Металл қалыпқа құю


Өзекше жасауға арналған қоспалар



бет2/5
Дата31.03.2023
өлшемі2.42 Mb.
#471502
1   2   3   4   5
Металл қалыпқа кұю

Өзекше жасауға арналған қоспалар
Қоспа дайындайтын магнитті сеператор
Қалып, өзекше қоспаларын дайындау. Кұйылатын құйманың түріне байланысты құю өндірісінде бір тонна құймаға 2,5-6м3 қайталама қалып, өзекше қоспалары мен
600-2000 кг таза қалып қоспасы жұмсалады. Сондықтан қалып өзекше қоспаларын дайындау құю өндірісінің жауапты кезеңдерінің біріне жатады. Қалып қоспасын дайындау үдерісі үш кезеңнен тұрады.
  • Ескі қайталама қалып қоспасын өңдеу.
  • Жаңа қалып қоспасын өндеу.
  • Дайындалған ескі (қайталама) жəне жаңа қоспалардан қалып қоспасын жасау.

Конус тəрізді барабанды елек
1-лоток, 2-бункер, 3-ірі түйіршіктер
Кептіргіш көлбеу машина
Ескі қалып қоспасын өңдеу операциясында дайындалған ескі қалып қоспасын уатқыш тегершіктердің жəрдемімен ұсақтап, оны магнитті сеператорда металл түйіршіктерінен тазартып, қалбырдан өткізгеннен кейін, оның құрамындағы майда түйіршіктер мен шаңтозаңнан тазартады. Жаңа қалып құмы мен қалып балшығын 523°К (250° С) температурада ауа ағынында ұстап немесе «қайнау қабаты» пештерінде кептіреді де, содан кейін қалбырдан өткізеді. Құм, балшық, көмірдің ірі кесектері майдаланады.

Қалып жасау


Қалыпты нығыздау үшін керекті жабдықтар:
a-қалып, ə-керекті жабдықтар; 1-қолмен нығыздаушы тоқпақ, 2-карасык, 3-көтергіш, 4-ілгек, 5-тегістегіш, 6-желдеткіш (душник), 7-күрек.
Құю өндірісінің еңбек пен уақытты көп керек ететін операцияларының бірі – қалып жасау. Қалып жасауға құйма құюға кететін жұмыстың 40-60%-ы жұмсалады. Көптеген құю цехтарында осы күнге дейін қалып қолмен, жасалады, ал ірі сериялы өнім шығаруда қалып машинамен жасалады. Қалып жасау үшін: қол жəне пневматикалық таптағыш; жалпақ, фасонды тегістегіштер, күрек, қалыптан үлгіні ажыратып алуға арналған ілгек, ланцет, қасық, елек, сызғыш, т. б. құрал-саймандар (7-сурет) қолданылады
Шаблон бойынша қалып жасау:
1-тіреуіш, 2-шпиндель, 3-желдеткіш түтік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет