Методические указания по внедрению книги «введение в языкознание»



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата08.02.2024
өлшемі427.49 Kb.
#491397
түріМетодические указания
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
annotation178694

Қосымша тапсырма: В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамстың «Тіл біліміне 
кіріспе» оқулығы бойынша 327-328 беттерде берілген жаттығуларды орындау. 
Дәріс 9. Тіл және қоғам (2-дәріс) 
Тілдің әлеуметтік құбылыс екендігін анықтайтын «Тіл және қоғам» атты 
тақырыптың 2-дәрістік сағатында тілдің білім беру саласындағы алатын орны 
мен тілді үйрету үдерісінің өту сипаты толық қамтылады. Тілді оқытуда 
кездесетін қиыншылықтар мен оқытудағы тәсілдер жан-жақты сипатталады. 
Саңырау адамдардың тілді меңгеруінің ерекшеліктері мен мүмкіндігі шектеулі 
жандарға арналған ым тілдерінің айырмашылықтары назарға алынады. 
Әлемдегі қос тілде білім беру тәжірибесі талқыланып, осындағы бидиалектизм 
тәсілінің сауат ашудағы атқаратын рөлі анықталады. Адамзаттың тілді 
қолданудағы ерекшеліктері әр түрлі мысалдар негізінде қарастырылады. 
Дәрісте келесі сұрақтар қарастырылады: Тіл және білім беру Тілдік қолданыс: 
стиль немесе регистрлер, слэнг, жаргон мен арго, табу сөздер, эвфемизмдер, 
нәсілдік және ұлттық эпитеттер. 
17-18-ші семинарлар тапсырмалары: 
1. Екінші тілді үйрету әдістемесінде қолданылатын әдістер мен тәсілдер: 
синтетикалық және аналитикалық тәсіл; грамматикалық аудару тәсілі 
2. Тілді оқытуда кездесетін қиыншылықтар. Дизлексия.
3. Ауызша тілдің дамуы мен оқыту үдерісі.
4. Оқыту тәсілдері: сөздерді тұтас оқу тәсілі, фонетикалық тәсіл, тұтас тіл 
тәсілі.
5. Саңырау адамдардың тілді меңгеруінің ерекшеліктері.
6. Қолмен кодталған ағылшын ым тілі (МСЕ), оның ASL-ден айырмашылығы 
7. Әлемдегі қос тілде білім беру тәжірибесі. Transitional Bilingual Education 
(TBE), Bilingual maintenance (BM), Dual Language Immersion, Sheltered English 
Immersion (SEI) бағдарламаларының іске асуы.
8. Бидиалектизм тәсілінің сауат ашудағы атқаратын рөлі 
9. Гендерлік шовинизм, құпия тілдер және тілдік ойындар 
Қосымша тапсырма: В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамстың «Тіл біліміне 
кіріспе» оқулығы бойынша 328-335 беттерде берілген жаттығуларды орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет