Фермерлік шаруашылық үшін мал азығын өндіру және дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар/Дайындағандар: профессор Исабеков Қ. И., Нұрманов Қ. Қ., Тұрғанбекова Б. Қ., Суминов А. А., а.-ш. ғылымдарының кандидаты Сейтмұратов А. Е., а.-ш. ғылымдарының кандидаты Бисембаев А.Т. – Астана, 2012 ж.
Мал шаруашылығын дамытып, одан алынатын өнімді молайту, сапасын жақсарту – малды азықтандыру ісін дұрыс ұйымдастыруға тікелей байланысты. Әдістемелік нұсқауда фермерлік шаруашылықтар үшін мал азығын өндіру және дайындау бойынша жан – жақты талдау жасалып, тәжірибелік ұсыныстар беріледі. Малдарды жайылымдық шөптердің отын неғұрлым толыққанды пайдалана отырып, табиғатқа зиян келтірмей жайып бағуды қалай дұрыс ұйымдастыру керек, азықтық дақылдарды оруға қолайлы уақытты таңдау және фермерлік шаруашылықтар үшін маңызы зор басқа да жұмыстарды кай уақытқа жоспарлау керек деген сұрақтарға жауап беріледі. Негізгі мақсат – фермерге мал азығын өндіру және дайындау бойынша туындайтын ағымдық жұмыстарды тиімді жоспарлау, жайылымдар мен егістік жерлердң күтіміне шығындарды оңтайландыру, шаруашылықтың рентабелдік көрсеткіштерінің жоғарылауына мүмкіндік туғызу.
Әдістемелік нұсқау етті ірі қара мал өсірумен айналысатын фермерлерге, түрлі меншіктегі АӨК субьектілерінің басшылары мен мамандарына арналған.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе…………………………...…………………………………..
|
37
|
1
|
Етті ірі қара малға азық базасын ұйымдастыру ерекшеліктері…………………………………………………...
|
39
|
2
|
Табиғи жайылымдарды ұтымды пайдалану……………….
|
42
|
3
|
Табиғи шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту..….
|
45
|
4
|
Беткейлерде екпе шабындықтар мен жайылымдар құру...
|
46
|
5
|
Сортаң жерлерді мелиорациялау………..…………………..
|
48
|
6
|
Алқаптар мен көлтабандарда азықтарды үдемелі өндіру..
|
49
|
7
|
Ет бағытындағы бұзаулы сиырларға дәнді дақылды жайылымдарды ұйымдастыру ………………………………
|
51
|
8
|
Далалық мал азығы өндірісі …………………………………
|
57
|
|
8.1 Сүрлемдік дақылдар ………………………………………
|
57
|
|
8.2 Пішен дайындалатын бір жылдық шөптер және көк азық ……………………………………………………………...
|
61
|
|
8.3 Малға үзбей көк шөп беру (конвейер) ………………….
|
63
|
|
8.4 Азықтық ауыспалы егіс…………………………………...
|
64
|
|
8.5 Ақуыз мәселесін шешу жолдары..……………………….
|
65
|
|
8.6 Жем-шөп дайындау…………………………..……………
|
66
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………………………
|
71
|
Кіріспе
Адамзат тіршілігінде тамақтанудың маңызы өте зор. Осы мәселені шешу үшін әрбір елде арнайы мемлекеттік шаралар жүзеге асырылады. Тамақтану мәселесін дұрыс шешу халықты ет, сүт, май, жұмыртқа, сияқты мал шаруашылығының аса маңызды әлеуметтік өнімдерімен және көкөніс түрлерімен күнделікті ойдағыдай қамтамасыз етуді қажет етеді.
Сол себепті, отандық мал шаруашылығының қарқынды дамуы, еліміздің әр түрлі аймақтарында жем-шөп қорын дамыту үшін арнайы іс – шаралар құрумен қоса жүруге тиіс. Отандық мал шаруашылығын қарқынды дамытып, жақсы жолға қою үшін, еліміздің әр түрлі аймақтарында жем-шөп қорын құрып, олардың дұрыс пайдаланып, одан әрі жақсы дамып кетуіне жан – жақты жағдай жасалуы тиіс. Халықты қажетті азық – түлікпен қамтамасыз ету үшін, отандық сүтті және етті ірі қара мал шаруашылығы бәсекеге қабілетті болуы қажет, ал ол үшін ең алдымен жем-шөп қоры мықты болуы қажет. Себебі, мал азығын қажетті барлық қосындылармен толықтыру арқылы малдардың денсаулығын нығайтып, өнімділігін жоғарлатып, өнім сапасын арттыруға болады.
Шаруашылық дамып, ондағы өндіріс технологиясы күрделенген сайын, малды дұрыс азықтандыруға қойылатын талап деңгейі де жоғарылай түседі. Ол талаптың орындалуын білімді мамандар ғана азық қоректілігін мал түрлерінің ас қорыту ерекшеліктеріне орай қолдана отырып шешеді.
Дайындалған жемшөп қорын тиімді пайдалану – түрлі мал түрлерінің ас қорыту ерекшеліктерін жете ескеріп, бар азықты ұтымды жұмсау мәселесіне тіреледі.
Мал азығы өндірісінің жақсы дамуы барлық ауыл шаруашылығының жақсы дамуына ықпалын тигізеді. Себебі мал азығы өндірісі ауыл шаруашылығы саласын біріктіруші бөлімі болып саналады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығының бұл саласының дамуына айтарлықтай көңіл бөлінбей отыр, соның салдарынан Қазақстанның ауыл шаруашылығы өңдірісінің барлық жүйесі ұтылып отыр деуге болады.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді жоғарлату үшін шетелдердегідей табиғи жайылымдар мен шабындықтарды құрып, мүмкіндігінше етті ірі қара малды қоршаулы өрістерде бағуға ауыстыру қажет.
Халықтын күнделікті өсіп отырған етке деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін міндетті түрде мал шаруашылығының дамуын дұрыс жолға қойып, мықты жемшөп қорын құру қажет.
Табиғи жайылымдар мен шабындықтар Қазақстанда құнарлығы бойынша толық құнды, арзан жемшөп өндіруде негізгі сақтық қоры болып саналады. Бұндай жерлердің жалпы көлемі 180 млн. га астам.
Қазақстанның далалық және құрғақ – далалық аймақтарында мықты жемшөп қорын құру – етті ірі қара мал шаруашылығын дамытудың негізгі шарты.
1. Етті ірі қара малға азық базасын ұйымдастыру ерекшеліктері
Тірі ағзалар өсіп – жетілуі үшін сыртқы ортадан зат алмасу үрдісіне қажетті заттармен қамтамасыз етілуі керек. Ол заттар ағзаға қоректену арқылы енеді. Ағзаға енген түрлі заттар мен қосындылар ішкі ортада белгілі жағдайлар туғызылғанда ғана бойға сіңіріліп, тіршілік қажеттілігіне пайдаланылады.
Қазақстанның аймақтарында қуаңшылық жылдары жемшөп тапшылығы жиі кездеседі, соның салдарынан мал басының саны азайып, малдардың тірілей салмақтарының өсімі төмендеп, табынның ұдайы өсуі нашарлайды.
Сол себепті жемшөптің сапасын жақсарту, әсіресе ақуыздық құнарлығын жоғарлату мәселесі ең өзекті мәселе болып саналады. Химиялық құрамы, қоректік қуаты әртүрлі жемшөп тіршілік қажетіне асу үшін азық міндетті түрде желініп, қорытылуы, бойға сіңірілуі қажет. Сонда ғана ол ағзада энергияға, қажетті өнімге айналады. Сол себепті азық мәзірінің толық құнды болуына және азық мәзірінің құрамына кіретін жемшөптін сапасының жақсы болу мәселесіне көп көңіл бөлу қажет. Малдардың қысқы азық мәзірлерінің сүрлем, пішендеме, ірі азықтардың сапасының төмен болуына байланысты теңгерімсіз болуы жемшөптің мөлшерден көп шығындалынуына, малдардың өнімділігінің төмендеуіне және еттің өзіндік құнының өте жоғары болуына әкеп соқтырады.
Етті ірі қара мал шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін аналық малдардың бір жылдық азық мәзірінде арзан жайылым шөптердін мөлшерін арттырып, қымбат құрама жемнің мөлшерін азайту қажет.
Қазақстанның аймақтарында етті мал үшін жайылым маусымын 150 – 160 тәуліктен 180 – 200 тәулікке дейін, яғни сәуір айынан қараша айына дейін ұзартуға барлық жағдай бар.
Ірі қара малдың төлдерінен жақсы өсім алу үшін туғанынан сойғанына дейін толық құнды, құнарлы азықпен азықтандыру қажет. Ол үшін жаз айларында аналық малдардың табындарында бұзауларды азықтандыруға арналған «асханалар» және көк шөп конвейері ұйымдастырылуы қажет.
Қазақстанның көп жыртылуымен ерекшеленетін далалық аймақтарында, егістік жерлер шемшөппен қамтамасыз етудің ең негізгі жеткізуші болып саналады. Мал азығын егістікте өндіру жемшөп қажеттілігінің 70 - 75 %-ын қанағаттандырады. Соған байланысты егістік жерлерді тиімді пайдалану мәселесіне көп көңіл аударылуы қажет.
Қазақстанның етті ірі қара мал шаруашылығымен айналысатын аймақтардағы шаруашылықтарда алынып келе жатқан азықтық дақылдардың түсімі, болуы мүмкін азық түсімінен айтарлықтай төмен. Сол себепті жемшөп өсірудің зоналық технологиясын қатаң сақтау арқылы ғана егістіктін астық түсімін 20 – 35 %-ға жоғарлатуға болады.
Шаруашылықтарда агротехниканы дұрыс ұйымдастыру (барлық технологиялық операцияларды уақытылы және сапалы өткізу) егістік жерлердің өнімділігін жоғарылатудың бірінші және ең маңызды шарты болып саналады.
Етті ірі қара малды тиімді азықтандырудың талаптарына жауап беретін мамандандырылған ауыспалы егістермен айналысу және оларды игеру, жемшөп қорын қарқынды негізде ұйымдастырудың негізгі факторына жатады. Бұнсыз егін шаруашылығы мен мал азығы өндірісінің мәдениетін жоғарылатуға және астық түсімін тұрақты түрде өсіріп отыру мүмкін емес.
Сондай-ақ, түбегейлі жақсартылған жерлер жемшөппен тұрақты түрде қамтамасыз ете алатындығын естен шығармаған жөн.
Далалық аймақтардағы азықтық базаның жай-күйін анықтауға жүргізілген талдау, өнімділігі жоғары дақылдарды тиімдірек іріктеу керек екендігін көрсетеді.
Судан шөбі, екі мерзімде отырғызуға болады, тиімді мерзім және жазғы мерзім. Судан шөбін пішен және пішендеме дайындауға, сондай-ақ, төлдерді азықтандыру үшін көк шөп дайындауға қолданады. Судан шөбімен қоса азықтық тары, итқонақ (могар) және құмай (сорго) шөптерін егіп өсіруге болады.
Құрғақ далалық аймақтардағы жемшөп қорының ең нашар звеносы болып пішен өндіру, әсіресе бұршақ тұқымдастардың пішенің өндіру саналады. Себебі пішен дайындауға өсірілетін дақылдардың өнімділік көрсеткіштері өте төмен болады. Көп жылдық талдаулар пішен дайындауға арналған дақылдарды, әсіресе көп жылдық шөптерді отырғызуға арналған егістік жерлер өнімділік көрсеткіштері бойынша сүрлемдік дақылдардың тобына жататын өсімдіктердің өнімділік көрсеткіштерінен 2,5 – 3 есе кем болатындығын көрсетеді. Осы себептерге байланысты пішен дайындау үшін көп жылдық шөптермен салыстырғанда өнімділік көрсеткіштері анағұрлым жоғары бір жылдық шөптерді (суданка, сұлы, арпа, азықтық тары және т.б.) отырғызған жөн.
Әрбір шаруашылықтағы малды азықтандыру тиімділігі – шығындалған азыққа алынған өнім мөлшерімен есептеледі. Неғұрлым аз азық жұмсалып көп өнім алынса, қоректендіру дұрыс ұйымдастырылған болып саналады. Сол себепті егістік жер мен азықтық дақылдар арасындағы ара қатынас тиімді болуы қажет. Еліміздің көп аймақтарының ауа – райы тұрақсыз, күрт өзгергіш болғандықтан бір немесе екі дақылға ғана жоспар құрмау қажет.
Бордақылау алаңдарында малдарды үздіксіз шөппен қамтамасыз етіп отыру үшін үдемелі типті көк шөппен үнемі қамтамасыз ететін конвейерлер құру қажет. Жыл сайын кепілді түрде мал азығын алып отыру үшін үнемі және жайылма суарылатын жерлерді кеңейту үшін барлық мүмкіндіктерді қолданып, ол жерлерде қосымша ылғалды жақсы пайдаланатын дақылдарды пайдалану қажет.
Сонымен қоса етті ірі қара мал шаруашылығында мал азығы өндірісі табиғи және жақсартылған шабындықтар мен жайылымдардан алынатын арзан жемшөптердің үлесі үнемі өсіп отыратындай есеппен құрылуы қажет.
Бұндай жетістіктерге шабындық жайылымдардың территорияларын жүйелі түрде пайдалану арқылы, сондай – ақ, өнімділіктері жоғары бір және көп жылдық азықтық дақылдарды тиімді пайдалану бойынша жүргізілетін жұмыстарды кеңейтіп, осы жұмыстардың сапасын жоғарлату арқылы жетуге болады.
2. Табиғи жайылымдарды ұтымды пайдалану
Жайылымдарды қалпына келтіріп, өнімділігін арттырудың ұтымды және тәжірибе жүзінде іске асырылған әдістерінің бірі - жайылым айналымы мен малды ретімен жаю және маусым – маусымға дәл бөліп игеру табылады. Жайылымдық жерлерге жыл сайын мал жая берсе, келе – келе ол жердің оты азаяды, кейбір шөптер тіптен жоғалып кетеді, жайылым тозады. тіпті өрістерге бөліп дұрыс пайдаланған күннің өзінде де осындай күйге келеді. бұл өне бойы біржақты пайдаланудан, ондағы шөптердің толық өсіп, қор жинап жетілуіне мүмкіндік берілмеуінен болады. Сонымен қоса көптеген пайдалы шөптер жыл сайын дән сала алмай, ұрық шаша алмай отырады. Жайылым тозбауы үшін жыл сайын жайылым жерлердің, яғни өрістердің бір бөлігіне мал жаймай, тынығуға қалдыру керек. Келесі жылы олардың шөбін тек пішенге ғана шауып алып, пішендік есебінде пайдалану қажет, яғни негізгі бағалы шөптерді дән салғаннан кейін барып қана мал жаюға пайдалану керек.
Міне, жайылымдарды осылай кезектестіріп пайдалануды ауыспалы жайылым деп атайды.
Жайылымдық жерлерді ауыспалы жайылым жүйесінде дұрыс пайдаланудың негізгі шараларының бірі – жайылымдарды жеке – жеке учаскелерге бөліп, шөптерді ору және демалту мерзімдеріне байланысты пайдалану. Учаскелердің шекаралары табиғи бағдарлармен (жолдар, сайлар, балкалар және т.б.) белгіленеді, олар болмаса жерді таяз етіп жыртуға, қадалар мен бағандар қадауға болады.
Суы бар өрістер барлық маусым кезінде пайдаланылады. Шөлді аймақта жайылымдардың едәуір бөлігі, көбінесе қыс мезгілінде пайдаланылады. Егер шөлді аймақтағы жайылымдар сумен қамтамасыз етілсе, оларды бүкіл жыл бойы пайдалануға болады.
Жайылымды алғаш пайдаланарда қай уақытта мал жаю керек екенін білудің үлкен мәні бар. Сонда ғана балғын шөпті қай кезде мал жақсы жейтінін белгілеуге болады.
Ерте көктемде ең алдымен хош иісті жайылымдар, сосын бетегелі, ең соңында, төмендегі учаскелердегі жусанды, аралас шөпті және отты жайылымдар пайдаланылады. Жайылымдардың ерте тапталып қалуына жол бермеу қажет.
Әдетте, малдарды, ерте көктемде малдың азықтық қоры таусылып қалғанда, шөптің тиісті деңгейге дейін өспегендігіне және жердің аса дымқыл болуына қарамастан жайылымға шығарады. Бұндай жәйіт жер отының уақытынан бұрын тапталып қалуына әкеп соғады.
Малды жайылымға мерзімінен бұрын шығарғанда, шөптің белгілі бір бөлігін пайдаланады, шамамен алғанда азық қорының жартысындай. Бұл өсімдіктердің дұрыс өсуіне және ылғалдың аз тығындалуына себін тигізеді. Ылғалды жылдары кейбір жайылымдарды пішен шабу үшін пайдаланады. Бұл жағдайда жайылымдар дем алып, малдар жемейтін зиянды өсімдіктер жойылып, олардың одан әрі өсуі үшін қолайсыз жағдай туындайды.
Сиырлар жазғытұрым жайылымға шығар алдында зоотехниялық тексеруден өтеді. Әсіресе сиырлар арасында туберкулез және бруцеллезбен ауырғандарының бар – жоқтығы анықталады. Ал осындай немесе т.б. ауруы бар сиырларды бөлек табында жинайды. Сиырлардың тұяқтарын тазалап, үшкір мүйізді сиырлардың мүйізін арамен кесіп, мүйізіндегі нөмірлері өшсе, оны жаңартады.
Сиырларды бірден күні бойы жабға болмайды. Себебі, азықтандырудың кенет өзгеруі оның ауруға шалдығуына және сүтінің кемуіне себепші болады. ол үшін жайылымға шығаруды абайлап бірте – бірте орындау қажет.
Малды жайылымға көшіріп, бағудың алдында жайылымдарды зерделеп, учаскелерді табындарға бөліп, пайдаланудың күнтізбелік жоспарын құру қажет.
Жайылымдардың шөбінің жойылуына әкеліп соғатын себептердің бірі- мал басының саны мен жем-шөп қорының аралық қатынасын бұзу.
Барлық жайылымдық маусымда малды толыққұнды азықтандыру үшін жақсартылған жерлерде біржылдық және көпжылдық шөптердің егістігі болуға тиіс, оларды жайылымдықта (қотандарда) да, орып та пайдалануға болады.
Шөбі шүйгін шаруашылықтарда аналық мал басын жазғы маусымда тек жайылымда бағуға болады. Шөп күйіп кететін жаздың екінші жартысында малдарды жүгерінің, күнбағыстың, сұлының, арпаның, судан шөбінің және басқалардың балауса шөбімен қосымша азықтандырады.
Бұл етті сиырлардың қыстауға шыққанда қоңды болуын және бұзаулардың тірідей салмағының жоғары болуын қамтамасыз етеді.
Жайылымдарды тиімді пайдалануға көбінесе мал суаратын жерлердің болмауы кедергі келтіреді. Бұл жағдайда жайылымдық аумақтарды ұйымдастыру жұмыстарын скважиналар мен тоғандар салумен бір мезгілде жүргізу керек.
Малдарды суару үшін арнайы суат алаңдары жабдықталуы қажет. Суатқа дейінгі ұйғарынды ара-қашықтық 1,5 – 2 км, ал лагерден 120 – 200 м-ден кем емес. Суаттағы астаулардан су ішу ыңғали болуы қажет. Сақа ірі қара малға тәулігіне 60 - 75 л су, ал жайылымдағы жас малға – 35 - 50 л су қажет.
Жайылымдар суаттардан алыс болған жағдайда малдарды жылжымалы трактор цистернасының көмегімен суарады.
3. Табиғи шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту
Қазақстанның далалық жерлеріндегі шабындық жайылымдардың көп бөлігі еңісті және сораң жерлерден тұрады.
Өнімділігі төмен жерлердің құнарлығын жеңіл – желпі және түпкілікті жүйемен жақсартуға болады. Жыртуға болмайтын, топырағы азып – тозған қауіпті жерлер, жеңіл құмды топырақтар, тастармен ластанған жерлер, аз дамыған ұсақ тасты топырағы бар жерлер жеңіл – желпі жүйемен жақсартылады.
Табиғи шабындықтарды жеңіл –желпі жақсарту жүйесіне жердің беткі қабатының ойлы – қырлы жерлерін жоюды жоспарлау, бұталардаң, тастардан, қоқыстардан тазалау, тыңайтқыштар себу, су тарату тәртібін реттеу, қарды тоқтату, жайылма суару кіреді. Бұл жұмыстарды табиғи шабындық шөпті сақтай отырып жүргізу қажет.
Жері құрғақ аймақтарда су тарату тәртібін реттеу бойынша атқарылатын іс – шаралар өте тиімді болып саналады.
Далалық зоналардың шарттарында табиғи шабындық шөптердің үстіне қосымша шөп егу жеңіл топырақтарда ғана жақсы нәтиже береді. Эрозиялы қауіпті, әлсіз бекітілген құмдарда жұмыс жалпақтығы 25 – 30 м алқаптармен жүргізіледі. Жалпақтығы осындай өңделмей қалған жерлер желдің жылдамдығын жояды, соның әсерінен бұрқырап көзелуден қорғалады.
Табиғи азықтық дақылдардың өнімділік көрсеткіштерін шұғыл жоғарылатудың ең тиімді және сенімді жолына жердің құнарлығын түпкілікті жүйемен жақсарту әдісі жатады.
Түпкілікті жүйемен жақсартуға жарамды жерлердің басым бөлігі, топырақтың құнарлығын сақтап қалу және жоғарылату бойынша жүргізілетін арнайы іс – шаралардың жүргізілуін талап етеді.
4. Беткейлерде екпе шабындықтар мен жайылымдар құру
Тіктігі әр түрлі беткейлердегі табиғи жайылымдардың жерлері эрозиялық үрдістердің жақсы байқалуымен, ұсақ тастардың көп болуымен, қарашірік қабатының қысқа болуымен, кей жағдайда төсенішті тұқымдардың беткі қабатына шығуымен сипатталады. Сондай-ақ, жердің сортаңдауы жиі кездеседі. Осы себептерге байланысты жерді өңдеу бойынша жүргізілетін жұмыстар ең алдымен жердің су сіңіргіштік қасиетін арттыруға және су мен жел эрозиясымен күресуге бағытталуы қажет.
Жыртылмаған жерді көктемде немесе шабындық шөпті орып алғаннан кейін (мамыр айының аяғы мен маусым айы) өңдеген жөн. Жерді беткейге көлденең немесе контур бойынша жыртуға бағытталуы тиіс.
Жер қыртысын су шайып кету қаупі ықтимал тік немесе ұзын беткейлерде жерлерді жолақ арқылы өңдеу әдісі жақсы жағынан таңылды.
Беткейдің тіктігі 10 - 12° дейін жеткенде ені 40 – 50 см жыртылған жолақтар ені 10 – 15 м құрайтын жыртылмаған жолақтармен кезектеседі. Беткейдің тіктігі мен эрозияның үдеу қаупі өскен сайын өңделген жолақтардың кеңдігі төмендейді, ал қорғаныш керісінше өсе түседі.
Тарлау қияқ беткейлерге ұласып өсіп кете алатын және ұзақ өмір сүре алатын дақыл. Көп жылдық шөптесін өсімдік туысы. Мал үшін маңызы өте зор. Шабындықта, жайылымдықта өседі. қазақстан жерінде қияқтың 20 түрі өседі. тарлау қияққа келетін болсақ ол құрғақшылыққа төзімді, аздап жауын – шашын жауса жақсы балауса көрпекөк бере алады. Тарлау қияқтын тамыр бойында да жапырақтары болады, тұқымдары пісу кезеңінде де тарлау қияқтын жапырақтары жасыл күйінде сақталады. Өсімдік тығыз шым түзеді. Өсімдіктің бұл қасиетінің сумен шайылып кеткен жерлерді қалпына келтіруде маңызы зор.
Құрғақ далалық аймақтарда беткей жерлердің үстіне себуге үлкен масақты еркекшөп, сұр бидайық, құмдық эспарцет, сары гибридті жоңышқа жақсы бейімделген. Ал құрғақ далалар мен орманды далаларда шөптердің жиынтығын қызылот арпабаспен көк гибридті жоңышқаның есебінен көбейтуге болады.
Бір жылдық азықтық дақылдардың ішінде беткейлерде өсіп, жақсы астық түсімін судан шөбі, құмай, күздік қара бидай бере алады. Бұл дақылдарды беткейлердің топырағы сумен шайылып қаупі азырақ еңістеу жерлеріне отырғызған жөн.
Судан шөбінің, сұлының, арпаның таза түрі мен еркек шөппен қоспасының үстіне бүркеме дақыл ретінде түйе бұршақты сеуіп жақсы өнім алуға болады.
Далалық зоналарда шалғындандырудың ең тиімді мерзімі, ерте көктем (топырақтың беткі қабаты құрғамай тұрып). Шөптердің тұқымдары өте ұсақ болуына байланысты оларды 2 – 3см тереңдікке отырғызу қажет, жоңышқа мен түйе бұршақтың тұқымдарын 3 – 4 см тереңдікке, ал эспарцеттің тұқымын 5 – 6 см тереңдікке отырғызу қажет. Топырақтың беткі қабатын құрғатып жібермеу үшін, әдетте дақылдарды екі ізбен, екі рет тырмалаған соң, жерді қопсытпай тұрып отырғызады. Шөпті отырғызардың алдында және отырғызғаннан соң топырақты тегістп отыру агрокешеннің міндетті түрде жүргізілетін іс – шарасына жатады.
Құрғақ далалық зоналарда көп жылдық шөптерді бүркемей отырғызу тұрақты нәтиже береді. Бірақ, топырақтың желмен азып кету қаупі төңетін беткейлерде ерте шығатын сұлы дәнді дақылдарының, жаздық бидайлар мен арпаның астына жартылай бүркеме жасап отырғызу қажет.
Бүркеме өсімдіктер жоғары температураға төзімсіз көк балаусаларға жақсы көлеңке түсіреді және олардың жақсы бітіп кетуіне септігін тигізеді.
Қоңыр – қылғылт топырақты беткейлерді шалғындандыруға дәнді өсімдіктерді (еркекшөп, арпабас, бидайық, жауқияқ) гектарына 20 кг-нан келетіндей, жоңышқа мен түйе бұршақ та гектарына 20 кг-нан келетіндей, ал топырақты эспарцет гектарына 70 – 80 кг-нан келетіндей етіп отырғызу ұсынылады.
Өмірлерінің бірінші жылында жартылай бүркелетін егістер пішенге орылады, шөптер жақсылап тамырлануы үшін пішенге шабуды келесі жылы да қайталау өте тиімді.
Жер отын толығымен пайдаланып қоюға жол бермеу қажет, әсіресе күз мезгілінде, себебі, күзде құнарлы заттардың қоры жиналады.
5. Сортаң жерлерді мелиорациялау
Қазақстанның сортаң жерлерінің айтарлықтай көп бөлігін табиғи шабындықтар мен табиғи жайылымдар алып жатыр.
Жыртылатын жерлерді кальцийдің тұздарымен мелиорациялық өңдеу және гипс қосу арқылы байытуға болады. Сортаң жерлерді мелиорациялау сортаң жердің үстінгі қабатының құнарлығын арттыруға бағытталуы қажет.
Тәжірибеде сортаң жерлерді ерте көктемде игеру кең тараған. Жыртылмаған сортаң жерлерді дискті топырақ қопсытатын машинамен 3 - 4 ізбен алмастырып немесе қарапайым қайырмалары шешілген қайырмалы соқалармен өңдейді.
Жазда дисктік құрал – жабдықтармен немесе КПЭ – 3,8 қопсытқышымен тағы да 1 – 2 рет жеңіл – желпі өңделеді, ал шілде– тамыз айларында Т.С. Мальцевтің қайырмасы жоқ соқасымен қопсытылады. Осыған байланысты топырақтың құнарлы беткі қабаты сақталып қалып, сортаң қабаты белсенді қопсытылады.
Натрийі аз немесе тұзы аз сортаң жерлерде шөптердің қоспасының құрамына сары және сары гибридті жоңышқа, құмдық эспарцет, қызылот арпабас пен сұр бидайық кірсе, бір жылдық дақылдардың ішінен арпа кіреді.
Парларға ықтырмалар себіліп, органикалық және минералды тыңайтқыштар себіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |