Методические рекомендации по психолого-педагогической поддержке семьи


ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРІЛУІНЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАНЫҢ



Pdf көрінісі
бет22/94
Дата29.09.2023
өлшемі4.25 Mb.
#479241
түріМетодические рекомендации
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   94
Инклюзия ата-аналар қолдауы

3 ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРІЛУІНЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАНЫҢ 
ОТБАСЫНА 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ҚОЛДАУ 
КӨРСЕТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР 
Мектептің ЕБҚ бар баланы тәрбиелеп отырған отбасымен жұмысының 
негізгі бағыттарын жоспарлау кезінде ата-аналардың реакцияларына және 
белгілі бір кезеңде оларға кеңес беру мүмкіндігіне ерекше назар аудару керек. 
Бұл тәсіл аясында ЕБҚ бар баланы тәрбиелейтін отбасылардың ерекшеліктерін 
білу, ата-аналардың қандай сезімдерді сезінетінін түсіну қажет. 
ЕБҚ бар баласы бар отбасын психологиялық-педагогикалық қолдау – оның 
жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз ететін отбасы ресурстарын жаңартуға 
бағытталған іс-шаралар, ол ЕБҚ бар баланы тәрбиелеу мен дамытуға байланысты 
қиын кездерде, баланың жасына сәйкес келетін, ата-ананың сындарлы 
көзқарастары мен оған қатысты ұстанымдарға негізделген даму кеңістігін 
құруға, баланың қажеттіліктеріне сәйкес келетін тәрбие стратегияларын 
қалыптастыруға және жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Осы проблема бойынша қолда бар психологиялық-педагогикалық 
әдебиеттерді талдау ЕБҚ бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар көп жағдайда 
баланың даму ерекшеліктері призмасы арқылы қарастырылатындығын көрсетті. 
Мұндай 
отбасыларды 
жан-жақты 
психологиялық-педагогикалық
қолдау – жалпы білім беретін мектептердің салыстырмалы түрде жаңа саласы. 
Осыған байланысты ЕБҚ бар баланың отбасының өмірлік циклдерінің 
заңдылықтарына сондай-ақ мұндай отбасылардың әлеуметтік бейімделу 
проблемаларына қатысты мәселелерге толығырақ тоқталған жөн. 
Мектеп пен отбасының өзара әрекеті төрт бағытта ұйымдастырылуы мүмкін 
[26]: 
1) ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру
Мектеп мұғалімдері ЕБҚ бар балаларды отбасылық тәрбиелеудің оң 
тәжірибесіне сүйенеді, оны оң және теріс тенденцияларды жақсарту үшін білім 
беру процестерінде қолданады. Позитивті бағытталған өзара әрекеттесудің 
бірінші және шешуші шарты мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы сенімді 
серіктестік болып табылады. Байланыс ата-аналардың жетістікке жету 
қажеттілігі, өз қабілеттеріне деген сенімі болатындай етіп жасалады. 
2) отбасын педагогикалық білімдермен және дағдылармен қаруландыру
теориялық білімді меңгеру және инклюзивтік оқытудың практикалық 
дағдыларын меңгеру. Сабақтарды ұйымдастыру формалары әртүрлі: дәрістер, 
әңгімелер, ата-аналарға арналған конференциялар, педагогикалық пікірталастар, 
дөңгелек үстелдер, педагогикалық практикумдар. Жұмысқа тек мектеп 
педагогтері ғана емес, әлеуметтік қызмет қызметкерлері, дәрігерлер де 
тартылады. 
3) әлеуметтік қызметтің отбасылармен өзара іс-әрекеті. Оқу процесін 
сәтті ұйымдастыру үшін отбасындағы жағдай туралы білім, ата-аналарға кәсіби 
көмек және ЕБҚ бар баланы тәрбиелеудегі олармен ынтымақтастық қажет. 
Мектептің педагогикалық ұжымының отбасымен әлеуметтік өзара іс-қимылын 
ұйымдастыру бірқатар аспектілерді қамтиды: 


51 
- ЕБҚ бар балаларды тәрбиелеу және оқыту бойынша оның мүмкіндіктерін 
анықтау мақсатында отбасын зерделеу; 
- осындай білім алушылардың тұрмыстық жағдайымен танысу; 
- бірлескен іс-әрекет бағдарламаларын әзірлеу; 
- бірлескен тәрбие жұмысының нәтижелерін талдау; 
- «ерекше» отбасындағы әлеуметтік жағдайды бақылау. 
Жұмыстың тиімді түрлері ретінле сонымен қатар жеке тақырыптық кеңес 
беруді, отбасы үйіне баруды, ата-аналар жиналыстарын өткізуді атап өтуге 
болады. 
4) ЕБҚ бар балалары бар ата-аналарды мектептің өзін-өзі басқару 
органдарына тарту. Білім алушылардың ата-аналары мектеп ұжымына заңды 
түрде кірмейді, бірақ олар мектептің табысты жұмысына мұғалімдер мен 
балалардан кем емес қызығушылық танытады. 
Тек бір-бірін толықтыратын және қолдайтын бірлескен күш-жігермен ғана 
отбасы мен мектеп қажетті нәтижелерге қол жеткізе алады. Ата-аналар да, 
мұғалімдер де бір мақсатқа ие – ЕБҚ бар балалардың игілігі, олардың толық және 
үйлесімді дамуы. 
Мұғалім жоғары психологиялық мәдениетке ие болуы керек:
қарым-қатынас жасай білу, әңгімелесу, әңгімелесушіні тыңдау және түсіну, 
өзара әрекеттесу және әсер ету. Бұл жағдайда әңгімелесуші ретінде кім әрекет 
ететіні маңызды емес – оқушы – ЕБҚ бар бала немесе оның ата-анасы. Барлық 
осы жағдайларда ол психологиялық сауатты әрекет етуі керек. 
Теориялық ережелер негізінде келесі диагностикалық құралдар 
отбасындағы қатынастарды зерттеуге бағытталған болады: 
1. Балалардың жеке денсаулық карталарын зерттеу. 
2. Мектеп мамандарымен әңгімелесу. 
3. Ойын әрекеті процесінде мінез-құлық реакцияларының ерекшеліктерін 
анықтау үшін ЕБҚ бар балаларды бақылау. 
4. Ата-аналарға арналған сауалнама 
5. Отбасы туралы жүйе ретіндегі түсінік. 
Мектеп мамандарымен әңгімелесу барысында зерттелетін балалар 
контингентінің отбасыларының әлеуметтік мәртебесі анықталады. Жақсы
отбасыларға ата-аналардың жоғары білім деңгейі, отбасындағы қолайлы 
әлеуметтік-психологиялық микроклимат, баласын барабар қабылдау тән. 
Дисфункционалды отбасылар қиын өмірлік жағдайға, алкоголизмге немесе басқа 
себептерге, сондай-ақ төмен әлеуметтік-мәдени мәртебеге негізделген 
әлеуметтік мінез-құлықпен сипатталады. Мұндай отбасыларда ата-аналардың 
білім деңгейінің төмендігі, бірыңғай білім беру жүйесінің болмауы, жанжал 
жағдайларының басым болуы, отбасының басқа мүшелеріне қатысты ауызша 
агрессия тіркеледі. 
ЕБҚ бар баласы бар отбасы өмір бойы субъективті және объективті 
себептерге байланысты бірқатар қиын жағдайларды бастан кешіреді.
Бұл – шарықтаулар және құлдыраулардың кезектесуі. Жақсы психологиялық 
және әлеуметтік қолдауы бар отбасылар бұл жағдайларды оңай еңсере алады. 
Өкінішке орай, мамандар мен тәрбиешілер диагноз қоюға және баланың оқуға 


52 
өте шектеулі мүмкіндігі туралы айтуға байланысты баланың дамуының әртүрлі 
жас кезеңдеріндегі отбасылық дағдарыстардың ауырлығын жиі бағаламайды. 
ЕБҚ бар баланы тәрбиелеу отбасының жұмыс істеуін қиындатады және 
отбасы мүшелерінің қолайсыз өзгерістерге қарсы тұруы қажет болады. Мұндай 
баланың ата-аналары отбасының барлық санаттарына тән қиындықтарды бастан 
кешірумен қатар, белгілі бір кезеңдерде отбасылық өмірдің барлық негізгі 
салаларына әсер ететін отбасындағы әртүрлі өзгерістердің тізбекті реакциясын 
тудыратын өзіндік проблемаларымен сипатталады. 
Осы кезеңдердің әрқайсысында ЕБҚ бар баланың өзінің және онымен 
тікелей байланысты ата-аналардың проблемаларын ажыратып көрсетуге болады. 
Бала мен ата-ана қарым-қатынасының ерекшеліктері баланы әлеуметтендірудің 
барлық кезеңдеріне әсер етеді, бұл отбасына көмек көрсету жолдарын анықтауда 
ескерілуі керек. 
Әлеуметтену проблемасын зерттеу шеңберінде жүргізілген ғылыми 
зерттеулер ЕБҚ бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылардың әлеуметтік 
бейімделуінің мынадай негізгі проблемаларын бөліп көрсетуге мүмкіндік берді: 
- қоғамда азамат ретінде ЕБҚ немесе мүгедектігі бар балаға деген көзқарас 
жеткіліксіз қалыптасқан, көбінесе ол «медициналық» субъект ретінде 
қарастырылады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік модельге қарағанда медициналық 
ойлау моделі әлі де басым; 
- ата-аналарға ерте профилактикалық және ақпараттық көмек көрсету 
жүйесі жоқ. Ата-аналар бұл жаңалықты мүмкіндігінше ертерек қабылдауға, 
қажетті ақпаратты білуге, ұқсас проблемаларға тап болған отбасылармен 
танысуға мүмкіндік алса, уақытында пайдасы болады. Көптеген елдерде мұндай 
тәжірибе бар. Бұл жағдайда дәрігерлер – мамандардың ұзақ тізбегіндегі 
алғашқылардың рөлін атқарады; 
- ата-аналарды туылған баланың дамуында ерекшеліктері немесе 
мүгедектігі бар екендігі туралы ақпараттандыру жүйесі олардың психологиялық 
жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Әдетте, дәрігерлер мұндай баланың 
«пайдасыздығы» туралы аз және біржақты ақпарат береді және үйде тәрбиелеу 
бұл балада қандай жетістіктерге алып келуі мүмкін екенін айтпайды; 
- ЕБҚ бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар арасында ең көп пайызды 
анасынан құралған толық емес отбасылар құрайды. Отбасылардың көп бөлігі 
ЕБҚ немесе мүгедектігі бар баланың дүниеге келуіне байланысты ажырасып 
кеткен және аналары қайта тұрмыс құруды ойламайды. Сол себепті мұндай 
отбасы проблемаларына толық емес отбасы проблемасы қосылады; 
- стресстік жағдай және ерте кезеңдерде қолдау жүйесінің болмауы
ата-аналардың психикасына қатты деформациялық әсер етеді және отбасында 
қалыптасқан өмірлік стереотиптердің күрт травматикалық өзгеруінің бастапқы 
шарты болып табылады. Ата-аналар қауымдастықтары, үкіметтік емес ұйымдар 
бұл проблемаға белгілі бір уақыттан кейін, отбасында психологиялық 
тұрақтылық бұзылған кезде ғана қосыла бастайды. 
Тәжірибе көрсеткендей, жалпы нәтижеге бағытталған мамандар тобы 
отбасымен жұмыс істеген кезде психологиялық-педагогикалық көмек нәтижелі 
болады. Бұл жағдайда әрбір нақты отбасы үшін психологиялық түзету, 


53 
педагогикалық әсер ету, дефектология және әлеуметтік жұмыс элементтерін 
біріктіретін жеке кешенді оңалту бағдарламасы жасалады. Топтық жұмыс 
отбасылық 
жүйемен 
жұмыс 
ерекшеліктеріне 
байланысты 
бірқатар 
проблемаларды болдырмайды, мысалы, отбасы мүшелерінің бірімен коалиция 
құру тенденциясы. Отбасындағы психологиялық ахуал тұлғааралық 
қатынастарға, 
ата-аналар 
мен 
туыстардың 
моральдық-психологиялық 
ресурстарына, сондай-ақ тәрбие, оқыту және медициналық-әлеуметтік оңалту 
жағдайларды айқындайтын отбасының материалдық және тұрғын үй 
жағдайларына байланысты болады. 
Ата-аналармен жұмыс баланың дамуы мен оқуы туралы кеңес берумен 
шектелмейді, сонымен қатар ата-аналардың эмоционалды жағдайы сияқты 
аспектіні ескеру қажет. ЕБҚ бар балалардың ата-аналарының көбіне ерекше 
осалдық және қоғамдағы өзін-өзі оқшау сезіну тән. Өкінішке орай, басқалар тек 
ЕБҚ бар балаларға ғана емес, сонымен бірге олардың туыстарына да әрдайым 
толерантты бола бермейді. Сондықтан олар үшін өз проблемаларын түсінетін, 
айыптамайтын және қолдайтын, оларға нигилизмсіз қарайтын адамдарды табу 
өте маңызды. Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің 
өкілдерімен әңгімелесу проблемаларды шешуге, жағымсыздықты жеңуге, жүйке 
жүйесін тұрақтандыруға, күрделі сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді. 
Мұндай отбасылармен жұмыс істеу кезінде келесі міндеттер шешіледі: 
- ата-аналардың оң өзін-өзі бағалауы, алаңдаушылықты жою; 
- өзін-өзі талдау және психологиялық кедергілерді жеңу дағдыларын 
дамыту; 
-балалар мен ата-аналар қарым-қатынасын дамыту; 
- мінез-құлықтың коммуникативті формаларын жетілдіру; 

сыртқы әлеммен барабар қарым-қатынас жасау дағдыларын 
қалыптастыру. 
Жеке консультациялар кезінде ата-аналарға психологиялық жеңілдету 
мүмкіндіктері және баланың ата-анасының рөлін орындауға байланысты 
эмоционалды тәжірибе деңгейін төмендету туралы ақпарат беріледі. 
Жиі айтылған проблемалардың негізі ішкі қорқыныш, белгісіздік болып 
табылады, сондықтан жұмыс өте деликатты түрде жүргізіледі. ЕБҚ бар баланы 
тәрбиелеп отырған отбасыларда жанжалдар туындайды, ерлі-зайыптылар, 
туыстар арасындағы қарым-қатынас қиындайды, бұл балаға әсер етеді. 
Сондықтан мұндай ата-аналармен жұмыс жасағанда, ата-ана мен бала 
арасындағы қарым-қатынасты үйлестіре отырып, мәселені бейтараптандыруға 
тырысу керек. 
Ата-аналар өз проблемаларымен жалғыз қалмауы керек, сондықтан олар тек 
отбасының жеке ісіне айналмауы керек. Отбасының тұйықталмауы, баласының 
ұялмауы маңызды. ЕБҚ бар баланы тәрбиелеу ата-аналардан үлкен физикалық 
және рухани күштерді талап етеді, сондықтан ересектер үшін физикалық 
денсаулық пен жан тыныштығын, оптимизмді сақтау өте маңызды. Баланың 
және отбасының тағдыры көбінесе ата-аналардың одан әрі қалай әрекет ететініне 
байланысты болады. 


54 
Ата-аналармен тиімді жұмыс жасау үшін келесі формалар мен әдістер 
ұсынылады: 
Бала, отбасы туралы ақпарат алу мақсатында ата-аналарға сауалнама 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет