МӘШҺҮр-жүсіп шығармаларының этномәдени аспектісі 5 Том



бет15/19
Дата09.06.2016
өлшемі1.59 Mb.
#124255
түріМонография
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

«Айырқалпақ», тоғызыншы атасы. Жалпы ауызша жеткен шежіреде аталар саны ауысып келе береді. Бұл – шежіреде де Айрықалпақ бірде тоғыз, бірде он сегізінші атаға дейін барады. Хазірет Ғакаша сахаба Ан хазіретініміздің 17 орында туын көтерген еді. Мұнан сүйікті сахабасы болған жоқ еді. Ғакашаның баласы – Зайырмардан. Зайрмарданның ұғлы – Мәлік. Мәліктің ұғлы хазірет Әнес (Анас) сахаба атамыз. Хазірет Әнестің ұлы – Мағаз. Мағаздың ұлы – Жабал. Жабалдың ұлы – Сеһил (Сейіл). Сеһилдің ұлы – Ақшолпан иалан Аққурай. Ақшолпаны қазақ: «Ақша хан» – деп те айтатын болса керек. Аққурайдан – Сейілхан, Жайылхан туды. Сейілханнан – сегіз арыс Түрікпен туды. Жайылханнан – Ақкелімбет, Ақкелімбеттен Майқы туды. Үш жүздің түп атасы – Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» – деген сөз тарихтарда қалды. Майқыдан – Аламан, Аламаннан – Алаш туды. Алаштан – Өзбек пен Сыбан. Сыбаннан – Айырқалпақ, Өзбектен – Қарақалпақ туды. Айырқалпақтан – Қазақ, Қарақалпақтан – Созақ туды – дейді Мәшһүр-Жүсіп. Бір де Майқы биден: Үшкіз, Сапиаз, Өзбек. Сарттан қыз лаған шаһарда қалған – Сапиаз, одан Айырқалпақ [34, б.74-84].

«Жанарыс», Орта жүздің жетінші атасы. Мәшһүр-Жүсіптің «Шежіре өлең» – деген шығармасында:

Бесінші атаң – Құтан бай, аты шыққан,

Алтыншы – Қаракелімбет: дәулет жұққан.

Жетінші атаң – Жанарыс – Орта жүздің,

Сегізінші – Қарақалпақ еркін ұтқан


– дейді. Ноғай Ормамбет, бірде Орманбет хан (ХIV-ХV ғ. – А.Қ.) ислам дінге дағуа айтып... әуелгі ұлының аты – Ақарыс, ортаншы ұлының аты – Бекарыс, кіші ұлының аты – Жанарыс. Енді бір шежіреде: Ақкөсе – екі ағайынды кісі: інісі – Мәлік. Мәліктің баласы Әнес жетім қалып, пайғамбарға басыбайлы жұмыскер болып, алғысты көп алған. Әнестен – Жабыл, Тұрақ, Жабылдан – Мағаз, Мұрат. Мағаздан – Бұхарбай, Сейіл. Сейілден – Ақшолпан, Аққурай, бұлардан – Аламан. Аламаннан – Алаш, Алаштан – Сейілхан, Жайылхан. Сейілханан – сегіз арыс Түрікпен. Жайылханнан-Майқы. Майқыдан-Өзбек, Сыбан. Сыбаннан – Айырқалпақ. Айырқалпақтан – Қазақ, Созақ. Созақұлы – Қарақалпақ. Қазақтан: Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Орта жүз Жанарыстың баласы Қарақожа, Ақтамқожа, Ерқожа, Момынқожа, Смағұлқожа, Құнымқожа. Бұл алтауын Орта жүз дейді. Жанарыстың үлкен ұлы Қарақожадан-Ақжол-Арғын-Құтан – деп таратады. Ақарыс – Ұлы жүз; Жанарыс – Орта жүз; Бекарыс – Кіші жүз [34, б.74-84].

«Жоламан», қалмақ батыры. Мәшһүр-Жүсіптің жырлауындағы «Сайын» батыр жыры қалмақ пен қазақ арасындағы соғысқа арналған. Сайын батыр, Қобыланды батыр қалмақ батырлары Еламан мен Жоламанға қарсы соғысады. Жоламан да құралайды көзге атқан мерген, батыр екен.
...Қалмақтың жатқан шәрінде,

Екі батыр бар екен,

Бірінің аты – Жоламан,

Бірінің аты – Еламан...

Осы қалмақ батырларымен ұрыс сап, Сайын батыр жеңеді:
...Қалмаққа мүскіл туып жүр,

Елеман мен Жоламан,

Алады деп жұртымды,

Осы қалмақ сасып жүр ...


– деп суреттеледі [12, б.215-264].

«Ер басына тоқсан жесір елшілерге берілген сый» – Мәшһүр-Жүсіптің «Қалдан Шерен өсиеті» – деген әңгімесінен алынған. «Ер басына тоқсан жесір елшілерге берілген сый» мынадай жағдайға байланысты айтылған. Қалмақ пен қазақ қатты соғысып, қазақ жеңіліп, қалмақ ханы Қалдан Шерен көп жесірін, малын алып, ойсырата жеңген екен. Қалдан Шеренді – Құба қалмақ атаған. Қарабас деген қатыны, Ежен деген жалғыз ұлы болған. Сөйтіп, Қалдан Шереннің артынан қазақ елші жіберген. Сонда Қалден Шерен маған сөйлесуге жаралық біреу бар ма екен деп, Қатсабан қатынын көріп келуге жіберіпті. Қатсабан қатын сөйлесуге жаралық төрт кісіні алып келіпті: Балтакерей Тұрсынбай, Қаз дауысты Қазбек, Шақшақ ұлы Жәнібек, Айдабол баласы Тайкелтір екен. Қатсабан бұл төртеуіне де жақсы баға берген екен. Сөйтіп, сөзге тоқтаған Қалдан Шерен «ер басына тоқсан жесір» қарызсыз беріп қайтарған екен. Бұл – «Ер басына тоқсан жесір елшілерге берілген сый» – деп тарихта қалған [31, б.46-50].

«Байғана мырза» – өлең шумағы. Жаңабатырдан, Жанақтан соң [Күлік-Наурыз-Шобалай-Жаңабатыр-Қосақ], Қосақ баласы Торсықбай (Тұрсынбай) ескі законда он жеті жыл болыс болды, Айдабол-Күлікке ақсақал болуға жарады. Онан соңғы «Би баласы» деген атпен қалды, өсіп-өнген. Көптікке келгенде, Күліктің қақ жартысы болуға толық жарайды. Шобай-Шобалайдың Шобайынан-Жаманқара, Байтөбет, Ақай балалары – Санмырза, Бекмырза. Санмырза балалары – Байғана, Тайғана, Мешітбай, басқа туысқандары да толып жатыр. Байғанасы – «Байғана мырза» атқа ілінген. Байғана мырза Түркістан шаһарына бес еркек қой сатуға қой айдап барған, көтеріп түгелімен алушы шықпаған. Сонан соң, Байғана мырза айтқан: – Аузын ұрып, аяғын сыпырған жарықтығымды құт-берекесін қашырып, һәр сартқа бір жұлмалатқанша, әзіреті Сұлтан әулиеге берейін, – деп көк күмбезге апарып, қожаларға таратқан. Қызылжарға базарға жаңа жәрменкеге ту тіккен. Байғана мырза Қызылжар жәрмеңкесіне ат айдап апарған екен, жолда Абылай нөкері кездесіп, ырым қылайық, жолымыз болар деп, тамақ сұратқан екен. Байғана мырза: «Хан деген жұрттың қазығы, қараша деген азығы» деп, Абылай ат пен азықтан тарықпасын деп, әлгі ат-матын түгелін беріп жіберіпті. Бұған Ақбура-Қара Алтайдың баласы Қарқынбайға Көтеш ақынның айтқан мына сөзі дәлел:
Қара Алтайдың баласы – Қарқынбай-ды,

Мырзалығың Байғананы алқымдайды.

Үкілі піспек болғанда, күмісі ожау,

Жиын сайын сабасы жарқылдайды.


Мінекей, Көтеш ақынның бір ауыз өлеңі тарихта Байғана сияқты мырзаның болғанын жоққа шығармайды [31, б.240].

«Әбен» – болыс. Мәшһүр-Жүсіптің жазып алған. «Шөженің Жолшараға айтқан өлеңінде» Әбен болыс туралы айтылған. Шөже Жолшараға сөзге тоқтап, сен түгілі маған Асаубайдың баласы Әбен болыс та, үстіндегі шапанын шешіп берген еді – дейді. Сол айтыстан үзінді:
Асаубайдың баласы – Әбен болыс,

Үстінен о да берді шапан шешіп ...


– дейді. Әбен болыс кезінде елді аузына қаратқан, тілге шешен, Алшынбаймен замандас адам болған. Шөже Алшынбайға өлердей тиісіпті, содан болмаған соң Жолшара бұған қайыр беру жарамайды деп қайыр бергізбей қойған екен. Ал, енді тағы бір нұсқасында алдыңғы екі жол сақталған.

Шөже өзінің сөзінде:


Алшекем туған ұл мырза Жүсіп,

Шөже келді алдыңа құстай ұшып.

Асаубайдың баласы Әбен болыс,

Қара шұға шекпенін берді шешіп


– деген екен. Алшынбайдың ұлы Жүсіп ел ішінде жақсы атанған, мырза жігіт болса керек. Қолы ашық, елге жайлы мырза Жүсіп туралы қалың ел де құлақтанған болуы керек, Шөже соны айтып, қайтсе де бір ат мініп кетпекке бел байлайды. Тіпті, Тәттімбеттің өзі бір ат берген еді дегенді де өлеңге қосады. Құнанбайдың құдасы Алшынбай осал адам болмаса керек, ақылымен, парасатымен ел билеген кемел адам екен. 1826 жылы 46 жасында Айбике – Шаншар болысын басқарған. Патша үкіметінің старшина, поручик шенін алған. Анна лентасына тағылған алтын медаль алған [36, б.44, 37, б.258-261].

«Жұлма» – адам есімі. Күліктің бәйбішесінен – Тілеуімбет, Наурыз, Дәулет; тоқалынан: Ғақыл, Сексен. Кейде Өтепберді, Даниярды қосады. Тілеуімбеттің он бес ұлы болған. Ең үлкені – Аспантай, мұнан тұқым жоқ. Онан соңғысы – Амантай. Мұның балалары: Қарашек, Айтқожа, Жаңабай. Бір баласының аты – Күнту. Мұнан Жақсы Жанайдар, Мұнан – Өтеміс абыз. Жанайдардың тоғыз ұлы болған – бәрі өсіп-өнген. Екі немересінің аты – Бесім, Қойтан. Қалмақтармен қатты соғыста екі немерені: Бесім мен Қойтанды сары атты Сексен батыр алып шыққан. Осы Сексеннен: Рай, Райымбек, Қараша, Базар. Көтеш Райымбекұлының жырларына арқау болған:
Арғы атамды сұрасаң, Сексен: Жұлма,

Райымбек Сексеннен туған ұл ма?

Райымбек дейсің де, Райды айтпай,

Райымбек би болса, Рай құл ма?


– дейді. Көтеш өмірбаянын, ата-тегін Мәшһүр-Жүсіп былай жазған: «Ақыл: Сексен Сексеннен: Рай, Райымбек, Қараша, Базар, Райдан: Айдар, Көтеш ақын, Құлбай. Айдардан – Кәмен, Тентек, Құлбайдан: Көсеміс, Тілеміс. Көсемістен – Байғозы, мұнан – Ризат. Көтеш ақынның тұңғышы – Қыстаубай. Қыстаубайдан – Игілік. Мұнан: Құтанбай. Иманбай – үш ағайынды. Омбыдан әрі патша құдығында, Омбыда тоқсан шақырым жер. Балдың бәйбішесінен – алтау, тоқалынан – алтау. Бұқабай баласы – Жүсіпбай-Мажира қатыннан туған. Мұнан туған баланы Сатылған: Әбдірахман асырап алып: «Соның баласымын» – деп кеткен. Көтеш ақынның Сабаз дейтұғын бәйбішесі: «Бір қоңыр шұнақ қойдан – жеті қотан қой өсті» – деген». Көтеш ақын туралы мәліметтерді осы томның мына: 308-309 беттерінен оқи аласыздар [36, б.18, 308-309, 32, б.14, 59, 115].

«Зертең» – аурудың аты. Зертең көне мал ауруының түрі. Түбір тұлғалы сөз зер арқылы жасалған. Зер – п. [زر зәр: 1. золото; 2. деньги; 3. богатство, состояние] – 1. золото, богатство. 2. позумент-тесьма, обычно шитая золотом или серебром; галун. Зербарақ (зер + парақ) кілемді атайды. Өр+тең, зер+тең сөздері -тең қосымшасы арқылы жасалған. Аурудың алтын түстес сары-қызыл болғандықтан зертең – деп аталуы да мүмкін. «Зертең» туралы деректің аздығы байқалады [20, б.121].

«Жүсіп» – молда. Жүсіп молда бұл – ақын Мәшһүр-Жүсіптің өзінің бейнесі. Көбіне ақынның айтыстарында ұшырасады. 1899 жылы жазылған «Мәшһүр-Жүсіп пен Ғалы Күзембайұлы айтысқанда» – деген айтыс өлеңінде тек қана Ғалының бейнесі ғана емес, Мәшһүр-Жүсіптің де образы жақсы ашылады. Мысалы:
Бісмілласыз басталмас Әмір – зибал!

Өнерің болса, жастықта қимылдап қал!

«Жығылсаң, нардан жығыл!» – деген сөз бар,

Ақынға молда Жүсіп салдық шеңгел


– дейді Ғалы Күзембайұлы. Молда – деген діни оқыған білімі бар, тек қана бала сүндеттеген кісіні ғана молда демеген. Бұл – көбіне Кеңес дәуірі уақытында кемсітушіліктен шыққан сөз. Дамолда – үлкен молда білімі терең адамды айтқан. Мәшһүр-Жүсіп те ел ішінде ислам дінін насихаттап, табибтік білімі болған соң адамдарды дұғамен емдеп, жазып жүрген. Молда – деген үлкен лауазым болған, ондай атаққа екінің бірі жете бермеген. Әрине, уақыт өте келе бұл сөздің мағынасы да, мәні мен мазмұны да басқа сипат, басқа бітім болмыс алды [9, б.279].

«Балқұн» – хан аты. Мәшһүр-Жүсіптің он тоғызыншы бабы: «Басқа патшалар, жомарттар, әулиелер» – деген дастанында ұшырасады. Хасен, Хұсайын заманынан бері Фатима, Заһира, Ғайша аналарымыз өткенін, тағы да әулие Ғауинт, Алағзам, Нақшыбанды, Баһауаддин, Қожа Ахмет т.б өнегелі істерімен аттары тарихта қалған көптеген есімдердің жақсы жақтарын, қылықтарын, білімдерін атап өтеді де патша Жамшит, Баһыраб, Балқұн, Фарзуз, Баһадүр Рүстем, Зымак, Сахып қыран, Қаһарман: Дәл мен Зәл т.б. бейнелерін жан-жақты суреттейді.
Әнбия, әулиеден бірі қалмай,

Дүниеге бәрі де өтті назар салмай.

Патша Жамшит, Баһыраб, Балқұн, Фаруз,-

Зор еді заманын да олар қандай?!


– деп, зор патшалардың бірі болған Балқұн бейнесін ерекше бейнелейді [29, б.167].

«Мешін жылы» – жыл қайыру. Мешін жылы, октябрь, қыс басында, Ұзармаған өмірдің қысқасында (М-Ж., 62); Күлтегін қоң йылқа, йіті йігірмеке учды. Токузынч ай йіті отузқа йоқ ер т:түртіміз. Барқын, бедізің, бітіг таш (ын) бічін йылқа, йітінч Ай йіті отузқа қой алқады (м) ыз. Қоң йылқа (қой жылы), бічін йылқы (Күлтегін); Түркі тілдес халықтарда мешін, мәчін, мечіні, бөчін, пічін, биджән т.с.с. болып айтыла береді. Зерттеушілердің көпшілігі мешінді әр түрлі маймұн (араб), раковина (Шимкевич), божья корова (Смайлович), (бір кічік аламәджек) ставрополь түркімендері түсіндірген, многоножка (Седельников), слизняк (кілегей) не бицин–злой дух (жын) (Радлов) т.б. түсініктеме берілген. Телеуіттердің ұғымында мешін мағына жағынан қазақтың «мешеліне» жақын. Кир. мэшинъ, алт., мсчінъ (сродно съ монг.) обезьяна. Тур. мешинъ, барания кожа (выдъланная) (Будагов, 235). Қазақтар да адамға қатысты мешел – дейді. Мешін мен мешіл мағынасы жуық мәндес сөздер ме дейміз. Мешіл – mäšүl: bü bünja iši gIldI mäšүl дела мира сего занимают меня (Құтадғұ біліг) (ДТС, 339) (Жанпейісов, 86). «Мешелдің» арғы түбі «мәсіл» (масыл) болу керек – дейді Искаков. Индонезияда өмір сүрген адамдарды азып кеткендер «орман адамдары» деген. Ә. Қабаев соңғы кезде «қар адамдары» дейтін айтылып жүргенін жазады. Мäшін – выдланная баранья кожа, марокинъ немесе мешін – 1) мешін jыл годъ обезьяны; 2) наскомое, плавающее на вод, слизнякъ (1911: 2115).



Түйін. Мешін мен мешел сөздерінің байланысы бар сияқты. Бірақ, мешін не екендігі әлі анықталмады. Мұның ішіндегі Л. Будаговтың іреп алынған қой терісі деген болжам сәл де болса, жуық келеді. Мүмкін мумия (өлген адамның сақталуы) болуы, бірақ, бұл тек қана жорамал. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев мешінді жыл ауысуының бірі деп есептейді. Мешін жыл атының бірі болса, наурыз күн мен түннің теңелген айы жылға жатпайды [7, б.139, 22, б.2115].

«Сәлем ету» – дәстүр. Алтынбас қарияға сәлем берді, Хабарын ғашық жардың сұрайды енді. (Мәшһүр-Жүсіп., 142); Сәлем – сөзі о баста еврей тілінен ауысқан. Еврейше шалом (шалум, салум) «бейбітшілік, татулық», ла, шолом алехем! – «тату болыңыз!» – деген сөздер. Кейін бұл сөз араб тіліне ауысып, онда алғашында тек тыныштық, хауіпсіздікті білдірсе, кейін аман-есендікті білу, амандасу мағынасында қолданылатын болған. Осы мағынада бұл сөз түркі тіліне енген (Золотницкий. Корнев, чув. рус. сл. 204-213; Skeat. An Etym. Dict. 532). (Н.Қ.). Сәлем – зат. 1. Біреуге жеке өз атынан не қоғам атынан достық сезіммен білдірген жақсы тілек, амандық, саулық (ҚТТС, 253). СӘЛЕМ а. [سلامсәлам: 1. мир, безопасность, благополучие; 2. привет, приветствие; 3. гимн] – 1. привет, приветствие (Рүстем., 254). Амандасу сөзі қазіргі әдеби тілімізде «сәлем беру, сәлемдесу, амандық сұрау» – деген мағынада қолданылады. Сонымен қатар, ескі әдеби нұсқаларда амандасу сөзі «көрісіп сәлемдесу» мағынасында да жиі жұмсалған:


Жіберді тарту қылып тоғыз адам,

Қамбарға қайтыңдар деп амандасып.


Амандасу сөзі ертеде екі мағынада: бірі – қоштасу, қош айтысу; екіншісі – амандасу (сәлемдесу) жұмсалған [23, б.142, 13, б.170, 19, б.253, 20, б.254, 67, б.34-35].

«Ұстаз» – білім, тәрбие беруші. В. Радлов: Уста استاذ 1) ремесленникъ; 2) кузнецъ; 3) мастеръ, начальникъ надъ рабочими; учитель, профессор; хазяйка гостиницы – деген жалпы алты мағынасын көрсетеді (1893: 1749). Ұста а .[ استاذ остаз: 1. учитель; профессор; 2. мастер; 3. искусный] – 1. кузнец. Ұстаз п . [см. Ұста استاذ] – учитель, наставник (Рүстем., 285). Ұстаз: Ақылшы, тәрбиеші, үйретуші (АТС., 664). ҰСТАЗ зат. Мұғалім, ақылшы, басшы, шәкірттің жетекшісі (ҚТТС., 422). Ұстаз сөзінің түбір тұлғасы ұста (аң ұстау, тұзақ құруға үйретуден) шығуы мүмкін. Ұстаз ~ бақсы ~ абыз бірімен-бірі семантикалық жағынан тығыз байланысты. Мәшһүр-Жүсіп өзінің сүйікті ұстазы Қамариден қазірет туралы:
Ілтипат көп жақсылар келіп еді,

Шарапат ұстаз пірден жетіп еді.



Ұстазым Қамар қазірет сүйгендіктен:

«Уай, құзғын-ай! деуменен кетіп еді


– дейді [43, б.123, 19, б.422, 20, б.285, 18, б.1749, 21, б.664].

«Төркін» – қыздың туған жері, үйі. Жұрт жиылып қалды, төркіні де аралас-құралас екен, құн сұрады. Сонда төркініне таңдау берді. (Мәшһүр-Жүсіп., 71); Төркіні жақынның төсегі жиылмас. Өзі болған қыз төркінін танымас (Мақал). Төркін сөзінің жалпы халыққа аян негізгі мағынасы күйеуге тиген қыздың ел-жұрты, туған-туысқаны. Сондай-ақ, ол «бір нәрсенің негізі» деген ауыспалы мағынада да қолданылады. Осы екі мағынаның екеуі де бір нәрсенің шыққан тегін, өніп-өсуін, тұқым-тумасын аңғартады. Осыған байланысты қазақ тіліндегі төркін, қырғыз тіліндегі төркүн (әйелдің туған-туысқаны), қарақалпақ тіліндегі төркин (келіннің туыстары, әйелінің туып-өскен жері; әйелінің шыққан тегі), ноғай тіліндегі тоъркин (әйелдің әке-шешесінің үйі); монғол тіліндегі төрхөм (төркін), сондай-ақ төркіндеу, төркіндету, төркіншіл, төркіндес т.б. тәрізді сөздердің негізгі түбірі төре-//төрә-//төрі – деп жорамалдауға болады. Өйткені, бұл сөз түркі-монғол тілдерінде жеке-дара айтылып, «туу, өсу, өмір сүру, жаратылу, тіршілік ету, дүниеге келу» деген мағынада жұмсалып жүрген дербес етістік түбірі. Мысалы, қазіргі ұйғыр тілінде төре – «туыл, дүниеге кел; жаратыл», осман түріктерінің тілінде тура-//тора – «дүниеге келу»; өркендеп өсу, көбею» (Радлов. Опыт сл. III., 1558), монғол тілінде төрөх – «туу; өмір, тіршілік ету, өмір сүру» деген сөздер жеке-дара айтыла береді. Төркін сөзінің төрә-//төрі сөзінен жасалғандығын Л.З. Будагов та айтады (Ср. сл. тур. –тат. нар. I, 390). Төркін сөзінің құрамындағы екінші морфеманы (-кін) тіліміздегі етістік түбірінен зат есім тудыратын -кін (-қын, -ғын//-гін, -қан//-ған, -кен//-ген) жұрнағы деп танимыз (мысалы: ұш-қын, көш-кін, тұр-ғын, тос-қын, сүр-гін тәрізді). Төркін сөзінің түбірі (төр) жіңішке болғандықтан оған жұрнақтың да жіңішке (-кін) варианты жалғанып тұр... (Ә. Қайд.). М. Қашқари: төркун – Қыз төркуніге кәлді – деп жазған (МҚ., 185). Будагов: möргöнъ – родители и вс роственники замужней женщины (такъ называются они по отношенію къ ней самой и ею самою), төркіндемек хатъ (молодая женщина) къ своимъ ордителямъ (что бываетъ черезъ годъ по замужеств, или же по рожденіи первого ребёнка; родители или бартья длають ей при этомъ посщеніи подарки), төркіндеу детъ къ родителямъ на поклонъ (что не всегда бываетъ имъ пріятно, и пріёмъ замужней дочери нердко совершается очень холодно); въ алт. möрöгöнъ – также значитъ родственникъ, сродной, сородичъ т.б. (1869: 390). Тарихи мәні бар бұл – деректі көне орыс графикасымен жазып отырмыз. Біздің ойымызша: төркін мен төре сөздерінің о бастағы шығу тегі бір сияқты [30, б.71, 26, б.1556, 24, б.390, 13, б.188-190, 25, б.185].

«Қалың мал» – дәстүр. Қалың, қалың мал. Мағұлым, Жәми Мұса ұғлы Шормановтар Қалыңсыз, дәнеңе алмастан қызын берді (Мәшһүр-Жүсіп., 64); Ерте азиат болғанмен алымсызбын, Әйел болсам, құн, пұл жоқ қалыңсызбын (Мәшһүр-Жүсіп., 79); Мынауы да қалыңмал беруге қожаны қызықтыра бастағанда қой бағып жүрген Төлек атай қойшыларға айтқан екен... (Мәшһүр-Жүсіп., 41). С.Толыбеков: Несомненно. По своему происхождению калым был оплатой за девочку, продоваемую в рабство. ... Казахский калым, будучи одним из признаков патриархального рабства, распространялся на всю женскую половину кочевого общества (1971: 288). Г. Тверитин: калым – выкуп за невесту (Тверит., 118]. Л. Будагов қалың – калым- приданое или выкупъ за невесту и.т.д. (Будаг., 23). тат. قالمқалм, қалымъ кир. алт. قالنك қалын, قالن مال қалы мал 1) калымъ простирается отъ воза дровъ или сна до 3000 р. сер. и болъе. 2) алт. қалын قالنك плата въ извстную цнность, стоимость, цна товара, выкупъ (Будаг., 23). Л. Будагов тат. калынъ өз мәніндегі қалың (толстый) үйленерде жігіт жақтың жіберетін ақшасы демек осы қалың (толстый) қалың (қалың мал) (ақша) мөлшері, дж. қалың=коверъ – деп түсіндіреді (Будаг., 25). б.) Демек, қалың (толстый) ақшаның мөлшері кез келген берілетін заттың мөлшері қалың деп есептелген. Ал, қалың мал кейіннен малдай берілген. Сонымен қалыңның екі түрі қалыптасқан. Соңғысы алғашқының атын иеленген сияқты. Қалың бермей (не давал калыма). По обычному праву, при сговоре между отцами жениха и невесты состовлялось условие о размере калыма и сроке уплаты его. Обычно калым уплачивался в несколько сроков. Это было вызвано необходимостью отдавать за невесту значительное количество скота. Размер калыма был различен. Иногда он состоял из 120 баранов, 32 лощадей и 4 верблюдов-пятилеток, иногда – из 16 лошадей или 2 верблюдов (Материалы по казахскому обычному праву, Алма-Ата, 1948, стр. 141). Бывало, что калым достигал баснословных размеров. В состав его включались стада, табуны, отары, драгоценности, золото, серебро, редкие вещи, составляющие предмет роскоши, а также рабы. То, что Базарбай не платил за своих сыновей калыма – гипербола, рисующая его сказочные богатства: он мог выплатить любой калым в любое время, поэтому и не вступал ни с кем в сговор (Қыз Жібек., 287). Қалың малсыз – без калыма. Выплачивая приданое и не беря калыма, отец Жибек обнаруживает большое расположение к дочери: он не связывает ее с нелюбимым женихом, а желает отдать достойному батыру. Кроме того, отдать дочь без калыма – традиционная эпическая форма показа сказочного богатства семьи невесты (Қыз Жібек., 284). Ауқатты адамдардың жасауға беретіні оның алған қалың малынан және күйеудің берген кәделерінен кем болмайды. Л. Будагов: п. كانن кябінъ كانين كاوين,плата за невсту (قالم, صداق, مهر = қалым садақ, мүһр) приданое, опредляемое женщинами во время бракосочетанія деп кебін түрін атайды (Будаг., 108). Күйеу қалыңдықтың аулына келген соң қайындары шығып, ілуге әкелген малын көреді, егер оны аз деп тапса, немесе мал басында кемістік бар деп тапса, күйеу байғұсты ауылға түсірмей, кейін қайтарып жібереді. Күйеу қайын атасына оның көңіліндегідей ілу әкелуге тиіс, тек сонда ғана ол көңілді – құрметті түрде қарсы алынады (Алтынсарин., 176). Кир. نيماورون нимаурунъ – помощъ скотомь или другимь имуществомъ, оказываемая приближенными жениху, въ случа недостатна калыма (Будагов, 299). Қалың формасы: қалің, қалиң, сеп `қалым, келінді сатып алу, жасау`; қалың берсе қыз алар. Бердім саңа қалың (МҚ. III, 382). Л. Будаговтың қалың: қалың // қалың мал сөздерінің екі мағынасын көрсетеді. 1) тат. калымь, кирг.-алт. қалын, қалын мал `жасау, келінді сатып алу`; 2) алт. қалың `белгілі бағасын төлеу, құны, тауардың құны, сатып алу`; чағ. қалын `күйеу баланың үйленер алдындағы жіберген ақшасы` (БСл, II, 23). Қалым этнографиялық термин ретінде көптеген түркі тілдерінде кездеседі. Мысалы, Еремеев қытай сөзіне жатқызады: «Көне түркі лексиконына бірнеше қытай сөздері де енді: битик, калын (калым, выкуп за невесту)» (1980: 17). Бұл сөздің түбір тұлғасы қал: қалың < қал + ың (мал) этимологиясын көрсетеді (Қайдар., 237) және (Қайдар., 100). Р.Ахметьянов тат., башқ. жиі қолданылатын сөз калын, чув. хулäм, калäм, мар. калын (татарлардан), олно, олны (бұлғарлықтардан) `шарап, қалың (қыз үшін төлем)` жалпы түркілік сөз, орыс тіліндегі қалым түркі тілінен ауысқан, сол сияқты арап. мәһәр сөзі де жасау сияқты қолданылады (Ахмет., 83). Л. Будагов: باوازداو бауыздау горло (мсто зарза),باوزداو бауыздау құда главный свать, главное лице въ числ сватовъ (называется такъ потому, что при первомъ сватовств, которое бываетъ въ аул несты, посл условій о калымъ и كيت) хозяинъ спрашиваетъ его: не прикажеть-ли зарзать барана? Согласіе его на это - знакъ ршенія породниться (Ильм.). (Будаг., 284). Сол сияқты, кир. جاوشي жаушы каз. جاوجيжаушы – сватъ (Будагов, 430). С.Малов қалым `выкуп` (за гегену – ламу его родителям); см. қалын. Қалын `плата за невесту`; қалын теат- `уплачивать калым`; хакасск.: халын `плата за ребенка – мальчика, отдаваемого в дети другим родителям`; паш халынға (< калынға) `в число платы`; см. қалым (Мал., 51). Қалың мал мен қарғы бау мағынасы жағынан ұқсас сөздер. Ќарѓы баудыњ бірнеше т‰рі болѓан бірі, неке ќиылѓанда к‰йеу жаѓынан берілетін мал. Кир.قارغوباو каргу-бау, подарки делаемые женихомъ или его родителями до настоящей свадъбы, въ род обряда обрученія (Будаг., 11). Екіншісі, татуласқанда берілетін адам. Оны кейде «күнде бау» – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет