Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет11/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   138
Білім беру ұйымының инклюзивтік корпоративтік мәдениеті туралы 
айта келе, бүгінгі таңда мәдениеттің бұл түрі білім беру қызметтері 
нарығындағы оның имиджін бағалау кезінде анықтаушы болып табылатынын 
атап өтпеуге болмайды. Осы контексте бәсекеге қабілетті, күшті және табысты 
білім беру ұйымын құру жөніндегі жұмыс онда инклюзивті корпоративтік 
мәдениетті қалыптастырудан басталуы тиіс деп әділ айтуға болады. Жалпы 
білім беру ұйымдарында инклюзивтік корпоративтік мәдениетті, сондай-ақ 
жоғарыда берілген мәдениеттің қарастырылатын түріне тән оның белгілерін 
анықтауды ескере отырып, ол тұратын компоненттерді бөліп көрсетуге болады. 
Бұл – кез келген адам қандай да бір өнімді жасауы үшін оның құрамдастарын 
білу керек болғандықтан жүзеге асыру қажет маңызды қадам. Әйтпесе, шығу 
кезінде құру жоспарланғаннан өзгеше нәрсе болуы мүмкін. 
Біздің жағдайда мұндай өзіндік «өнім» инклюзивті корпоративтік 
мәдениет болып табылады, оны жалпы білім беру ұйымының басшысына 
қалыптастыру қажет. Жалпы білім беретін ұйымның ішінде қалыптасатын 
немесе қалыптасқан қандай да бір бөлінген компоненттерге сәйкес келген 
жағдайда ғана оның сипаты мен инклюзияға қатыстылығы туралы айтуға 
болады. 
Педагогикалық ғылымда инклюзивтік корпоративтік мәдениеттің келесі 
құрылымдық компоненттерін бөлу қабылданған: білім беру ұйымының 
миссиясы, оның қызметі негізінде құрылатын құндылықтар мен қағидаттар 
[12]. 
Білім беру ұйымының миссиясы, оның қызметінің негізгі себебі болып 
табылатын және оларға белгілі бір уақыт кезеңінде қол жеткізілуі тиіс айқын 
мақсатты бағыттардың болуын көздейді. Жалпы білім беретін ұйымның 
дәстүрлі миссиясын (жоғары сапалы жалпы білім берудегі қоғамның 
қажеттіліктерін қанағаттандыру; педагогтармен ғылыми зерттеулерді орындау; 
белгілі бір қасиеттері, дағдылары, білімі мен қабілеті бар оқытушыларды жан-
жақты дамыту; азаматтардың жалпы білім алуға тегін және тең қол жеткізу 
құқықтарын қамтамасыз ету үшін қол жетімді жағдайларды жасау және т.б.) 
іске асырудан басқа бұл жерде әртектілік мәселелерін қозғау да маңызды. Айта 
кететіні, әртектілік ретінде тек ЕБҚ ететін балаларды оқуға қабылдау ғана емес, 
сонымен бірге ұлттық, нәсілдік, этникалық, діни, мәдени әртүрлілік 
тұспалданады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: қазіргі заманғы 
жалпы білім беретін ұйымның инклюзивті корпоративтік мәдениетті 
қалыптастыру контекстіндегі миссиясы мәдениеттердің, діндердің, тілдердің 
және т.б. әртүрлілігін қолдау арқылы қоғамды жан-жақты жетілдіруге, 
демократиялық қоғамның интеллектуалдық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени 
және этникалық дамуына септігін тигізуге, оқушылар тұлғасының дамуына 
ықпал етуге және олардың жеке ерекшеліктеріне, жынысына, нәсіліне, дініне, 


27 
жыныстық бағдарына, тұратын жеріне және т.б. қарамастан олардың білім алу 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға қызмет ету болып табылады. Бұл ретте
жалпы білім беретін ұйымның миссиясы әр білім алушының тұлғасын 
дамытуға жәрдемдесумен шектелмейді, сонымен қатар, айырмашылықтардың 
құндылығын мойындау арқылы қоғамдағы әртүрлілік идеяларының таралуына 
ықпал етеді.
Инклюзивті корпоративтік мәдениеті бар жалпы білім беретін ұйымының 
басты құндылықтарына – адам, оның құқықтары мен бостандықтары, адами 
тұлғалардың әртүрлілігі мен алуан түрлілігі, жеке тұлғаның бірегейлігі, теңдігі 
және тең құқықтығы, білім мен тәрбие беру, жеке тұлғаны дамыту, табысқа 
жету, қолдау, сенім және сыйластық, достық
жатады. Мұндай құндылықтар жүйесі жалпы білім беретін ұйымының 
инклюзивті корпоративтік мәдениетін қалыптастырудың сенімді негізін құруға 
мүмкіндік береді. 
Сонымен, инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мынадай: 
гуманизм, бейзорлық, қол жетімділік, демократизм, қорғау, толеранттық, 
ақпараттандыру және ақпараттық қолдау, әртүрлілікті қолдау, жеке көмек, 
толыққанды қатысу (қосылу), қоғам қатарына жататындығы, білім беру 
процесінің барлық субъектілерінің барлық деңгейдегі ынтымақтастығы, 
педагогикалық оптимизм. 
Жалпы білім беретін ұйымда инклюзивті корпоративтік мәдениетті 
қалыптастыру үшін қарастырылып жатқан құбылыстың мәнін көрсететін 
айқындалған белгілерге сәйкес білім беру ұйымының миссиясы, құндылықтары 
мен принциптері білім беру процесінің барлық қатысушыларымен саналы түрде 
меңгерілуі және қабылдануы қажет, сондай-ақ, білім беру ұйымының барлық 
субъектілерінің қызметі мен қарым-қатынастарының негізінде инклюзивті 
корпоративтік мәдениеттің құндылықтары мен принциптері болуы тиіс [11].
Жалпы білім беру ортасына ЕБҚ ететін балаларды қосудың маңызды 
шарттарының бірі инклюзивті мектептің оң мәдениетін қалыптастыру болып 
табылады. 
Қазақстанда орын алып жатқан демократиялық қайта құрулар, әлемдік 
экономикалық қауымдастыққа кіру үдерісі қоғамның ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар адамдарға деген көзқарасын өзгертуге әкелді, олардың 
қоғамға кеңірек кірігу қажеттілігін ұғындыруға әкелді. Ерекше білім беруді 
қажет ететін адамдар – өздерінің физикалық, сенсорлық, интеллектуалдық және 
басқа ерекшеліктерінің шектеулілігіне байланысты толыққанды өмір сүру үшін 
әлеуметтік процестер мен арнайы технологияларды ұйымдастыруды қажет 
ететін әлеуметтік қоғамдастық. 
Интеграция үдерісіне жасына, біліміне, денсаулығының жағдайына, 
этникалық және әлеуметтік ерекшелігіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан 
барлық қоғам мүшелері, барлық әлеуметтік қауымдастықтар енгізілген. 
Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін барлық адамдарға олардың 
қажеттіліктеріне және мүмкіндіктеріне сәйкес келетін білім алу үшін 
жағдайлардың жасалуын қамтамасыз ететін шаралар қабылданады. «Білім 


28 
туралы» ҚР Заңының 8-бабы Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер 
6-
тармағында айтылған: «Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске 
асыра отырып, білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі 
азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет