Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет27/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   138
Педагогикалық толеранттылық көпқабатты құрылымға ие, оны 
дамытуға болады және педагогтің кәсіби позициясын айқындайды. Педагогке 
тәжірибесі мен қызметінің ерекшелігі қандай болса да «ерекше» балаға қатысты 
интолеранттылық кедергіні жою аса күрделі мәселе болып табылады.
Педагогикалық интолеранттылық педагогтің ашулану және жек 
көрушілік, жаугершілік сияқты кенеттен пайда болатын эмоциялық сезімдер 
арқылы көрініс табады. Сонымен қатар, педагогтің әс-әрекетінде балаға 
қатысты қорқыту, негативті вербальды және ввербальды емес қарым-қатынас 
және т.б. орын алады. Аталған жайттар ерекше қажеттілігі бар балалармен 
жұмыс жасау ерекше кәсіби және жеке дайындықтың қажет екендігін, соның 
ішінде ең алдымен толеранттылықты қалыптастыру өзектілігін көрсетеді.
Толеранттылық – басқа адамдардың көзқарасы мен іс-әрекетін мойындау 
және сыйлау ғана емес, ол «басқа адамдарды» мойындау және сыйлау. Осы 
мағынада педагогикалық толеранттылықты педагогтің баланың бойында басқа 
құндылықтар, көзқарастың, ойлау логикасының, мінез-құлықтың және сырт 
келбеттің және жалпы жеке дара ерекшелігін мойындау, қабылдау қабілетімен 
айқындалады.
Мұғалімдер арасында толеранттылық пен эмпатияның ерекшеліктерін 
анықтау үшін келесі әдістерді қолдануды ұсынамыз: 
а) коммуникативтік төзімділікті анықтау әдісі (В.В. Бойко); 
б) А. Мехрабиан (Н. Эпштейннің модификацияланған) әзірлеген 
«Эмпатикалық үрдістер» эмоционалдық сауалнамасы. 
Толеранттылықты қалыптастыру үшін ең қолайлы жағдай оқушылар кең 
ауқымды адамдарға өздерінің жеке көзқарасын көрсете алатын әлеуметтік 
маңызы бар сыныптан тыс бірлескен қызмет болып табылады. Осы мақсатта
мазмұны адамдар арасындағы моральдық қатынастарды қалыптастыруға ықпал 
ететін сыныптық және сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрлері 
пайдаланылуы мүмкін. 
Толеранттылыққа тәрбиелеудің әдістері. 
Дәстүрлі түрде, тәрбиелеу әдісі анықталған тәрбие сапасын дамыту
мақсатында адамның маңызды салаларына әсер ету тәсілі ретінде 
қарастырылады. Синергистикалық көзқарасқа сүйене отырып, тәрбие әдістері 
мен өзін-өзі тәрбиелеудің әдістерін біз бір мәнді мәнмәтінде қарастыруымыз 
керек. Толеранттылыққа тәрбиелеу әдістері – балаларға басқа адамдарды 
түсінуге және олардың жеке әрекеттеріне, мінез-құлықтарына түсінуге 
дайындығын қалыптастыру жолдары. 
Зияткерлік салаға әсер еткенде, ең алдымен, сендіру әдісі қолданылады. 
Сендіру әдісі арқылы толеранттық мінез-құлықтың қажеттілігін дәлелдер 
ұсынылады. Тәрбие үдерісінде сендіру әдісі ретінде түрлі әдеби 
шығармалардан алынған үзінділер, тарихи ұқсастықтар, інжілдік әңгімелер, 


71 
аңыздар, метафоралар және сөздерді қолдану арқылы әртүрлі формалармен 
жүзеге асырылады.
Өзін-өзі сендіру – өзін-өзі тәрбиелеу әдісі сендіру әдісіне сәйкес келеді. 
Бұл кезде бала саналы түрде, өз бетімен қандай да бір әлеуметтік проблеманың 
шешімін табуға қатысты өзінің көзқарасын қалыптастырады.
Баланың эмоциялық саласына ықпал ету әдісі оның өз эмоциясын 
басқаруға, нақты сезімдерді басқаруды үйретуге, өзінің эмоциялық жағдайын 
және оны туындатып тұрған себептерін түсінуге қажетті дағдыларды 
қалыптастыруды көздейді.
Баланың эмоциялық сферасына ықпал ету әдісі көндіру болып табылады.
Көндіру дегеніміз қандай да бір ақпаратты қиындықсыз түйсіну мен 
қабылдауға мүмкіндік беретін сөздік немесе образдық психологиялық ықпал. 
Көндіру әдісі тақпақ, музыкалық туынды, құран сүрелері, атақты адамдардың 
сөздері, ұрандарды жаттау және оны әртүрлі шараларда ұрандау арқылы іске 
асады.
Мотивациялық салаға ықпал етін әдістеріне уәждеу жатады. Бұл әдісті 
қолдану кезінде ең алдымен, балалардың толеранттық әрекеттерін және 
толеранттық тұжырымдарын құптау және мадақтау туралы сөз болады. Уәждеу 
әртүрлі нұсқада жүзеге асады. Мысалы оның бір түрі ретінде, бала егер өзінің 
мінез-құлқын позитивті жаққа өзгерткен кезде құптау ишарасын, құптау 
фразаларын жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет