6
құрдастарымен бірге оқытуға мүмкіндік теңдігін көздейтін тұғыр болып
табылады.
Демек, инклюзивті білім беру барлық білім алушылардың білім алуының
әртүрлі қажеттіліктерін адекватты түрде қанағаттандырудан тұратын білім беру
ұйымының миссиясын кеңейтуді көздейді [1].
Жаңартылған
оқу
бағдарламаларының
мазмұндық
ерекшеліктері
инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін бейімді екенін атап өту қажет,
оларға:
- пән мазмұнын жобалаудың күрделілік прицнипі, яғни білім мен
біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп
кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
- таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды
түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік
жіктелімдеріне негізделген
Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;
- білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық
мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;
- бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды
жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
- бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына
сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
- оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар
түрінде технологияландыру болып табылады.
Оқытудың күтілетін нәтижелері оқытудың ұзақ мерзімді және орта
мерзімді мақсаттары жүйесін құра отырып, әрбір
бөлім бойынша нақты оқу
пәнін оқыту мақсатында нақтыланады. Оқу бағдарламаларына қоса берілетін
пәндер бойынша оқу жоспарлары ұсынымдық сипатта болады, демек,
мұғалімнің алдында сыныптағы барлық білім алушылардың қажеттіліктерін
ескере отырып, оқу мақсаттарын іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер бар
екендігін көрсетеді [1].
Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арасында өте
тығыз өзара байланыс бар, өйткені жоспарлаудың жалпы мақсаттары
келесілерден тұрады [2, 12 б.]:
- жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;
- оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру;
- әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу;
- оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау;
- осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында
жоспарланған оқыту мен оқу
жаттығуларын көрсету;
- оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің
болуын қамтамасыз ету;
- барлық білім алушыларды қамтуға бағытталған стратегиялық жоспарлау.
Жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламаларының тағы бір
артықшылығы «Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдемелері»
бөлімін қосу болып табылады, онда мұғалімге оқу мақсаттарына табысты қол
7
жеткізу үшін түрлі әдістерді, технологиялар мен стратегияларды пайдалану
бойынша ұсыныстар ұсынылады.
Олардың негізгілеріне тоқталайық:
1) стратегиялар: өзін-өзі басқару, эксперименттік, сыни, коммуникативтік,
контекстік;
2) технологиялар: шағын топтарда (командада) жұмыс істеу, кейс-стади
(нақты жағдайларды талдау), рөлдік және
іскерлік ойындар, модульдік оқыту;
3) әдістер: проблемалық оқыту, жеке оқыту, пәнаралық оқыту, тәжірибе
негізінде оқыту, жобалық әдіс.
Педагогке оқытуда педагогикалық міндеттерді шешуге, жетілдіруге,
өзіндік, тұлғалық, кәсіби қасиеттеріне және ұмтылуға қажетті стереотиптерді
жеңу болып табылады [2].
Жоспарлау – бұл нақты және
шынайы мақсаттарды қою және
мүмкіндіктерді (жеке, ол тәуелді адамдарға) және объективті жағдайларды
ескере отырып, оны жүзеге асыру қадамдарын анықтау. Объективті жағдайлар
немесе мүмкіндіктер өзгерген кезде жоспарды түзету жүргізіледі [3, 5 б.].
Сабақты жоспарлау мұғалімдердің: бірізді сабақтар сериясы «
Кім үшін
жоспарланады?»,
«Неге үйрету қажет?» және «
Бағалаудың қандай әдісін
Достарыңызбен бөлісу: