керек әй, құрайыш, айт деп маған.
Дүниеде ғаси болған бес куруһні,
Мен жұтамын Мұхаммед үмметінен.
Бірі сол намаздарын тәрк еткен,
Екінші зекеттерін бермей өткен.
Үшінші жұтамын дер риба [360] қорды.
Үстінен өсім жеген ақша біткен.
Төртінші дәйім оның арақ ішкен,
Әрқашан жаманшылық жолға түскен.
Бесінші дүние сөзін сөйлегендер,
Мәсжид [361] те бос сөзбенен күні кешкен.
Тәуба қылмай бес куруһи кетсе өліп,
Тауып алар бұларды іздеп жүріп.
Ішіне жаһаннамның алып барар,
Әр түрлі тұрар дейді, ғазап көріп.
Құдай жырақ қылғыл құрайыштан,
Жамандық өзің сақта әрбір істен.
Иә, Рабби осылардан қылма бізді,
Пендеміз күнәміз көп әр қылмыстан.
Исрафил ғалейһи саламның сүрін үргені
Исрафил сүрін [362] үрер ғалейһи сәләм,
Таралған сүйек жылып, шіріген тән.
Суға батып, бағзысын қасқыр жесін,
Бұрынғыдай болады барша адам.
Баршасы қайран болып тұрар жерден,
Тірілмей еш қалмайды әннас [363] пен жын.
Құдайым күнәсінен хисаб алар,
Жаратқан махлұқаттың әр бірінен.
Сол күнде жеті қат көк болар пәрі,
Аймен күн нұры кетіп болар қайран.
Сират құрып тамуғның қыздырған соң,
Болады мұнафиқтар бір бейшара.
Біреуге қылған болса біреу залым,
Құдайым теңгереді артық кемін.
Залымнан мазлумға[364] өш әперіп.
Болады арасында ғаділ хүкім.
Әр кімге болар сонда бір ұлы той,
Өш алар мүйіздіден мүйісіз қой,
Сол күнде еш бір күнә жасырылмас,
Қылған қанша артықша ой.
Дінсіздер көрсе сонда жаһаннамды,
Қабірдегі ғазабты ойлар оны.
Қабірдегі хәліміз ойншық қой,
Тағы келіп көрдің деп бұл пәлені.
Азапта мұндай екен ойласақшы,
Қабірде қор болып бүйтіп тұрмасақшы,
Тістейді ой-ойлап бармақтарын,
Жан болып біз анадан тумасақшы.
Сол күнде барша хайуан болар топырақ,
Ғаділ хүкім қылған соң жаратқан Хақ.
Ғазабқа мұнафиқтар шыдай алмай,
Өлім тілеп баршасы қылар піриәт.
Құдай бізді қылма мұнафиқтан.
Жараттың ба пенде ғып бізді жоқтан.
Хабибің құрметі үшін ғафу[365] ойлап,
Құтқарғыл фазлың илан бізді оттан.
Арақ ішкіштердің қабірде тұрғаны
Қабірде көрер дейді арақ ішкен,
Салбырап барлық тілі жерге түскен.
Жүзі қара, көздері шағыр болған,
Исі сасық болар өлекседен.
Шұбырып жүрер дейді сілекейі,
Тілі салақтап көрінер көмекейі.
Қанды ірің, аузынан сар су ағып,
Барша жанның көрініп сүмсекейі.
Өзі мас, жүралмайды тәлтіректеп,
Аузына тілі сыймай, көзі алақтап.
Бір ішім, шөлдегенде суға зар боп,
Қаранып сол жағына, тіл жалақтап.
Байланған бөтелке бар мойнындағы,
Ұстаған рюмка бар қолындағы.
Періште бұл сипатпен айдайды екен,
Көрген жан лағынет айтар жолындағы.
Арақ туралы Опай ұғлы Қағбдан риуаят
Риуаят [366] қылды Опай ибн[367] Кағб.
Әрқашан болған шақта сол қиямет.
Арақ ішкен қабірден тұрар дейді,
Бөтелкесін мойнында қылып піриәт.
Өзі мас, қолында бар домбырасы.
Аузынан келіп тұрар арақ исі,
Қышқырып періштелер нада қылар,
Араққор болған пәлен-пәлен баласы.
Исі болады екен боқтан сасық.
Жеркенер бұ кісіден барша халық,
Құдай бұл малғұннан жырақ қыл деп,
Ғарсат әһлі зарланар Хаққа налып.
Құдайым Запанға әмір қылар,
Апарда бұл маскерді тозаққа сал.
Жүз мың жыл жатып зарланады,
Шөлдедім су бергін деп құрып халім.
Жатады жаһаннамда қатты сусап,
Келмейді мың жылға шейін еш бір жауап.
Су тілеп және тағы тіріледі екен,
Сасық тер денесінен кетер парлап.
Тер шығып жаман болар иістері,
Іренжіп қасындағы көршілері.
Құдай бұл малғұнды жырақ қыл деп,
Сыйнып бір Аллаға қылар зар.
Аяқтары кісенде, қолда шынжыр,
Өлдім-талдым дегенде бір су берер.
Ол суды ауызға алып ұрттағанда,
Ұстаған ол, ішсе аузы қарнын жейді.
Жегіл деп береді екен зәққум зәһәр [368].
Жесе түседі астынан сол ұлтабар.
Аузынан да әртүрлі жалын шығып,
Зардабынан бастағы миы қайнар.
Мұнан соң және салғай бір табытқа,
Һәм түскендей болады тар лахатке.
Ішінде сол табыттың азап қылғай,
Құдайым оны салып һәр тарлыққа.
Тағыда шығарады сол табыттан,
Д... құлатар терің зындан.
Ірің, сарсу жиылған бір шұқыр дүр.
Ішінде толық дейді жылан, шаян.
Жабылып жылан, шаян оны талар.
Заһарына шыдамай нала қылар.
Ішінде ол зынданның мың жыл қалғай,
Дамыл тыныштық көрмейді зәрә қадар.
Періште алып келер шишаларны,
Жаһаннамнан толтырылған оның бәрі.
Шөлдегенің мынадан іш деп айтар,
Ішпейміздеп баршасы қылар зар.
Бастарында оттан тәж, қолда жүзік,
Білегіне салғаны от білезік.
Мойнында оттан болған алқасы бар,
Періштелер тұрады азап қылып.
Мың жылдан соң алады сол зынданнан,
Дәйілге кіргізгіл деп қылар пәрмен.
Мың хисаб баршасынан ғазабы артық,
Дәйілде бір шұңқыр дүр, түбі терең.
Мұнан соң періштелер дәйілге атар,
Ішінде азап көріп мың жыл жатар.
Ғазабы күннен күнге таусылмайды,
Шарменда боп бейшараның басы қатар.
Дәйілде бір күн жатып қылғай піриәт.
Уа ахи Ахмад[369], уа ахи Мұхаммед қыл деп шапағат.
Естілгей Мұхаммедтің құлағына,
Тамуғта бұл қалайша қалған үммет.
Пайғамбар бір Аллаға қылғай дұға,
Естідім бұ тамуғта жалғыз нада.
Мұхаммед, шапағат қыл деп зарланады,
Қай күнәһ себепті қалған пенде?
Сол уақытта бір Алладан келген хабар,
Ол пенде тәуба қылмай ішкен хамыр [370].
Сол жатып жаһаннамда қалған дейді,
Ғазапқа шыдай алмай бек зарланады.
Ол болса егер менің үмметімнен,
Нәсіп ет оған тағы шапағатымнан.
Жалғыз оның қалуы лайық емес,
Үміткер олда пендең рахметіңнен.
Тілегін Алла тағала қылғай қабыл,
Тамуғтан үметіңді ал шығарғыл.
Шығарар барлық ғаси үмметтерін,
Иман әһлісін қалдырмай бәрінде алар.
Алып кеп кіргізеді жәннәтына,
Жаралған пайғамбардың құрметіне.
Тамуғта мәңгі бақи ешкім қалмас,
Күнәһар Мұхаммеднің үмметінде.
Қазақтың және тағы сөзінде бар,
Жалғыз қайғы тамуғта біреу қалар.
Арақ ішкен кісіні айтса керек,
Тамуғта көп жыл қалар ол бейхабар.
Мұны білсең хамырдан жүргей жырақ,
Кітапта бар күнәнің анасы арақ.
Барлық күнә осыдан туар дейді,
Азабы баршасынан ұлығырақ.
Айтқан және бізге пайғамбарым,
Ауырса арақ ішкен сұрама халін.
Тәуба қылмай дүниеден өтер болса,
Қылма деген тағыда намаздарын.
Арақ ішпек тағыда ұлы күнәһ,
Жырақ бол күнәлардан мүмин пенде.
Болама мұнан үлкен саған қасірет,
Пайғамбар барма десе намазына.
Кітапта айтты бізге хазірет Ғұсман[371].
Арақ ішкен тәңірге болар дұшпан.
Бұ несімен пара-пар болар дейді,
Екеу деп бір Аллаға шірік қосқан.
Кімде-кім бұл арақты білсе халал,
Ол шәксіз діннен қайтып, кәпір болар.
Төрт кітапта баршасы мағлум дейді.
Ағузу биллаһ иә зул жәләл [372].
Жұмбақ
«Иә халии иннә ғаммәкә би зәғукә уа һууә жәддук».
Бір кісі біреуге айтты әй, нағашым,
Әкеңнің інісі едім, танимысың.
Менім әкем келсін деп шақырады,
Әкем айтар, нағашның бабасы едім.
Шешемнің сіз екенсіз кенже інісі,
Сенің әкең менімен туысқанды.
Мәнісін сұрайын деп, келіп едім,
Сіз қалай әкемнің немересі?
Тауып бер жұмбағымды, ойламай көп,
Кітапта жазылған сөз болмайды өтірік.
Бір қатын, бір баланы сүйер екен.
«Баламның баласы - байымның інісі»- деп.
Нағашы сонда тұрып берді жауап:
Надандар шеше алмайтын біз бір жұмбақ.
Мен енді уақиғамды ұқтырайын,
Сөзіме құлақ сал да, тұршы тыңдап.
Шешемнің өлген бастапқы ері,
Ерінен бой жеткен қыз қалды тірі.
Сол қызды бір Құдайның жазуымен,
Алыпты қатыны өлген шалдың бірі.
Ол шалдан бір бала бар және ер жеткен,
Шешемнің ол балаға көңілі кеткен.
Қызын шалға берді, балаға өзі тиді,
Сұрасаң мен нағашың сонан біткен.
Ол қызды шал алған соң, тудың қыздан,
Басында ол қыз туған анамыздан.
Апамнан туған маған жиен болдың,
Енді қайда кетесіз ұяңызден.
Үшбу сөз жұмбақ екен құласада,
Шешуін өлең қылдым, ұнаса ма?
Ерігіп қырда барып жатып-жатып,
Жұмбақ жазды дейсіз ғой келе сала.
Жұмбақ
«райту имраата ғашара рижәл фә сәәләт мә һәзиһи фә қаләт әл ухун уажи уал хамду ғабди уа лә ражәту радауати уа куллуһум»
Саған тауып берейін бір ермекті.
Бір қатын ертіп келді он еркекті.
Бір қатын жүргендігін ерсі көріп,
Қатыннан сөз сұрайды жөн білмектен.
Байқұс-ау еріп жүрген бұларың кім?
Жүрмегің жат ерлермен болмайма мін!
Жігітке жауабында қатын айтты:
Жәйім сұрап, сөксеңші меніде сен.
Бұлардың мен айтайын мәні-жайын,
Төртеуі інім болғанда, бірі - байым.
Бесеуі сатып алған құлдарым дүр,
Бәріміз бір туысқан, бір ағайын.
Бұл сөзін жігіт естіп болды қайран.
Он бірің бір атадан тудың қайдан?
Сұрамақ сүннеті дүр пайғамбарым,
Жайыңды айтып ұқтыршы, әй, Күләндәм.
Шешуі
Жігітке қатын сөйлер, жауап қатып.
Бір күңді, алты ұлымен алдым сатып.
Біреуін жақсы көрген азат қылып,
Шариғат хүкімімен тидім барып.
Ол күңді әкем алды неке қылып.
Алған соң төрт ұл тапты тәңірім беріп.
Төртеуі маған енді іні емес пе?
Басында ұрыстың ғой, маған тиіп.
Солардың төртеуі - інім, бесеуі -құл,
Шешесін әкем алғасын болмайма ұл.
Бәріміз бір кісіге бала болдық,
Ұрссаң да мен бірігіп жүргенім сол.
Аѓайын (М -Жүсіп µлењі)
Аманыњда елжіреп маќтайын да аѓайын,
Алыстамай айналып, жаќтайын да аѓайын.
Ауырды жењілдетіп жоќтайын да аѓайын.
Еркелетіп бетіњнен ќаќпайтын да аѓайын.
Атаќ бойыња таќпайтын да аѓайын жаман.
Ашыќќанда рахым ќып кµретін де аѓайын.
Сабыр ќылмай саѓынып кµретін де аѓайын.
Маќтаѓанда мамыќќа бµлейтін де аѓайын.
..... с±рап алысќа µтетін де аѓайын.
Сылдыр сµзбен сыбырлап еркелетер аѓайын.
¦йыќтап жатќан жыланды т‰ртет±ѓын аѓайын.
Аяќ тайса алдымен кµрмейт±ѓын аѓайын.
Кел-келіні кµлдетіп жоќтайтын да аѓайын.
Басыњдаѓы баѓыњды боќтайтын да аѓайын.
Адал айтќан аќылды ±ќпайтын да аѓайын.
Жаяу ж‰ріп аттыѓа ±ќсайтын да аѓайын.
Адасќанда ... ќ±райтын да аѓайын.
Туысќансып туысты білетін де аѓайын.
Ќолѓа тізіп ...... тізетін де аѓайын.
Орынсыз ±стап, ќуланып беретін де аѓайын.
Жан ќысылса жатырќап ‰ркетін де аѓайын.
Кµлгірсініп кµз жасын с‰ртетін де аѓайын.
Єуел бастан алдама, тартып ж‰рсе сазайын.
Келіп жатыр т‰рлі сµз, қайсыбірін айтайын.
Т‰сініп т‰йткіл сµзімді ұлы тілмен шаѓайын.
¤скен ...орнын жамандап, жаќсыны ќайдан табайын.
Орынсыз ќайдан шабайын, жаман да болса жаќыным.
Жаќсыны ќайдан табайын? өкпелеуге орын жоќ.
¤лмеген ќ±л кµредау өзгерістіњ талайын.
Жалѓан туралы (М-Ж‰сіп µлењі)
Жігіттен мал кеткенсоњ ќ±ды кетер,
¤з тамыры баршасы ж‰дє кетер.
Жігіттен баќыт, дєулет сырт айналса,
Жеріне егін екен тегін бітер.
Бес ж‰з ќой бір ж‰з жылќы біте ќалса,
Алдыњнан өткен тамырлас етер.
Болсада кµзі соќыр, аузы ќисыќ,
Еш оныњ сµзін демес бекер.
Ќорањда ќой µрісте жылќыњ болса,
Досыњ т‰гіл д±шпаныњ еркелетер.
Ќолында ер жігіттіњ мал кµп болса,
Д‰ние алѓан жеріне ќ±стай жетер.
Болсањда малсыз болып ќанша µнерпаз,
Бейнетіњ ќанша ќылѓан босќа кетер.
Бейнеттен ќашќанменен ќ±тылмайсыњ,
Соњыњнан ќайда барсањ ќуып жетер.
Мал басќа, ќына ќызыл тасќа бітер,
Жаманѓа ќасаќана ќасќа бітер.
Біткен мал бір жаманѓа болып залал,
Жем болып итпен ќ±сќа о да кетер.
Д‰ние бай жалѓан ќолдыњ кірі,
Ж‰рсењде ќанша жумай ќолдан кетер.
Кµрмеген д‰ние ж‰зін жыраќ кетер,
Дєне жаќсылыќтан кµрмей µтер.
Д‰ниеніњ ... сондай тєтті,
Кµзді соќыр, ќ±лаѓын сањырау етер.
Жаќсыѓа айтќан сµзіњ алуан шекер,
Жаманѓа ашшы тиер одан бетер.
Шаттыќта, ќапалыќта мєњгі ќалмас,
Басыњнан ол ћєм µтер, б±л ћєм кетер.
Ќарањѓы жатпас б±рын тар ќабірге,
Ойанып б±л жалѓаннан басыњ кетер.
¤лімніњ µлмес б±рын ќамын ойла,
Абайсыз ж‰ргеніњде ажал жетер.
Кµргеніњ жалѓандаѓы еш нєрсе емес,
Ісіњ бір к‰н µлсењ кетер.
Жігіттер байлар ќанша бай болѓанмен,
Деймісіњ малын кµрге ала кетер.
Нұржан ақын өлеңі
Қыпшақтан шыққан Нұржан ақын айтқандай Құдай рахмат қылуын.
Жаманды жақыным деп, есепке алма,
Жақсыны жатта болса, өсекке алма.
Сыйласып тірілікте жүріскенде,
Қадірін бір-бірінің біліскенде.
Белгісі жақындықтың құрметтесіп,
ықыласпен сағынысып көріскенде.
Не керек жаман туған құр ағайын,
Басыңа септігі жоқ іс түскенде.
Қатын балаға келсең:
Қатының жаман болса арманың кетер,
Балаң жаман болса дәрменің кетер.
Қайғы қасіретпен заманың өтер,
Барың отқа жаға-жаға кетерсін.
Дәл осыны айтқанның аузынан айналайын.
Ж 1/230-231б С‰леймен пайѓамбардыњ бала к‰ніндегі бір шешуі
Хазірет таќ С‰лейменніњ бала к‰ніндегі шешкен сµзі. Хазірет Дєуіт пайѓамбардыњ он тоѓыз баласы болѓан екен. Дєуіт пайѓамбардыњ тірі к‰нінде бєрі патшалыќќа таласыпты, єр ќайсысы мен лайыќпын деп. Алла Таѓала б±лардыњ жанжалды басып сынау ‰шін аспаннан мµр басќан бір ќаѓаз т‰сірген екен. Осы ќаѓаздыњ ішіндегі сµзін кµрместен, ойламастан тауып айтќан µз орныма патша болады деп. Дєуіт пайѓамбар µзіне ќараѓан ж±ртыныњ бек жаќсысын жинап алып барлыќ балаларынан с±рады: Осы д‰ниеде адам баласына жаќынныњ жаќыны не деп? Алыстыњ алысы не деп с±рады. Елден б±рын болѓан екеуі не? Аса ќорќыныш не? Егелесіп т±рѓан екеуі кім?
Тµбелесіп т±рѓан екуі кім? Бірін-бірі д±шпан екеуі кім? Соњы маќтауѓа лайыќ не нєрсе? Соњы сµгіске ќалдырмаќ не ж±мыс?
Ќане осыларды жаќсылап талдып шешіп бергеніњ патша боласыњ деп с±раѓан екен. Балалары басќалары жауап бере алмай, т±рды, отырды. Сонда таќ С‰леймен де бар екен. Ол кісі айтты: «Р±ќсат болса, мен шешіп берейін»,-деді. Дєуіт пайѓамбар отырѓан, кµп халыќ: «Сµйле, бала! Сµз тапќанѓа ќолќа жоќ», - деді. С‰леймен бала айтты: «Адамѓа алыстыњ алысы - µткен µмір. ¤ткен µмір ќайта келіп еш уаќытта ќосылмайды. ¤ткен ќайта келеді деген ‰міт жоќ. Адамѓа жаќынныњ жаќыны - µлім. ¤лімді ќас пен ќабаќ арасындай білуі керек. Елден б±рын жолдас болѓан екеуі, жан мен дене. Аса ќорќынышты екеуісі, екеуініњ бірінен-бірініњ айрылѓан жері, айрылѓан к‰ні. Егелесіп т±рѓан екеуі кµк пен жер. Тµбелесіп т±рѓан екеуі к‰ндіз бен т‰н. Бір біріне д±шпан екеуі, µлім мен тірлік. Аќыры маќтауѓа ќалдыратын ж±мыс, ашуы келгендегі сабыр мен аќыл. Арты сµгіске ќалдыратын ж±мыс, орынсыз жердегі ашу».
Б±л сµзді С‰лейменне естіген соњ аспаннан келген ќаѓаздыњ печатын ашып кµрсе, осы айтылѓан сµзден бір ноќта баµлегі жоќ екен. Сонан соњ Дєуіт пайѓамбар бани Исраил халќы «Таќ С‰леймен» - деп, ат ќойып, патшалыќќа сайлаѓан екен!-деп айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |