Шаблон бойынша қалып жасау. Қалып жасаудың бұл əдісі,жұмысшының жоғары мамандығын талап етеді, бірақ бұл əдіспен жасалған қалыптың өзіндік құны арзан болады. Шаблон бойынша бүйір беті айналу денелерінің бүйір бетіне сəйкес келетін құймалардың қалыбы жасалады. 7-суретте шаблон бойынша поршеньнің қақпағын құюға арналған қалыпты жасаудың кезеңдері көрсетілген. Жерден қазылған шұңқырдың ішіне тіреуіш тасталып, оның арнаулы тесігіне шпиндель орнатылады. Шпиндельдің төңірегіне кокс, кесектерін төгіп, кокс қабатын желдеткіш түтік арқылы атмосферамен қосады.
Жоғарыдан престеу
1-үлгі, 2-плита, .3-опока, 4-рама, 5-маңдайша
Машинаның үстеліне үлгі бекітілген плитаны қойып оны опокамен жабады. Опоканың үстіне толықтыру рамасы қойылып, опока, рама қалып қоспасымен толтырылады. Машинаның үстелі жоғары көтерілген кезде маңдайша опокадағы қалып қоспасын қысады. Маңдайшаның опока ішіне енуінен қалып қоспасы тапталып, нығыздалады. Үстел төмен түскенде опокадағы қалып, қалып қоспасынан суырылып алынып, жасалған қалып кронштейн арқылы опокасымен қоса көтеріледі де, оның орнына басқа опока қойылады.
Вибрациялық машинаның нобайы:
1-рама, 2-теңестірілмеген салмақ, 3-пружина,
4-қалып
9-суретте құйманы қалыптан ажырататын вибрациялық машинаның нобайы көрсетілген. Көлденең қойылған балкаға опоканы ілуге арналған ілгегі бар екі вибратор бекітілген. Сығылған ауа вибратордың плунтеріне барып, оны жəне онымен жалғастырылған опоканы сілкиді. Осы кезде опокадағы қалып бұзылып, құйма қалыптан бөлінеді. Бөлінген шаң, газ, жылу ауа сорғыш машиналар арқылы цехтан сорылып алынады. Құйманың бөлінбей қалған өзекшелері машина немесе жоғары қысымдағы су арқылы бөлінеді.
Құйманы өңдеу
Құйманың кемшіліктері жəне оларды жою жолдары Құйманың кемшілігін: - Отыру, шлак, газ қуыстарының пайда болуы;
- Температураның өзгеруінен сызаттардың пайда болуы;
- Құйманың бетінде кемшіліктердің (тотығу, қалып қоспасының күйіп, құйманың бетіне жабысуы т. с. с.) болуы;
- Құйма өлшемдерінің сызбада көрсетілген өлшемдерге сəйкес келмеуі (құйманың қалыпты толық толтырмауы, қисайып, бүлінуі т. б.);
- Құйманың химиялық құрамы, макро-, микроструктурасымен механикалық қасиеттерінің Мемлекеттік стандартқа немесе техникалық талаптарға сəйкес келмеуі деп бес топқа бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |