Методические рекомендации по психолого-педагогической поддержке семьи


Дыбысталуды түзету кезеңдермен орындалады



Pdf көрінісі
бет34/94
Дата29.09.2023
өлшемі4.25 Mb.
#479241
түріМетодические рекомендации
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   94
Инклюзия ата-аналар қолдауы

Дыбысталуды түзету кезеңдермен орындалады: 
I кезең – дайындық (жаттығу – ерін, тіл, тыныс алу, т.б.жатттығулар жасау 
арқылы машықтану);
II кезең – дыбысты қою (арнайы дыбыстық еліктеу немесе арнайы тәсілдер 
арқылы дыбысты орнықтыру);


79 
III кезең – машықтандырылған дыбыс (дыбысты буындарға, сөздерде, 
сөйлемдерге, байланысқан сөздерде бекіту);
IV кезең – дыбыстардың дифференциациясы (бір дыбысты басқа дыбыспен 
алмастырып айту).
«Дыбысты машықтандыру» дегеніміз не? қойылған дыбысты ауызекі 
сөйлегенде дұрыс айту болып саналады. Қойылған дыбысты бекіту, немесе 
дұрыс айтуға машықтандыру жұмысы керекті жүйелікпен және кезектілікпен 
жүргізуді талап етеді. Қойылған дыбысты алдымен буында (ашық, тұйық, бітеу), 
сосын сөздің басында, ортасында, аяғында, сөз тіркестерінде, сөйлемде
байланыстырып сөйлеуде дурыс айтуға машақтандыру . 
Жеке дыбысты бекіту кезеңі «Лабиринт» жаттығуы– әртүрлі жолдармен 
лабиринттерді қолдану мүмкін. Оларды ғаламтордан, балаларға арналған 
кітаптардан немесе өздеріңіз суретін салып беруге болады. Балаға дыбысты 
берілген жолмен өткенше дейін айтуға ұсынылады. Жеке дыбысты 
машақтандыру кезеңде құм немесе үнтақ қолдануға болады (Қосымша 3 сурет 
1). 
«Зырылдауық» ойыншығы айналғанша дейін дыбысты айту. Бұл 
жаттығуда баланың қосымша ұсақ моторикасы дамуда. (Қосымша 5 сурет 2 ). 
«Массаж доптары» – дыбысты айтқан кезде массаж добын қолдану. 
(Жаңғақ, бүршік, дөңгелек тарақтар, суджок доптары) – допты сипау, сырғанату, 
қысу (Қосымша 5 сурет 3 ). 
«Қоршаулар» Бала тік таяқшалардың суретін салып дыбысты 
машықтандырады, немесе санамақ таяқшаларын және қарындаштардан 
қоршаулар жасайды (Қосымша 5 сурет 4). 
Дыбысты машықтандыру кезеңнің мақсаты – еркін сөйлеу кезінде 
дыбыстың дұрыс айтылуына қол жеткізу, яғни, қойылған дыбысты біртіндеп, 
дәйекті түрде еңгізіңіз: буынға, сөзге, сөйлемге, еркін сөйлеуге. Мысалы, 
Маржанды тіземіз». Маржанды тізу кезінде буындарды машақтандырып айту. 
СА-СО-СУ-СЫ. «Пирамиданы құру» (АШ-УШ-ОШ-ЫШ, ШО-ШУ-ША-ШЭ) 
буындарды айту.
Дыбысты сөздерде немесе сөйлемде машықтандыру кезеңі келесі ойындар 
мен жаттығуларды қолдануға болады. Мысалы, «Мұнараны салайық», «Сөз –
қадам», «10-ға дейін сана», секіргішпен ойындарын өткізу және серуенде 
бақылау кезінде кезекті дыбысты анықтап айту. 
Соңғы кезеңнің мақсаты – еркін сөйлеу кезінде дыбысты акустика жағынан 
ұқсас дыбыстарын ажырату , яғни дыбыстардың дифференциациясы. Мысалы, 
Р-Л дыбыстарын ажырату сөздің ішінен (Қосымша 5 суреттер 5,6) . 
Балалардың дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын қалыптастыру шарты: 
1. Жағымды сөйлеу ортасы; 
2. Сөйлеу тынысының дұрыс қойылуы; 
3.Артикуляциялық аппаратың дамуы; 
4.Ұсақ моториканың дамуы. 
Бұл маңызды! Теледидар, ғаламтор, видео-бейнетарап ақпарат.
Ойын әрекеті алынған ақпаратты қолдану және дербес дағдыларды 
дамыту. 


80 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет