Ас. Ас салып жейін деп ең қылып табақ? (М-Ж. 2003: 6); Бойына жесең інжір сіңеді асың (М-Ж. ХБ: 74); Л. Будагов сөздігінде: «кир. арап. асъ, пища (у кирг. асъ называется только, пища изъ мясо или говядины) арап. асъ – приготовлять (пищу), курить табакъ, велть сварить чай» т.б. бірнеше мағынасы аталады [8, б.793]. Арабша «дәм», «тағам» деген сөздің қазақша мағынасы – «ас», «тамақ». Дәмді жоғары тұтатын қазақ «дәм татып кет» деп жатады. Қастандық қылған кісіге «дәм атсын» дейді. Ас, `тамақ, дәм ` көптеген түркі халқына ортақ атау болған. Қазақ «ас» деп: таңғы шай, түскі ас, кешкі ас, ал қонаққа беретін тағамды «қонақасы» – деген. А. Жылқыбаеваның «Түркі тіліндегі ас, `тағам` сөзінің семантикалық өрісі» – деген мақаласында: Э. В. Севортян ас лексемасының «ас//аш/а: с/а : ш түркі елінде бар сөздерді жан-жақты қарастырғаны, ас сөзін көне ирандық лексемадан ауысқанын. Ас//аш сөзі өзінің бастауын басқа тілден алғанымен ең алдымен көзге түсетіні ол түркі тілдеріне ғана емес, Алтай семьясына, монғол, маньжур және Корей тілдеріне тез тарап кеткендігін, сөйтіп, ас этимоны а: ш жеті семантикалық мағыналық тобы барын және түркі тілдерінде ас сөзі түрлі мағына береді: орталық мағынасы: пысқан тамақ, тамақтану, палау (орта Азия), күріштен, жармақтан істелген тамақ, кеспе (ет), асылған ет; периферийлік мағынасы: тамаққа әзір емес дәнді-дақылдар, бидай, нан, әртүрлі араласқан тамақтың түрі, малға беретін жем, бау-бақша жемістері т.б. атап көрсетеді. Э. В. Севортяннің айтуынша ас//аш көне пехлевен тілінен ауысып түркі тілінде етістік атаулы омоним болған. Ол бірден атаудың аты мен етістіктің «тамақтану» және «жеу» мағынасын берген. Севортян жанама түрде болсын мынандай мысал келтіреді: ашіч аш + (и) ч «шөңке» деген тұрмыстық тұтынатын құрал мағынасында қолданылатынын айтады. Ас түбірінен туынды сөздер: аса, асату, астық, асқазан, асхана, асыра, асам, ашқарақ, (аскерне баш.), асар, һашар (ұйғ) ұжымдық көмек: үй тұрғызу, мал қырқу, мал сауу, егін жинау т.б. асаба, асадал, аскөк (укроп). Қазақтар ас қайыру, ішкен асын жерге қою, таспен атқанды аспен ат, асына қарап қызын ал деген этнофразеологизмдерді бас-басына атап өтеді [9, б.310 - 314]. Ал, С. Я. Байчоров «Ас этимонының этимологиясы» – деген мақаласында топонимикаға байланысты қарастырады [9, б.279-290]. Тура осы ойға орайлас «Талас (тал + ас)» өзеннің атының этимологиясы төменде басқа бөлімдерде айтылады. Е. Жанпейісов жоғарыдағы Байчоров пікіріне орай Алтын - асар, Жеті – асар, Қос – асар, Томпақ - асар, Қарала – асар, Қара – асар, Сорлы – асар – деп Мәмиев М. «Сыр бойындағы асарлар» сүйенеді де «Аs `пир`, угощениье, званый обед; qalї asqa bedlär oqїsa seni `если беки позовут тебя на пир`; olardїn birisi küdänkä aš ol / sünnät ašї ja to‰ura o‰ul `один из них (пиров) свадебный или же по случаю обрезания или рождения сына` (ДТС, с. 61), куман. аш бäрÿрмäн `я даю пир` (РСл, I, с. 585)» – деп түркі тілдерінде ас көбіне `тағам`, `тамақ` мағынасын беретінін нақты мысалдармен түсіндіреді [7, б.73-75].
Тары. Тарының қауызындай болмай қалды, Астың-жер, болғанменен үстің аспан! (М-Ж. 1 т. – Б. 185). хак., тары «себу», тарығ «егін» мағынасын, тува., тараа «астық, жалпы өнім егін», як., туорах «дән», моғол., тариа «астық, егін», қалм., тәрән «астық, егін» мағыналарында көрінеді тары сөзі ертеде «егу» мағынасын бергендігін жазады. Талқан. монғ. талх «нан» мағынасын, бурят., таряа талхан «егіннің өнімі» деген мағынасы бар (Ә. Нұрмағамбетов. 1990, 111).
Түйін. Жалпы зерттеу көрсеткендей, Мәшһүр-Жүсіп шығармасында ас лексемасының барлығының да семантикалық өзегі `тамақ, тамақтану` болып табылады. Алдына ас келтірді балдан тәтті (М-Ж. ҚШ. 109).
Алма – алмұрт. Бір ағаштың басында Көгертпедің екі алма (Алпамыс, 211); Иа, алма, ол шегелер, яки анар, Жемей-ақ құр иіскеумен мейірің қанар (М-Ж. 2003: 5); Жалпы, алма атауының шығу тегі ал+ма (жарма, қарма салыстырыңыз) -ма көне түркі тілінде сөз тудырушы жұрнақ ал түбір тұлғасы қызыл (алқызыл галстук, алсар т.б.) дегендегі қызыл деген мағынада болуы мүмкін. Осыған орай, «албасты» бөлімін қараңыз. Алмұрт (ал және мұрт) сөздерінен құралғанын байқау қиын емес.
М. Қашқари армұрт: алмұрт – деп жазған [10, б.125]. С.Е. Малов қытай элементтерінің ұйғыр тіліне енгенін, соның кейбірі мынадай: «Например, где же уйгурам на их солончаках знать и помнить название яблока – алма? И вот, у степных уйгуров, живущих близко к г. Сучжоу, вместо тюркского слова «алма» употребляется китайское «сагоза», но у горных уйгуров, проживающих дальше от крупного центра – города Сучжоу, сохраняется это слова «алма». У степных уйгуров, правда, сохраняется слово «алма», но с прибавлением «су» (вода) – «су» алма» – со значением уже «груша». Уйгуры, проживающие близко к Сучжоу, забыли название винограда, оно у них китайское «путо» (кит. путао), а у горных уйгуров виноград по тюркский – «узум» – деп мысалдар келтіреді [11, б.6].
Алмұрт. Бұл сөз «ал» және «мұрт» деген екі сөздің бірігуінен жасалған. Ал сөзі араб-иран және кейбір түркі тілдерінде ашық қызыл деген мағынада жұмсалады (қара: алқызыл). Парсыша алмұртты моруд дейді. Бұл сөздің алдына ал қосылып алмұрт деген сөз жасалған, мағынасы – «қызғылт морут». Кейбір түркі тілдерінде (азербайжан, татар) бұл сөз армурд күйінде айтылады. (Ш.С.) (ҚТҚЭС, 1966: 35).
Түйін. Көне түркі тілінде «алма» бағзы заманнан болған деуге негіз бар. Алматы қаланың көне атауы алма-ты (Шідерті) көне жұрнақ. Ал түбір тұлғасының су мен қаншалықты байланысы бар, материалдың жетіспегендігінен анықталмады. Дегенмен, «ал» түбір тұлғасы о баста «су» деген мағына беруі мүмкін. «Алматы» көне атауы туралы кейінгі уақытта біршама жазылды. Ал түбір тұлғасы туралы албасты бөлімін қараңыз.
Жауқазын. Аршыған жауқазындай аппақ болып, Бұл күнде соның бәрі кетіп қалған (М-Ж. 2003: 221); Жауқазындай (жауқасындай) аршыған аппақ болып (М-Ж. 2003: 134); Ал, тау жуасын, қыр жуасын, тау сарымсағын, кеспеге турап та, шикі күйінде де жеген. Сазды жерде өсетін картоп тұқымдас жаужұмырды (буылтықты) қоламтаға көміп, пісіріп жейтін болған.
Қ. Жұбанов жау жұмыр мен жау қазын (тамырларын жеген, емге пайдаланған) тіркесіндегі жау > jағ (майды жақ) оның үстіне ұйғыр тіліндегі jағ (жир, масло), алтайлық djuv id қазақ тіліндегі жау формасымен тең келеді. Жау сөзі Орхон жазуындағы jағь – враг, қыпшақ формасына сәйкес келмейтін жау етістігі (идти дождю, снегу) жау жұмыр сөз тіркесіне әсер етті деген қисыны келмейтінін айтады [12, б.40].
Б. Қалиев: «До недавного времени значение элемента жау, встречающегося в названиях многих растений, связывали с основным значением этого слова – `враг`. Так, жаужапырақ, по нашему толкованию, состоит из двух слов: жау `враг` и жапырақ `лист`. Соответственно жаушырмауық `ясменник распространенный` – из того же жау `враг` и шырмауық `вьюнок`, жаушымылдық `пион` или `марьин корень` – из жау и шымылдық `полог, занавес` и.т.д» (Сіз өсімдік аттарын жақсы білесіз бе? // Оңтүстік Қазақстан. 1972. 6 октябрь). А.Т. Кайдаров в ряду многочисленных корней-омонимов жау переводит как `масло, сало, жир` и в качестве примера приводит слово жауқазын (<жау+қаз+ын) `горный тюльпан`. Ученый сравнивает этот корень с башкирским яу `масло, жир, сальник` (Структура односложных корней и основ в казахском языке, Алма-Ата, 1986. – С. 213.). То же мы встречаем и в «Древнетюркском словаре»: jaү `масло, жир` (Древнетюркский словарь. Л., 1969. С. 223).
Б. Қалиев: «Если признать что жау наряду со значением `враг` имеет значение `масло, жир`, то наше толкование этимологии слов жаужапырақ, жаушырмауық и жаушымылдық оказывается необоснованным и противоречивым по отношению к третьему названию – жаушымылдық. Первые два вида растений не содержат никаких жиров, что исключает принцип наименования по свойствам предмета. Растение жаужапырақ даже не пригодно для использования в качестве кормовой травы. А у растения жаушымылдық, наоборот, ценится съедобные корни. Исходя из этого, очевидно, можно отнести это слова, пересмотрев его этимологию, к группе таких названий, как жауқазын `горный тюльпан`, жаужұмыр `ферула`, жаупазақ `сорт абрикоса`, жауқияқ `вострец, элимус, телорез`, жаушалғын `волоснец, колосняк ` и др. Первые компоненты этих слов связаны со значением `масло, жир` [9, б.344-345].
Енді, Қ. Жұбанов, Ә. Қайдар, Б. Қалиев пікірлеріне орай осы сөздерге тілдік талдау жасағанды дұрыс көрдік.
Айталық, жаужұмыр, жаубүйрек, жауқазын бұлар түбірлес сөздер. Түбір тұлғасы «жау». Енді «жау» түбірін анықтаймыз. Жау – етістік, жау – зат есім. Жау (враг) дегендегі «жау» логикалық жағынан келмейді. «Жаубүйрек» адамның организмі өзіне жау бола алмайды. Басқасын да солай әжетке жаратуға болады. Ал енді «жау» (жаңбыр) жаубүйрекке қатысы шамалы, демек, жауқазын мен жаужұмырдың түбір тұлғасы «жау» (жаңбыр) байланыстыруға болар еді, бірақ, бұл алдамшы түбір тұлғасы ғана. Оны мына зерттеулер дәлелдейді. О баста түріктер өзін танымай тұрып, қоршаған ортаны таныған. Ол: жаужұмыр мен жауқазын материалдық қажетін өтеген. Логика бұны құптайды. «Жауқазын» мен «жаужұмырдың» түбірін қазып алып, тағам ретінде пайдалануы мүмкін не емге қолданған. Демек, «май» алған. (Тобылғыны отқа қыздырып, әкем тырнағының сөгіліп кеткен көбесіне жағып отырғанын талай көргем). Бірақ, түрік «май» деген атын білмеген, оның орына «жақ» деген уәжін білген. Көзге көрінгені қимыл ғой. Атауы жылдар бойы тұрақталып, айтыла-айтыла «жаққа» айналған. Көне түркілер «жауды» «жақ» деген мәліметтер де жоқ емес. Осы «жақ» жылдар өте кейіннен «жау» ретінде түзілген де, алғашқы мағынасы «жақ» пен «май» ұмытылған. Сөзіміз дәлелді болу үшін былай айтып көрелік: «майбүйрек», «майжұмыр», «майқазын» логика жоққа шығармайды. Кейіннен май > ұмай (отқа май салу т.б.) мифтік және салт-дәстүрлік өріс алғандығын көруге болады. Ұмай бөлімін қараңыз.
Түйін. Бұл сөздердің алғашқы түбір тұлғасын қалпына келтірсек: жақ <> май > жау сияқты тілдің даму барысын, жолын көреміз. Мінекей, осылай көне сөздерің о бастағы түбір тұлғасын табуға болады.
Бидай. «Бидай деп айтшы!» – десе, сарттың «бидай» деуге тілі келмейді (М-Ж. 8 т. – Б. 231). Бидайдай желге ұшырып өміріңді (М-Ж. 1 том: 81); Бидайдың ағашынан жалғыз татсаң (М-Ж. 46);
Ол – біздің жыл санауымызға дейінгі мың жылдықтың орта шенінде, сонау қола дәуірінде өмір сүрген бабаларымыздың мекен-жайларының қалдықтарын зерттеген оқымыстылар олардың бидай, қара бидаймен қоса тары өсіргенін дәлелдеп отыр, – деп жазады («Қазақ әдебиеті» газеті, 1985.). Б. Қалиевтің сөздігін де осы мақсатта ұсынамыз [13, б.6]. Ш. Сейітова «Өсімдікке байланысты тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамасы» халық танымына тереңдеп барғанын көрсетеді [14]. Т. А. Боброваның ботаникалық терминдердің этимологиясын қарастырған зерттеуі көңіл аударарлық [15, б.93]. Е. А. Керимбаев: «Многочисленны оронимы, связанные с названиями растительного мира Казахстана» – деп, өсімдік атауларына қатысты көптеген оронимдерді мысалға келтіреді [16]. Аса қажетті өсімдіктердің бірі – бидай, арпа, тары – дейді Б. Қалиев.
Түйін. Қалай десе де, дәнді-дақыл түркі халқына таңсық болмаған. Көне мәліметтер, қазба жұмыстар ерте уақыттағы ыдыстарды тауып алғанда ішінде бидай, тары т.б. сақталғанын анықтаған. Демек, түркілер үшін бидай тағамның негізгі көзі болған. «ҚКБС» жырының бір нұсқасында Қозы Баянның кеткен жерін айт деп шешесінің қолына ыстық бидайды уыстатып, басады. Осындай ауыз әдебиетінде кездесетін тілдік деректер түркі жұртының материалды тұрмысынан елес береді.
Сүйірік. Қос қанатым, құйрығым, Судан шыққан сүйрігім (Қобыланды, 42 б); Судан шыққан сүйіріксің, Топтан озған жүйріксің (М-Ж. 2 т. 51). Қамыстан қант қардай боп бораған соң (М-Ж. ХБ: 61); Сүйірік Қант пенен бал қосылған нандай еді, Судан шыққан қоп-қолайлы, Баланың Сүйіндікте маңдайы еді (М-Ж. 2003: 329);
Көк түркі халқы алдымен қоршаған ортаны таныған, жете табиғаттың мүмкіншілігін оқып, үйренген. Бала түркі алдымен тамағын ойлаған. Қамыс тамыры «сүйрік» пен «май қоғаны» да жеген. «Қарға тұяқ» аталатын шөл шөбінің тамырын да қазып жеген. Тауда өсетін, дәмі қышқылтым шөпті де сүйсініп жеген. Сүйірік – қамыстың адам жеуге жарайтын ақ түсті тамыр сабағын халық «борық» – деп емес, «сүйрік» – деп, анықтайды ф.ғ.д., профессор Б. Қалиев [13, б.42]. В.В. Радлов: «сÿрÿк – съдобные корни камыша» немесе блый корень куги и камыша – дейді [17, б.797, 816]. Н.А. Баскаков: «süjrük белые корни куги и камыша (их едят); süjrük `молодая поросль камыша` (ККРС, 596), + афф. –ly > süjrükli ~ süjrükgli имеющая поросль камыша» – сөйтіп, қоғанының тамырын қосады [18, б.113-114]. Л. Будагов: кир. сүйрүк, сÿйрÿкъ 1) блые корни куги и камыша (ихъ дять). 2) каз. стрелтяь (от сүйрү) (1869: 650).
Т. Вочак, В. Паповтардың сөздерінің жаны бар сияқты олар жекелеген өсімдік атауларының ономастикаға да қатысы барын жазады: «Главная причина того, что названия отдельных представителей флоры послужили основой для наименования многих географических объектов, была их информационная ценность» – дейді [19, б.172]. Расында да, өсімдік, дәнді-дақыл атауларының негізінде Жидебай, Тобылғылы, Жарма т.б. толып жатқан жер аттары аталады.
Түйін. М-Ж. Көпеев судан шыққан сүйірік, қамыстан қант қардай боп бораған соң – деген тіркестерді білмей қолданып отырған жоқ. Осының өзі-ақ ақынның энциклопедиялық білімінің өте мол болғандығының көрінісі болып табылады.
Кеспе – қыр. кисп (Будагов, 177). Кеспе көже дәмдісі қайта келді, Байеке әшуласын айта келді (М-Ж. ҚШ, 15); Қазақтың тағы бір ұлттық тамағы «кеспе» немесе «салма» деп аталады. Алғашқысын иеленген қамырды жіңішкелеп кесіп жасаса, «салманы» ұннан, тарыдан, күріштен дән салып пісіреді (С.М., 109 б.). Әлімкөже – (еск. қабығынан тазаланған ет қосып айрықша әдіспен жасалған жұмсақ ботқа.). Төңкеріске дейін Түркістандағы Ахмет Яссауидың мешітіне жұма намазынан кейін жиылғандарға әлімкөже беретін әдет болған. Сол асты пісіретін орынды «қазандық» деп атаған, ас қазандары мен асты халыққа үлестіріп беретін астаулар осы күнге дейін сақталған (Оңдасынов, 140). Таган (таған) – треножник, на который ставится над очагом казан (Потанин, 304). Мысалы, М. Қашқари былай дейді: «SARMAШИҚ: кеспенің бір түрі. Қамырды ұсақтап майдалап кесіп дайындайды. Мұны негізінен науқас, сырқат адамдар ішеді» [10, б.585]. Овощты (сәбзені) мал баққан ауылдар сирек қолданған. Олар «тау жуа», қыр жуа» аталатын шөптерді кеспеге турап та, шикі күйінде де жеген. Сазды жерге өсетін картоп тұқымдас жаужұмырды (буылтықты) қоламтаға көміп, пісіріп, жейтін болған. Қамыс тамыры «сүйрік» пен «май қоғаны» да жеген. «Қарға тұяқ» аталатын шөл шөбінің тамырын да қазып жеген. Тауда өсетін, дәмді қышқылтым шөпті де сүйсініп жейді (С.М., 113).
Қонақкөже (қон + ақ + кө + же) арқылы жасалған. Қонақ көже үйге қонуға келген қонақпен байланысты болса керек. Қонақасы мен қанақкөже тығыз байланысты. Өмірімде көрген мейманмын, Қонақкөже ішпестен (М-Ж. 54); Қонақасыларын беріп ертең таң атқан соң бәрін үйге шақырып (М-Ж. 2 т, 67); Алдына ас келтірді балдан тәтті (ГШ, 109); Қонақ сөзі мынандай мағына береді дейді Л. Будагов: «тур. тат. арапша конакъ (отъ) осм. `гость`. алт. конокъ, монг. хонокъ сутки, жизнь. Кавказдықтар қонақтар үшін дайындалған үйді «кунахскій» – деп атайды т.б. бірнеше мағынасы бар [20, б.94-95].
*Көже – «жидкая похлебка» – деп екінші компонентіне Ә. Т. Қайдар түсінік береді (Қайдар, 252). Көжені қазақтар қайнатқан суға бидай, тары не ұн салып ашытады. Сүт қосылмаған қатықсыз «қара көже» – деп аталады. – Ұрғашының асыққанды алдап жөнелту үшін даяр сый асы болады ғой, – деп, отызына табаққа салып екеуара жент қойыпты (М-Ж. 9 т. – Б. 73). Же тұлғасы «жем» және «жент» сөздерінің құрамында анықталған сияқты.
Түйін. Ас көптеген түркі тілдерінде `тағам` деген мағынаның орнында жүреді. Ас деген бөлімді қараңыз. Бірақ, кейбір жерлерде қонақасы деп өлген адамға арнап кешке беретін асты да айтады. Қонаққа беретін тамақ «қонағасы» деп аталады (С. М., 112 б.).
Қуырдақ.'>Қуырдақ. Исіндей қуырдақтың мұрын жарып! (М-Ж. 52). Қазақта: қуыр, қуыр қуырдақ, қуырдағыңды ит жесін желке мойныңды бит жесін – деген этнографизм ежелден бар. Қуырдақ пен қуырмаштың шығу тегі бір. Қуыр түбірінен өрбіген туынды сөз. Қуырдақ деп еттен жасалған тағамның түрі. Л. З. Будагов: «коурмакъ =қаұрмқ тур. қуырмақ кывырмакъ (= тат. қабрмқ засучить, закрутить (усы), завить, подрубить, құрға кывырджынъ, кудрявый, курчавый (что также құры кывры); баранъ съ короткимъ хвостомъ, букли, завитые волосы, крутить нитку» – деп көрсетеді [20, б.78]. Ал, қуырмаш деген көбіне (дәнді-дақылды) қуырып, дайындау. М. Қашқари: «қоғурмач ~ қовурмач ~ қомач ~ (қуырмаш – А.Қ.) «қуырылған бидай» – деген анықтамасын береді. Қазіргі ұйғыр тілінде қоғурмач – қомач бәлендей өзгеріс жоқ. ҚКБС жырының Тверитин нұсқасында: «Попросил он мать однажды Для него курмач* сготовить. Та, без словисполнив просьбу, Позвала его покушать» – деп аударған [21, б.52]. Курмач* – деп қуырылған бидайды айтқан.
Кумачъ – кумачъ блый хлбъ, булка; хлбъ испеченный подъ горяей золой (кмаш Вамб.). ақ нан, бөлке, күлге пысырылған нан (пәтер), өздері үшін жақсылық тілесін деп моллаға нан апарып береді екен, бұл – Сүлеймен пайғамбардан келе жатқан дәстүр. Аңызда: құс өзінің иесіне балапандарын жеп қояды деп жалынады. Содан періште пайда болып дөңгелек нан (күлше) әкеп береді. Күлшені сүт, май, қант, жұмыртқа қосып пісіреді. Оны кептіріп, бір жыл жейді, тіпті малға да береді (Будагов, 163), (Транслитерация жасаған – А.Қ.)
В уйгыроведческой литературе, посвященной этимологизации второго компонента -мач в именах типа қомач `зажаренная пшеница`, көмәч `испеченная в золе лепешка`, также утверждается, что он восходит к слову аш `еда` (Садавкасов Г. Һазирқи заман уйғур тилида қошумчилар арқилиқ исим ясаш // Известия АН КазССР. Сер. филол. и искусств. 1957. № 2 (7). С. 9). Так, в «Уйгурско-русском словаре» указывается, что современная форма слова қомач состоит из компонентов қорума и аш (Уйгурско – русский словарь / Под. ред. Ш. Кибирова и Ю. Цунвазо. Алма-Ата, 1961, С. 247).
Т. Талипов -мач аффикснің түркі тілдерінің көбінде сөз тудырушы жұрнақ ретінде жұмсалатынын Х. Алимуродов зерттеуіне сүйеніп өз ойын қорытады. Э. В. Севортян считает, что «образование имен на -мач, начавшееся еще в древнюю пору, продолжалось и в историческое время, причем в более близкие периоды производные создавались от глаголов» (Севортян. С. 359). Однако не все образования на -мач ученый относит к числу отглагольных имен. По его мнению, «межтюркское қовурмач `жареная пшеница` нельзя объяснить из глагола қовур- `жарить`, а необходимо иметь исторические сведения об основных видах пищи у разных тюркских народов и об ареалах их распространения, откуда можно получить разъяснения для қовурмач» [9, б.227].
Қазы – казы лошадиный брюшной жиръ, киргизская колбаса (начиненная конинымъ ребромъ) қазы қабырға кониное ребро съ жиромъ (Будагов, 15). Казы и карта - род колбас из конины (Потанин, 1972: 359). Кир. алт. арабша казы, лощадиный брюшной жиръ, киргизкая колбаса (начиненная конинымъ ребромъ), қазбаұ қабырға кониное ребро съ жиромъ (Будагов, 1871: 15). Анайдан – Жолшара, бұл да қазы болған (ҚШ, 29); Ата қаз (құс), қазы (билік жүргізуші), қазы (тағам) сөздері байланысты болуы мүмкін. Бұл тұлғалар май > мифтік ұмайға апарады. (Транслитерация жасаған – А.Қ.).
Сүр. Жалғыз-ақ ескі қатқан сүр ет бермеңдер! Шегі аман. Қатқан сүр ет берсеңдер, шегі жыртылады (М-Ж. 9 т. – Б. 125). Құрт пен май, сүрленген ет, қымыз келді (ҚШ, 25); Сүр // сәуір байланысты сияқты. Өйткені М. Қашқари: IAZUҚ иазұқ: сүр (сүрленген) иазұқ ет – күз кезінде әртүрлі татымдылықтар қосып кептіріліп қойып, көктемде жейтін ет дейді (М-Қ. 3 том. 26). Демек, сүр > жазғытұрым жейтін ет. Академик Ә. Қайдардың біз келтіріп отырған пікірге қосымша мынандай мәлімет береді: «Дело в том, что в условиях кочевого образа жизни раннего казахского общества, когда отсутствовали холодильники, морозильники, вяленье считалось удобной формой хранения сырой мясной продукции» – зерттеуге қатысы байқалды (Ә. Қайдар, 288).
Түйін. Сүр мен өмір сүру тіркесіндегі сүру түбірлес деп ойлаймыз. Сүр > `ұзақ уақыт, жазғытұрым, сәуір` деген мағыналары бар.
Ұша. – Уай, байғұс, енеңнің қанжығасында саған алып келе жатқан оша мен төсі бар! – депті (М-Ж. 6 т. – Б. 110). Біреудің төсін жесең ұшаңды сайла. Ұшаны көне түріктер тек қана қадірлі қонаққа: ханға, ақсүйектерге ғана тартқан. Ұша – уча малдың бөксесі (М. Қашқари I том: 144). В. Радловтың сөздігіне көңіл аударсақ: «1) Задокъ, крестецъ, спина (у животныхъ и людей). Көне түркілерде бұл бөлігі ең қадірлі тамақ болған. Онымен хандарды, қадірлі қонақтарды сыйлаған. Сібір қорғандарынан өлген адамның қасынан оларға қойылған тамақ ретінде малдың ұшасын (бел омыртқасын) тауып алған. Бұдан біз түріктер үшін ұша ең қымбатты тамақ екендігін көреміз. Алтайлықтар құдаларына қойдың пысырылған артқы санын тартқан (Радлов осылай жазған, негізінде сүбесі мен құйрықтың тұтас алынған бел омыртқа – А.Қ). оны «ұча»» – деп атаған (В. В. Радлов. I том, часть 2: 1722). Бір мағынасы: «Уча – спина» (Будагов, 797).
Маңғыстау қазақтарының тілінде ұша қойдың сүбемен, құйрық тұтас алынған бел омыртқа (Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев, 1979: 70). Ұша туралы мәліметті (ҚСЭ, 1997: 361; ҚТФС, 1977) таба аласыз. Үшә – ұша (филейная часть баранины) Р-К. сл. 1897, 225; Мысалы: аұш (ÿчь) (Будагов, 797). Үш: жаулық; Үшем: бір саулықтан туған үш қозы (С. Аманжолов, 436). Қазақ тілінде үш сан есімі тұтастық пен бірліктің кепілі болған. Үш саны мифтік ұғымға дейін барған. «Ошақтың үш бұты» сияқты тіркес те қалыптасқан.
Түйін. Қазақ тілінде ұша – қойдың сүбесімен, құйрықпен тұтас алынған бел омыртқа. Тат. куюмчакъ, кость между хвостомъ и курдюкомъ барана – деп түсіндіреді сөздікте (Будагов, 99). Будагов құйрық деген сөздің көптеген мағынасын берген соның бірі – курдюкъ (1871: 52). Ұша > сүбе > құйырық > омыртқа > үш.
Жөргем: Тек Жетісудағы Найман рулары ғана табаққа «жөргем» деп аталатын ащы және тұщы ішектердің өрілген бір бумасын, қарын, өкпе, жүрек сияқтылардан бір-бір тілімін, алдыңғы және артқы үйітілген сирақтардың бір-бірін табақтың алды-артына қояды (С.М., 108 б.). Жүргенге жөргем ілінеді (Мақал) малдың ащы ішегі мен тоқ ішегін жуып тазалап, тұздағаннан кейін оны айналдырып, тағы бір рет сумен шайқайды. Қазанға салып асуға қолайлы болу үшін ішектерді өткермелеп өреді. Ащы ішек жіңішке, әрі өте ұзын болғандықтан, оны тоқ ішек секілді жалаңқабат өре салмай, бірнеше еселеп шумақтың белінен айналдыра шаншып орап, ішектің ұшын бекітеді. Жөргемді асуға да, турап қуыруға да болады. Майға қуырылған жөргем дәмді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |