Методические указания по выполнению контрольных работ Мамандық: 5В090100



бет2/5
Дата04.07.2016
өлшемі486.25 Kb.
#177519
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5

Ішкі ағымның шамасы кіретін немесе шығатын ағымның шамасынан үлкен екенін түсіндір және осы шамаға қандай факторлар әсер етеді? Қандай жағдайда ішкі ағым кіретін (шығатын) ағымға тең болады?


Материалдық ағымдардың негізгі өлшегіштері масса (тонна, килограмм, т.с.с), жол (км, м, т.с.с.), уақыт (сағат, минут, т.с.с.). Осы өлшегіштер негізінде материалдық ағымды қосымша бағалауға болатын туынды шамаларды анықтауға болады:

Тоннакилометрмен өлшенетін көліктік жұмыс;

Уақыт бірлігіне келетін тонна көлемімен өлшенетін ағымның қуаты;

Ағымның максималды қуатының орташа қуатына қатынасымен өлшенетін ағымның теңсіздік коэффициенті;

Ішкі ағым массасының кіретін ағым массасына қатынасымен өлшенетін орын ауыстырудың қайталану коэффициенті.

2 тапсырма. Мөлшері белгіленген тапсырыспен қорларды басқару жүйесінің параметрлерін есептеу

Мөлшері белгіленген тапсырыспен жүйенің параметрлерін анықтау керек. Мөлшері белгіленген тапсырыспен қорларды басқару жүйесінің параметрлерін есептеу тәртібі 2-кестеде келтірілген, алғашқы берілістер 1-кестеде берілген. Жұмыс күнінің саны 226.


1 – кесте. Алғашқы берілістер

Алғашқы берілістер


нұсқалар


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Материалдарға деген жылдық қажеттілік, дана

1300

1550

1700

1800

1900

1200

1400

1600

1100

1000


Тапсырыстың тиімді мөлшері, дана

50

60

70

80

90

40

55

65

75

50


Жеткізу уақыты, күн

7

8

6

7

8

5

6

7

5

6

Жеткізу кезінде мүмкін болатын кідірулер, күн

2

2

2

2

2

1

2

2

2

2

2 – кесте. Мөлшері белгіленген тапсырыспен қорларды басқару жүйесінің параметрлерін есептеу тәртібі




Көрсеткіш

Есептеу тәртібі

1 Қажеттілік, дана

-

2 Тапсырыстың оңтайлы мөлшері, дана

-

3 Жеткізу уақыты, күн

-

4 Жеткізу кезінде мүмкін болатын кідірулер, күн

-

5 Күтілетін бір күндік тұтыну, дана/күн

(1):(жұмыс күндерінің саны)

6 Тапсырыстың жұмсалу уақыты, күндер

(2):(5)

7 Жеткізу кезіндегі күтілетін тұтылым, дана

(3)(5)

8 Жеткізу кезіндегі максималды тұтыну, дана

(3)+(4)  (5)

9 Кепілденген қор, дана

(8) - (7)

10 Қордың шектік деңгейі, дана

(9)+(7)

11 Максималды қажет қор, дана

(9)+(2)

12 Шекті деңгейге дейінгі қордың жұмсалу уақыты, күндер

(11)-(10):(5)

Жүйе параметрлерінің есебі толық көлемде көрсетілуі тиіс, ал нәтижелері 3-кестеге енгізілуі керек.
3 – кесте. Мөлшері белгіленген тапсырыспен қорларды басқару жүйесінің параметрлері

Көрсеткіш

Мәндері


1 Қажеттілік, дана




2 Тапсырыстың оңтайлы мөлшері, дана




3 Жеткізу уақыты, күн




4 Жеткізу кезінде мүмкін болатын кідірулер, күн




5 Күтілетін бір күндік тұтыну, дана/күн1




6 Тапсырыстың жұмсалу уақыты, күндер




7 Жеткізу кезіндегі күтілетін тұтылым, дана




8 Жеткізу кезіндегі максималды тұтыну, дана




9 Кепілденген қор, дана




10 Қордың шектік деңгейі, дана




11 Максималды қажет қор, дана




12 Шекті деңгейге дейінгі қордың жұмсалу уақыты, күндер2





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет