Методические рекомендации по составлению дифференцированных сор и соч по учебным предметам



Pdf көрінісі
бет4/156
Дата29.11.2022
өлшемі5.93 Mb.
#466041
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156
по составлению дифференцированных СОР и СОЧ по учебным предметам ОГН 5-9 классов в условиях инклюзии

қолдану қажет?» деген секілді сұрақтарды түсінуіне ықпал етеді. Сонымен 
қатар орта мерзімді жоспарларда оқытудың мақсаттары мен тәсілдемелерін 
тірек ете отырып, мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша 
сабақтар өткізу, сабақтарда білім алушыларды ұйымдастыру бойынша 
ұсыныстар, сондай-ақ, білім алушылардың ерекше қажеттіліктерін ескере 
отырып толықтыруға болатын ресурстар (интернет, мәтіндер, жаттығулар, 
бейне және аудиоматериалдар және т.б.) беріледі. 
Қысқа мерзімді жоспарлау орта мерзімді жоспарларда айқындалған 
мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті ресурстарды пайдаланудың нақты 
тәсілдерін қамтиды. Инклюзивті ортада қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақ 
жоспарын мұғалім сынып білім алушыларының ерекше білім алу 
қажеттіліктерін және олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, мектепті 
психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ұсынымдары негізінде 
жасайды. Оқу жұмысын сауатты жоспарлаған кезінде ғана мұғалім оқу 
процесін дұрыс ұйымдастыра алады, өз уақытын ұтымды есептей алады, оқу 
бағдарламаларының талаптарын ескере отырып оқулықтарды, түрлі оқу және 
көрнекі құралдарды дұрыс пайдалана алады; бұл сыныптың барлық білім 
алушыларын білім беру процесіне барынша тартуға, өз жұмысының 
нәтижелерін болжауға және ескеруге мүмкіндік береді. Әрине, жақсы 
нәтижелерге қол жеткізу үшін білім алушылардың ата-аналарымен прогресін 
талқылау қажет [1]. Ең бастысы, мұғалімге оқыту бағдарламасын кез келген 
ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар, соның ішінде жоғары 
интеллектуалды білім алушылар өз әлеуетін тиісті деңгейде және толық 
көлемде жүзеге асыра алатындай етіп құру маңызды. 
Интегративті негізде оқытудың негізгі мақсаты – қоршаған орта туралы 
тұтас түсінік беру – білім алушылардың ақыл-ой және басқа да белсенді 
түрлерін арттырумен байланысты. Интегралдау міндетін бірнеше оқу 



пәндерінің органикалық нақты байланысы арқылы қарастыру қажет, бұл білім 
алушыларға бізді қоршаған әлемнің бірлігі туралы түсінік беруге мүмкіндік 
береді.
Қоғамдық-гуманитарлық білім беру пәндерінің мазмұны төменде 
көрсетілген қолданбалы білімдер негізінде тыныс-тіршіліктің әртүрлі 
салаларында стандартты өмірлік міндеттерді шешу қабілетімен сипатталатын 
функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған: 
- адамның барлық салаларда сауатты, білікті жұмыс істей білуі; 
- адамның сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы және оған тез 
бейімделуі және жұмыс істеу қабілеті. 
Жеке адамның оқу, түсіну, қарапайым қысқа мәтіндер құрастыру және 
қарапайым арифметикалық амалдарды орындау қабілеті ретіндегі қарапайым 
сауаттылыққа қарағанда айырмашылығы функционалдық сауаттылық – белгілі 
бір мәдени ортада жеке адамның өмірін жүзеге асыру үшін ең аз қажет деп 
саналатын әлеуметтік қатынастар жүйесінде жеке адамның қалыпты жұмыс 
істеуін қамтамасыз ететін білімнің, дағдылардың деңгейі. 
- оқырман сауаттылығы – жазбаша мәтіндерді түсіну және ұғыну, олардың 
мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу, білім мен мүмкіндіктерді дамыту, 
қоғам өміріне белсенді қатысу үшін пайдалану қабілеті. 
Оқырман сауаттылығының негізі мәтіндермен толық жұмыс істеу үшін 
қажетті оқырман біліктерінің қалыптасуы болып табылады. Бұл – білім 
алушының қажетті ақпаратты табу және ойнату, мәтіннің белгілі бір бөлігі 
бойынша қорытынды жасау, негізгі кейіпкерлердің әрекеттерін түсіндіру, 
мәтіннен мысалдармен растау және мәтін құрылымын бастапқы талдау.
Осылайша, сауаттылық – бұл білім алушылардың оқуды өз жоспарларын: 
білім алуды жалғастыру, еңбек қызметіне дайындық, еңбекке қатысу және 
қоғам өміріне қатысуды жүзеге асыру құралы ретінде меңгерудегі табыстылық 
екенін анықтауға болады [4]. 
Гуманитарлық пәндер орта білімнің маңызды бөлігі болып табылатын 
білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін келесі 
мүмкіндіктерді ұсынады:
1) тұлғаның білім беру дайындығы мен мәдени дамуының өзара 
байланысын қамтамасыз ету;
2) өзінің болашақ мамандығы үшін гуманитарлық пәндердің қолданбалы 
мәнін түсінуді және мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
3) білім алушылардың кәсіби біліктері қалыптасатын жалпылама 
(танымдық, жалпылама, ұйымдастырушылық біліктер) біліктерінің ең жоғары 
дәрежеде қалыптасуын қамтамасыз ету;
4) «өмір бойы білім беру» тұжырымдамасын іске асыруға ықпал ететін 
құзыреттілікті дамытуға бағдарлауды қамтамасыз ету. 
Білім 
алушылардың 
әлеуметтік-тұлғалық 
құзыреттілігін 
қалыптастырудағы қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндерінің мүмкіндіктерін 
талдау келесі ұстанымдарға жеткізуге болады:
- өзара әрекеттестікке, ынтымақтастыққа, қарым-қатынасқа ұмтылуды 
ынталандыратын маңызды жеке іс жүргізу сипаттамаларына ие болу (білім мен 



біліктіліктің 
жан-жақты 
болуы, 
дербестік, 
шығармашылық 
әлеует, 
бірегейлілік);
- мектептің білім беру процесі аясында гуманитарлық пәндерді оқыту осы 
процесс үшін ерекше қағидаттар негізінде жүзеге асырылатын стратегия 
ретінде ұсынылуы мүмкін.
Қазіргі түсінікте функционалдық сауаттылық білім берудің көп жоспарлы 
адами қызметпен байланысын (бірінші кезекте жалпы) біріктіретін тұлғаның 
әлеуметтік бағдарының тәсілі ретінде әрекет етеді. Функционалдық 
сауаттылықтың бұл ерекшелігі оның анықтауында тез өзгеретін қоғамда 
барлығына қажетті қолданбалы білім негізінде түрлі қызмет салаларында 
өмірлік міндеттерді шеше білу ретінде анық көрінеді. 
Жалпы білім беретін мектептің инклюзивтік ортасы жағдайында ол 
әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметке дайындықтың, сондай-
ақ өмір бойы өз бетінше білім алуға негіз болады, білім алушылардың қоршаған 
ортаға табысты бейімделуінің міндетті шарты болып табылады. Қазіргі 
жағдайда ол адамның өмір сүруінің кепілі және үздіксіз білім берудің атрибуты 
болып табылады. Функционалдық сауаттылық деңгейінде жастардың 
қолданбалы білім мен отбасының материалдық жағдайына, оның әлеуметтік 
мәртебесіне тәуелділігін сипаттайтын әлеуметтік аспектілер көрінеді [5].
Қазақстан Республикасының негізгі орта білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандартында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 
даярлық деңгейіне қойылатын мынадай талаптар көрсетілген:
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім 
алушылардың, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім 
алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруіне, олардың 
бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін 
қалыптастыруға, жеке тұлға ретінде өзін-өзі танытуына және кәсіптік 
бағдарлануына, сондай-ақ білім алушылардың бейіналды даярлығына 
бағытталады. 
Білім алушылардың дайындық деңгейі бірнеше мәндес оқу пәндерін 
біріктіретін «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», 
«Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Технология және өнер», «Дене 
шынықтыру» білім беру салаларының ерекшеліктері ескеріле отырып 
жобаланған оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы айқындалады. 
Білім беру салалары (және оқу пәндері) бойынша оқытудан күтілетін 
нәтижелер негізгі орта білім берудің базалық мазмұнын айқындау үшін негіз 
болып табылады. 
Негізгі орта білім берудің оқу бағдарламаларында білім беру салалары 
(және оқу пәндері) бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер әрбір оқу пәнінің 
бөлімдері бойынша оқыту мақсаттарында нақтыланады. 
Оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесі білім алушылардың, оның ішінде 
ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушылардың жеке даму 
траекторияларын қалыптастыруға және олардың оқытудың ұзақ мерзімді 
мақсаттарына кезең-кезеңмен қол жеткізуге ілгерілеуіне мүмкіндік жасайды.


10 
МЖМБС-да негізгі мектептегі қоғамдық-гуманитарлық білімнің мазмұны 
келесі оқу пәндері негізінде іске асырылады: қазақ тілінде оқытатын 
сыныптарға арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», орыс тілінде оқытатын 
сыныптарға арналған «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті»; қазақ тілінде оқытпайтын 
сыныптарға арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті», орыс тілінде оқытпайтын 
сыныптарға арналған «Орыс тілі мен әдебиеті»; «Шетел тілі»; «Қазақстан 
тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері», «Өзін-өзі тану». 
«Тіл және әдебиет» білім беру саласының мазмұны: 
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін «Қазақ тілі», «Қазақ 
әдебиеті» және оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін «Орыс тілі», 
«Орыс әдебиеті»; 
2) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін «Қазақ тілі мен 
әдебиеті» және оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін «Орыс тілі 
мен әдебиеті»; 
3) «Шетел тілі». 
«Тіл және әдебиет» білім беру саласының мазмұны басқа тілдік және тілдік 
емес оқу пәндерімен пәнаралық байланысты пайдалануды; білім алушылардың 
ойдағыдай әлеуметтенуін; білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, 
қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес тілдік дағдыларын дамытуды; 
қазіргі әлемде тілдерді оқытудың маңыздылығын түсінуді; рухани-
адамгершілік құндылықтардың дамуын; көптілді және көпмәдениетті әлемнің 
тұтастығын 
түсінуді; 
қарым-қатынас 
процесінде 
тұлғаарлық 
және 
мәдениетаралық байланыстарды орнатуды; өзге елдердің мәдениетімен танысу 
арқылы әртүрлі көзқарастарды сыйлай білуге тәрбиелеуді; оқыту тілінде түрлі 
ақпарат көздерімен, оның ішінде интернет ресурстарымен өз бетінше жұмыс 
істей білуді; шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту және 
пайдалануды қамтамасыз етеді.
«Адам және қоғам» білім беру саласының оқу пәндерінің мазмұны 
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері», «Өзін-өзі тану» 
оқу пәндерінде іске асырылады. 
«Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұны білім алушыларда 
«Адам – Қоғам» жүйесі шеңберінде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар 
бойынша білім негіздерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Оқу пәндерінің 
мазмұны білім алушыларда тарихи ойлау, өткен және қазіргі жағдайды, 
олардың өзара байланысын түсіну мен ұғыну, тарихи, құқықтық, 
экономикалық, саяси, әлеуметтік ақпарат көздері материалдары бойынша 
талдау мен негізделген қорытындылар жасау және соның негізінде ешкімге 
тәуелсіз тұжырым жасау, өзіндік сараланған шешімдер қабылдау дағдыларын 
қалыптастыруға; патриотизм сезімін тәрбиелеуге, құқықтық сауаттылықты, 
демократиялық құқықтық қоғам идеалдары мен құндылықтарын түсінуді, 
әлеуметтік-мәдени байланыс жағдайында тиімді өзара қарым-қатынасты іске 
асыру және коммуникативтік құралдарды таңдау үшін белсенді азаматтық 
ұстанымды қалыптастыруға; жалпыадамзаттық, этномәдени құндылықтар 
жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларға жеке қатынасын 
айқындай білуін дамытуға, адамгершілік таңдауды жүзеге асыру үшін қажетті 


11 
әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды бақылау мен бағалауға бағытталады 
[6]. 
Осылайша, бүгінгі мектептің негізгі міндеті – баланың даралығын ашу, 
оған көмектесу, әлеуметтік әсерлерге тұрақтылық және таңдауын табу, 
тұрақтандыру, нығайту. Оқыту процесінде әр баланың даралығын ашу 
заманауи мектепте инклюзивті білім беруді құруды қамтамасыз етеді. Мұндай 
оқытудың мақсаты бірыңғай сынып ұжымында «орташаланған» білім алушыға 
емес, 
жеке-жеке 
танымдық 
мүмкіндіктерін, 
қажеттіліктері 
мен 
қызығушылықтарын ескере отырып, жеке-жеке жұмыс істеуге мүмкіндік 
беретін психологиялық-педагогикалық жағдайлар жүйесін құру болып 
табылады. 
Мұғалім сабаққа дайындалуда заманауи технологиялар мен әдістерді 
қолдану және сабақ берудің тәсілдемелерін өзгертуге ұмтылуда, білім 
алушылардың білім алу қажеттіліктерін түсінуде диагностикадан т.б. бастауы 
маңызды.
Білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін зерттеу үшін жоғарыда 
сипатталған көптеген тәсілдемелер nao.kz сайтында әдістемелік ұсынымдарда 
ұсынылады.
Педагог балалардың білім беру қажеттіліктерін зерттеген және түсінген 
кезде оқытуды саралау, оқу бағдарламасының шеңберін кеңейту мүмкіндігі 
пайда болады, тіпті үлгермеген білім алушының беделі де көтеріледі. Сабақ 
түрлері мен оқыту әдістері әртүрлі болуы мүмкін және бұл нақты сабақтың 
мақсатына, тақырыптың ерекшелігіне байланысты, бірақ, ең бастысы, білім 
алушыларда қандай білім алу қажеттілігі бар екендігін білу шарт [7]. 


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет