әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді».
«Білім туралы» ҚР Заңының
6-
бабы Білім беру саласындағы жергілікті
өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
ерекше білім беруді қажет ететін
балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз
етуді қамтиды.
Бірақ, қабылданып жатқан шараларға қарамастан ерекше білім беруді
қажет ететін адамдардың социумға интеграциялануы әлі де төмен болып
қалады, әлеуметтік белсенділік және кәсіби өзін-өзі іске асыру, әлеуметтік және
отбасылық сценарийлер бар шектеулермен деформацияланған.
Арнайы білім беру саласындағы интеграциялық үдерістерді одан әрі
дамытуға бағытталған міндеттердің бірі – ЕБҚ ететін балаларға білім берудің
қол жетімділігі мәселесіне қоғамдық оң көзқарасты, халықтың құқықтық
мәдениетін, дамуында проблемалары бар балаларға және жастарға
толерантты көзқарасты қалыптастыру болып табылады.
Толеранттық басқа адамдарды олар қандай болса солай қабылдауға және
олармен келісім негізінде өзара әрекеттесуге дайын болуды білдіреді.
Ең алдымен, ол барлық мүдделі тараптардың өзара кепілдігін және белсенді
позициясын болжайды.Толеранттық өз құндылықтары мен мүдделері бар және
сонымен бірге басқа адамдардың көзқарастары мен құндылықтарына
құрметпен қарайтын жетілген адамның өмірлік ұстанымының маңызды
компоненті болып табылады. Күнделікті өмірде толеранттық мәдениеті
ересектер мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастарды кез-келген
төзімсіз қарым-қатынастардан босату кезінде ғана мүмкін болады.
Сонымен бірге нақты өмірде кейбір әлеуметтік топтарды тұрақты
бөлектеу бар. Ең алдымен, бұл құбылыстар психологиялық-денелік
қабілеттерінің шектеулі болуына байланысты қоғам үшін типтік қызмет
түрлерін жүзеге асыра алмайтын мүгедектерге әсер етеді. Бөлектеу қоғамның
олардан бас тарту жағдайына, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, соның ішінде
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қабылдамауына тікелей
байланысты. Мұндай жағдайдың себептерінің бірін бүкіл кеңестік кезеңде
елдегі мүгедектік проблемаларын айтылмауынан көреміз [13].
ТП ҰҒПО әлеуметтік жұмыс зертханасының қызметкерлері және
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БАИ тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбиелеу
кафедрасының оқытушылары жаппай мектептердің оқытушыларына және дені
сау оқушылардың ата-аналарына олардың психологиялық-денелік бұзылулары
бар балаларға көзқарасты зерттеу және осы балаларды жалпы білім беру
процесіне қосу мақсатында сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелерін
жалпыланған талдау мынадай қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:
29
Инклюзивті білім беруді енгізуге оң көзқарас білдірген респонденттер
саны, ата-аналар арасында – 20%-ды, мұғалімдер арасында – 54,5 % -ды
құрады.
Сонымен қатар, көптеген ата-аналар мен мұғалімдер дамуында
проблемалары бар балаларды біріктіруге теріс көзқарас танытады, оның негізгі
дәлелі - қарапайым мектептегі мүгедек баланың дефектология мұғалімдеріне
мұқтаж екендігі, оларға ерекше мектеп ортасы қажет. Кәдімгі мектеп
мұғалімдерінің 52%-ның пікірі бойынша - арнайы мектептер мен мектеп-
интернаттар олардың білім алуы және өмірге дайындығын жақсы орындап
шығады.
Респонденттердің басым көпшілігі, бірлескен оқыту жағдайында ЕБҚ
ететін балалар мұғалімдерден басқа балаларға зиян тигізетін назарын
күшейтуді талап етеді және оқу бағдарламасын өтуіне кедергі келтіреді және
баяулатады деген көзқарасты ұстанады. Респонденттердің жартысынан көбі
ЕБҚ ететін балалар басқа балалардың жағымсыз эмоцияларын тудырады деп
есептейді. Олар өздерінің құрдастарының «балалық қатыгездігінің» құрбанына,
мазақтау объектісіне айналады, нәтижесінде өзара жеккөру, жатсыну пайда
болады.
Талдау нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің пікірінше, жалпы
білім беретін мектепте бірлескен оқыту көбінесе есту, көру және тірек-қимыл
аппаратының бұзылулары бар балалар үшін ықтимал.
«Мұғалімдер» тобының көптеген респонденттері ЕБҚ ететін балаларға оң
көзқарас танытты. Мұғалімдер атап өткен мүгедектігі бар адамдарға тән жақсы
қасиеттерінің саны жағымсыз қасиеттерінің санынан көп. «Ата-аналар»
топтары оң көзқарасты бей-жай көзқараспен бірдей білдірді. Мүгедектігі бар
адамдарға тән оң және теріс қасиеттердің арасындағы айырмашылық аз
болғанымен, соған қарамастан, оң қасиеттер көбірек байқалды.
Зерттеу барысында ата-аналар мен мұғалімдер біздің еліміздегі ЕБҚ
ететін балалардың проблемаларына қатысты мәселелерді аз білетіні анықталды.
Дегенмен, ата-аналардың басым бөлігі және кейбір мұғалімдер ЕБҚ ететін
балалардың проблемасы бұқаралық ақпарат құралдарында жеткілікті түрде
қамтылған деп есептейді. Жалпы алғанда, бұл респонденттер ЕБҚ ететін
балаларға көбінесе мемлекет көмек көрсетуге және қолдауға тиіс, ол
мүгедектерді оқыту, емдеу және жұмысқа орналастыру үшін арнайы
ұйымдарды құруға тиіс деген пікірді ұстанады.
Респонденттердің көпшілігіне тән мұндай көзқарас елімізде жалпы
қабылданған мүгедектігі бар адамдарды бөлектеу тәжірибесінің нәтижесі
болып табылады. Бөлектеу ЕБҚ ететін балалардың өмірінің басынан бастап бар,
өйткені мемлекеттік әлеуметтік саясат негізінен ЕБҚ ететін балаларды интернат
үлгісіндегі стационарлық мекемелерде күтіп-ұстауға бағытталған. Нәтижесінде
мұндай саясат - психофизикалық даму деңгейінің негізінде балаларды бөлектеу
саясаты оларды әлеуметтік саралауды және қоғамдағы теңсіздікті одан әрі
тереңдетудің күшті факторы болып табылады, ал ол өркениетті азаматтық
қоғамның қазіргі заманғы құндылықтарына қайшы келеді.
30
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жалпы білім беретін мектептің
мұғалімдерінің белгілі бір бөлігі және әсіресе дені сау балалардың ата-аналары
инклюзивті білім беру туралы, Қазақстанда білім беру саласында болып жатқан
интеграциялық процестер туралы мүлдем ештеңе білмейді. Олардың көпшілігі
инклюзивті білім беру саласындағы ҚР азаматтарының құқықтарын қорғауға
қатысты Заңдарды атай алмады. Сұралғандардың едәуір бөлігіне мүмкіндігі
шектеулі адамдардың санаттарына қатысты қосымша түсіндірмелер талап
етілді.
Және ең басты анықталғаны – ол сауалнаманың барлық қатысушыларына
ЕБҚ ететін адамдарға, және олардың проблемаларына немқұрайлы қарау тән,
осы проблемаларды шешуге ықтимал қатысу мәселелеріндегі белсенді
азаматтық ұстанымның жоқтығы. Ересек адамдар ЕҚБ ететін балалардың
проблемалары ол мүгедектік мәселелерімен тікелей байланысты емес,
салауатты қоғамның емес, мемлекеттік биліктің проблемалары деп санайды.
Деректерді өңдеу нәтижелері зерттелетін мәселенің тереңдігі мен күрделілігін
анықтады, бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға оң көзқарасты
және төзімді қарым-қатынасты қалыптастыру мәселесін шешуге кешенді
тәсілдер мақсатында қосымша материалдарды, ресурстарды іздестіру
қажеттілігін туындатты.
ЕБҚ ететін балаларға және мұндай балаларға білім алудың қол жетімділік
мәселесіне оң және төзімді көзқарасты қалыптастыру бізге жан-жақты және
ұзақ мерзімді процесс ретінде көрінеді, ол мүгедектік мәселесі туралы
хабардарлықты арттыру, оны теріс қабылдаумен күресу бойынша шараларды
қарастыруға және мүгедектіктің нақты көрінісін қалыптастыруға жағдай жасау
қажеттілігін көздейді. Ең алдымен, мүгедектікті, оның әлеуметтік мәнін дұрыс
түсінуді қалыптастыру қажет. Адамгершілік және құқықтық мәдениетті
арттыру, қандай да бір теріс көзқарасты, қорқынышты және таптаурынды
жеңуде психологиялық қолдау және көмек көрсету керек. Мүгедектігі бар
адамдармен өзара әрекеттесудің белсенді ұстанымын қалыптастыру, олармен
қарым-қатынас тәсілдерін орнатуға мүмкіндік жасау.
Соқыр сенімдерді жою шектеулі мүмкіндіктер мәнін түсінуден және
білімнің таралуынан басталуы керек; теңдік және адам құқығы сияқты
ұғымдарды насихаттау. ЕБҚ ететін балаларға инклюзивті білім беруге
халықтың дайындығын қалыптастыру; арнайы педагогика және арнайы
психология саласындағы педагогтардың біліктілігін арттыру; инклюзивті білім
берудің нормативтік-құқықтық және әдістемелік базасын әзірлеу қажет.
Республикада арнайы білім беру жүйесін дамыту біріктіргіштік білім беру
қызметтерін дамыту арқылы ерекше қажеттіліктері бар балалардың және
олардың сау құрбыларының өзара әрекеттесу шекараларын кеңейту бағытында
болжанады. Мемлекеттің басымдығы психофизиологиялық даму ерекшеліктері
бар балаға тұрғылықты жері бойынша білім беру қызметтерін ұсыну және
олардың табысты әлеуметтенуі болып табылады.
Қазақстандық білім беру кеңістігінде инклюзия процестерін тиімді
дамыту үшін, біріншіден, білім берудің мемлекеттік-қоғамдық жүйе ретінде
31
ашықтығын; екіншіден, инклюзивті білім берудің барлық субъектілерінің рөлі
мен жауапкершілігін және олардың өзара әрекеттестігін күшейтуді қамтамасыз
ету қажет.
Инклюзивті білім беру жалпы мақсаттағы білім беру ұйымдарының
жұмысын өзге режимде көздейді, яғни ерекше білім беру қажеттіліктері бар
балаларды қабылдау үшін арнайы жағдайлар жасалуы керек.
Өз кезегінде, бала
дені сау құрдастарымен бірлескен оқуға дайын болуы тиіс. Инклюзивті білім
беруді тиімді іске асыру үшін білім беру процесінің әрбір қатысушысының
жарқын эмоциялық-психологиялық жай-күйі міндетті шарт болып табылады.
Осы мәселені шешу кезінде бұқаралық жалпы білім беретін мектептердің
мұғалімдерінің арнайы білім беру (түзету) ұйымдарындағы әріптестерімен
өзара әрекеттесуіне басты назар аудару керек.
Білім беру процесінің барлық
қатысушыларының тарапынан инклюзивті білім беруге жағымсыз
көзқарастарының себептерін анықтау және егжей-тегжейлі талдау, туындаған
әлеуметтік-психологиялық қиындықтарды жеңудің тиімді жолдарын табу
маңызды.
ЕБҚ ететін балаларды жалпы білім беретін ортаға енгізу қарапайым
процесс емес. Ол белгілі бір тәуекелдермен байланысты. Ең бірінші және ең
маңыздысы сау қоғамдастықтың балаларды қабылдауы болып табылады.
Қабылдаушы жалпы білім беретін мектеп барлық оқушылар үшін құрметтеу
атмосферасын және дамушы ортаны құруға тиіс.
Инклюзивті мектепті дамытудың іргелі идеясы мен стратегиясы – ерекше
білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуына қол жеткізу
проблемасына оң көзқарасты, халықтың құқықтық мәдениетін, дамуында
проблемалары бар балаларға және жастарға кооперация, өзара сыйластық,
түсіністік пен төзімділік принциптеріне негізделген төзімді көзқарасты
қалыптастыру болып табылады.
Мүгедектік проблемаларына оң пікірді, оларға төзімді көзқарасты
қалыптастыру бойынша жұмысты жұртшылықтың, әртүрлі деңгейдегі
әкімшілік өкілдерінің, әлеуметтік қызметкерлер мен БАҚ өкілдерінің назарын
аудара отырып, барлық жерде жүргізу қажет. Онда ағартушылық сипаттағы
қызмет (ғылыми конференциялар мен семинарлар, дөңгелек үстелдер, мерзімді
басылымдарда материалдарды жариялау), аралас білім беру жүйесінің
жағдайында жұмыс істеу үшін түрлі салалардағы мамандарды қайта даярлау
және олардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, ерекше
қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік және білім беру ісіндегі
интеграциялау саласындағы шетелдік тәжірибені зерделеу үлкен рөл атқаруы
мүмкін. Әрине, мұндай жұмыс әрбір орта мектепте жүргізілуі керек [14].
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептің
әкімшілігі мен педагогикалық ұжымның бастапқы кезеңдегі күш-жігері ЕБҚ
ететін балаларға қатысты жағымсыз әлеуметтік көзқарастар мен стереотиптерді
жеңуге бағытталуы тиіс.
Алдағы жұмыстарды жоспарлау кезінде келесі бағыттарды белгілеуге
болады:
32
-
ЕБҚ ететін балаларға инклюзивті білім беру, мүгедектігі бар адамдарға
көзқарас проблемалары бойынша қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу.
Ата-аналарға, педагогтарға жүргізілген пікіртерім, сауалнама нәтижелері
бойынша алынған деректер негізінде инклюзивті (кіріктірілген) оқытуды іске
асыру шарттарын, жағымсыз аспектілерді, тәуекелдерді және білім беру
процесінің қатысушыларының қанағаттану дәрежесін бағалау қажет.
Алынған
ақпарат нақты жалпы білім беру ұйымының қызметін жоспарлау негізіне
қойылуы мүмкін. Мектептің жылдық жұмыс жоспарына инклюзивті білім
беруге оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың оң көзқарасын
қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қосу керек; білім беру
ұйымдарының оқу жылына жұмысын талдауларына өткізілген іс-шаралардың
нәтижелілігі көрсетілуі тиіс.
-
Достарыңызбен бөлісу: |