Методические рекомендации по составлению дифференцированных сор и соч по учебным предметам


Кесте 1. Білім алушының білімін көрсетудің кейбір әдістері



Pdf көрінісі
бет6/156
Дата29.11.2022
өлшемі5.93 Mb.
#466041
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156
по составлению дифференцированных СОР и СОЧ по учебным предметам ОГН 5-9 классов в условиях инклюзии

Кесте 1. Білім алушының білімін көрсетудің кейбір әдістері 
 
Оқу стилі немесе оқудағы 
қиындықтар 
Мұғалімнің стратегиясы 
 


20 
Кесте 1 – жалғасы
 
Өз ойын жазып білдіруді жөн көретін 
білім алушылар (оның ішінде сөйлеу 
процесінде 
қиналатын 
білім 
алушылар) 
Журнал жүргізу, бос орындарды 
толтыру тапсырмалары, сондай-ақ 
эссе, әңгімелер немесе өлеңдер жазу 
мүмкіндігі 
Өз ойын ауызша білдіруді жөн 
көретін білім алушылар (оның ішінде 
жазу процесінде қиналатын білім 
алушылар) 
Сыныпта талқылау мүмкіндігі немесе 
сұрақтар бойынша «есеп беру» 
мүмкіндігі 
Сурет, мүсін немесе диаграмма 
көмегімен 
өз 
ойын 
жақсырақ 
білдіретін білім алушылар (оның 
ішінде сөйлеу және жазу процесінде 
қиналатын білім алушылар) 
Өз білімдерін визуалды және көркем 
форматтар 
аясында 
таныту 
мүмкіндігі 
Кинестетиктер 
немесе 
белсенді 
балалар 
Білімін көрсету, модельдерді құру, 
жобаларды 
аяқтау 
үшін 
театрландыруды, қимылдарды немесе 
музыканы пайдалану мүмкіндігі 
Сұрақтарға жауап бермес бұрын 
ойлануға уақыт қажет ететін білім 
алушылар (соның ішінде мектептегі 
оқу тілін жаңадан меңгеріп жатқан 
білім алушылар) 
Білім алушыларға мұғаліммен және 
сыныптастарымен бөліспес бұрын 
жауаптарды құруға уақыт беру 
Кешенді дене бұзылыстары бар білім 
алушылар 
Дұрыс ақпаратты қабылдау, жазуға 
көмектесу үшін көмекшіні пайдалану 
Оқуда 
және 
оқу 
процесін 
ұйымдастыруда 
қиналатын 
білім 
алушылар 
Органайзерлерді 
қолдану, 
қатарластардың 
қолдауы, 
жазу 
кезінде 
«сөйлемдердің 
басының 
болуы», тапсырмалар банкі, суреттер, 
тапсырмалар тізімі, тапсырмалардың 
қорытынды тізімі 
Мұғалім оқу және тыңдау бойынша сабақтар қатарын әзірлейтін жағдайды 
елестетіп көріңіз. Оқытудың маңызды мақсаттарының бірі білім алушыларда 
оны оқығаннан немесе тыңдағаннан кейін әңгіме мазмұнын дұрыс 
дәйектілікпен баяндау білігін қалыптастыруға бағытталатын болады. 
Қайталанудың негізгі дағдысын қалыптастырумен қатар, мұғалім білім 
алушыларға мазмұнның реттілігін құру үшін қолданылатын нақты сөздер бар 
екенін түсінгендерін қалайды. Ол сыныптағы қарым-қатынас тілімен таныс 
емес кейбір білім алушыларға бірізділікті білдіретін негізгі сөздерден бастау 
керек екенін біледі. Мұғалім оқуда қиындықтары бар бірнеше білім алушы әлі 
де бірізділікті білдіретін сөздерді айта алмайтындығын түсінеді, осылайша ол 
сөздерді плакаттарға және жеке карточкаларға баспа әріптерімен жазады
осылайша білім алушылар сөздермен танысуды бастайды. 


21 
Сабақ жоспарлары білім алушыларды оқиғаның негізгі тізбегін қалай құру 
керектігін түсінуге және бірізділікті білдіретін тиісті сөздерді қолдана отырып, 
оқиғаларды қайталауға итермелейтін әртүрлі тәсілдерді қамтиды. 
Мұғалімге ЕБҚ бар кейбір білім алушылардың міндеттерді шешу үшін, 
қолдануға болатын ресурстарды қалай қолдану үшін көмек қажет екендігі 
белгілі. Ол әртүрлі іс-шараларға арналған тапсырмалар тізімін, суреттерді, 
сөздер жазылған плакаттарды ұсынуды жоспарлайды. 
Білім алушылардың мектепке келгендегі білім алу мотивациясы әртүрлі 
болады. Кейбір білім алушылар ішкі факторлардан мотивация алады. Кейбір 
білім алушылар сыртқы факторлардан мотивация алады. Кейбір білім 
алушылар ішкі және сыртқы факторлардан қатар мотивация алады. Білім 
алушылардың әртүрлі мақсаттары болуы мүмкін: білім алу немесе жақсы 
болашаққа ұмтылу. Кейбір білім алушылар үшін білім өзін-өзі растау үшін 
қажет, ал басқалары үшін бұл – олардың отбасыларының әл-ауқатына ықпал 
ететін құрал. Кейбіреулер оқудан ләззат алады. Бірақ мектепте білім алуда 
қиналатын білім алушылар да бар. Бұл білім алушылар үшін білім олардың 
отбасыларына күнделікті өмірде көмек секілді маңызды болып көрінбеуі 
мүмкін. Кейбір білім алушылар оқытылатын нәрсенің маңыздылығын түсінуде 
қиындықтарға тап болуы мүмкін және оқу бағдарламасы мәнін табуға тырысуы 
мүмкін. 
Қазақстандағы БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) брошюрасынан оқуға 
деген қызығушылықты арттырудың әртүрлі тәсілдеріне шолу берілген [14]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет