87
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №2 мамандырылған мектебі» КММ
жұмыс тәжірибесі
Закирова Ш.К.
Жобалау қызметі арқылы қашықтықтан оқыту кезеңінде үйден оқитын
балалардың ата-аналарымен ынтымақтастық орнатудың рөлі туралы
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қашықтықтан білім беру
технологияларын пайдалана отырып үйде оқытудың
басты міндеті олардың
мүмкіндіктері мен мүдделерін ескере отырып, сонымен бірге іске асырылатын
бағдарламалардың оңтайлы деңгейін, оларды игеру қарқыны мен мерзімдерін
таңдай отырып, балалар мен олардың ата-аналарының
қажеттіліктерін
қанағаттандыру болып табылады.
Педагог ата-аналарға қашықтықтан оқутуға ауысу кезінде және одан кейінгі
уақытта да қолдау көрсетуге міндетті: сенімді қарым-қатынас құру қажет,
психологиялық-әдістемелік көмек көрсетуі тиіс,
олардың қажеттіліктерін
ескеруі керек, байланыс арналарын, сабақ кестесін келісуі қажет, жұмыс орнын,
күн тәртібін ұйымдастыру бойынша кеңестер беруі тиіс.
Үйден оқитын оқушылар төрт қабырғаға қамалғандықтан, көбінесе
тұйықталып қалады, құрдастарымен және
ересектермен сирек байланысады,
табиғатпен қарым-қатынастары да шектеледі, сонымен бірге басқа балалармен
қарым-қатынастан қорқатындығын да ескерген жөн.
Үйден оқитын бірнеше оқушыны біріктіре отырып белсенді әрекетке
қосуды айқындайтын дұрыс ұйымдастырылған жобалау қызметі білім
алушылардың одан әрі әлеуметтенуіне септігін тигізеді. Төменде қашықтықтан
оқытуды
ескере отырып, бөлек отбасыларда тәрбиеленіп жатқан екі оқушыға
арналып жасақталған «Менің отбасым» жобасы берілген.
Достарыңызбен бөлісу: