32
Қорытынды
Мұғалімнің әрбір білім алушының даралығын
тануы жеке тұлғаға
бағытталған оқыту жүйесінің маңызды қағидаты болып табылады. Білім
алушының даралығы оқу ақпаратын қабылдау және меңгеру ерекшелігі
негізінде көрінеді. Демек, педагог оқу материалының
көмегімен білім
алушының жеке дамуына қажетті жағдай жасауы тиіс.
Білім алушы оқу мазмұнын оқу іс-әрекетінде меңгереді. Тек осы жағдайда
ғана білім алушы білімді саналы, берік меңгереді және дамиды. Білім алушы өзі
білім алуы тиіс, ал мұғалім – оның білім алуын басқаруды жүзеге асыруы керек,
яғни
білім алушыны ынталандыруы, оған кеңес беруі, оқу процесін
ұйымдастырып, бақылауы тиіс. Оқытуды субъект-субъектілік негізге ауыстыру
білім
алушының мотивациясын, санасын, бейімділіктерін, дербестігін, оқу-
танымдық қызметті өзін-өзі басқаруды жүзеге
асыра білуін дамытуды
қамтамасыз ететін педагогикалық технологияны талап етеді.
Қазіргі жағдайда мұғалімнің жеке тұлғаға бағытталған білім берудің
концептуалды ережелерін білуі, білім алушы
тұлғасын қалыптастырудағы
жаратылыстану-математикалық пәндердің рөлін қайта қарастыруы, білім беру
сапасын арттыру бойынша қызметтің
негізгі бағыттарын белгілеуі, оқу
процесін ұйымдастыру технологияларын, білім алушыларды жиынтық бағалау
рәсімдерін қарастырудың жаңа тәсілдемелерін түсінуі маңызды.
Осылайша, саралап оқыту тәсілдемесі – білім алушылардың әртүрлі
топтары үшін оқу процесін мамандандыруды, білім алушылардың
ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әртүрлі топтар үшін түрлі
оқыту
жағдайларын жобалайды.
Саралап оқыту тәсілі әртүрлі білім алушылар тобының оқу әрекетін
ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау
тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен,
мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды
қолдану – сараланған оқу іс-әрекеттерін
ұйымдастырудың шарты болып
табылады.