Методические рекомендации по психолого-педагогической поддержке семьи


ДЫБЫСТАРДЫ ДҰРЫС АЙТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР



Pdf көрінісі
бет35/94
Дата29.09.2023
өлшемі4.25 Mb.
#479241
түріМетодические рекомендации
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   94
Инклюзия ата-аналар қолдауы

ДЫБЫСТАРДЫ ДҰРЫС АЙТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР 

Сурет 1. Лабиринт Сурет 2. Зырылдауық
 

Сурет 3. Массаж доптары Сурет 4. Қоршаулар
Сурет 5. Л дыбысы бар сөздерді тап Сурет 6. Р дыбысы бар сөздерді тап
 
 
 
 


81 
Қарағанды қаласы «№ 27 жалпы білім беретін орта мектебі» 
КММ
 
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ АТА-
АНАЛАРЫНА АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ 
ТАҚЫРЫБЫ: «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен 
жұмыс істеу барысында қолданылатын іс-тәжірибемен бөлісу» 
 
Арнайы педагог Сариева А.А. 
Қарағанды 2020 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


82 
Ұсыныстарының мақсаты: Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен 
жұмыс істеу барысында қолданылатын іс-тәжірибемен бөлісу 
 
 
 
Міндеттері: 
- Ата-аналардың шығармашылығының өсуіне, өзін-өзі дамытуына, олардың 
кәсіби шығармашылығын арттыру; 
- Өзара тәжірибе алмасу; 
- Түзету, оқыту мен тәрбиелеуде жаңа әдістерді енгізу. 
Ортақ жүргізілген іс-шаралар мен ата-аналарға арналған ұсыныстар 
жүйесінде ЕББҚ бар балалармен түзете-дамыту сабақтарында пайданылатын 
әдіс-тәсілдер және жұмыс жасауда әртүрлі үлгілерді қолдану тәжірибелері 
көрсетілген. 
Инклюзивті білім беру жағдайында оқитын балалардың білім деңгейін және 
практикалық қызметке дайындығын қамтамасыз ететін шеберлігі мен 
дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметке бейімдеу біздің міндетіміз 
болып табылады. 


83 
Арнайы педагог ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен ғана жұмыс 
істеп қоймайды. Осындай қиын жағдайларда өздерін түрліше ұстайтын
ата-аналар да кіреді. Ата-аналардың бір тобы балаларының болашағы үшін 
күресуге іштей дайын емес, өзін күресуге дәрменсіз, шарасыз сезінеді, күресудің 
пайдасы да жоқ деп есептейді. Енді бірі белсене кірісіп, білместіктен баласына 
пайдадан гөрі зиянын тигізеді. Кейбір ата-аналар баласын тәрбиелеуге құлшына 
кірісіп, нәтиже тез байқала қоймаған соң әрекетсіздікке көшеді. Баласының 
кемтарлығына ұялып, оны оқшау ұстайтын ата-аналар да кездеседі. Ондайлар 
маманның көмегіне үлкен күшпен келеді. Ақылға келіп, баласына көмек 
көрсететін ата-аналар да бар. Олар арнайы педагогтан ақыл-кеңес алып, 
болашаққа сенім артады. Арнайы педагог барлық ата-анаға көмектесуге тиіс. 
Біріне жүйелі, дұрыс жүргізілген жұмыс міндетті түрде табыс әкеледі, сөйтіп 
бала болашақта үлкен жетістікке жетеді деп сенім ұялатса, екіншісіне дұрыс 
бағыт ұстамайтынын, балаға деген қарым-қатынасын түбірінен өзгерту керек 
екенін түсіндіреді, үшіншісіне ерекше білім беру қажеттілігі бар баламен жұмыс 
мықты шыдамдылық пен еңбек қажет ететінін, сәтсіздікке ұшыраған кезде күдер 
үзудің пайдасы жоқ екенін сендіреді. 
Балаңыз қандай болса, сол күйінде қабылдаңыз. Табиғат баланы кірпияз, әрі 
күрделі етіп, баланың тұқым қуалаушы гендік жиынтығында оның тікелей
ата-аналары емес, ондаған, жүздеген ата-бабаларының сапалары мен қасиеттерін 
аралас пайдаланады.
Ата-анамен жұмыс, оларға кеңес беру, қиын кезде оларды қолдау, «ерекше 
баланың» болашағын ата-ананың алдына жайып салу арнайы педагогтың 
қызметіндегі әрі күрделі, әрі маңызды көрінісі екенін естен шығармауымыз 
керек. Сонымен бірге кейде ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың
ата-анасының да мүмкіндігі шектеулі болуы мүмкін. Бұл жағдай арнайы 
педагогтың жұмысын ауырлатады, дегенімен мәнін түсірмейді. Арнайы 
педагогтың қызмет өрісіне ЕББҚ бар баланың айналасындағыларға 
дефектологиялық білімдерді насихаттау да кіреді. Мұндай жұмыс өте қажет, 
өйткені ЕББҚ бар баланың әлеуметтік бейімделуі оның психикалық 
ерекшелігіне, жеке бас өзгешелігіне ғана тәуелді емес, адамдардың онымен 
қарым-қатынас жасауға дайын еместігіне, оның қажеттіліктеріне түсінбеуі де 
тәуелді. Көпшілігі ынтаның болуы арқылы көмектесер еді, бірақ қалай істеу 
керек екенін білмейді. Арнайы педагогтың қызметі барлық балаларға, соның 
ішінде ЕББҚ бар адамгершілікпен қарым-қатынас жасауға көмектесуі мүмкін. 
Арнайы педагог өзінің алдында тұрған күрделі міндетті үнемі шешіп отыруы 
тиіс, өйткені ол ЕББҚ бар балалармен, оның ата-анасымен жұмыс істейді. Бұл 
үшін ол білімді, көп оқыған болуы керек. Бұл әсіресе оның жалпы және арнайы 
педагогика саласындағы біліміне қатысты. Ол жаңа әдебиеттермен таныс болып, 
оқыту мен тәрбиенің түрлі әдіс, тәсілдерін, жекелей жұмыс жүргізу түрлерін 
еркін меңгеріп, арнайы техникалық құралдарды пайдалана білуі тиіс.
Баланы үйрету оңай емес. Әсіресе, егер оқушының педагогикалық 
тәжірибесі мен дағдылары болмаса. Қиын, алайда бәрі де мүмкін! Олай болса, 
ата-аналарға 10 өте қарапайым (әрі пайдалы!) кеңестерді ұсынамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет